Ф.ғ. к Айтбаева А. Е., Сақтағанова к оқу магистрі Қорқыт ата атындағы ҚМУ



Дата27.12.2016
өлшемі54,1 Kb.
#5389
Бексұлтан Нұржекеев «Кінәлі махаббат» повесінің өзекті идеялары, поэтикасы

Ф.ғ.к Айтбаева А.Е., Сақтағанова К оқу магистрі

Қорқыт ата атындағы ҚМУ
Бексұлтан Нұржекеев «Кінәлі махаббат» повесінде Зерен атты кейіпкердің өмірі туралы айта отырып, сол кезеңдегі әйел адамдардың тұрмыс-тіршілігін, мінез-құлқын, ішкі психологиялық жай-күйін жеткізе білген. Бұл өткен ғасырдың еншісінде қалған салт-сана дәстүрді айғақтайтын шығарма. Кейіпкердің он алты жасында өзі сүймеген жігітке шығып, ол жаннан махаббат атты құдіретті күшті ләззат шырынын сезіне алмағандығын, ата-ананың қас қабағына қарап, күйбең тіршіліктің тұтқасын ерте ұстаған жанның тағдыры оқырманға қауымға ой салары анық. Ой салып қана қоймай, бірі кінәласа, бірі бақытына қол жеткізе алмаған жеткізсе де сол бақытты танып үлгеретін уақыттың жетпеушілігін біліп, кейіпкердің ірбір ісін бағалап, батылдыққа жоруы ықтимал.

Ал мен осы шығарманы оқи отырып, Зереннің бақыт атты үлкен жолды бағындыруда талай асу мен белдерді бағындырғанын, бірде тауы шағылса, бірде аспанынан күн күлімдегенін байқадым. Жазушы осы Зерен атты кейіпкердің болмысын сомдай отырып, қазақ әйелінің қилы тағдырмен таныстырғандай болды.

Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы өмір көріністері тірі сурет күйінде көз алдыңнан өтіп жатады. Адамдардың ішкі жан толқындарының иірімдері өзіңді де бірге үйіріп алып, сол оқиғаны өзің бастан кешіргендей сезіндіреді. Асып-төгіліп, лықсып жатқан көпірме сөзсіз, қарапайым қазақ сөздері өзінің бар қадір-қасиеттерімен шым-шымдап сіңіп жатқанын байқайсың.

Жазушының «Кінәлі махаббат» повесі Зерен сұлудың басынан өткен оқиғаларды суреттейді. Іңкәрлік, құштарлық, өкінішке, мұңды сырды оқи отырып, кейіпкерлердің қызық та қайғыға толы тағдырына ортақтасқан оқырман жаны сыздамай қала алмайды. Әйел жанының қатпарын,  нәзік қалтарыстарын, ішкі сезім пернелерін дөп басып суреттеуде жазушы қаламы зеректік танытады.

«Кінәлі махаббат» повесі оқушы жұртшылықты, әдеби қауымды елең еткізгені мәлім. Апыр-ау, кінәлі махаббат бола ма? Махаббаттың бұл арадағы жөн-жосығына жол болсын... Әу баста адамдардың өзі кінәлі екендігі бесенеден белгілі емес пе? Бұл арада қаламгер ұтымды жол тауып кеткен. Әйтпесе, сол дәуірдің тәлім-тәрбиесін алған Зерен сияқты әйел бірнеше рет күйеуге тие ме? Махаббат кінәлі болса болған шығар, бірақ, кеңес қоғамының Зерен сияқты өкілі ешқандай кінәлі емес. Жазушы Зерен тағдырын сол Зеренннің атынан баяндай отырып, жұртшылық аңсап-шөлдеп жеткен жеңіске ие болады.

«Кінәлі махаббат» повесін оқып отырып Зеренді сол қалпында қабылдайсың. Оның берік тұстары да, осал тұстары да кеңестік қоғамның идеологиясымен тыныстап, екіжүзді заманның илеуімен қырық құбылған адамның құбылысы психологиялық, логикалық көркемдік тұрғысынан ешқандай күдік тудырмайды.

Жалпы Бексұлтан Нұржекеұлы адам бойындағы  қасиеттің бәріне заманы, замандастары кінәлі екенін есте ұстап, оны идеал етуді мұрат тұтпайды. Немесе адамдарды жағымды, жағымсыз кейіпкер ретінде екіге бөліп тастап, араларындағы бітіспес күресті де өз шығармасына өзек етпейді. Адам бойындағы ұлттық сипаттарды бекем сақтатып, қарама-қайшылық қасиеттердің диалектикасына көбірек ден қояды.

Қаламгердің әңгімелері тартымды, әрі қызықты, әрі әдемі болып шығуына кемел суреткердің нұрлы жан-шуағы мейлінше асқақтыққа ие болған. Мәселен, «Қырғыз келіншек», «Екі қырсық», «Күю», «Өш алудан өршіген әдет», «Қамыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезімі», «Құпия махаббат» тағы басқа туындылары уақыт пен заман шындығына суырылып, әйелдердің бір қалыпқа сыймайтын қилы тағдыры арқылы сендіре бейнеленеді. 

Бексұлтан Нұржекеевтің барлық көркем туындыларына, мейлі роман, мейлі хикаят, мейлі әңгіме болсын, баршасына, дәлірек айтар болсақ, тоқсан тоғыз пайызына айрықша арналы арқау боп өрілетін өзгеше нәрсе, әрине, махаббат дейтұғын жақұтты гауһар дүние. «Күтумен кешкен ғұмырдағы» Әтіке мен Қайныкешті, «Бір өкініш, бір үміттегі» Шеген мен Бүбішті, Шеген мен Шәзияны, «Кінәлі махаббат» повесіндегі Зерен мен Нұржанды ғана келтіріп қоя салғанның өзінде бір жазушыға жетіп-артылып жатыр. Махаббат мәселесі. Мәңгілік махаббат мәнісі. Жазушыны «Махаббат жыршысы», «Сезім суреткері», «Әйел жанының зерлі зергері», «Әйел құпиясының терең білгірі» деп халықтың атау беруі де тегін емес деп ойлаймын.

  Жалпы қаламгер өз туындыларында әйел тұрмысындағы күйбең тірлік, күйкі мінездерін зерттеу, іздестіру, тану үдерісі барысында әйел танымының, ой санасының дамуын, пісіп-жетілуін шебер әдістермен бере білген. Прозада да өзіндік қолтаңбасын қалдырған Бексұлтан Нұржекеев шығармаларындағы шынайылық, табиғилық оқырманды өзіне бірден баурайды. Қаламгер проза саласындағы «Бір өкініш, бір үміт», «Күтумен кешкен ғұмыр», «Күнәлі махаббат» деген туындылары арқылы айналадағы әр проблеманы әйел әлемінсіз, ана дауысынсыз, ана әлдиінсіз ашу мүмкін емес екендігін дәлелдейді. Қаламгер бұрынғы қазақ әйелі, қазақ әйелінің табиғаты, қазақ әйелінің бас бостандығы, оның қоғамымыздағы орны, ішкі жан әлемі туралы қозғай келе, өзінің қазіргі қыз балалардың тағдыры жайлы берген бір сұхбатында: « - Бүгінде қыздар туралы тіптен жеңіл сөздерге барып жүрміз. Анау Саин мен Сейфуллин көшесіндегі қыздарды сөгіп жатамыз. Жаным-ау, сол қыздардың «көшеде» тұруына өзіміз кінәліміз. Бірінші – азаматтар кінәлі. Егер сол қыздардың қорғаушысы, сүйеніші болса, ол жерде тұрып неғылады? Тағы да сол! Қыздарымызды айыптайтын азаматымыз өзі. Қыздармен жиі сөйлесемін: «- Аға, қазір арқа сүйейтін жігіт бар ма? Сіздердің тұстарыңыздағыдай жігітті іздесеңіз де таппаймыз. Бүгінгі жігіттің қылығы, да әңгімесі де еш айырмасы жоқ», - дейді. Ал, жігіттер өздерінің осалдығын бүркемелеу үшін қыздарды кінәлайды. Мұны ер-азаматтардың да, мемлекеттің де ортақ кінәсі деп білгеніміз жөн» - деп, бүгінгі қазақ қыздарының тағдырына, оның өміріне біздің қоғамымыз және қазақтың атпал азаматтары жауапты деген ой түйеді. Меніңше, жазушы дұрыс айтты, дұрыс пайымдады, болашақ жастар да осы қағиданы алға тартуы керек деп ойлаймын. 

  «Әйел, әйелге байланысты әсемдік әлемі – әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Қазақ әдебиетінде, қазіргі әлемімізде «Бексұлтан Нұржекеев жасаған әйелдер образы» жан тебірентер сырбаз, сұлу образдар галереясын жасады. Жазушы өз оқырмандарына әйелді күйкі халде күң ғып ұстау мен арын таптау тек бір адамға ғана емес, барлық қоғамға жасалған қиянат пен қорлау екенін Зерен, Қайныкеш арқылы көңілге түйіп айтқандай. Бұл әйелдер басындағы тағдыр қанша жылдар өтсе де, қандай заман келсе де қайталанып жатқан сан мыңдаған қаракөздер тағдыры екендігі айқын. Бексұлтан Нұржекеев әйелдері – өз заманында тағдырдың тауқыметін тартқан жандар»-дейді.

  Бексұлтан Нұржекеев қазақ әйелдерінің жан дүниесіне тереңінен үңіледі, өз кейіпкерлерін оқырмандарының жақын адамына айналдырып, нәзік те әсем әйел әлемін әр алуан қырынан аша түседі. Басқа прозашылар жасаған шығарма кейіпкерлеріне ұқсамайды. Жазушы әлеміндегі әйелдің сырт келбеті көбіне сипатталмайды. Бұл аса төзімді, шыдамды, берік жан. Бірақ әйел бейнесін типтендіруді дұрыс түсінбеуден әдебиетте етек алған көп синтезді қоспа емес. Әркімнің басындағы жылтырағанды жұлмалап, қолдан соға салған қола мүсіннен бөлек. Кейіпкерді қайтсе жағымды етуге автор тіпті жан салмайды. Әйел әлемінің жүрегіне үңіледі. Әйел затына тіл бітіріп, әйел сезімін сөйлетеді.

Қорыта келгенде, Бексұлтан Нұржекеев өрнектеген қазақтың әйел-Ана бейнелері 20-30 жылдары қазақ әдебиетінде С.Көбеев, С. Торайғыров, М. Дулатов сомдаған әйел бейнелерінің қатарын толықтырып, жалғастыра түсуде. Аталған шығармалары әйелдің нәзік жанын, оның иірім сезімі мен қасиеттерін, биік рухын, жан дүниесіндегі түрлі өзгерістерді, психологиялық құбылыстарды ыждаһаттылықпен зерделеп, көркем тәсілмен аша білген іргелі еңбектері болып табылады. Жазушының өзге әріптестерінен ең басты ерекшелігі – қоршаған ортаға әйел көзімен қарап, әйел сезімімен суреттеуі жазушының әдебиеттегі орнын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Орда Г. Қазіргі қазақ әңгімесі. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2001-2011 жж.-Алматы: Арда,2011.-133

2. Ақыш Н. Қазіргі қазақ повестеріндегі әйел-ана бейнесі. Қазақ әдебиеті,2014.№26

3.Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты. Алматы, 2001.



4.Бексұлтан Нұржекеұлы. Әңгіме,повестері.-Алматы ,
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет