«Фармация тарихы» пәні бойынша



бет1/8
Дата31.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#55051
  1   2   3   4   5   6   7   8



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

044 – 40/15





«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы


«Фармация тарихы»

пәні бойынша

ДӘРІС КЕШЕНІ

Мамандық: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Дәріс кешені «Фармация тарихы» пәнінің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырылып, ОҚМФА Әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітілген.

Хаттама № ___ _______ 20__ ж.

«Фармация тарихы»


  1. Тақырыбы №1-2: Фармация тарихы. Дәрітануды пайда болуы. Халық медицинасы.




  1. Мақсаты: Фармация тарихы ғылым ретінде зерттейтін салаларын, дәрітанудың пайда болу тарихымен, фармацияның жалпы мәдениетпен, философиямен, дуниетанумен, бүкіл әлемдік тарихи оқиғалармен байланысын студенттерге көрсету.




  1. Дәріс тезистері:

Фармация тарихы ғылыми ретінде. Фармация тарихы –көне замандардан бастап ем –домның, дәрі-дәрмектің пайда болуымен осы күнге дейін медициналық дамуын зерттейтін ғылым.

Фармация тарихы екі бөлімнен тұрады: жалпы және жеке дара фармацевтикалық (медициналық) пәндердің тарихы.



Фармацияның міндеттері:

Фармацияның жеке салаларының тарихы бір фармацевтикалық пәннің дамуына байланысты. Фармация тарихы мынадай мәселелерді зерттеуді алдына мақсат етіп қояды:



  • Фармацияның дамуындағы құбылыстардың заңдылығын көрсету.

  • Фармация тарихында дәрігерлік салалардың бір –бірімен жалғастығын айқындау.

  • Фармацевтикалық ілімнің дамуын жалпы қоғам дамумен байланысты екенін көрсету арқылы ой -өрісті кеңейтіп, отанға деген сүйіспеншілікті арттыру.

Фармация тарихы зерттеу, іздену әдісіне үйретеді, емдеу дағдысына бағдарлайды. Ауру түрін анықтау, науқастан сақтану, оның алдын алу, сонымен бірге осы айтылғандардың маңызын түсіне білу фармация тарихын оқып және зерделеу арқылы болады. Фармация тарихының зеттеу көздері. Оларды бірнеше топқа бөледі:

  • Материалдық деректер, археалогиялық қазбаларда табылған заттар мен түрлі деректер (памантропиялық т.б.).

  • Жазбаша деректер.

  • Ескерткіштерге таңба болып салынған белгілер.

  • Этнографиялық деректер.

  • Ауызша (фальклорлық).

  • Лингвистикалық, жазба әдебиеттер.

  • Фото, кино құжаттар, фаноқұжаттар, жиындар, хаттар, маркалар.

Фармация тарихының дамуымен ажырағысыз байланыста. Ал әлем тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінетіні белгілі. Сол кезеңдерге байланысты және әр мемлекеттік әлеуметтік –экономикалық жағдайына сәйкес даму жолдары кепілді түрде келесі нұсқа бойынша зерттеуге болады.
Әлем тарихының дәуірлері.


Тарихи дәуірлер

Кепілді түрде алынған мезгіл

Абсалюттік жас

Алғашқы қауым қоғаманың тарихы.

Шамамен 2 млн. жыл бұрын б.д.д. ХV мыңжылдық

Шамамен 20.000 ғасыр (2 млн. жыл)

Ежелгі заманның тарихы

Б.д.д. ХV мыңжылдық біздің дәуірдің мыңжылдығының ортасы

Шамамен 40 ғасыр (4 мың жыл)

Орта ғасырлар тарихы

476-1640 ж.ж.

Шамамен 12 ғасыр 1200 жыл

XX ғасырдан басталған тарих

1917 жылдан осы уақытқа дейін

  1. жылға жеткен жоқ.



  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

      1. Фармация тарихы ғылым ретінде.

      2. Фармация тарихын оқытуда негізгі бөлімдер.

      3. Фармация тарихын зерттеуде негізгі мақсаттар.

      4. Фармация тарихын зерттеудің негізгі көздері



  1. Тақырыбы №3-4: Фармацияның Ежелгі Шығыс елдерінде дамуы




  1. Мақсаты: Студенттерге Ежелгі Шығыс елдеріндегі медицина мен фармацияның даму кезеңдерін анықтап, емшілердің емдеу әдістерін, тәсілдерін көрсету.




  1. Дәріс тезистері:

Ертеден мәдениеті мен экономикасы өркендеген Шығыс мемлекеттерінде Қытай, Үнді және Мысыр елдері жатады. Бұл елдерде мәдениет және білімтану мен қатар медицина немесе емдеу ісі қарқындап өсті. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде науқасты емдеу екі бағытта дамып отырды:

  1. Халық медицинасы.

  2. Херургиялық емдеу (діни түсініктерге негізделген).

Шығыс мемлекеттерінің даму қарқыны алғашқы қауымдық құрылыстан, құлиеленушілік кезеңге басқа елдерге қарағанда ертерек өтуімен түсіндіріледі. Алғашқы жазу құралдарын (папирустарды, Ежелгі Үндістан шығармаларын, Ежелгі Қытай жазбаларын) зерттегенде әртүрлі емдеу әдістерімен қатар фармацевтикалық білімдердің дамығанын көреміз.

Ежелгі Мысыр (Египет) елінде емдеу ісінің дамуы.

Алғашқы жазба түрлерін оқып танысқанда, медициналық терминдер және дәрілік заттардың атаулары, сипаттамасы, дайындау тәсілдері, қолдану жолдары берілген. Мысалы, қазіргі уақытқа дейін 10-нан асық Ежелгі Мысыр папирустары зерттеліп отыр. Папирустағы көп жазулар медицина тақырыптарына арналған. Оның ішінде ең белгілі папирустың атауы «папирус Эверса» «Барлық мүшелерге арналған дәрі –дәрмек дайындау әдістері».

Ол өте көлемді папирустың жазылу уақыты 1550 жыл (б.э.д) 900-ге жуық рецептер берілген (асқазан –ішек ауруларына, өкпе ауруына, көз, құлақ, тіс, буын науқастарына ).

Ежелгі Мысыр емшілері науқас адамды әр түрлі тәсілдермен емдеген, оның ішінде адам ағзасынан улы заттарды қуып шығу әдісі «босату» деп аталған. Босату әдісімен емдеу адам ағзасынан тер айдау, зор айдау, іс жүргізетін дәрі – дәрмектерді қолданумен қатар, әр түрлі диеталар қолданылған. Алғашқыда қарапйым дәрі-дәрмектер дайындалады: ұнтақтар жағар майлар, баспалар сірнелер. Дәрі-дәрмектердің негізі ретінде әсел, сүт, шарап пайдаланылады. Дәрілердің құрамында табылған көп қоспалардың атауы мен қасиеттері зерттелмейді.

Ежелге Үндістан медицинасы. Едежлгі Үндістан емшілері адам денсаулығы, ағзадағы оттегі, шырыштың (слизь), өттің оптималдық құрамына байланысты деп білген. Осы заттардың біреуінің мөлшері өзгерсе, адам науқасқа шалдығады деген ұғым болған. Ежелгі Үндістанда көбіне дәрілік өсімдіктер, оттың жалынын, кескіш құралдарын пайдаланған. Емшілер науқастардың салмағын, жас мөлшерін, жасына қарай, қызбалығына қарай белгілеп отырған. Ежелгі Үндістан атақты емшілерінің бірі Сушрута өзінен кейін ем кітабын қалдырды, онда 760 тан астам емдік өсімдіктер мен миниралды заттардың сипаттамасы берілген. Кейбір дәрі –дәрмектер осы уақытқа дейін толық зерттеліп болмады.

Ежелгі Қытай медицинасы. Ежелгі Қытай медицинасы дәстүрінің негізін философиялық «бірінші элементтік» оқулар (темір, су, ағаш, от, жер) және екі қарама –қарсы ілім (инь және янь) құрады. Осы айтылған заттардың байланысын өзгерісінен, адам ағзасында белгісіз процестер жүреді деген ұғымда болған, тепе-теңдік болса ден сау болады, тепе –теңдік бұзылса ауруға шалдығады. Ежелгі Қытай емшілеріне тән ерекше тәсілдердің бірі массаж, акупунктура (ине шаншу). Алғашқы қатарда қарама –қарса емдеу әдістері қолданылады: «ыстықты суықпен, суықты ыстықпен». Басқа да Шығыс елденінің тұрғындары сияқты, мұнда да емдік өсімдіктер, миниралды заттар, жануарлардың түрлі мүшелері, әр түрлі құралдар емдік мақсатта пайдаланылады. «Адамның ішкі дүниесі туралы трактат» еңбегінде 900 –ге жуық дәрі –дәрмектердің қасиеттері мен емдеу жолдарының негізгі прициптері көрсетілген. Онда адамның жоғарғы бөліктері (бас, мойын, кеуде) науқастанғанда емдік өсімдіктердің жұмысын немесе жоғарғы бөліктерін қолдану, орта бөлімдері (бел, қол, саусақ) жапырақ, сабақтарын. Терімен бұлшық еттерге -тамырларын, ішкі ауруларға, өсімдік шырынын ұсынып отырған. Ерте заманда жень –шень, лимонник, эфедра, чай, жуа, бұрыш, аконит сияқты өсімдіктер мен олардың жемістерінің қасиеттері белгілі болған. Жануарлардың мүшелері мен органдарынан пілдің терісі, жолбарыстың қаны, бауыры, жүрегі, тырнақтары, тасбақаның тасы кең қолданылады. Миниралдар сары күкірт, темір, сынап, күміс және мырыш қосындыларының емдік қасиеттері медицинада белгілі болған.


  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің мәдениеті және экономикасы.

  2. Ежелгі Мысыр, Қытай, Үндістан елдерінде фармацияның дамуы.

  3. Ежелгі Шығыс елдерінде алғашқы дәрі –дәрмектердің пайда болуы.




  1. Тақырыбы №5-6: Көне дүниедегі фармация




  1. Мақсаты: Студенттерге көне дүниедегі елдерге Ежелгі Греция және Римде медицина және дәрістанудың даму кезеңдерін анықтап, атақты ғалымдар Гиппократ, Гален сияқты еңбектерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Көне дүние мемлекеттері Греция және Ежелгі Рим халықтары жерорта теңізі жағадауларын мекендеген. Тарихи және дәрілік көздері ескерткіштерден, археология мәліметтерінен, этнографиядан алынған. Грек мифологиясының бастамасы Эгей теңізі бассейіні халықтарының мыңжылдық тарихында жатыр. Грек тілдік дәстүрлері б.э.д. II мыңжылдықта өте жоғары дәрежеде гүлдене түсті. Ежелгі Грецияда құдайларды атропимморфины ойларды:

Оларды адам түрінде елестетіп, барлық адамдық қасиеттерді оларға бөлді. Эллада б.э.д. VІІ э.э Асклепия емдеуші құдай ретінде танылды. Ол Трояндық соғыс кезінде дарынды дәрігершілік жасаған Рессали хан мен жанұялық дәрігершілік мектептің басшысы Асклепий болуы мүмкін деген болжамдар айтады. Грек мифологиясында Асклепий –Апполон, күн сәулесі, ән мен поэзия және құдайлар емшісі және емшілері құдайдың баласы. Аңыз бойынша Асклепийді әкесі өлім аузында жатқан анасының құрсағынан Апполон кесіп алған. Оған дәрігершілікті әкесі тәриелеуге тапсырған Кентров Хирон үйреткен. Уақыт өте келе ол өзінің ұстазына өзінің науқастарды емдеп қана қоймай, өлгендерді де тірілте алатын болды. Ол Қос билеушісінің қызына үйленеді, кейін осы қала Ежелгі Грецияның медицина білімінің орталағының бірі болып есептелінеді. Осы жерде асклепидтер тегі дамыды. Қоста туылған Гиппократта өзін оның ұрпағымын деп санаған. Асклепийдің балаларының ішінде: Гигиея –денсаулық құдайы, барлығын емдеуші Панакея –дәрімен емдеудің қолдаушысы, Махаон –атақты әскери хирургі, Подалирий –ішкі ауруларды емдейтін болған. Аналитикалық аңыздарда Асклепийдің атрибуты болып, ежелгі заманда ақылдылық белгісі болып есептелген жылан болған. Асклепийді қолында жылан оралған таяғы бар етіп бейнелесе, Гигияны әдемі әйел ретінде, басында диадемасы, кесемен қоректендіріп тұрған жыланы бар ретінде бейнелеген. Осыдан жылан оралып тұрған кесеше медицина ғылымының негізгі таңбасы болып есептеледі. Ежелгі Грацияның тарихы полистік кезеңі медицина тархында маңызды 2 көрініспен белгіленеді:



    1. б.э.д. VІ ғ. ежелгі грек фолософиясының құрылуы.

    2. Шіркеулік емдеушілердің болуы.

Гиппократ туралы алғашқы биографиялары ол қайтыс болғаннан кейін бірнеше жүзжылдықтар өткен соң жазылды. Б.э.э.д. 300 жуық дейін жазылған барлық медициналық жазбалар «Гиппократ жинағына» біріктірді. Көптеген зерттеушілер бұл жинақтағы «Афоризмдер», «Трогностика», «Эпидемиялар», «Ауа, су, жер туралы», «Сынақтар туралы», «Бас жарақаттары туралы», «Ежелгі медицина туралы» және еңбектер Гиппократтікі деп есептейді.

«Гиппократ жинағында» сонымен бірге тіс және ішек аурулары туралы да жазылған. Оларды емдеу үшін наркотикалық дәрілік заттарды, шөп тұнбаларымен шаю, қайнатпалармен шаю, тырыстырғыш дәрілік заттарды қолдану туралы да жазылған. «Гиппократ жинағы» классикалық кезеңнің медициналық ежелгі грек еңбектерінің энциклопедиясы болып табылады. Онда 250 өсімдік және 50-жануар текті дәрілік заттар көрсетілген. «Гиппократ жинағында» дәрігерлік этикаға қатысты 5 шығарма бар, олар «Акт», «Заң», «Дәрігер туралы» , «Ізгілікті қарым –қатынас туралы» және «Бұйрықтар». Ежелгі Грецияның медицина тарихында алатын орны өте көлемді. Сол кездегі дәрігер беретін Гиппократтың анты қазіргі кездегі медицина саласындағы оқу орнында беріледі. Грецияның сол кездегі атақты дәрігерлері тапқан жаңалықтары қазіргі кезде де медициналық практикада кеңінен қолданылады.

Ежелгі Рим мемлекеттеріндегі дәрітану.

Ежелгі Рим елендегі дәрітанудың дамуы емші, дәрігер, тәнтанушы Клавдия Галенмен (131-201 б.э.д.) байланысты. Ол емдеу тәжірибесінде «ұқсасты ұқсастықпен», «қарама –қарсыны қарама -қарсылықпен», «табиғатқа көмектесу» принциптерін алға қойды. Гален науқастарды емдеуге әсер етуші элементтерді өсімдіктерден, миниралды заттардан бөліп шығару әдістерін қолданды. Гален өзінің еңбектерінде ұнтақтардың, жағар майлардың, пластырлердің, термактердің, бастырмалардың дайындау жолдарын көрсеткен. Римде өзінің дәріханасында осы дәрілерді дайынлаумен айналысқан.




  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Ежелгі Греция және Рим мемлекеттерінің географиялық орналасуы.

  2. Ежелгі Грециядағы дәрітанудың дамуы.

  3. Гиппократ.

  4. Ежелгі Рим медицинасы және емдеу әдістері. Клавдия Гален.



  1. Тақырыбы №7-8: Орта ғасырдағы фармация




  1. Мақсаты: Студенттерге орта ғасырдағы Шығыста және Еуропада фармацияның дамыуна ғалымдардың еңбектерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Орта ғасырдағы фармацияның дамуының ерекше қасиеті, дәрі-дәрмектің құрамында ингредиенттер неғұрлым көп болса, соғұрлым оның әсерлілігі артады. Сөйтіп, дәрі жасаудың технологиялық әдісі күрделілене берді. Дәрілік шикізаттар ерекшеліктеріне қарай ұсату, жаншу, үгіту, қайнату, ашыту алдын ала өңдеуден өткізілді. Енді дәрі жасалатын шикізаттардың қорын бір жерде сақтау керек болды. Мұндай жерді "Аптека" деп атады. "Аптека" грек сөзі, ол "Қойма" деген мағынада. Кейбір дәрі-дәрмектердің құрамында ондаған, жүздеген ингредиенттер енгізілді. Сол уақыттағы өте кең қолданылатын "Териак" қосындысының құрамында 70-ке жуық дәрі болды. "Териак " барлық дертке қарсы қолданылды, оны көпшіліктің алдында дайындап, белгілі бір ережелер бойынша науқасқа беріп отырған.Фармацевтикалық істің өркендеуі феодализм дәуіріндегі сиқырлыққа, астрологияға, алхимияға қатты әсер етті. Ақ және қара сиқырдың тәсілдерін білетін, әрі оған кәнігілер сырқат адамның бойынан жын-шайтанды дұғамен "қуып шығатын" болды. Дәрігерлермен, аптекашылар астрологияның көмегімен жұлдыздарға қарап бал ашты, адамның тағдырын, дәрі-дәрмектердің қайсысын қай кезде қабылдау тиімділігін айтты, қысқасы сәуегейлік құрды. Сол заманның алхимктері бар күш-жігерін "тастар даналығын" элексирді (құпия сұйықтарды) біліуге жұмсады. Міне, осы элексирдің адамды сауықтыратын, қатты жасартатын құдыреті болуы керек еді.Соны іздеу жолында алхимиктер көптеген жасанды жолымен бірнеше химиялық заттар алуды үйренді.Алхимиктер дәрілерді алуда жаңа әдістерді ұсынды: айдау, тұнбалау, қайнату, сүзу. Осы уақыттада су моншасы, су айдайтын куб, химиялық зертханаларда қолданылатын құралдар жасап шығарылды. Бірінші рет араб ғалымдары азот қышқылы, тұз қышқылы, хлор, сынап нитраты, күміс нитраты, спирт (араб сөзі-алкоголь) химиялық реакциялар арқылы алу жолдарын, оны медицинада қолдану жолдарын және дәрі-дәрмек жасау жолдарын үсынды/ Орта ғасырда шығыс елдерінде фармацияның дамуында ең бірінші дәріхананың ашылуы болды. Багдад қаласында 754 жылы, жалпы ғылым дами бастағанда араб медицинасы бүрынғыдан да гөрі күшейе түстіл Египетті, Персияны, Үндістанды басып алған арабтар жеңілген елдерден үйрене отырып, көптеген ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды.Медицина ғылымының тарихында орта азиялық атақты ғалым, дәрігер Ибн-Сина (Авиценна) артына үмытылмас үлкен ғылыми мүра қалдырды.Оның медицина жайындағы трактатында дәріні суреттеуге көп орын берілген Шығыс ғалымы, дәрігер Авиценна (Абу Али ал-Хусеин ибн Абдаллах ибн ал-Хасан Ибн Али ибн Сина,) (980-1037).Авиценна жан-жақты білімді ғалым болған. Оның астрономияда, физика, химия, геология, география, музыка, философия көп жаңалықтар мен ғылыми ашылымдар жасады. Ибн-Сина артына ұмытылмас үлкен ғылыми мүра қалдырды. Оның медицина жайында 5 томдық трактатында "Дәрігерлік ғылым туралы канон" анатомия, физиология, патология, терапия, фармация, гигена сүрақтары айқындалған.Оның алдыңғы екі томында "жай" және "күрделі" дәрі-дәрмектердің сипаттамасы берілген. Бүл еңбектерінде 785 дәрі-дәрмектердің өсімдіктер және жануарлар, минералды заттардан алынған дәрілік нысандардың сиппаттамасы, алу тәсілдері көрсетілген. Орта ғасырларда фармацияның дамуында Италияның оңтүстігінде Неа|Йоль қаласында орналасқан Сал^рена мектебі көп ықпалын тигізді. Мектеп ректоры Николай 1140 жылы Европада ең алғашқы фармакопея "Антидотарий" басып шығарды, онда дәріханада қолданылатын өлшем бірліктері көрсетілді: (грамм, скрупул, драхма, унция).Кейінірек "Солерналық денсаулық кодексі55 жарық көрді, онда әртүрлі гигеналық және санитарлық ережелер көрсетіліп, қазіргі уақытқа дейін қолдау табуда. 1224 жылы Үлы Рим империясын императоры Фридрих II бекіткен,фармацевттер мен дәрігерлердің міндеттері мен құқықтары туралырет шықты.

Орта ғасырда ғылым дүниесіне келген әрбір адам даму кезеңін бейнелеп отырады. Бұл салада швед ғалымы Парацельстің (1493-1541) еңбегі жемісті болды. Ол медицина мен химия саласында емдеу химиясының жаңа түрі — Унатрохимияның негізін салып, ғылымға жаңа өріс ашты. Парацельстің айтуынша адам организмі белгілі бір қатынаста бір-бірімен үйлескен химиялық заттар жиынтығы. Егер осы қатынас бүзылатын болса, адам дереу ауырады екен. Өмір тепе-теңдігін сақтау үшін организмге сол жетіспейтін химиялық заттарды егу керек. Парацельс көптеген металдық, сынап қоспаларының аса зор емдік қуатын анықтады. Сөйтіп ол аналитикалық химияның негізін салды. Соның ішінде ғылымның фитохимия-өсімдіктер химиясы дейтін жаңа саласы дами бастады.

Орта ғасырда Қазақ жерінде медицинаның дамуы.

ІX ғасырдан XІІІ ғасырға дейін Византия және Парсы саяхатшыларына Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын мекендеген түркі тілдес тайпалардың мал шаруашылығымен айналысқанын жазған. Ал, оңтүстіктің халқы көбінесе диқанлылықты машық еткен, сондықтан отырықлышық белең ала бастаған. Ежелгі қалалар орынтадырда Тараз. Құлан, Ақтам, Ағатаяқ жүзімнен шарап жасау шеберханасы табылған. Сондай –ақ су жүргізетін каналдар –Ақыр Таста бұлақтардан су алатын 3 су құбыры табылған. Су жүргізілетін жүйесі қыштан жасалған құбырлар арқылы қалаларды жаза сумен қамтамасыз еткен. Қалалар өімірнде моншаның маңызы өте зор болған, олар Тазар, Яссы және т.б. жерлерде қазба жұмыстарын жүргізгенде табылған.

Татар –Монғол шапқыншылығына дейінгі орта ғасырлар кезеңінде феодалдық қатынастар тамырланып, сауда, қол -өнер өрістейді және медицинаның дамуының негізі қаланады. Қазақ халқы ежелден –ақ түрлі ауру –сырқауға шипа табудың жолын білген. Мысалы, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметіне қуат беру үшін қызылша деген шөп, ұлшабар –ішек ауруларынан сақтандыратын, қымыздық, өкпе қабынғанда ішінен және қақырықты түсіретін қарааңдыз, тағы басқа өсімдіктерді пайдаланған. Медицина тарихында орта ғасырларда Шығыс және Орта Азия елдерінің ғалымдары бұрынғы дәуірден жиналған ғылыми жетістіктерді сақтап қалу, толықтыру, жетілдірумен қатар фармацияда және фармакопеяда, сондай-ақ жоғары дәрежеде ұйымдастырылған ауруханалар, емшілік көмекші бұқараға бірдей көрсету: оташылдықты арнайы медицина саласында бөліп шығару оны қалыптастыру жұмыстарын онықтырған.

Аса бір көңіл аударатын мәселе ғылымның дамуына жол ашып, кейін Батыс Еуропада ғылым жетістіктеріне жетуге: оны жылдамдатуға әрес еткен. әрине қазақтардың халық медицинасы көп жағынан Орта Азия халықтарының медицинасына ұқсас, яғни әр түрлі кезеңдерде Қазақстардың және көрші елдерді мекендеген халықтардың мәдениеті мен дүниетану білімі өзара байланысты, бір-біріне қатысты дамыған.





  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

      1. Орта ғасрдағы фармация мен дәрітанудың ерекшеліктері.

      2. Атақты ғалым, дәрігер Авиценна

      3. Швед ғалымы Парацельстің еңбектері.

      4. Орта ғасрдағы Қазақстан жерінде медицинаның дамуы.



  1. Тақырыбы №9-10: XVIII-XIX ғ.ғ. аралығындағы фармация




  1. Мақсаты: Студенттерге XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басынеда фармацияның даму ерекшеліктерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Адамзаттардың даму тарихында жаңа дәуір немесе «Жаңа тарих» кепілді түрде 17 ғасырдың екінші жартысынан 1918 жылға дейін деп саналады. Себебі осы уақыт аралығында капиталистік өарым –қатынас қалыптасып дамыған. 1640 жылы Англияда буржуазиялық төңкеріс болған. Бұл оқиғы бүкіл Батыс Еуропада феодалдық қоғамның ыдырауының бастамасы болған. Еуропада XVI- XVII ғасырда феодалдық қоғамда бірнеше ревелюциялық өзгерістердің нәтижесінде капиталистік қарым –қатынас пайда бола бастады.

  1. 1756 ж. Ломоносов М.В. (1711-1765) орыс ғалымы. Заттар массасының химиялық реакцияларда сақталу заңын ашты.

  2. 1859 ж. Чарльз Дарвин (1809-1882) ағылшын биологы, Петербург ғылым академиясынның шетелдік корреспондент –мүшесі (1867) Эвалюциялық ілім.(Өмірүшін арпалысуда іріктелген тұқымды сақтау немесе табиғи сұрыптау жолында түрлі тұқымның пайда болуы).

  3. 1863. Сеченов Иван Михайлович (1829-1905) орыс физиологі және психологі. «Бас миының рефлекстері», «Психологиялық негіздерді енгізу».

  4. 1869 Менделеев Дмийтрий Иванович (1834-1907) орыс химигі. Химия элементтерінің мезгілдік заңын ашқан және элементтердің мезгілдік жүйесін жасаған.

  5. 1839 ж. Шван, Теодар (1810-1882) неміс зоологі және физиологі. өсімдіктердің және жануарлардың жасушалалық құрамы туралы ілімді негіздеген.

  6. 1895 Рентген Вильгеном Конрад (1845-1923) неміс физигі. Сәулеленуді ашқан, кейін оның атымен Рентген сәулесі делінген.

  7. 1898 ж. Склодовская –Кюри, Мария (1867-1934) пляк физигі. Пьер Кюри (1859-1906) француз физигі нобель сылығының лауреаты (1903).

  8. 1866 жылы Тольский Никонай Алексеевич Мәскеуде алғаш рет балалар клиникасын ашты.

XIX ғасырдың 60 жылдары Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. Бұл кезде 1861 жылғы буржуазиялық реформа және соған байланысты Ресейде капитализмнің одан әрі дамыған тұсы болды. 1867-1868 жылдары реформаларға сейкес Қазақстанның бүкіл тарихында тұңғыш рет халыққа қызмет көрсету үшін ояз дәрігерлерінің ояз фельшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілді. Бұл реформа денсаулық сақтау саласында айтарлықтай елеулі құблыс болды. Ояздық дәрігерлер, ояз фельшерлері мен әйелдер босандыратын мамандар қызметі енгізілуі Қазақстанда азаматтық медицинаның негізі қаланғанын көрсетеді. Қазақстанда медицинаның дамуының келесі кезеңі Ресейде Земстволық медицинаның қалыптасуымен байланысты. XIX ғ. екінші жартысынан бастап Қазақстан аймағында земстволық медицинамен бірге, қоныс аударылғандарға көмек көрсететін тағы бір ұйым қалыптаса бастады. Бұл 1861-1863 жылдары орыс деревнясының күйрей бастауына байланысты болды. XIX ғасырдың 70 жылдары Қазақстанға орыс шаруалары ауып келіп, қоныстана бастады. Ал 1906 жылғы столыпиндық жер реформасына байланысты қоныс аударулар саны қауырт өсіп кетті. Қазқстанда қоныс аударғандарға арналған медицина ұйымының пайда болуы 1902-1905 жылдары. 1902 жылы фельдшерлік пунктер, ал 1905 тжылы дәрігерлік және дәрігерлік азық түлік пунктері құрыла бастады. Қазастанда медицналық қызметтің негізгі жүйесі көшпелі болған, ал емдеу қызметі амбулаторлық негізінде жүргізілген.



XIX ғасырдың ортасынан бастап Еуропада, оның ішінде біздің жерімізбен іргелес Ресейде биология мен медицина ғылымы домын аурулардың көп тараған түр –түрлеріне анықтала бастады. Осыған байланысты сол кезеңдерде әрісесе, XX ғасырдың басында медицинада қазақ тілінде аударма кітапшалар басылып шыққан. Осы мәліметтерге арқа сүйене отырып қазақ жерінде көп тараған аурулардың түрлерін және емдеу жолдарының қандай болғанын білуге болады.


  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

    1. XVIII- XIX ғасырларда фармацияның дамуы.

    2. Химия және фармация салаларында жарқын жаңалықтар ашқан ғалымдар мен фармацевтер.

    3. XVII, XVIII, XIX ғасырларда Қазақстан тарихы мен медициналық көмек.




  1. Тақырыбы №11-12: Фармацияның Ресейде I Петрдің кезеңдеріндегі дамуы.




  1. Мақсаты: Студенттер Ресей елінде медицина мен фармацияның дамуында негізгі кезеңдермен, зерттеулер, осы саладағы ғалымдар еңбектерімен таныстыру.




  1. Дәріс тезистері:

Ресейде дәрітанудың даму тарихы басқа халықтар сияқты алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінен өткен. Оның нәтижесінің айқын көрінісі ретінде халық медицинасының үлкен эмпирикалық мәні. Ресей елінің әр жеріндегі дәрілік заттардың атауы қызықты: "пособъ" "ворожба" "зелье" "снадоба" "сподоба" "вещетинъе" "леко".Медициналық білімнің жиналуы мен ұлғаюы есебінен дәрігерлік көмекті көрсетуге маманданған адамдар дағдылана бастады. Оларды знахарлар, ведундар, кудесниктер, волхвалар деп атады. Ресейде христиан дінінің орнығуы нәтижесінде (X XI ғ.ғ) шіркеулік — діндарлық дәрітануға алып келіп, медициналық білімдердің шіркеулерде пайда болуына себепші болды. Шіркеулік ауруханалар, оның қүрамында "лечцылар" ұйымдастырылды. Діндарлар көптеген емдік жазбалардың жазушысы болды. Ол жазбалар халық арасында тарап отырды. Татар — монғол шапқыншылығы кезінде аман қалған шіркеулер госпитальды база ретінде халыққа амбулаторлы және ауруханалық көмек көрсетіп, ал кейіннен чума (оба) ауырған адамдарды емдеуге пайдаланды. XV ғ. Соңында феодалды Москва мемлекеті құрылды, оған тән қасиет медициналық мамандарының лекарълерге, дохтурларға, зелейниктерге, травниктерге бөлінуі болды. Бұл мамандардың үлкен тәжірбиелерге сүйене отырып, вертоградтар, травниктер, лечебниктер өздерінен кейін құнды қолжазбалар қалдырды. XVI ғ соңында Аптекалық палата құрылып (мемлекеттік жоғары медициналық басқару органы), XVII ғ.ғ "Аптекарский приказ" деп өзгертілді. Аптекарский приказдың қызметкерлерінің арасында шетел мамандарының көптігіне қарамай, оның бастығы ретінде әрқашан орыс боярларының білімдері жоғарылау өкілдері (Шерметъев, Милославский, Матвеев т. б) түрды. Аптекарский приказдың қызметтері:

  • соғыс және тыныштық жағдайда армияны медициналық көмекпен
    қамтамасыз ету

  • мемлекетті эпидемиядан қорғау.

  • дәрігерлер мен аптекарларды қадағалау.

  • дәрігерлікке және аптекарлыққа оқыту және оларды емтиханнан өткізу.

  • дәрілік шөптер жинау, сатып алу, дайындау және сақтау.

  • әсел, сыра, шарап, спирт дайындау және сату.

  • дәрілік және суд медициналық экспертизаны өткізу.

  • медициналық және фармацевтикалық әдебиеттерді аудару және сақтау

  • патша жанүясының медициналық және дәріханалық қызметін қадағалау.

1581 ж Кремльде алғаш рет патшаны және жанүясына қызмет ететін дәріхана ашылды. Патшаға дәрілік препараттар босату қатаң түрде қадағаланды , оған алынған дәрілер арнайы бөлмеде сақталды. Патшаға жазылған рецептер көрсетілген препараттар туралы және адам организміне қандай әсер көрсететіндігі туралы толық мәліметтер жазылған анықтама бойынша Аптекарский приказға түсетін болған.

1672 ж алғаш рет халыққа арналған дәріхана ашылып, онда дәрілік
препараттар (қүралдар) "нұсқаулық кітап" бойынша босатылды. Дәріхана
штатында дәріханашылардан бөлек дәрігерлер, алхимиктер, дистилляторшылар, емшілік және дәріханалық (оқушылар болған) мамандықты меңгерген оқушылар болды. Дәрілік түрлер өзінің сан алуандығымен ерекшелінген олар "питие", "порохи", "мазуни", "пластыри", "леваши", т.б. Салмақтық принципі әр дайым нақты орындалып отырмаған өлшеу жұмыстары күшті әсер ететін заттар үшін белгілеген кезде міндетті болады. Дәріхана затының қандай мөлшерде көрсетілуі аурудың жасына және физикалық мықтылығына байланысты болады.

Көптеген препараттар аш қарынға сирек тамақтан соң белгіленген. Күндізгі доза 2 немесе 3 қабылдауға бөлінді: "таң", "түс", "кеш". 40 күн және 2 айға да созылған белгілеулер де болады. Сонымен қатар препараттың дозасының күнделікті өсуі соңынан соңғы дозаға дейін төмендетілуі іс- жүзінде қолданылған.

XVII ғ соңында Мәскеуде және 2 дәріхана (ашылды) біреуі Кикталық есіктер жанындағы соғыстағы мүгедектер үшін арналған госпитальде, 2-сі патша дәріханасының филиалы ретінде Измайловада ашылды. Осы сәттерде Ресей елінің басқа да қалаларында атап айтқанда Волга мен Казанда мемлекеттік дәріханалар ашу ұсыныстары іске ашқан жоқ. Ресей соның ішінде Мәскеуде бірнеше істеп тұрған дәріханаларға қарамай дәрілік заттардың дәріханалық емес саудасы өрки берді.

1701 ж Петр I 1-ші 8 дәріхананың ашылуы түр және де дәрі — дәрмектердің басқа да жерлерде сатылуына шек қоятын жарлық шығарды.

Осылайша Ресейде дәріханалық манаполия орнады. Сондағы:



  • дәрі - дәрмектерді өндіру және сату тек қана дәріхана жүргізуге рұқсат етті.

  • ешкім (белгіленген осы 1 жерде) (районда) басқа дәріхана ашуға қүқығы жоқ
    еді.

  • дәріханалар "податегі" төлеуден босатылатын еді.

  • дәріхана ашатындарға бос бөлме және алғаш 3 жылға төлем ақы берілетін
    болған.

Дәріханалар мемлекеттік белгіні вывескасында және буып түю құралдарында пайдаланды.

- дәріханашылар ардақты (почетное) азаматтыққа ие болуға қүқылы еді.


Дәріхана ашуға бел буған адамдар патша атына елшілік бұйрыққа (посоль пр)
өтініш беретін болған. Оң шешім қабылдаған кезде оларға жалов грамота
беріліп, дәріхана ашу үшін жер бөлінген, дәріхана препараттарды дайындау
үшін спиртті шет елден және портты қалалардан (Архангельск және Азове)
алу құқығы берілді. Дәріханалардың "Аптекарский приказға емес " елшілік
приказға бағынуының себебі Петр I дәріхана іскерлікке шет ел мамандарының
араласуын алдын ала көздеген еді.

Петр I патша дәріханада қызмет көрсететін медициналық дәрігері Данил Гурчинға жұмысты тастап жекеменшік дәріхана ашуы түр ұсыныс жасады. Гурчин Ресейде 1-ші жеке дәріхана ашумен қатар алғаш рет дәріханалық ыдыстарды өндіретін зауыт ашқан болатын Гурчинмен бір уақытта жеке дәріхана ашуға сұраныс жасаған адам. Аптекарский приказдың дәріханашысы Грегориус болды. Дәл соған алғашқы болып жеке дәріхана ашу үшін мақтау қағазы берілді, ал дәріхананың өзі 1702 ж ашылды. Ол Петр I шығарған жарлықтың дәріхана монополия құру , тұрғызу ойдың иесі болған. Петербургте алғаш дәріхана 1704 ж, Нижний Новгородте 1780 ж, Пермде 1786 ж ашылған.



Ресейде дәріхана монополия XVIII ғ. Прогрессивті көрініске ие болып, дәріхана іскерліктің дамуында үлкен роль ойнады. Бұл процесстің соншалықты қиын болуының 1-ден 1 мысалы ретінде: алғаш 8 дәріхананың ашылуына 12 жыл кеткені болатын. Жеке дәріханадан басқа мемлекеттік және казенный 3 түрлі болған басты, полевые, госпитальды 1706 ж Петр I жарлығы бойынша "Басты дәріхана" енгізілді. Басты дәріханалар дәрі-дәрмекмен халықты, полевой және госпитальді дәріханаларды қамтамасыз етеді.Полевой дәріханалар жауангерлерге қызмет етеді. Петр I Аптекарский приказды басты дәріхананың дәріханалық концеляриясына, ол 1721 ж медициналық коллегия атына ие болып,соңынан медициналық концелярия деп аталып дәріханадан дәрілерінің босататына бақылау жасаиды.Дәріханалық істерді жөнге келтіру үшін 1789 ж Ресейде алғаш дәріханалық устав қабылдады. Ол 1917 ж дейін дәріхананың негізгі заңы (законодательство)болды. Уставтық 23 бөлімінде дәріхана сол уақыттағы дәріханалардың іс-әрекеттерінің ережелері: аптекардық мамандық меңгеруі, моральдық қасиеттері, рецепт қабылдап, дәрі-дәрмектердің құрамына, сыйымдылығына, сақтау ережелеріне, санитарлық және жабдықтарды тазалықта ұстау, біркелкі белгіленген бағаларды қолдану тәртіптері көрсетілген.

XVII ғасырда орыстың рухани қайраткерлері Даниия Гурчин және Афанасии Холмогорский тәжірибеде медицинамен айналысып, ең алғашқы фармакопея жинағын шығарды. Бүл фармакопея қолжазбы ретінде шықса, 1765 ж Санкт-Петербург қаласында 1-ші Мемлекеттік ресми фармакопея латын тілінде жарық көрді. Бұл фармакопея негізінде өсімдік шектес дәрілер, олардың дайындау технологиясы, тазалау әдістері, сапасын тексеру жолдары көрсетілген.

XVII ғасырдың соңында I Петрдің реформаларының нәтіжесінде мемлекеттің қолдауымен, дәріханалар көпсалалы мекеме болып, жақсы жабдықталып, финанстық және материалдық жағдайы түзеліп, жоғары пайдалы медициналық мекемеге айналады.


  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

    1. Ресейде медицина мен фармацияның эмпириялық даму кезеңі. Емдеу әдістері, дәрі-дәрмек атаулары.

    2. Москва мемлекетінде «Аптекарский приказдың» ашылуы, негізгі міндеттері.

    3. Ресейде алғашқы дәріханалардың ашылуы.

    4. Ресейде I Петрдің реформалары.




  1. Тақырыбы №13-14: Ресейдегі және Қазақстандағы дәріханалық іс.




  1. Мақсаты: Студенттерге XІX –XX ғғ. Арасындағы Ресейде және Қазақстанда дәріханалық істің даму жолдарымен таныстыру. Кеңес одағы территориясында дәрі-дәрмектік көмектің өркендеуін көрсету.




  1. Дәріс тезистері:

Төңкеріске дейін дәріханалардың саны Ресей жерінде жеткіліксіз еді. Негізінен олар қала орталықтарында болды. Сондықтан село түрғындарына дәрі-дәрмек жетікіліксіз болды. Мұны мына мәліметтер толық айғақтай түседі. 1913 жылы Ресей территориясында 4900 дәріхана болды, ал қалаларда бір дәріханаға 10800 тұрғыннан келді. Орта Азияда бір дәріхана 436400 тұрғынға қызмет етті. Ал Қазақстанда 20 дәріхана, Тәжікстанда 15, Арменияда 7, Қырғыстанда 3 болса, Түркіместан территориясында бірде-бір дәріхана болған жоқ.

Ресей жеріндегі 200 дәріхана негізінен төңкеріс қарсаңында жергілікті уездік басшылықтың қолында болды. Олардың саны көп болғанымен нашар жабдықталған еді. Соған байланысты тұрғындар дәріханамен өздері тұрған жерде қамтамасыз етілмеді.

Жеке дәріханалар үлкен болмады. Олар жылына орта есеппен 500-ден 10-мың дәріге дейін шығарып тұрды. Ал Ресейдегі барлық дәріханалар жылына 32 миллион дәрі шығарды. Дәріхананың жалпы құрылымына басты назар аударылмады. Тек алғашқы бөлмелер ғана сатып алушылардың талабына сай жабдықталды. Қалған қызмет етуші орындар тар, әрі санитарлық жағынан сәйкес емес жерлерде орналасты.

Дәріхана иеленушілер қызметкерлерінің жалпы жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғыза алмады. Дәріханалардағы қызметкерлер тікесінен тік тұрып күніне 12-14 сағат жүмыс істеді.

Еңбек етудің ауырлығы және тұрмыстың төмендегі дәріхана шаруашылығы адамдары мен фармацевт қызметкерлерінің арасында дау туғызып отырды. Фармацевт қызметкеркерлерінің көтерліс толқыны 1905-1907 жылдары Петербург, Мәскеу, Киев, Харьков, Одесса қалаларын шарпыды. Бірақ бұл сала жеке адамдардың қолында болғандықтан түбірлі өзгерістер болмады және күрделі нәтиже ауызға алуға болмайтын еді. 1914 жылы Ресей жеріндегі дәріханаларда 10932 фармацевт және 4590 дәріхана шәкірттері жүмыс істеді.



ХІХ ғасырдың ортасында синтетикалық химия өндірісі өрлеп дами бастады. Батыс Европа және Ресей жерінде дәрі-дәрмек және әр түрлі химия салалары көрініс тапты. Химия фармацевтикалық өндіріс қысқа уақыт ішінде өрлеп, халыққа пайдасын тигізе бастады. Ал Ресейде бұл кезеңде аталған сала баяу дамыды. Дәрі-дәрмектің үштен екісі алколойдтен алынды, 100% Ресейге шетелден әкелінді. Ресейден шикізат алған Германия мемлекетті дәрілерді өндеп оған қайта жіберіп тұрды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған уақытта патша үкіметі армрианы дәрі-дәрмектермен жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмады. Ел дәрі-дәрмекке мұқтаждықты басынан өткізді. Фармацевтика өндірісі Германиямен тығыз байланысты болғандықтан қиыншылықтарды басынан өткерді. Сондықтан тыл мен соғыс кезеңіндегі жағдай дәрінің жоқтығыннан ауыр жағдайды басынан кешіреді

Фармацевтердің бүкіл Ресейлік 1 съезі 1917 жылдың 25-28 тамызында Петроград қаласында болып өтті. Оған қатысушылар Ресейдегі жеке иеліктердегі дәріханалардың өз міндеттерін атқара алмай отырғаны, халық денсаулығының әлі де жэқсармай жатқаны туралы атап өтті.

XIXғасырдың 90-жылының бас кезінде 2 385 362 жаны бар, бүкіл Қазақстан территориясында 33 дәрігер, 69 фелъдшер, 27 кіндік шеше және 3 фармацевт болды.

XVIII ғасырдан бастап патшалық Ресей Орта Азияға экономика жағынан да, саясат жағынан да белсене ықпал жасай бастады.

Мұның өзі Англиямен айтарлықтай бақталастық жағдайында басталып кетті. Өйткені, Англия XVIII ғасырда Үндістанды басып алып, енді өзінің келешектегі отары ретінде Орта Азияға сөз сала бастап еді.

Ресейге бірінші болып 1731 жылы Кіші жүз қосылды, 1740 жылы Орта жүз қосылды, ал Ұлы жүз Ресей қүрамына кейінірек, 1846 жылы қосылды.

Қазақстанның Ресейге қосылуы экономикалық маңызды факторлармен байланысты болды. Мұның қазақ халқының тағдыры үшін прогрессивтік мәні болды да, оның тарихындағы өзгерісті кезең болып шықты.

Патша үкіметінің помещиктер мен капиталистердің реакицялық отаршылық саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге қосылуын оның өндіргіш күштерін өркендетуге себепші болып экономикада прогрессивтік алға басуға әкеп жеткізді

Ресейге қосылғанға дейін ауырып сырқаған адамдарды мүлдем сауатсыз, барып тұрған надан, тек өз қамын ғана ойлайтын бақсы –балгерлер "емдеп" келді. Бұлар бұл кәсіпті өз бетінше үйренген практик адамдар еді, кейбіреулері өздерінің ата-аналарынан үйреніп дағды алып кеткендер болатын.

Кейбір тәуіп тек сынық салып, ірінді жараның аузын алып, шиқан, сыздауықты, дүңқиген ждерді жарып, кішігірім хирургиялық операциялар жасап жүрді, қан алды, тіс жүлды. Осылардың біразы ауру адамды қайғылы халге кезіктіретін.

(Хуырған адамды бақсымен қосыла емдеуге діни-сиқырлық тәсілдерді қолданып молдалар да араласқан. олар ауруды адам ағзасына "жын" етіп жіберген алланың қаһары деп, Мекке-Мединеден әкеліген қасиетті тастармен, дұғалық, бойтұмар тағып жалбарыну жолдарымен емдеді.

Ем үшін көбінесе молданың бір жапырақ қағазға немесе кесе, тарелкенің ішкі жағына жазып беретін дұғасы пайдаланылды. Аурудан айығу үшін науқас адам сол дүғалықты суға шайып ішуге тиісті болды. Емдеудің бұл түрі "езіп ішу" деп аталды.

Бақсы, молдлар "емдеу" тәсілдерінің әр алуан түріне қарай бейімделіп алуға тырысты. Бүлардың ішінде ауруды қуып жіберуші, яғни 'Хайтармашы" ауырған жерге дем салатын, яғни «ұшықтаушы», "тұмаршы", көз тиюден сақтайтын бал ашушы, басқа және кіндік шешелер болды.

Сондай-ақ "емдеу" ісімен шаштаразылар да шұғалданды. Олар шашты алысымен массаж жасайтын, тіс жүлатын, сиырдың мүйізімен қан алатын, сүлік салатын және бала сүндеттейтін.

Молда тәуіп, ишан, бақсылардың пайдакүнем адамдар екенін халық білмей қалған жоқ. Халық арасында: "молданың өзі тойса да, көзі тоймайды", '"молдаға сенем деп есегімнен айырдым деген сияқты мәтелдер де айтылып жүрді". Сөйтсе де, халық дәрілердің жоқтығынан надан тәуіптердің айтқанын істеуге мәжбүр болып келді.

XIX ғасырдың 50-ші жылына дейін бүкіл Қазақстан территориясында еркін сауда жасайтын бір де — бір дәріхана болмады. Осы уақытта — дәріхана санының жеткіліксіздігінен халықты дәрімен қамтамасыз ету ісінің өте қанағаттанғысыз кезінде — орталық Ресейде жеке меншік дәріханалар болғанын айтпай кетуге болмайды. Мұндай дәріханалар саны 1828 жылы - 423, 1838 жылы - 572, 1984 жылы - 689, 1864 жылы 962 болған.

Халықтың ақшасына дәрі сататын тұңғыш дәріхана Орал қаласында 1842 жылы ашылды. Қазақсатндағы осы жалғыз дәріхана көп жылға дейін істеп келді.

ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан қалаларының бәрінде дерлік жеке меншік дәріханалар болды. Бірақ дәрі сату бүрынғысынша мандымай қала берді. Мысалы, 1910 жылы Верный қаласында жылына бір адамға 0,7 рецептен, Семей қаласында - 0,36-дан ал Лепсі қаласында 0,08 рецептен келді.

Ресей Қазан төңкерісінің жеңіп шығуы елімізде халыққа дәрілік көмек көрсету ісіне түбірлі өзгерістен енгізді, Кеңес мемлекеті өмір сүре бастаған алғашқы күндерден бастап, кезек күттірмейтін басқа міндеттермен қатар, еңбекшілер бүқарасының денсаулығын сақтау мәселесі де шешілді.

Елімізде медициналық және санитарлық істерді біріктіру мақсатымен РСФСР-дің Денсаулық сақтау Халық Комиссариатын қүру жөніндегі декретке В.И. Ленин 1918 жылы 1 шілдеде қол қойды. Сөйтіп бүл дата — кеңес медицинасының мелмекеттік бірыңғай үйым болып қалыптасуының тарихи датасы болып табылады.

Денсаулық сақтау Халық Комиссариатына еліміздегі барлық медициналық - санитарлық мекемелерге басшылық ету, барлық медицина мекемелерін біріктіріп, олардың жүмысын бақылап отыру тапсырлды. Жас Кеңес мемлекеті азамат соғысы, блокадалар мен соғыс интервенциясына кезіккен ауыр сын дәуірінде жаңа ғана аяқтана бастаған Кеңес денсаулық сақтау мекемесі алдына бәрінен бұрын негізгі екі міндеті азамат соғысының барлық майдандарында Қызыл Армияға медициналық көмек көрсету мен эпидемияға қарсы күресу міндеті қойылды.

Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет құру туралы РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің декретіне 1919 жылы 10 шілде В.И. Ленин қол қойды.

1919 жылғы 12 қыркүйекте Революциялық Комитет денсаулық сақтау бөлімін (кирздротдел) құрды, оның міндетій өлкенің халқына медициналық қызмет көрсету ісін ұйымдастыру болды.

Қазақстанда дәріханаларды национализациялау, Орал қаласын қоспағанда, Қырғыз Денсаулық сақтау бөлімі қүрылған соң, 1919 жылдың аяғында басталып, жылдан аса уақытқа созылды.

Қазақстанда дәріханаларды национализациялау ісі декрет шыққанан кейін 1,5-2 жыл өткізіп барып жүргізілуіне байланысты, дәріхана иелері медикаменттердің негізгі қорын құртып, мүліктерін талан-таражға салып үлгерді. Сөйтіп денсаулық сақтау белімі жанынан ұйымдасқан фармацевтика бөлімшесіне өз жұмысын осындай қиын жағдайда бастауға тура келді. Емдеу мекемелерімен халықты қамтамасыз ету үшін ең алдымен медикаменттің шағын қорын жасап алу қажет болды.

Еліміздегі дәріхана ісіне басшылық жасау үшін РСФСР Денсаулық сақтау Халық Комиссариаты жанынан 1918 жылы фармацевтика бөлімі қүрылды. Осындай бөлімдер жер-жерде түгел қүрылуы қажет болды. Алайда Қазақсатнда 1921 жылдың ортасында дейін фармацевтика ісіне басшылық жасайтын ұйым болмай келді. Халыққа дәрі көмегін ұйымдастыру, медикаментпен жабдықтау мәселелері әр губернияда әр түрлі шешіліп жатты.

Кеңес медицинасының бүқаралық сипатына сүйене отырып, құрылтай медициналық тегін көмекпен бірінші кезекте мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысшылары қамтамасыз етілетін болсын деп шешті. Сол сияқты медициналық тегін көмек село халқына да кәрсетілген болды.

Осы құрылтайда фармацевтика бөлімінің меңгерушісі Я.К. Пикманның жасаған баяндамасы бойынша Қазақстан дәріханалары жүйесінде экономикалық жаңа саясатты қолдану туралы қаулы алынды. Негізгі принцип медициналық көмекті тегін көрсету болды. Дәрімен көмектесуді әрі арзандатып, әрі жақсарту мақсатымен дәріхана жүйесі шаруашылық есепке көшірілді, ал емдеу жүйесі медикаментті мемлекет есебінен тегін алып түратын, жеке дәрігерлердің жазып беретін рецептері бойынша берілетін дәрілерге дәріханалар елден ақы алатын болды. өмірін қауіпсіздендірген адамдарға кәсіпорындар мен денсаулық сақтау органдары есебінен дәрі тегін берілді. Гигеналық және науқасты күтуге қолданылатын заттар түгедей ақшаға сатылды. Республиканың дәріхана жүйесінің жұмысына басшылықты мақсатымен, КАССР Денсаулық сақтау Комиссариаты Коллегиясының қаулысы бойынша Қазақ мемлекеттік медицина сауда басқармасы 1927 жылы қараша айында республика астанасы Қызылордаға көшіріліп, осы жерде ол 1928 жылы Қазақ дәріхана Басқармасы болып қайта құрылды. Республиканың дәріхана жүйесінде (Орал губерниясын қоспағанда ) шаруашылық есеппен істейтін 63 дәріхана 10 дәріхана магазині болды.

Қазақ дәріхана басқармасының бірінші төрағасы болып дәрігер Шомбалов Мәжит Мүхамедғалиұлы тағайындалды.

Қазақ дәріхана Басқармасының қүрылуымен Қазақстанда дәріхана жұмысы өркендеуінің жаңа кезеңі басталады. Қазақ дәріхана Басқармасы өзінің өмір сүре бастаған алғашқы күнінен бастап селолық дәріханалар ашу, фармацевтикалық кадрлар даярлау, медикаментпен жабдықтау жүйесін тәртіпке келтіріп, бірыңғай баға таксасын (дәрі нарқын) жасау жұмыстарына кірісті.

Қазақстанда фармацевтикалық оқу орны болған жоқ, сондықтан оқуға тілек білдірген жастар Ташкенттегі техникумге жіберілді. Қазақ Мемлекеттік медицина Сауда басқармасы, одан кейін Қазақ дәріхана басқармасы оқушыларға стипендия төлеу үшін қаржы бөліп отырды.

1932 жылы Қарағандыда бірінші дәріхана ашылып, 1934 жылы олардың саны 4-ке жетті. Дәріханалар Балқаш, Риддер және басқа өнеркәсіп орындарындағы жұмысшыларға дәрі- дәрмекпен қызмет көрсету ісі Қазақ Дәріхана басқармасының ерекше бақылауында болды, өнеркәсіп орталықтарын дәрі- дәрмекпен бірінші кезекте жабдықтау тәртібі қолданылды.

Жоғарыда тоқталып өткен кезевде қорыта отырып, мынадай тұжырымға келуге болады:

  1. Дәріхана жүйесін бір треске Қазақ Дәріхана басқармасына біріктіру-Қазақстанда дәріхана ісінің пайда болуындағы өзгерісті кезең еді.

  2. Қазақ Дәріхана басқармасының нығаюымен қатар дәріхана жүйесі тез
    өркендей бастады, сөйтіп 1928 жылғыдан 2,5 есе өсті. Ауылдық-селолық
    жерлердегі дәріханалар
    саны 6 есе көбейді.

  3. Москвадағы товар бөлетін бірыңғай қойманы таратып, Қазақ Дәріхана
    басқармасын қайта құру, облыстардан 6 дәріхана қоймасын ашу, халыққа дәрі
    көмегін көрсету ісін жақсартуға жағдай туғызды.

  4. Фармацевт кадрларын даярлау үшін Семей қаласында 1931 жылы фармацевт
    техникумы ашылды. Алайда кадрмен қамтамасыз ету проблемасы мұнымен
    толық шешіліп біткен жоқ


4. Иллюстрациялы материалдар: презентация

5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

  1. Ресейдегі және Қазан төңкерісіне дейінгі дәріханалық істің дамуы.

  2. Ресейге қосылғанға дейінгі кезеңде Қазақстанда дәрі көмегін көрсету.

  3. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда дәріхана ісінің өркендеу кезеңдері.



  1. Тақырыбы №15: Отандық фармацияның нарықтық экономика жағдайында дамуы.




  1. Мақсаты: Студенттерге медицинаның және фармацияның нарықтық экономика жағдайында даму жолдарын көрсету.




  1. Дәріс тезистері:

Тәуелсіз Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесі сырқаттанудың алдын алу және емдеу істерінде ұсынатын заңдылық негіздерін қалыптастыруда.

1997 жылы «Қзақстан Республикасының азаматтарның денсаулығын қорғау туралы» заң қабылданды. Бұл заңда азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық экономикалық және әлеуметтік негіздерін денсаулық сақтау жөнінде мемлекеттік саясаттың принциптері келтірілген. Соңғы жылдары Республиканың денсаулық сақтау жүйесінің 2010 жылға дейін даму жолдары белгіленген:



  1. Реформа шараларын іске асыру, мемлекеттік және жекеменшік медицинаның бөлінуі.

  2. Халық науқастығын, өлім деңгейін және мүгедектікті азайту бойынша бағдарламалардың тиімді түрлерін айқындау.

  3. Ана мен баланы қорғау.

  4. Аурудың алдын алудың алғашқы кезектегі шараларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

  1. Аса қауіпті жұқпалы аурулардан сақтану

  2. Туберкулез аурауына қарсы шаралар қолдану.

  3. Алғашқы медициналық –санитарлық көмектің тиімді түрлерін қалыптастыру.

  4. Денсаулық сақтау саласында экономикадан және менеджмент мамандар дайындау.

XX ғасырдың соңында денсаулық сақтау саласында жүргізіген шаралар:



    • Денсаулық сақтау экономика мен менеджмент саласындағы мамандар дайындала бастады.

    • Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі құрылды(18.07.1997ж.).

    • Денсаулық сақтаудың даму стратегиясы айқындалды.

    • Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы ашылды (17.01.1997ж.).

    • «Халық денсаулығы» атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді (1998ж.).

    • ҚР дәрігерлерінің бірінші съезі өткізілді(23.10.1997 ж.).

    • Қазақстан 2030 даму стратегиясы –ҚР Президентінің ұсынысымен қабылданды.

    • Дәрігерлер мен провизорлардың ХХ съезді.

    • Денсаулық сақтау жүйесі туралы заңы (2003 ж.).

    • Дәрі-дәрмектер туралы заң (2004 ж.).




  1. Иллюстрациялы материалдар: презентация




  1. Әдебиет:

  1. В.Ф.Семенченко. История фармации: Оқу құралы –М; НКУ «Мари», 2003-640 с.

  2. С.Х. Субханбердин. Қазақстанда дәріханалық іс және дәрі-дәрмек жәрдемінің даму тарихы. Қайта шығарылған.-Алматы,2004-456 с.

  3. Р.К. Биғалиева. Бүкіләлемдік медицина тарихы: оқулық –Алматы, 2004-390 бет.




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

      1. Тәуелсіз Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің дамуы.

      2. Нарықтық экономика жағдайында фармацевтикалық меншік түрлерінің өзгеруі.

      3. Халақтың дененің саулығын қамтамасыз етуде мемлекет саясатының бағдарламалары.





РГП на ПХВ «Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия» МЗРК

044 -40/15





Кафедра организации и управления фармацевтическим делом



Тезисы лекций

по дисциплине

«Истории фармации»

Специальность: 5В110300 – «Фармация»

Шымкент-2013

Лекционный комплекс составлен в соответствии с рабочей программой утвержденной на заседании Методического Совета ЮКГФА

Протокол №____ от «___»_________20__г.



«Истории фармации»


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет