Эссе «Қалыптастырушы бағалаудың қазіргі кездегі өзекті мәселелері» «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»



бет1/4
Дата30.11.2022
өлшемі32,78 Kb.
#160601
  1   2   3   4
Байланысты:
Эссе
ЖСТД дыбыстарды түзету, логопедтің жұмысы, АҚЫЛ-ПАРАСАТ, ЕРІК-ЖІГЕР, ЖҮРЕК САБ.ТЫС ӨӨТ, Химиялық байланыс түрлері 10 дәріс, Презентация көшбасшылық, ШЕТЕЛ ТІЛІ 1 КУРС, 6-дарис

Эссе «Қалыптастырушы бағалаудың қазіргі кездегі өзекті мәселелері»
«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А.Байтұрсынұлы Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудіңдеңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Назарбаев мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, эконо -микалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық , терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Бағалау- оқытудың жүйелі және жоспарлы жинақталған куәгері ретінде оның сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін пайдаланылатын әрекеттің кез-келген түріне қатысты берілген категория оқытудың екі аспектісін қарастырады: оқытуды бағалау (суммативті бағалау) және оқыту үшін бағалау (формативті бағалау). 1960 жылдары оқытудың формативті және сумма -тивті мақсаттары арасындағы айырмашылық белгіленді, бірақ олардың әрқайысысының мағынасы осы уақытқа дейін жеткілікті анықталмаған. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын , түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер мен емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет