Ғанидың ғұмыры



Дата01.07.2018
өлшемі12,48 Kb.
#45206
Ғанидың ғұмыры

Ғани Мұратбаев – алмас қылыштай жарқылдап өткен Алаш арыстарының бірі. 18 жасынан бастап қазақ халқын аштықтан арашалауға, сауатсыздықты жоюға білек сыбана кіріскен ел қамқоршысы болды. Ол өзінің қысқа ғұмырын, ақыл-ой парасатын жастардың келешегіне арнады. Көп ұлтты Түркістан республикасының елу мыңдай мүшесі бар жастар ұйымына басшылық етті.


Оны кезінде коммунистік партияның орталық комитеті де «Шығыс жастарының көсемі» деп таныды. Ғани көптеген істердің көш бастаушысы, ұйтқысы болды. Елде мектеп, клуб, балалар үйлері мен интернаттар ашуды қолға алды. Ғани Мұратбаев Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген ұлттардың тарихын, мәдениеті мен этнологиясын, салт-дәстүрін, музыкасын жете білді. Қазақ тілінде тұңғыш рет «Жас алаш», «Жас қайрат» газеттері Ғанидың тікелей талап етуімен ұйымдастырылды, жарық көрді. Ол екі басылымның да тұңғыш редакторы болды. Қазіргі «Жас Алаш» газетінің негізін қалады.
Ғани комсомолдың Бүкілодақтық V съезінде (1922 ж.) орталық комитет мүшелігіне кандидат, VІ съезінде (1924 ж.) Орталық комитет мүшесі, республика кеңестерінің ХІ-ХІІ съездерінде орталық атқару комитетінің мүшесі, Дүниежүзі коммунистік интернационал жастарының ІV конгресінде атқару комитетінің мүшесі болып сайланды. Хорезм Республикасының «Қызыл еңбек» орденімен наград­талды. РСФСР әскери-соғыс флотының құрметті теңізшісі атағына ие болды.
Жиырмасыншы ғасырдың басында дүниеге келіп, қысқа ғұмыр кешсе де Ғани екі дәуірдің куәсі болып, артына өшпестей із тастап үлгірді. Ол қазақтың қараша үйінен қанаттанып шығып, жастардың жалынды ұйымдастырушысы болып танылды. Жалынды жастың жарқын өмірі бүгінгі және ертеңгі жас ұрпаққа әрқашанда үлгі-өнеге. Осы мақсатта аудандық кеңес атқару комитетінің шешімімен 1968 жылы Қазалы қаласында Ғани Мұратбаевтың тарихи-мемориалдық мұражайы ашылды. Алғашында Ғани өміріне байланысты есік ашқан шағын мұражай бірнеше рет жөнделіп, кеңейтіліп, бүгін оның туған топырағының тарихына айналды.
Бұрынғы Түркістан Орталық партия комитетінің төрағасы Нәзір Төреқұлов 1925 жылы 17 сәуірдегі «Правда» газетінде жазған мақаласында «Ғани Орта Азия жастарының өте қымбаттысы, жауынгер жасы еді. Орта Азияда ешбір жастар ұйымының жұмысы оның қатысуынсыз өтпейтін, ол шаршамайтын, шалдықпайтын комсомол еді» деп жазды. Расында да Ғанидың жастарды тәрбиелеу, еліміздің мәдени-ағарту саясатындағы атқарған істері мен айтқан ойлары көрегендік, көсемдік. Оған Ұлттық мұрағат қорларында сақталған құжаттар куә. Сол құжаттармен танысқан әрбір азамат Ғанидың ұйымдастырушылық, іскерлік, даналық, қамқорлық істеріне тәнті болып, оған үлкен құрметпен бас иетіні сөзсіз. Еліміздің тарихында ойып тұрып орын алатын, жаңалықтың жаршысы, жаңа өмірдің белсенді құрылысшысы бола білген біртуар тұлға Ғани Мұратбаевтың есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Қазалылық ақын Жетіскен Мәкенәлі:
Мен Ғанимын

– Шын сөздің ұстасымын,

Әлихан, Міржақыптың тұтасымын.

Мағжан мен Ахметтің бауырымын,

Жалын жүрек жастардың ұстазымын.

Бақытым – Ұлы халқым – ғаламатым,

Қазақ болып әлемге таралатын.

Мен Ғанимын мәңгілік тірі жүрген,



Алашымның арқалап аманатын! – деп жырлаған­дай, мәңгі жас Ғанидың өмірі кейінгіге үлгі-өнеге. Оны зерттеу, жаңа қырынан тану жалғаса бермек.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет