Ф-10А «Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Дата31.10.2019
өлшемі60 Kb.
#50902
Байланысты:
10 кл СОР Кинематика
10 сынып Кинематика-1
Ф-10А «Кинематика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

10.1.1.2 Жүйелік

және

кездейсоқ

қателіктерді ажырата







білу



















10.1.1.6 Сандық

және

графиктік

есептерді

шығаруда







кинематика теңдеулерін қолдану






10.1.1.8 Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі орын

ауыстыруды және жолдың формулаларын есеп

шығаруда қолдану





10.1.1.9

Қисықсызықты

қозғалыс

кезіндегі







траекторияның бұрыштық жылдамдығын,

дененің центрге тартқыш үдеуін анықтау



Бағалау критерийі

Білім алушы






















  • Кинематика теңдеулерін есептер шығаруда қолданады




  • Қозғалыстың салыстырмалық принципін есептер шығаруда қолданады




Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейлері
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырмалар

І нұсқа


    1. Вертолет түзу сызық бойымен 400 км ұшып, 900 бұрыш жасай бұрылып, тағы да 300 км ұшты.

а) Вертолеттің жолын және орын ауыстыруын табыңыздар.

б) График арқылы жүрген жолы мен орын ауыстыруын сызба ретінде көрсетіңіздер.



  1. Екі велосипедшінің қозғалысы мынандай теңдеулермен берілген: х1=5t, x2=150-10t.

а) х=х(t) тәуелділік графиктерін салыңыздар.

б) Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңыздар.




  1. Тыныштық қалпынан 60 м/с2 үдеумен қозғалып келе жатқан ракета 750 м жол жүргенде қандай жылдамдыққа ие болады?

4. Диаметрі 40 см болатын турбинаның роторы 12000 айн/мин жиілікпен айналады. Турбина қалақтары ұштарының центрге тартқыш үдеуі мен бұрыштық жылдамдығы қандай?


Тапсырмалар

ІІ нұсқа
1. Катер көл бойымен солтүстікке қарай 40 м, сонақ соң шығысқа қарай тағы да 900 бұрыш жасай 30 м жүзді.
а) Катердің жолын және орын ауыстыруын табыңыздар.

б) График арқылы жүзген жолы мен орын ауыстыруын сызба ретінде көрсетіңіздер.

2. Жүк автомобилінің қозғалыс теңдеуі берілген: х1=-270+12t, ал осы тас жолдың жиегімен келе жатқан адамның қозғалыс теңдеуі x2= -1,5t.

а) х=х(t) тәуелділік графиктерін салыңыздар.

б) Олардың кездесетін жерін және уақытын табыңыздар.
3. Тыныштық қалпынан 0,6 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 30 м жол жүреді?
4. Диаметрі 16 см лебедка барабанының жүкті 0,4 м/с жылдамдықпен көтеру кезіндегі бұрыштық жылдамдығын және айналу жиілігін табыңыздар.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы



Кинематика

1 (а)


Нүктенің орын ауыстыруы және оның жүрген жолының формуласын пайдаланады.

2

Нүктенің орын ауыстыруы және оның жүрген жолының мәнін анықтайды

2

1(б)

График арқылы координаталарын сызады

1


Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыс. Қозғалыстың салыстырмалылығы

2 (а)

х=х(t) тәуелділік графигін салады

1

2(б)


Дененің жүрген жолының және уақыттың формуласын пайдаланады

2

Дененің кездесетін жерін және уақытын табады

2


Бір қалыпты үдемелі қозғалыс

3


Дененің жүрген жолындағы уақыт формуласын пайдаланады

1

Дененің бір қалыпты үдемелі қозғалыс кезіндегі уақытты анықтайды

1


Шеңбер бойымен бір қалыпты қозғалыс

4


Дененің шеңбер бойымен жүрген жолының үдеуін және бұрыштық жылдамдық формуласын пайдаланады

2

Дененің шеңбер бойымен жүрген жолының үдеуін және бұрыштық жылдамдықты анықтайды

2

Жалпы балл

16



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет