Факультеті қазақ тілі мен әдебиеті



Дата11.11.2019
өлшемі286,5 Kb.
#51534
Байланысты:
Хал-2017 Сил
хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018 , хал ау ад прак 2018


«СЫРДАРИЯ» УНИВЕРСИТЕТІ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

«Гуманитарлық білім»

факультетінің деканы,

доцент_______ К.Исаева

«___» ________2017 жыл




ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Модульдің коды, атауы: ККS Қазақтың көркем сөзі

Пәннің коды, атауы: HАA 1220 «Халық ауыз әдебиеті»

Оқу түрі: күндізгі

Мамандықтың шифры, атауы: 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Курс: 1

Семестр: 2



Кредит саны: 4

Сағат саны: 180



Дәріс: 30

Практикалық (семинар) сабақ: 30



Зертханалық сабақ:-

ОСӨЖ: 60

СӨЖ: 60

Межелік бақылау (МБ): 7, 15 апталар

Қорытынды бақылау: (ауызша)


Лектор: Абенова Ләззат Усманқызы,

дүйсенбі, сағат 15:00, №36 «Абайтану» дәрісханасы

(8 701 379 04 24, lazzat-0505@mail.ru)



Жетісай, 2017

Пәннің бағдарламасын (Syllabus) дайындаған: ф.ғ.к., доцент Абенова Л.У.


«Халық ауыз әдебиеті» пәнінің бағдарламасы (Syllabus) пәннің оқу (модульдік) бағдарламасы (университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінде талданып, бекітілген, хаттама № __ ___ __ 201__ жыл) және жұмыс оқу жоспары («___»___________ 201_жыл) негізінде жасалған.

Кафедраның мәжілісінде талқыланған. Хаттама № __«___» _______ 201_жыл


Кафедра меңгерушісі, PhD доктор Нұрбек М.А.

Факультет кеңесінде талқыланды. Хаттама № __ «___» _______ 201_жыл



КІРІСПЕ



Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті курсын жоғары оқу орындарында оқыту ісі болашақ мамандарды туған халқының ғасырлар бойы жасаған дәстүрлі мәдениеті үлгілерімен, халық өнерінің түрлерімен жан-жақты таныстыруды қамтамасыз ететін білімдік үрдіс. Қазақ фольклоры - жалпыадамзаттық құндылықтардың ажырамас бөлігі, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеудің пәрменді құралы.

Пәннің мақсаты: қазақ халық әдебиетін оқытуда әлемдік фольклортану ғылымындағы методологиялық ортақтастықтар мәселелері, фольклордың ауызша сөз өнері ретінде табиғаты, ерекшеліктері, тұтас көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары, жазба әдебиетпен арақатынасы, фольклордың зерттелу тарихы т.б. ауқымды мәселелер жөнінде білім беру мақсаты көзделеді.

Пәннің алға қойған міндеттері:

-пән материалдарын қазақтың ежелгі дәуірдегі, орта ғасырлардағы, қыпшақ кезеңіндегі, ислам мәдениеті мұраларымен біртұтас, табиғи сабақтастығын ғылыми-теориялық тұрғыда негіздей оқыту;

-фольклордың тарихы мен теориясын танып білу;

-фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігін ажырата білу;

-фольклор мен жазба әдебиет:

-фольклорды тегі мен жанрына қарай жіктей білу.



Түсінігі болуы керек: әдебиет туралы ғылымның негізгі әсемдік, көркемдік жайлы әдеби-теориялық түсінігін, көркемдік-эстетикалық танымын қалыптастыру.

Білуі керек: көркем туындыны талдау, бағалау жолына машықтану.

Дағдысы болуы керек: теориялық материалдарды меңгеру, білім, талдау дағдыларын қамтамасыз ету.

Құзыреттілігі: Фольклорлық шығармаларды тану арқылы белгілі бір нәрсеге пікір айтуды, шешен сөйлеуді және өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін жеке тұлғаның бойындағы шығармашылық қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктіліктің болуын қамтамасыз етеді.

Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілетін пәндер): «Әдебиеттануға кіріспе».

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер): «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Хандық дәуір әдебиеті», «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», «Әдебиет теориясы», «Қазақ әдебиеті сынының тарихы».
1.ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ, ЖОСПАРЫ




Апта реті

Дәрістің тақырыбы мен жоспары

Сағат саны

1-модуль. Фольклор және фольклортану ғылымы

1

1-апта


Кіріспе

1.Қазақ халқының ауыз әдебиеті – халықтық сөз өнері мұраларын оқытатын пән

2.Халық ауыз әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеті.

3.Халық ауыз әдебиетінің басқа ғылым салаларымен байланысы.



1

2

Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік

1.Фольклортану – классикалық ғылым саласы.

2.Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі.

3.Ауызша сөз өнерінің типтік табиғаты.



1

3

2-апта



Фольклор мен жазба әдебиет

1.Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі екендігі.

2.Фольклордың көркемдік жүйесі.

3.Фольклордың өзгермелілігі.



1

4

Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі

1.Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер.

2.Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер.

3.Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер.



1

5

3-апта


Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері

1.Рулық қоғамдағы фольклор.

2.Феодализм дәуіріндегі фольклор.

3.Қазіргі дәуір фольклоры.



1

6

Ең көне фольклорлық жырлар

1.Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы.

2.Тұрмыс-салт жырларының түрлері, сипаттамасы мен анықтамасы.

3. Олардың салтқа тікелей және жанамалы түрде қатысы.



1

7

4-апта


Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлар

1.Төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер.

2. Төрт түлік жырлары.


1

8

Аңшылық жырлары

1.Қазақтың аңшылық, саятшылық дәстүрі.

2.Маусымдық салт жырлары.

3.Наурыз туралы өлеңдер.



1

9

5-апта


Наным-сенімдерге, діни ұғымдарға байланысты өлеңдер

1.Сөздің магиялық қасиеті туралы ұғым.

2.Арбау, жалбарыну өлеңдері.

3.Қазақ халқының алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлары.



1

10

Отбасы салтына байланысты өлең түрлері

1.Үйленуге байланысты салт жырлары.

2.Олардың мазмұны, құрылысы және айтылу мезгілі.

3.Өлген кісіге байланысты айтылатын өлеңдердің салтпен байланысы.



1

11

6-апта


Лирикалық өлеңдер

1.Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері.

2.Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпта болуы.

3.Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.



1

12

Мақалдар мен мәтелдер

1.Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері

2.Классификациялаудың принциптері

3.Мақал-мәтелдердің тақырыптық, логикалық-семантикалы жіктелуі.



1

13

7-апта


Жұмбақтар

1.Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

2.Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.

3.Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі.



1

14

Шешендік сөздер

1.Қызметі мен қоғамдық мәні.

2.Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы.

3.Жанрлық түрлері, көркемдік сипати, тәрбиелік маңызы.



1

2-модуль. Халық ауыз әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілері

15

8-апта


Ертегілер

1Халық прозасы туралы түсінік.

2.Ертегілердің жиналуы, зерттелуі, өзіндік ерекшелігі.

3.Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.



1

16

Хайуанаттар жайындағы ертегілер

1.Хайуанаттар жайындағы ертегілер пайда болу жолдары.

2.Хайуанаттар ертегілерінде миф пен тотемизмнің көрінісі.

3.Хайуанаттар ертегілерінің сюжеті мен тақырыбына қарай түрлері.



1

17

9-апта


Қиял – ғажайып ертегілері

1.Қиял – ғажайып ертегілерінің жанрлық ерекшеліктері.

2. Қиял – ғажайып ертегілеріндегі қиял мен мифтің сабақтастығы.

3.Ертегілердегі образдар жүйесі.



1

18

Батырлық, новеллалық, сатиралық ертегілер

1.Батырлық ертегілердің тақырыбы, негізгі мотивтері.

2.Новеллалық ертегілердің жанрлық белгілері, тақырыбы, композициялық құрылымы.

3.Сатиралық ертегілердің жанрлық сипаты, ондағы сатира мен юмор.



1

19

10-апта


Ертегіден тыс прозалық жанрлар

1.Миф. Мифтің жанрлық, танымдық қызметі.

2.Аңыз-әңгімелер, жанры, қаһармандары.

3.Әпсана, ертегісімек.



1

20

Эпостық жырлар

1.Қазақ эпосының жанрлық құрамы.

2.Көне эпос, оның сюжеттік құрамы мен тақырыбы.

3.Батырлар жырының жанрлық белгілері.



1

21

11-апта


Батырлар жыры

1.Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы.

2.Батырлар жырының идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты.

3.Батырлар жырындағы уақыт, эпикалық кеңістік мәселесі.



1

22

Лиро-эпостық жырлар

1.Жанрлық сипаты, жиналуы мен зерттелуі.

2.Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны.

3.Лиро-эпостық жырларда образ жасау ерекшеліктері.



1

23

12-апта


Тарихи жырлар

1.Жанрлық ерекшеліктері, батырлар жырымен байланысы.

2.Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері.

3.Тарихи жырдың поэтикасы және композициялық құрылымы.



1

24

Діни дастандар

1.Жанрлық ерекшеліктері, тарихи негіздері.

2.Діни дастандардың ислам құндылықтарын насихаттаудағы мәні.


1

25

13-апта


Айтыс

1.Зерттелу тарихы, жанрдың сипаттамасы.

2.Айтыстың мазмұны мен тақырыбына қарай жіктелуі.

3.Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар.



1

26


Ақындар айтысы

1.Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы.

2.Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелердің көтерілуі.

3.Айтыстың тамашалық сипаты, ондағы ақындық шеберлік, тапқырлық.



1

27

14-апта


Балалар фольклоры

1.Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері

2.Балалар фольклорының жанрлық түрлері

3.Поэтикасы мен тәрбиелік мәні



1

28

Фольклор мен әдебиет

1.Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстығы.

2.Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің фольклорға әсері.

3.Әдеби-фольклорлық процестердің түрлі сипатта болатындығы.



1

29

15-апта



Қазақ фольклорының зерттелу тарихы

1.Көне дәуірдегі түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін ауыз әдебиетінің үлгілері.

2.Қазақ фольклоры туралы ғылымның ХҮІІІ ғасырда қалыптаса бастауы.

3.Қазақ фольклоры туралы ХІХ ғасырдағы ғалымдардың пікірлері.



1

30

Қазақ фольклористикасы

1.ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы.

2.Кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасы.

3.Қазіргі қазақ фольклористикасы.



1







Барлығы

30




  1. ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР)

САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ, ЖОСПАРЫ




Апта реті

Сабақтың тақырыбы мен жоспары

Сағат саны

Бақылау түрі

1-модуль. Фольклор және фольклортану ғылымы

1

1-апта


Фольклортану ғылымы, оның тарихы мен теориясы

1.Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік

2.Фольклордың зерттелу тарихы

3.Фольклордың жанрлары



1

Коллоквиум

2

Фольклор мен жазба әдебиет

1.Ауыз әдебиетінің ұжымдық, шығармашылық сипаты

2.Фольклордағы көп нұсқалылық

3.Фольклор мен жазба әдебиет: ерекшелігі, айырмашылығы, ұқсастығы



1

Ғылыми сипатта ізденіс сабағы

3

2-апта


Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі

1.Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер

2.Фольклорды тегіне қарай жіктеу принциптері

3.Жанрлық түрлердің бөліну жолдары



1

Глоссарий

Кесте түзу



4

Рулық қоғамдағы фольклор

1. Рулық қоғамдағы фольклордың тууы мен қалыптасуы

2.Ескі наным-сенімдер мен түсініктер

3.Қазақ фольклорының көне жанрлары



1

Коллоквиум

5

3-апта


Феодализм дәуіріндегі фольклор

1.Феодалдық қоғамдағы фольклор

2.Түркі қағанаты, орта ғасырдағы ауыз әдебиеті үлгілері

3.Қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы



1

Әдеби-теориялық талдау

6

Қазіргі дәуір фольклоры

1.Кеңес дәуірінде пайда болған ауыз әдебиеті үлгілері

2.Репрессия құрбандарының шығарған қасіретті толғаныстары

3.Фашистік Германияға қарсы соғыс кезіндегі фольклор



1

Презента

ция


7

4-апта


Тәуелсіздік кезеңіндегі фольклордың жай-күйі

1.Дәстүрлілік пен даралық. Айтыс, т.б.

2.Қазіргі халық ақындарының шығармашылығы

3.Жыршылық-жыраулық дәстүр.



1

Презента

ция


8

Тұрмыс-салт жырлары

1.Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы

2.Ш.Уәлиханов пен В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі

3.Тұрмыс-салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы



1

Тест түзу


9

5-апта


Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлар

1.Төрт түлік жырлары

2.Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі

3.Төрт түлік мал. Жайындағы ескі наным-сенімдер



1

Мәтіндік талдау

10

Аңшылық, маусымдық салт жырлары

1.Ежелгі дәуірдегі аңшылық кәсіп

2.Бергі замандағы қазақтың аңшылық, саятшылық дәстүрі

3.Маусымдық салт жырлары. Наурыз, тасаттық туралы өлеңдер



1

Мәтіндік талдау

11

6-апта


Наным-сенімдерге (діни ұғымдар) байланысты өлеңдер

1.Сөздің магиялық қасиеті туралы

2.Көп құдайға табынуға қатысты салт-ырымдар

3. қазақ халқының алғыс-қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлар



1

Мәтіндік талдау

12

Отбасы салтына байланысты өлең түрлері

1.Үйленуге байланысты салт жырлары

2.Олардың той өткізу ғұрпымен бір же орындалуы

3.Өлген кісіге байланысты айтылатын өлең-жырлар



1

Мәтіндік талдау

13

7-апта


Лирикалық өлеңдер

1. Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері

2.Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпты болуы

3.Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы



1

Мысалдар келтіру

14

Мақалдар мен мәтелдер

1.Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері, бір-бірінен айырмашылығы

2.Мақал-мәтелдердің тақырыбы, құрылысы

3.Ақын-жыраулардың мақал-мәтелге айналған нақыл сөздері



1

Сайыс сабақ

2-модуль. Халық ауыз әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілері

15

8-апта


Жұмбақтар

1.Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы

2.Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері

3.Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі



1

Сайыс сабақ

16

Шешендік сөздер

1.Шешендік сөздердің қызметі мен қоғамдық мәні, көркемдік сипаты

2.Олардың жиналу, зерттелу тарихы, жанрлық түрлері

3.Қазақтың айтулы шешендері, олардың шешендік сөздері



1

Баяндау

17

9-апта


Ертегілер

1.Халық прозасы туралы түсінік және ертегілер

2.Ертегілердің халықтық сипаты, өзіндік ерекшеліктері: жиналуы мен зерттелуі

3.Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері



1

Коллоквиум

18

Хайуанаттар жайындағы ертегілер

1.Хайуанаттар жайлы ертегілердің шығуы мен дамуы.

2.Сюжеті мен тақырыбына қарай ертегілерді жинау, топтау, талдау

3. Хайуанаттар жайлы ертегілердегі миф пен тотемизмнің көрінісі



1

Сюжеттік талдау

19

10-апта


Қиял-ғажайып ертегілер

1. Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары, жанрлық ерекшеліктері.

2.Сюжеті мен тақырыбына қарай ертегілерді жинау, топтау, талдау

3. Хайуанаттар жайлы ертегілердегі образдар жүйесі



1

Тақырып

тық тұрғыда талдау



20

Батырлық ертегілер

1.Бұл ертегілердің шығу тарихы, жасалу жолы

2.Батырлық ертегілердің сюжеті мен композициясы («Ер төстік», «Керқұла атты Кендебай»)»

3. Батырлық ертегілердің негізгі мотивтері



1

Мәтіндік талдау

21

11-апта

Новеллалық ертегілер

1.Новеллалақ ертегілердің шытырман оқиғалылығы, тақырыбы

2. «Аяз би», «Үш өсиет», т.б. ертегілердің сюжеті мен композициясы

3. Новеллалақ ертегілердің тәрбиелік мәні мен тапқырлығы



1

Сюжеті мен композициясына

талдау


22

Сатиралық ертегілер

1.Сатиралық ертегілерде таптық теңсіздік, тұрмыс-тіршіліктің бейнеленуі

2.Сатиралық ертегілердегі Қожанасыр, Алдаркөсе және Тазша бала бейнелері

3.Сатиралық ертегілердің сюжеттік құрылымы мен тартымдылығы



1

Мәтіндік талдау

23

12-апта


Аңыздық проза

1.Қазақ мифтерінің архаикалық сипаты

2.Аңыз-әңгімелер, олардың тақырыбы мен қаһармандары

3.Әпсана, олардың түрлері



1

Тест түзу

24

Эпостық жырлар

1.Қазақ эпосының жанрлық құрамы

2.Көне эпостың анықтамасы мен негізгі белгілері

3.Батырлық жырлардың идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты



1

Коллоквиум

25

13-апта


«Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр» жырлары

1.«Алпамыс батыр» жырының сюжеттік желісі, идеясы

2.«Қобыланды батыр» жырының мазмұны мен пішіні

3.«Қамбар батыр» жырының көркемдік ерекшелігі, образдар жүйесі



1

Сюжеттік талдау

26

«Ер Көкше-Ер Қосай», «Ер Тарғын» жырлары

1.Жырлардың жиналуы, зерттелуі.

2.«Ер Көкше-Ер Қосай» жырының тақырыптық мазмұны, идеясы

3.«ЕрТарғын» жырындағы тарихи шындық және эпостың құрылысы, тілі.



1

Мәтіндік талдау

27

14-апта


Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры

1.Жырдың идеялық-тақырыптық мазмұны.

2.Әдет-ғұрып, салт-сананың жыр сюжетінен алатын орны

3.Жырдың көркемдік құрылысы.



1

Көркемдік құрылысы

на талдау



28

«Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырлары

1.„Қыз Жібек” жырының идеялық-тақырыптық мазмұны, жырдағы образдар жүйесі.

2.„Айман-Шолпан” жырындағы уақыт, эпикалық кеңістік, жырдың сюжеті мен тақырыбы

3.Жырдың көркемдік ерекшелігі, тілі



1

Презента

ция


29

15-апта


Қазақ дастандары немесе романдық эпостар

1.Шығыс елдерінің өмірінен алынған қазақ дастандары

2.«Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық», т.б. дастандардың сюжет тік желісі

3.Романдық эпостағы ертегілік, мифтік сарындар



1

Эссе

30

Айтыс өнері

1.Зерттелу тарихы, жанрлық сипаттамасы

2.Айтыстың дамыған кезеңі

3.Қазіргі заманғы айтыс



1

Википедия










30







  1. ОСӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ, ЖОСПАРЫ






Апта реті

ОСӨЖ тақырыбы

мен жоспары

Сағат саны

Бақылау түрі

1-модуль. Фольклор және фольклортану ғылымы

1

1-апта
Фольклордағы типологиялық тектестік

4

Реферат

2

2-апта


Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі, тарихи зерттеу принциптері

4

Ғылыми сипатта баяндама

3

3-апта


Ш.Уәлихановтың фольклористика саласына сіңірген еңбектері

4

Эссе

4

4-апта

Тұрмыс – салт жырлары



4

Мысал теру, топтау

5

5-апта


Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер

4

Мысал теру, топтау

6

6-апта


Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар


4

Мысал теру, топтау

7

7-апта

Шешендік сөздер

4

Танымдық талдау

2-модуль. Халық ауыз әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілері

8

8-апта


Ертегілер


4

Мәтіндік талдау

9

9-апта


Ертегіден тыс прозалық жанрлар (аңыздық проза)

4

Реферат

10

10-апта
Көне эпостық және батырлық жырлар

4

Ой-толғау

11

11-апта

«Дотан батыр» жыры




4

Мәтіндік талдау

12

12-апта

Романдық эпостар

4

Мәтіндік талдау

13

13-апта

Тарихи жырлар

4

Эссе

14

14-апта

Діни дастандар

4

Википедия

15

15-апта

Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар

4

Презентация







Барлығы

60







  1. СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ






Тапсырма атауы

Тапсырмаларды өткізу апталары

1-модуль. Фольклор және фольклортану ғылымы

1

Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер. Реферат

1-апта


2

Фольклор жанрларының даму ерекшеліктері. Ой-толғау

2-апта


3

М. Әуезов - фольклортанушы ғалым. Эссе

3-апта


4

Ә.Диваевтың қазақ фольклористикасына сіңірген еңбегі. Реферат

4-апта


5

В.В. Радлов – қазақ фольклорын жинап, зерттеуші ғалым. Баяндама

5-апта


6

Тұрмыс-салт жырлары (зерттелу жайы, жанрына қарай түрлерін анықтау).

6-апта


7

Мақалдар мен мәтелдер (идеялық-тақырыптық мазмұнына қарай топтастырып жинау).

7-апта


2-модуль. Халық ауыз әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілері

8

Шешендік сөздер (авторын анықтау, эстетикалық тәрбиелік мәнін көрсету).

8-апта


9

Ертегілер (қазақ ертегілерін жанрлық түрлеріне қарай топтастыру).

9-апта


10

Бүгінгі күннің ертегісі (ертегі құрастыру).

10-апта


11

Эпостық жырлар (жанрлық құрамы, зерттелуі, жиналуы және нұсқалары).

11-апта


12

Айтыс: кеше және бүгін. Дербес жоба.

12-апта


13

Балалар фольклоры (бөбектерге арналған өлеңдер және балалардың өзі орындайтын өлең –жырларды жинау, топтастыру).

13-апта


14

Қазақ фольклоры түркі халықтарының ауыз әдебиеті құрамында. Реферат.

14-апта


15

Қазақ фольклорының зерттелу тарихы. Ғылыми шолу.

15-апта




  1. ПАЙДАЛАНАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН WEB САЙТТАР ТІЗІМІ


Негізгі әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Ақ жол. – А., 1991

2.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940

3.Гусев В. Е. Эстетика фольклора. – Л., 1967

4.Пропп В. Я. Фольклор и действительность. – М.,1976

5.Әуезов М. Әдебиет тарихы. – А., 1991

6.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956

7.Смирнова М. С. Казахская народная поэзия. – А., 1967

8.Садырбаев С. Фольклор және естетика. – А., 1976

9.Бабалар сөзі 100 томдығы. – А., 2014

10.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті. Шығармалар. 6-т – А., 1964

11.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974

12.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестоматия. - А.,1977

Қосымша әдебиеттер:

13.Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т, 1,2-кітаптар. – А., 1960,1964

14.Қазақ фольклористикасының тарихы. – А., 2009

15.Қазақ фольклорының тарихылығы. – А., 1993

16.Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985

17.Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері. – А., 1976

18.Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985

19. Қасқабасов С. Жаназық (зерттеулер). – А., 2002

20.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. – А.,1987

21.Уахатов Б. Қазақтың халық өлеңдері. – А., 1974

22. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырл. типологиясы. – А., 1983

23. Адамбаев Б. Халық даналығы. – А., 2004

24. Қондыбаев С.А. Қазақ мифологиясына кіріспе. – А., 1999

25. Тарақты А. Күй шежіре. – А., 1992

26. Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. – А., 2007
6. СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

(қорытынды бақылау)
1.Халық ауыз әдебиеті пәнінің мақсаты мен міндеті.

2. Халық ауыз әдебиетінің басқа ғылым салаларымен байланысы.

3. Фольклор және фольклортану ғылымы туралы түсінік

4. Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі.

5. Фольклор мен жазба әдебиет

6. Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі екендігі.

7. Фольклордың көркемдік жүйесі,оның өзгермелілігі.

8. Фольклордың тегі мен жанрына қарай жіктелуі

9. Әлемдік фольклортану ғылымындағы теориялық бағыттар мен мектептер.

10. Фольклордың пайда болуы туралы пікірлер, жанрларының дамуындағы ортақ процестер.

11. Қазақ фольклорының қалыптасу, даму кезеңдері

12. Рулық қоғамдағы фольклор.

13. Феодализм дәуіріндегі фольклор.

14. Қазіргі дәуір фольклоры.

15. Ең көне фольклорлық жырлар, олардың зерттелу тарихы мен классификациясы.

16. Тұрмыс-салт жырларының түрлері, сипаттамасы мен анықтамасы.

17. Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлар

18. Төрт түлік мал жайындағы ескі наным-сенімдер.

19. Аңшылық жырлары

20. Қазақтың аңшылық, саятшылық дәстүрі.

21. Маусымдық салт жырлары.

22. Наурыз туралы өлеңдер.

23. Наным-сенімдерге, діни ұғымдарға байланысты өлеңдер

24. Сөздің магиялық қасиеті туралы ұғым, арбау, жалбарыну өлеңдері.

25. Қазақ халқының алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең-жырлары

26. Отбасы салтына байланысты өлең түрлері

27. Үйленуге байланысты салт жырлары, олардың мазмұны, құрылысы және айтылу мезгілі.

28. Өлген кісіге байланысты айтылатын өлеңдердің салтпен байланысы.

29. Лирикалық өлеңдер, олардың жанрлық ерекшеліктері.

30. Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпта болуы.

31. Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.

32. Мақалдар мен мәтелдер, олардың жанрлық белгілері

33. Мақал-мәтелдердің тақырыптық, логикалық-семантикалы жіктелуі.

34. Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы.

35. Жұмбақтардың жасалу жолдары мен тәсілдері.

36. Жұмбақтардың тақырыбы, ондағы қазақ тұрмысының көрінісі.

37. Шешендік сөздер, қызметі мен қоғамдық мәні.

38. Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы.

39. Шешендік сөздердің жанрлық түрлері, көркемдік сипаты, тәрбиелік маңызы.

40. Халық прозасы туралы түсінік.

41. Ертегілердің жиналуы, зерттелуі, өзіндік ерекшелігі.

42. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.

43. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің пайда болу жолдары.

44. Хайуанаттар ертегілерінде миф пен тотемизмнің көрінісі.

45. Хайуанаттар ертегілерінің сюжеті мен тақырыбына қарай түрлері.

46. Қиял – ғажайып ертегілерінің жанрлық ерекшеліктері.

47. Қиял – ғажайып ертегілеріндегі қиял мен мифтің сабақтастығы.

48. Қиял – ғажайып ертегілеріндегі образдар жүйесі.

49.Діни дастандардың ислам құндылықтарын насихаттаудағы мәні.

50. Айтыстың зерттелу тарихы, жанрдың сипаттамасы.

51.Айтыстың мазмұны мен тақырыбына қарай жіктелуі.

52.Әдет-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар.

53.Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы.

54.Қазіргі кезеңдегі айтыс, онда саяси-әлеуметтік мәселелердің көтерілуі.

55.Айтыстың тамашалық сипаты, ондағы ақындық шеберлік, тапқырлық.

56.Балалар фольклорының өзіндік ерекшеліктері

57.Балалар фольклорының жанрлық түрлері

58. Балалар фольклорының поэтикасы мен тәрбиелік мәні

59.Фольклор мен әдебиеттің бір-бірімен тектес, туыстығы.

60.Фольклордың әдебиетке, әдебиеттің фольклорға әсері.

61.Қазақ фольклорының зерттелу тарихы

62.Көне дәуірдегі түркі жазба ескерткіштерінде кездесетін ауыз әдебиетінің үлгілері.

63.Қазақ фольклоры туралы ғылымның ХҮІІІ ғасырда қалыптаса бастауы.

64.Қазақ фольклоры туралы ХІХ ғасырдағы ғалымдардың пікірлері.

65.Қазақ фольклористикасы

66.ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклористикасы.

67.Кеңес дәуіріндегі қазақ фольклористикасы.

68.Қазіргі қазақ фольклористикасы.

69.Батырлық, новеллалық, сатиралық ертегілер

70.Батырлық ертегілердің тақырыбы, негізгі мотивтері.

71.Новеллалық ертегілердің жанрлық белгілері, тақырыбы, композициялық құрылымы.

72.Сатиралық ертегілердің жанрлық сипаты, ондағы сатира мен юмор.

73.Ертегіден тыс прозалық жанрлар

74.Миф. Мифтің жанрлық, танымдық қызметі.

75.Аңыз-әңгімелер, жанры, қаһармандары.

76.Әпсана, ертегісімек.

77.Эпостық жырлар, қазақ эпосының жанрлық құрамы.

78.Көне эпос, оның сюжеттік құрамы мен тақырыбы.

79.Батырлар жырының жанрлық белгілері.

80.Батырлар жыры, жиналу, жариялану, зерттелу тарихы.

81.Батырлар жырының идеялық нысанасы, тақырыбы, халықтық сипаты.

83.Батырлар жырындағы уақыт, эпикалық кеңістік мәселесі.

84.Лиро-эпостық жырлар, олардың жанрлық сипаты, жиналуы мен зерттелуі.

85.Әдет-ғұрып, салт-сананың лиро-эпос сюжетінен алатын орны.

86.Лиро-эпостық жырларда образ жасау ерекшеліктері.

87.Тарихи жырлар: жанрлық ерекшеліктері, батырлар жырымен байланысы.

88.Тарихи тұлғалар мен жыр кейіпкерлері.

89.Тарихи жырдың поэтикасы және композициялық құрылымы.

90.Діни дастандар: жанрлық ерекшеліктері, тарихи негіздері.
7. СТУДЕНТТІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ
1. Студенттердің білімін бақылау мен бағалау балдық-рейтингілік жүйе бойынша жүзеге асырылады:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың эквивалент саны

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

100

Өте жақсы

А-

3,67

90 – 94

В +

3,33

85 – 89

Жақсы

В

3,0

80 – 84

В -

2,67

75 – 79

С +

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С -

1,67

60 – 64

D +

1,33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

Қанағаттанарлықсыз

2. Ағымдық бақылау оқу үрдісінде студенттің білімін, оның аудиториялық сабақтардағы белсенділігі мен өздік жұмыстарын уақытылы орындауын жүйелі тексеруге бағытталған. Әрі студенттің семестр бойындағы жалпы жұмысын, яғни практикалық сабақтарға қатысуын (семинар), ОСӨЖ жұмыстарын орындауын, ағымдық бақылауларды тапсыруын, шығармашылық белсенділігін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағалау жүргізіледі. Ағымдық бақылау оқытушымен жүргізіледі (лектормен).



3. Оқытушы бір семестр бойы барлық білім алушылар үшін семестр бойы оқылатын пәндерден екі міндетті межелік бақылауды келесі мерзімдерде өткізеді: бірінші межелік бақылауды – 7 (жетінші) аптада және екінші межелік бақылауды – 15 (он бесінші) аптада.

4. Бағалау тәртібі: әрбір межелік бақылау апталығына дейін профессор-оқытушы құрамы білім алушыларды практикалық, лаборатория, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ және т.б. сабақтарында бағалап, орта арифметикалық қосындысын 3, 5, 7, 10, 12, 14 апталарда «Platonus» бағдарламасына енгізіп отырады.

5. Студенттің қорытынды бағасының 25 пайызын ағымдық бақылаудан (практикалық, зертхана, семинар, ОСӨЖ, СӨЖ), 35 пайызын межелік бақылаулардан, қалған 40 пайызын емтихан құрайды.. Межелік бақылауға студент ағымдық бақылаудан кем дегенде 50 балл жинағанда ғана жіберіледі.

Пән бойынша студенттің қорытынды бағасы төмендегі формулада көрсетілген:




Қорытынды баға =

Мұндағы:


АБ1 -

3,5,7 апталардағы ағымдық бақылаулардың орта балы

МБ1-

1-7 апталарда өтілген тақырыптар бойынша алынған бақылаудың (бірінші межелік бақылау) нәтижесі

АБ2 -

10,12,14 апталардағы ағымдық бақылаулардың орта балы

МБ2 -

8-15 апталарда өтілген тақырыптар бойынша алынған бақылаудың (екінші межелік бақылау) нәтижесі

Е -

Емтихан бағасы




  1. Қорытынды бақылаудағы тест және басқа да сұрақтар, тапсырмалар міндетті түрде пән силлабусында келтіріледі.

  2. Компьютерлік тест, ауызша, жазбаша және шығармашылық түрінде болатын межелік немесе қорытынды бақылаудың сұрақтары, тапсырмалары студенттерге алдын-ала беріледі.

  3. Емтиханға келгенде білім алушының өзімен бірге сынақ кітапшасы болуы керек.

  4. Төлемақысын келісім-шарттағы мерзімге сәйкес өтемеген студенттер сессияға жіберілмейді.

10. Факультет деканы келесі жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке межелік және қорытынды бақылауды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат береді.

11. Жеке кесте бойынша тапсыратын студенттер өтінішін анықтамаларымен бірге факультет деканына тапсырады.

12. Қорытынды бақылауда алынған оң бағаны жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

13. Бақылауға келмеген студентке ведомостқа «келмеді» деген белгі қойылады.

14. Қорытынды бақылау нысанында «қанағаттанарлықсыз» баға алған студенттер сол пәнге жазғы немесе келесі семестрде қайта қатысып, ақылы негізде қайта тапсыруға құқылы.

15. Курстан курсқа көшу GРА (Grade Point Average) балын жинаған студент келесі курсқа көшіріледі: 1 курстан 1,5; 2 курстан – 1,7; 3 курстан – 2,00; 4 курстан-2,33.




  1. ЖҰМЫСТАРДЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ






1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Балл %

«Platonus» бағдарламасына ағымдық бақылау балдарын енгізу







*




*













*




*




*





60%

Межелік бақылау



















+



















+

Қорытынды емтихан














































40%

Барлығы














































100%


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет