«Әсем қала Алматы!»



Дата06.09.2022
өлшемі13,42 Kb.
#148771
Байланысты:
Әсем қала - Алматы!


«Әсем қала – Алматы!»
Алматы... Есімі аталғанда ерекше көз тартар табиғатымен, дәмі ауыздан кетпес қызыл алмасы еріксіз еске келеді. Осы қалада дүниеге кеп, өсіп, тыныс алып жүрген маған Алматы тіпті ыстық, ерекше. Бір күніңізді арнап тау бөктеріне барсаңыз тынысыңыз ашылып, рахатқа бөленеріңіз анық. Ал, жолыңыз түссе Көк Төбеден түнгі Алматыны көріп, табиғаттың тылсым екендігіне, соншалықты сұлулығына қарап, «мұнша әсемдік болар ма» - деп ойларсыз, себебі, Іле-Алатауының қойнауында орналасқан әсем қаланың табиғаты да көркем болары сөзсіз.
Бүгінгі күні қаланың әсемдігі күн санап, сағаттап көркеюде. Гүлдермен көмкеріліп, жасыл желекке бөленген бұл қаланың шетінен көрініп тұрған Алатау қалаға ерекшелік беретіндей. Бұл қалада тағы бір көз тартар «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты тағы бар. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады.
Сөзге шорқақ адамды шешендікке жеткізіп, ақындарға шабыт беретін бұл қаланың мен үшін орны тым бөлек. Себебі, Алматы – менің балалық шағымның куәсі. Ешбір қалаға ұқсамайтын Алматыға деген сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қазіргі таңдағы Алматымның экологиялықжағдайы мені алаңдатады. Сол үшін де мен өзімнің барлық таныстарымды, достарымды тазалыққа шақырып жүремін. Алып қаланың әсемдігін сақтап қалу, біздің, болашақ ұрпақтың қолында!
Тоқан ауыз сөздің тобықтай түйінін мынадай өлең жолдарымен қорытындылағым келеді:
Бұл қаланың есімі алты-ақ әріп,
Алты әріпке қандай мін бар тағарлық.
Шапсам әлі көшеңді дүбірлетер,
Құла тайы шабыттың қалса да арып...

Тірлік «сырын» кімдерден үйрендік кем,


Пендеміз ғой әр таңнан күйбең күткен.
Алматыны жек көре алмайтыным –
Ерекше табиғатын сүйгендіктен!

Алматы қаласы Алатау ауданы


№185 жалпы білім беретін мектептің 6 «А» сынып оқушысы
Мұса Нұрдана Жұматқызы, 11 жас.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алибаева Мадина Мақұлбекқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет