«Этнопедагогика» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені барлық педагогикалық мамандық студенттері үшін



бет1/5
Дата25.08.2017
өлшемі499,2 Kb.
#25773
  1   2   3   4   5

УМКД 042-14.1.01/01-2013

Ред. № 1 от 03.09.2013

Страница из



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ


СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД 042-18.19/02-2013




«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (студенттер үшін)

№ 1-басылым




«Этнопедагогика»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

БАРЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН

ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ



Семей 2013

1. Құрастырған

Құрастырған: ____________Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті. «Педагогика» кафедрасының оқытушылары: Мұхметова Р.Ж., Карипбаева Ш.Т.

«25» тамыз 2013 ж.


2. Талқыланды

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

«Педагогика» кафедрасы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 «03» қыркүйек 2013 ж.


Кафедра меңгерушісі __________ Джанбубекова М.З.
2.2. Факультеттің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылды.

Хаттама № 1 «05» қыркүйек 2013 ж.


Төрайымы: __________ Ахметова Ш.Т.
3. бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі отырысында баспаға жіберуге ұсынылды және мақұлданды.

Хаттама № 1 «18» қыркүйек 2013 ж.
ОӘК төрайымы: _______________ Искакова Г.К.

Мазмұны





  1. Жалпы ережелер

2. Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3. Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулары

4. Курс форматы

5. Курс саясаты

6. Баға қою саясаты

7. Әдебиеттер




  1. Жалпы ережелер

1.1 Пән және оқытушы туралы жалпы ережелер

  • п.ғ.м., аға оқытушылары: Мухметова Раукен Женисовна, Карипбаева Шынар Токтаровна

  • Байланыс ақпараты – тел. 42-25-33, Таңірбергенов 2 ғимарат, Сабақ өткізу орны – №8

  • Пән аты – «Этнопедагогика»

  • Кредит саны - 2

1.2. Курстың қысқаша мазмұны:

«Этнопедагогика» курсының студенттерге арналған жұмыс бағдарламасы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер цикліндегі «Барлық» мамандықтарына арналған. Кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдегі тәуелсіз мемлекет жағдайында халықтың туған ел тарихын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білуге, тануға, сақтауға деген қызығушылығы арта түсті. Осы тұста ғасырлар бойы ата-баба тәлімімен, тәжірибесімен жинақталып, уақытында дәстүрге енген халықтық педагогиканың қайта өркендеуі мен оны оқып үйренудің танымдық және практикалық мәнділігі зор. Этнопедагогика халықтық педагогиканың теориясы тұрғысынан әр түрлі гуманитарлық ғылымдар түйісуіндегі пәнаралық сипатқа ие қазіргі педагогика ғылымының саласы.



1.3. Курстың мақсаты :

Болашақ мұғалімдерді жан-жақты педагогикалық білімге сәйкес халықтық педагогикалық дәстүрлерді сақтау, қайта жаңғырту, нығайту, жұмысына теориялық дайындау, алған білімді тәжірибеде қолдану. Қазақстан этнопедагогикасының жалпы негіздерін оқыту арқылы Қазақстан Республикасын мекендеген әрбір этностың дамуын ынталандыру, жалпы мәдени құндылықтарды меңгеру, этникалық мәдениетті өзара шығармашылықпен байыту бағытында студенттердің педагогикалық дүниетанымын, педагогикалық мәдениетін және жалпы кәсіби құзыреттеліктерін қалыптастыру.



    1. Пәннің негізгі міндеті

1) этнопедагогиканың негізгі ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімін;

2) болашақ мұғалімнің кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерін (педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық такт, әдеп, ұтқырлық, толеранттылық және т.б.);

3) қоғамдық-саяси, этнопедагогикалық әдебиеттерді талдап зерттеу біліктілігін;

4) этнопедагогика саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстарға даярлығын;

5) білім алушылардың көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері туралы білімін және этнопедагогикалық жүйені теңестіре-салыстырмалы талдау дағдыларын;

6) білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсінуін қалыптастыру.

«Этнопедагогика» курсы философия, әлеуметтану, психология, және т.б. әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқып білудің алдында оқытылады. Осы пәнмен бірге педагогикалық цикл пәндері қатарындағы «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика тарихы», «Мектеп педагогикасы», «Педагогикалық менеджмент» оқытылады. Ал бұл болса, «Этнопедагогика» курсының педагогикалық пәндермен табиғи үйлесуіне мүмкіндік береді. Осы курс Қазақстан Республикасы этностары мен әлем халықтарының этнопедагогикалық мәселелері мен құбылыстарын ұғыну мен зерттеуге негіз болуға бағдарланған.

Этнопедагогика курсын оқу нәтижесінде студент міндетті:

а) білімдерді меңгеруге:

- этнопедагогиканың базалық ұғымдары, Қазақстан Республикасы этностарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы;

- көпұлтты ортадағы педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктері туралы;

- білім беру мекемелерінің тәрбиелік іс-әрекеттері тәжірибесіне ҚР этностары этнопедагогикасының негізгі жолдарын, әдістерін, формалары мен құралдарын енгізу материалдарын түсіну туралы;

- ҚР этностары мен әлем халықтары этнопедагогикасының мәселелерін зерттеу негіздері туралы;

б) біліктіліктерді игеруге:

- этнопедагогика бойынша әлеуметтік әдебиеттерді талдау барысында өздігінен білім алу;

- әр түрлі халықтардың этнопедагогикалық жүйесін теңестіре-салыстырмалы талдау;

- этнопедагогика мәселелері саласындағы ғылыми-ізденіс, шығармашылық жұмыстары;

- этнопедагогика материалдарын оқу-тәрбие үрдісіне енгізу.

Этнопедагогика курсын оқыту студенттердің мынадай тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруы тиіс:

- кәсіби-маңызды тұлғалық қасиеттерді, соның ішінде педагогикалық ойлау, педагогикалық қарым-қатынас, ұтқырлық және т.б.;

- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен толеранттылық.



1.5. Пәнді оқу барысында студент білу керек:

  • студенттер дәрістермен семинар сабақтарына толық қатысуы керек.

  • СОӨЖ тапсырмаларын уақытында өткізіп, қорғау,

  • семинар сабақтарына, СӨЖ тапсырмаларына үнемі дайындықпен келу,

  • босатылған сабақтарды дер кезінде қайта қалпына келтіру

  • курс аяқталғаннан кейін тестілеу емтиханын тапсыру

1.6 Пререквизиттер:

Жалпы білім беретін мектептерің бағдарламасындағы гуманитарлық пәндер бойынша білім.



1.7 Постреквизиттер:

этнопедагогика курсын оқыту негізінде білім мен дағдысын қалыптастыра отырып педагогика тарихы, тәрбие жұмысының әдістемесі, әлеуметтік педагогика және басқада педагогикалық циклдардағы пәндерді меңгеру.



  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет