Есеп Себетте барлығы 37 жеміс жатыр: алмалар, алмұрттар және шабдалылар. Алмалар шабдылыға қарағанда екі есе артық, және алмұрттан 3-ке артық. Себетте неше алма, неше алмұрт және шабдалы бар? Есеп 2



Дата13.01.2022
өлшемі16,75 Kb.
#111739
Байланысты:
есеп



Есеп 1.

Себетте барлығы 37 жеміс жатыр: алмалар, алмұрттар және шабдалылар. Алмалар шабдылыға қарағанда екі есе артық, және алмұрттан 3-ке артық. Себетте неше алма, неше алмұрт және шабдалы бар?


Есеп 2.
Дүкенде 3-дөнгелекті және 2-дөңгелекті велосипедтер сатылуда. Екі түрлі велосипедтер саны бірдей. Дөнгелектер саны қанша болуы мүмкін?

1)16 2) 24 3) 25 4) 28 5) 33




Есеп 3.
Арақашықтығы 100 км болатын екі қаладан бір-біріне қарсы екі велосипедші бір уақытта шығады. Жылдамдықтары 12 км/сағ және 14 км/сағ болса, олар 3 сағаттан кейін бір-бірінен қандай қашықтықта болады?


Есеп 4.
88888888 жазуында қосу белгісін қою нәтижесінде 1000 санын алу керек.

 

Есеп 5.
Асан былай айтуы мүмкін бе: кеше емес, алды күні мен 10-да болдым, келесі жылы 13-ке толам?


Жауаптары мен шешімдері
1.

Шарты:


алма

алмұрт

шабдалы



2х-3

х

Барлығы 37

Алма-? Алмұрт- ? Шабдалы-?

Шешуі: 1) 2х + 2х – 3 + х =37 2) 8*2=16 (алма)

5х – 3 = 37 3) 16 -3 = 13 (алмұрт)

5х = 37+3

5х = 40

Х = 40:5


Х= 8
Жауабы: алма – 16, алмұрт – 13, шабдалы – 8.
2. Дөңгелектер санын қосу керек: 2+3=5. Енді берілген дөңгелектер сандарының ішінен 5-ке еселік болатын санды табамыз. Әрине, ол 25 саны.

Жауабы: Дүкенде 25 дөңгелек болды



3.
Берілгені: шешуі:

S= 100 км 100-(12+14)*3= 22

V1= 12 км/сағ

V2 = 14 км/сағ

t = 3 сағ

s=?


Жауабы: 22 км қашықтықта болады

4. 1 тәсіл: 88+8+8+8+888=1000 


2 тәсіл: 8+8+888+88+8=1000.

5. иә, мүмкін. Асанның туған күні 31 желтоқсан күні болса, ол 1 қаңтар күні осылай айта алады, себебі 30 желтоқсанда ол 10-да болды, 31 желтоқсан күні 11-ге толды, басталған жылдың 31 желтоқсанында ол 12-ге толады, ал келесі жылы ол 13-ке толады.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет