Ф дп 042 09-2016-02 №1 басылым 09. 06. 2016 ж



Дата08.06.2018
өлшемі33,76 Kb.
#41549

Ф ДП 042-1.09-2016-02


№ 1 басылым 09.06.2016 ж.

беттің беті







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ТК ОБ

ТК ОБ

042– 18-35.1.43/ 02-2016



Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




№ 1 басылым

09.06.2016ж.




Таңдау компонентінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Зат құрылысы

5В011200 – «Химия»

Кафедра химия және география

Курс - 1

Кредиттер саны - 3

Барлық сағат - 135

Дәрістер - 15

Практикалық сабақтар - 30

БӨЖ - 90


Емтихан – 2 семестр

Семей 2016

Алғы сөз

Жоғары білімді химия мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі зат құрылысын оқып үйрену басты мәселе. «Зат құрылысы» пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Ол студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады. Зат құрылысынан алған білім студенттердің химияның басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химия, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.


1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы

Сапакова А.К., б.ғ.к., доцент м.а. _____________« 01 » 09 2016 ж.

2 КЕЛІСІЛДІ

2.1 Кафедра отырысында «химия және география»

Хаттама «__01__» ____09____ 2016__ жыл, № 1


Кафедра меңгерушісі ______________Ибраева Л.С.
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында жаратылыстану-математика

Хаттама «__07__» ___09_______ 2016___ жыл, № 1


Төраға _______________Ерменова Б.О.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлдандыжәнебаспаға ұсынылды


Хаттама «__08__» ___09_______ 2016___ жыл, № 1
ОӘК төрағасы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
______________Искакова Г.К.
№ 2 басылымның орнына «11_» ____09__ 2014_ ж.


Мазмұны



1.

Түсіндірме жазба

Пәннің мақсаты

Пәннің міндеттері

Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері)



4

4

4



4

2.

Кіріспе

6

3.

Пәннің негізгі бөлімдері

6

4.

Практикалық сабақтардың тақырыбының тізімі

8

5.

Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

9

6.

Ұсынылған әдебиеттер тізімі

12



  1. Түсіндірме жазба:

«Зат құрылысы» пәні студенттерді дайындау барысында маңызды орын алады және 5В011200 - «Химия» мамандығында оқитын студенттер үшін базалық пәндер блогының таңдаулы компоненті болып табылады (БП-ТК).
Пәннің мақсаты: Атом құрылымының, молекулалардың, кристалдардың, аморфты заттардың, мезофазалар мен кристалдардың қазіргі заманғы теориясының ұғымдарын оқу.
Пәннің міндеттері: Студенттерді нақты есептеу схемамен таныстыру, олардың мүмкіншілігін және шектеулілігін түсіну және оларды активті түрде теориялық және қолданбалы химияның актуалды мәселелерін шешуде қолдану, әртүрлі есептерді шығаруға, қажетті күрделі математикалық есептеулер жүргізуге үйрету.
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):

Пәнді оқыту нәтижесінде студент білу керек:



білу:

  • химиялық құрылыстың қазіргі теориясының негіздерін, молекулардың квантты күйлерін, химиялық үрдістердің заңдылықтарын;

  • атомның құрылымының күрделігін;

  • кванттық механиканың негізгі қағидаларын;

  • атомның квантмеханикалық моделін;

  • элементтердің периодтық қасиеттерін;

  • тұрақты гибридизацияның жағдайларын;

  • комплексті қосылыстардың электрондық спектрлерін

орындай алу:

  • атомдық спектрлерді анықтауда есептерді;

  • толқын ұзындығын, жиілікті, толқын саның анықтауда есептерді;

  • толқын ұзындықтарының диапазоның, сәулелену энергиясын анықтауда есептерді;

  • атомның квантты-механикалық теориясының элементтерін анықтауда есептерді

дағдысының болуы:

  • атомдағы электрондарының энергетикалық күйлерінің диаграммасын құрастыруының;

  • есеп нәтижелерін іс жүзінде алынған эксперименталды мәліметтермен салыстырудың;

  • молекулалардың геометриясын анықтаудың;

  • екі атомды гомоядролық молекулалардағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасын құрастыруының;

  • екі атомды гетероядролық молекулалардағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасын құрастыруының;

  • комплексті қосылыстардың электрондық спектрлерін анықтаудың

Жалпы құзырлықтар:

  • Жаратылыстану ғылыми білімдерін меңгеруі (химиялық ойлауы, химиядағы индукция және дедукция; химиялық моделдеу; химияның ғылыми зерттеулердегі ролі туралы; т.б.).

  • Жаратылыстану білімінің маңызды компоненті ретінде жаратылыстану ұғымдарын игерудің пракикалық формаларын және жалпы концепциясын білу.

  • Теориялық даярлық барысында оқып үйренген жаратылыстану нәрселері кешендерінің құрылымын.

  • Жаратылыстану ғылымдарының оқулықтарымен жұмыс жасай білу және және барлық анықтама түрлерімен жұмыс жасай білу.

  • Жазбаша және ауызша тілді ғылыми стилде анық,түсінікті құрастыра білу және қисынды, дәлелдей айта алуы.

  • Оқу жоспарына сәйкес (тәрбие бағдарламасы) бағдарламаның бөлімдері мен тақырыптарының ерекшеліктерін ескере отырып оқу сабақтарын жүргізе алуы.

  • Жаратылыстану материалдарын оқу үрдісінде қолдана білу және ғылыми еңбектерді оқып үйренудің әр түрлі кезеңдерінде онымен жұмыс істей жасау дағдысы.

  •  Жаратылыстанудың кез келген бір бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарымен дағдысын меңгеру.

  • Өзінің педагогикалық біліктілігін көтеру бағытында өзіндік бағалау және өзіндік анализ жасай алуы.

  • Ғылыми мақсатта және оқу кезінде мақсатты қолдану үшін химиялық заттар мен процесстер туралы қажетті жаңа ақпараттарды өз бетімен ғылыми іздестіре алу дағдыларын меңгеру.

Кәсіби құзырлықтар:

  • Қазiргi заманғы ғылыми дәйектелген заттарды қабылдау әдiстері және үйренудiң құралдарын , соның iшiнде техникалық құралдары, ақпараттық және компъютер технологияларын білуі.

  • Оқу нәтижелерiн бағалаудың қазiргi құралдарын қолдана білу (қазiргi бағдарламалық өнiмдер көмегiмен компьютерде) оқу жабдығы және химияның мектеп кабинетінде бар техникалық құралдармен қоса мультимедиа жүйелерiмен жұмыс iстеу дағдысы.

  • Бейорганикалық химия төңiрегiнде компетентті болу.

  • Химия бойынша (толық), орташа ортақ бiлiмнiң мазмұнының минимумы талаптарын бiлуі.

  • Мектеп химия бiлiмiнiң (химия бойынша міндетті және бейімді әзiрлеу) мазмұнын және құрылым туралы бiлiмi.

  • Жалпы орта бiлiм, кәсiби-техникалық бiлiм және (әрбiр профиль бойынша) орташа кәсiби бiлiмнiң оқу-тәрбиелiк ұйымдарындағы бiтiрушiлерiнiң дайындық деңгейiне талаптарының бiлiмi.

  • Осы бiлiм ұйымында әр түрлi бiлiм беретiн технологияларда қолданылатын бiлiмдi бағалау және критерийі жүйесін білуі.

  • Мектеп химия кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік және алғашқы көмек көрсете алу жолдарын білуі.




  1. Кіріспе

Жоғары білімді химия мұғалімдері үшін химия пәнінің маңызды бөлігі зат құрылысын оқып үйрену басты мәселе. «Зат құрылысы» пәні жалпы химиялық дайындықтың іргетасы, ғылыми дүние тануды қалыптастырады, болашақ маманның шығармашылық ойлауын дамытады. Ол студенттерді зат құрылысы туралы қазіргі түсініктері, химиялық процесстердің негізгі теорияларымен таныстырады, химиялық циклдің жеке ғылымдарын студенттердің әр қарай оқып біліуінің негізі болып саналады және басқа химиялық пәндерді терең түсінуіне себепкер болады. Болашақ мамандар – ғылыми жұмысшылар мен химия пәнінің мұғалімдеріне бұл пән өлі және тірі табиғатта жүретін процесстерді өте терең түсіну үшін қажет, себебі олар көпшілік жағдайларда өзінің негізінде химиялық характері болады және негізгі химиялық заңдылықтарға бағынады. Зат құрылысынан алған білім студенттердің химияның басқа да салаларын, атап айтқанда, аналитикалық химия, физикалық және коллоидтық химия, органикалық химия, химиялық технология, химиялық синтез пәндерін оқып-үйрену үшін бастапқы кезең болып табылады.




  1. Пәннің негізгі бөлімдері

3.1 Микромодуль «Атом құрылысы».

3.1.1. Атом құрылысы туралы қозқарастарды дамыту.

Атомның құрылымының күрделігі. Катод сәулелерінің ашылуы. Электронның ашылуы. Элементтердің сызықты спектрі. Сутегі атомының спектрі. Бор теориясы. Рентген сәулелері. Радиоактивтілік. Сәуле шығарудың квант теориясы.



3.1.2. Кванттық механиканың негізгі қағидалары.

Де Бройль теңдеуі. Электронның екі жақтық табиғаты. Гейзенбергтің анықталмағыштық ұстанымы. Шредингер теңдеуі.



3.1.3. Атомның квантмеханикалық моделі.

Квант сандары. Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы. Паули ұстанымы. Хунд ережесі. Клечковский заңы. Атомдағы электрондарының энергетикалық күйлерінің диаграммасы.



3.1.4. Элементтердің периодтық қасиеттері.

Атомдар мен иондардың радиустары. Атомдардың иондану энергиясы. Электронға жақындық. Электртерістілік.



3.2. Микромодуль «Химиялық байланыс».

3.2.1. Химиялық байланыс. Валенттік байланыс әдісі.

Әр түрлі периодтар элементтерінің максималды валенттілігі. Химиялық қосылыстардың тұрақтылығы және реакциондық қабілеті. Байланыс бағытталуы. Гибридизация концепциялары. Молекулалардың геометриясы. Тұрақты гибридизацияның жағдайлары. Байланыс поляризациясы. Байланыстың үзілуі.



3.2.2. Молекулалық орбитальдар әдісі.

Бірінші период элементтері түзетін екі атомды гомоядролық бөлшектеріндегі электронның энергетикалық күйлерінің диаграммасы. Екінші период элементтерінен түзілген гомоядролық екі атомды молекулаларындағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасы. Бір период элементтері түзетін гетероядролық екі атомды молекулалар. Әр түрлі период элементтерінен түзілген гетероядролық екі атомды молекулалар. Көп атомды молекулалар. Молекулалардың қозылған күйі. Молекулалардың иондануы.



3.2.3. Молекулааралық әрекеттесу.

Ван-дер-Ваальс күштері. Молекулаларлық әрекеттесудің түрлері.



3.2.4. Комплексті қосылыстардағы химиялық байланыс.

Вернердің координациялық теориясы. Валенттік байланыс әдістер тұрғысынан комплексті қосылыстардың сипаттамасы. Комплексті қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы. Ерітіндідегі комплексті қосылыстардың тұрақтылығы.




  1. Практикалық сабақтардың тақырыбының тізімі




  1. Атомның ядролық моделі. Атомдық спектрлар.

  2. Атомның ядролық моделі. Атомдық спектрлар.

  3. Кванттық механиканың негізгі кезеңдері.

  4. Кванттық механиканың негізгі кезеңдері.

  5. Атомның квантмеханикалық теориясының элементтері.

  6. Периодтық заң және элементтердің периодтық жүйесі.

  7. Ядролық реакциялар.

  8. Валенттік байланыс әдісі. Гибридизация концепциясы.

  9. Валенттік байланыс әдісі. Молекулалардың геометриясы.

  10. Валенттік байланыс әдісі. Молекулалардың геометриясы.

  11. Молекулалық орбиталь әдісі. Екі атомды гомоядролық молекулалардағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасы.

  12. Молекулалық орбиталь әдісі. Екі атомды гомоядролық молекулалардағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасы.

  13. Молекулалық орбиталь әдісі. Екі атомды гетероядролық молекулалардағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасы.

  14. Молекулалық орбиталь әдісі. Екі атомды гетероядролық молекулалардағы электронның энергетикалық күйінің диаграммасы.

  15. Комплексті қосылыстардың электрондық спектрлері.



5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі

5.1.

  1. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Атомизм идеяларының пайда болуы.

  • Атомдық модельдар.

  • Фотоэффект құбылысы.

  • Сәулеленудің екі жақтық табиғаты.

  1. «Атом құрылысы» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын құрастыру (15 сұрақтан, 5 жауабы болу тиіс).

  2. Жеке түрде тақырыптық есептерді шығару.


5.2.

  1. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Атомдағы электрондық тығыздықтың таралуын бейнелеу тәсілдері.

  • Атомдағы электрондардың энергетикалық күйлерінің диаграммасы.

  • Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысының квантмеханикалық теориясының тұрғысынан.

  1. «Атом құрылысының күрделігін дәлелдеген эксперименттер» және «Кванттық механикалық негізгі ұстанымдары» тақырыптары бойынша кластер құрастыру.

  2. Жеке түрде тақырыптық есептерді шығару.


5.3.

  1. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Қалыпты күйдегі атомдардың электрондық құрылымы.

  • Атомның қозылған күйі.

  • Спектралды талдау.

  1. «Атомдардың электрондық қабаттарының құрылысы» тақырыбы бойынша кроссворд құрастыру.

  2. Жеке түрде тақырыптық есептерді шығару.


5.4.

  1. Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

  • Байланыстың түзілу механизмі.

  • Байланыс энергиясы.

  • Химиялық байланыстың түрлері.

  • Химиялық байланыстың қасиеттері.

  • Молекулааралық әрекеттесудің түрлері.

  • Молекулалардың полярлығы және полярленуі. Молекула түрлері.

  1. «Химиялық байланыс» тақырыбы бойынша кластер құрастыру.

«Химиялық байланыс» тақырыбы бойынша тест сұрақтарын (15 сұрақтан, 5 жауабымен) құрастыру.
6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі

6.1 Негізгі әдебиет


6.1.1.Бейорганикалық химия. Т.1. /Шрайвер, Д. - 2012

6.1.2. Неорганическая химия. В 2-х т.  Т.1. /Шрайвер, Д. – 2009

6.1.3. Неорганическая химия. В 2-х т.  Т.2. /Шрайвер, Д. - 2009

6.1.4. Химия /Сейтембетов,Т.С. – 2010

6.1.5. Общая химия /Глинка, Н.Л. – 2012

6.1.6. Химия негіздері /Аханбаев,К. – 2009

6.1.7. Химия. Т.1. Жалпы және бейорганикалық химия /Утелбаева, А. – 2006

6.1.8. Общая и неорганическая химия в таблицах и схемах /Келина, Н.Ю. – 2008

6.1.9. Бейорганикалық химия /Омарова, Т.Т. – 2008

6.1.10. Жалпы химия /Бірімжанов, Б.А. – 2011

6.1.11. Кухтин Б.А., Лобко В.Н. Строение вещества: Учебное пособие, Владимирский государственный университет, Владимир, 2003. – 76 с.


      1. Папулов Е.Г., Левин В.П., Виноградова М.Г. Строение вещества в естественнонаучной картине мира: Учебное пособие, 2 часть. – Тверь: Тверский государственный университет, 2006. – 84 с.

      2. Краснов К.С. Физическая химия. Кн. 1. Строение вещества. Термодинамика: Учебник для ВУЗов. – М.: Высшая школа, 2001. – 512 с.

      3. Зимон А.Д. Физическая химия /Зимон А.Д.-М.,2000.

      4. Степанов Н.Ф. Квантовая механика и квантовая химия. – М.: Мир, 2001. – 519 с.

      5. Карапетьянц М.Х., Дракин С.Н. Общая и неорганическая химия. – М.:Химия, 2000.


6.2 Қосымша әдебиет


6.2.1. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Ділманов, Б.М. – 2009

6.2.2. Жалпы және бейорганикалық химия практикумы /Мырзалиева, С.К. – 2005

6.2.3. Неорганическая химия в реакциях: Справ. /Лидин, Р.А. – 2007

6.2.4. Общая и неорганическая химия /Угай, Я.А. – 2000

6.2.5. Задачи и упражнения по общей химии /Глинка, Н.Л. – 2008

6.2.6. Лабораторный практикум по общей и неорганической химии /Стась, Н.Ф. – 2008

6.2.7.Химия терминдерінің орысша-ағылшын-қазақша және ағылшын-орысша-қазақша сөздігі =Русско-англо-казахский и англо-русско-казахский словарь химических терминов /Ибраева, Л.С. – 2010

6.2.8. Любимова Н.Б. Вопросы и задачи по общей и неорганической химии. – М.:Высш.шк., 1990 – 351 с.



6.3 Интернет-ресурстар


6.3.1.interneturok.ru › Химия › 9 класс

6.3.2. terka.com/node/10380



6.3.3.https://sites.google.com/...sistema-elementov...mendeleeva.../plan-algoritm-harakteristi...

6.3.4. school-collection.edu.ru/catalog/rubr/d05469af-69bd-11db-bd13.../75739/



6.3.5. www.primefan.ru/stuff/chem/moodle/atom7.html

6.3.6.morozovasite.21307s04.edusite.ru/spravka8.html
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет