Әулиекөл ауданыдық мәслихатының


Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің ке



бет5/9
Дата12.03.2018
өлшемі1,81 Mb.
#38524
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы


Ауданның дамуындағы әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуындағы күшті және әлсіз тұстарын, оның шектеулері мен даму мүмкіндіктерін анықтаған басымдалған талдауында көрсетіледі.




Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

-Ауыл шаруашылығының маңызды экономикалық әлеуеті,

-Минералдық шикізаттар қорының болуы тау-кен өндірісінің дамуы үшін негізін құрайды

-Аудан аумағында Астана-Челябинск республикалық трассасы маңында орналасуының есебінен маңызды транзиттік әлеуеті

-Осы заманғы кәсіби білім үшін рерурстар болуы: инфрақұрылым, кәсіби ұстаздар құрамының жоғары біліктілігі

-Денсаулық сақтаудың тұрақты әлеуеті: туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауырудың төмендеуі

-Бала туу санының ұлғаюы

-Дамыған кәсіби дайындықтар инфрақұрылымының есебінен жұмыссыз-дық деңгейінің төмендігі

- Тұрғындардың жан басына шаққандағы етпен, бидаймен және картоппен қамтамасыз етілуінің жеткілікті деңгейі

- Шағын және орта бизнесті дамытуға арналған әлеуеттің қолда бары

- тұрғындарға кең қызметтегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенді секторлары



Салалық тепе-теңдіктің болмауы- өндіруші өнеркәсіптің өндіріс пен инвестиция көлеміндегі үлесінің басымдығы, шағын бизнестің әртарапты дамуының төмен деңгейі

- агроөнеркәсіп кешенінің және өнеркәсіптің шикізаттық бағыты

- Село инфрақұрылымдық әлеуетінің біртексіз өсу дәрежесі

-Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біртексіз қол жетімділігі

-Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі

-кәріз және су құбырлары желілерінің 70%-дан 100% дейінгі тозуы

-Көлік жолдарының 44,12%-ы қанағаттандырмайтын жағдайда болуы

үкіметтік емес ұйымдардың шектеулі ресурстік базасы, салалық мемлекеттік органдардың және аудан әкімдігінің әлеуметтік қызметтер көрсету үдерісінде үкіметтік емес ұйымдардың төмен деңгейде тартылуы







Мүмкіндіктері

Қауіп-қатерлері

-Әулиекөл ауданының облыстың алты ауданымен шектесуі, Астана-Челябинск республикалық трассасы маңында орналасуының мультитранспорттық түйін ретінде қолайлы геоэкономикалық орналасуы

-Үдемелі индустрияландыру бағдар-ламасы шеңберіндегі мемлекеттік қолдау өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтуға және өңірдің экономикасын әртараптандыруға мүмкіндік береді

-Инфрақұрылымдық жобасын іске асыру кезінде аудан экономикасын дамыту әлеуетін жоғарлату

-Ауылдық өндірушілер кооперация үдерісінің белсендіру есебінен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу дәрежесін ұлғайту

-Кеңестік қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану

- Салалық басқармаларда және аудан әкімдігінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты енгізу және ұлғайту арқылы салалық және аумақтық қағидат жөніндегі азаматтық қоғам институттарын дамыту тұрақты қоғамдық-саяси жағдаймен қамтамасыз етуге себебін тигізеді



-ауданның технологиялық дамуында және өңірлік экономиканың салалық сәйкессіздіктерінде артта қалу салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділігінің ұлғаюы

-Кәсіби білім беру жүйесінде сәйкессіздіктің сақталуы еңбек ресурстарына сұраныстың қанағаттылығына кері әсер етеді

-Жолдар жағдайларының нашарлауы

-Тазарту имараттары аздап жаңашаландырылған жағдайда экологиялық жағдайдың нашарлауы

-Ішкі және сыртқы көшіп-қонудың салдарынан тұрғындар санының азаюы


Стратегиялық талдау нәтижелері ауданның 5 жылға арналған аумақтық дамуының пайымдауын, мақсатын, міндеттерін белгілеуге, проблемаларды шешудің жолдарын анықтауға мүмкіндік береді



2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Ауданда қазіргі уақытта 6 өңірлік бағдарлама іске асырылуда.

10-кесте

Іске асыру кезеңінде Әулиекөл ауданындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру дәрежесі


Жоспарланған шаралардың барлығы

Орындалды

Қалыпты іске асырылуда (50%-дан жоғары орындалу)

Нашар іске асырылуда

(20-50%-ға орындалу)

Орындалмаған (20%-дан төмен орындалу)

Әулиекөл ауданының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (аудандық мәслихаттың 19.12.2007 жылғы №20 шешімі)

7

7

100

0

0

Тілдерді дамыту және қызмет етуінің облыстық «Асыл мұра» бағдарламасын іске асыру бойынша Әулиекөл ауданының 2007-2010 жылдарға арналған шаралар жоспарын бекіту туралы (аудандық мәслихаттың 14.07.2008 жылғы №63 шешімі)

32

32

100

0

0

Әулиекөл ауданының мектептерін 2009-2010 жылдары жөндеу бойынша шаралар жоспары туралы (аудандық мәслихаттың 16.01.2009 жылғы №91 шешімі)


12

12

100

0

0

2009-2011 жылдарға арналған құқық түсіндіру жұмыстары, құқық мәдениетінің деңгейін одан әрі дамыту, азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі аудандық бағдарлама туралы (аудандық мәслихаттың 13.10.2009 жылғы №139 шешімі)



10

10

100

0

0

2006-2010 жылдарға арналған Әулиекөл ауданында жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы (аудандық мәслихаттың 01.08.2006 жылғы №202 шешімімен бекітілген) (аудандық мәслихаттың 22.12.2009 жылғы №160 шешімімен бекітілген 2009-2010 жылдарға арналған шаралар жоспары)




47

47

100

0

0

Әулиекөл ауданында 2010-2011 жылдары дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша шаралар жоспары туралы (аудандық мәслихаттың 19.04.2010 жылғы №184 шешімі)

9

9

100

0

0



  1. АУДАНДЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ

Әулиекөл ауданы тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үстеме құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған экономикасы бар агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша жетекші ауданның бірі саналады. .



Әулиекөл ауданы 2015 жылы:

Өнеркәсіп әлеуеті қолда бар құрал-жабдықты жаңғырту мен өндірісті кеңейту есебінен дамитын болады. Өнеркәсіп өнімінің өндіру көлемі 4129 млн. теңгеге жетеді. Өсу қарқыны 101 % құрайды.



Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканың әртараптануы және халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатудың факторы ретінде дамитын болады.

Ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату

Астық дақылдарын прогрессивті технология көмегімен өңдейтін алаң көбейтіледі (ылғал сақтаушы технология) 2015 жылға қарай 80 % (2009 жылы- 75%). «Сыбаға» бағдарламасын іске асыру мал басын көбейтуге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығында асыл тұқымды ІҚМ үлесі 13% (2009 жылы- 11,8%)

Шағын және орта бизнес ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға жәрдем етеді. «Бизнестің жол картасы 2020», «Даму - өңірлер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру шағын және орта кәсіпкерліктің өнімінің көлемін 8 млн. теңгеге дейін , бөлшек тауар айналымын 1614 млн. теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Негізгі капиталға инвистициялардың көлемі 4855 млн. теңгеге жетеді. Негізгі капиталға нақталы инвистициялардыңсу қарқыны 2009 жылға қарағанда 2015 жылы –нақты 18,5%.

Инновациялық дамуға халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу есебінен қол жеткізіледі.

Тауар мен қызмет көрсетуді сатып алудың жалпы көлемінде жергілікті мазмұнды үлесі 72%-ға жетеді.



Білім жүйесі сапалы және қолжетімді болады.

Орта білім сапасы жоғары деңгейге жетеді, ең алдымен кадрлар ілеуетін дамыту мен ауданда орта білім беруде мамандандыруды дамыту бойынша шаралар есебінен.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 95% жетеді.

Тұрғындардың тұрмыс сапасын жетілдіру адамдардың денсаулығын жақсару мен қолдау үшін жағдай жасау жолымен болады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жәрдем сұраған тұлғалардан, жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесінің ұлғаюы 2015 жылы – 9,5% жетеді.

Кедейшілік шегінен төмен табысты тұрғындар үлесі 0,4% кемиді.

Мәдени-бос уақыт өткізу жұмысын қолдау мәдениет саласының қызметін тұтынушыларды 70% дейін қанағаттандыруға мүмкіндігін береді.



Мемлекеттiк тiлді меңгерген тұрғындар үлесі 60%-дейін өседі, бұған мемлекеттік саясатын насихаттаубойынша шаралар ықпаал ететін болады.

Жүйелі түрде спортпен және дене шынықтырумен айналысатын тұрғындарды қамту 29,9% жетеді.

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң бағалайтын тұрғындар үлесі 78%-дейін өседі.

Аудан тұрғындарының полицияға сенім деңгейі болжаммен 54% құрайды.

Инфрақұрылымының төтенше жағдайларға қарсы іс-әрекетке қамтамасыз ету деңгейі 90% -жетеді.

Электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық дамудың жағдайын жақсарту арқылы көлік инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.

Қалпы жақсы және қанағаттандыратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға қарай 52,4% дейін (2009 ж. – 44,12%). Коммуналдық қызметтерді пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтермен қанағаттануы деңгейі 60%-дейін өседі.

Өндірістік күштерді аумақтық орналастыру ірі елді мекендері - Әулиекөл,Құсмұрын,Аманқарағай мен селолық аумақтарда дамитын болады. Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санының ұлғаюы 2015 жылы 6 бірлікті құрайды.

Экологиялық ахуал орманды қайта өсіруді 2015 жылға қарай – 530гектарға ұлғайту арқылы жақсартылады.

Электронды форматқа аударылған әлеуметтік-маңызды қызмет көрсету саны 100% жетеді.

Халықтың өмір сүру сапасы және әл-ауқаты аудан экономикасының өсуі есебінен жақсарады.

Аудан дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарықтары бар ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

Басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаны орындаудың әр кезеңінде оны іске асырудың құралдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Іс-шаралар жоспары, тиісті мемлекеттік құрылымдар басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары болып табылады. Дамудың бюджеттік қаражаттарын тиімді пайдалану.



4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ.
1-бағыт: Экономика

Өнеркәсіп

1-мақсат: өнеркәсіптің әлеуетін дамыту




Индикаторлардың атауы



















Жауапты орындау-шылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




Өнеркәсіптік өнімнің нақты индексі (%)




79,8

100

100,1

100,2

100,5

Кәсіпкерлік бөлім



1.1 міндет Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру

Тікелей нәтижесінің көрсеткіштері



















Жауапты орындау-шылар







2013

2014

2015

Өнеркәсіп өнімінің көлемі(млн.теңге)




3885

3467,5

3675

3896

4129

Кәсіпкерлік бөлім

1 және 2 кезеңге қол жеткізу жолдары:

Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыру.

Өндірісті кеңейту және қолда бар қуаттылыққа қолдау көрсету.

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік –экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі жүйесін ұйымдастыру.




1.2 міндет Өнеркәсіп өнімінің нақты өсуі

Тікелей нәтижесінің көрсеткіштері



















Жауапты орындау-шылар

2011

2012

2013

2014

2015

Инновациялық өнім өндірісінің көлемінің өткен жылға қарағанда өсу қарқыны %




100,6

100,1

100,2

100,2

101

Кәсіпкерлік бөлім


1 және 2 кезеңге қол жеткізу жолдары:

Инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірісті кеңейту және қолда бар қуаттарға қолдау көрсету.



Агроөнеркәсіп кешені

2 - мақсат: АӨК өнімін өндірудің тұрақты өсуін қамтамасыз ету





Индикаторлардың атауы
















Жауапты орындау-шылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




Ауыл шаруашылығының сапалы өнімін өндіру (қызмет көрсету) %




149,5

70,5

100

101

102,5

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі




2.1. міндет Өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру

Тікелей нәтижесінің көрсеткіштері



















Жауапты орындау-шылар

2011

2012

2013

2014

2015

Өсімдік шаруашылығының сапалы өнімін өндіру (қызмет көрсету) %




275

37,1

102,3

102,7

103,3

Ауыл шаруашылығы

және ветеринария бөлімі



1 және 2 кезеңге қол жеткізу жолдары:

Топырақтың құнарлылығын сақтау, агромелиоративтік іс-шаралардың кешенін өткізу.Өсімдік шаруашылығында және мал шаруашылығында ресурстарды сақтайтын технологияларды кеңінен пайдалану.



2.2. міндет Мал шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру

Тікелей нәтижесінің көрсеткіштері


















Жауапты орындау-шылар

2011

2012

2013

2014

2015

Мал шаруашылығының сапалы өнімін өндіру (қызмет көрсету) %




96,8

82

100

100,1

100,6

Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет