Ғылыми жетекшісі: Әліпбек А. З. п.ғ. к., доцент м а. ОҚмпи, шымкент қ., ҚАзақстан резюме



Дата01.06.2017
өлшемі55,98 Kb.
#17468
ӘОЖ 159.922.7
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДА «ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ» БАҒДАРЛАМАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Бекботаева Д. – 103-13 оқу тобының студенті

Ғылыми жетекшісі: Әліпбек А.З. - п.ғ.к., доцент м.а.

ОҚМПИ, ШЫМКЕНТ Қ., ҚАЗАҚСТАН

Резюме

В этой статье рассматриваются важности использовании программы «Трехязычие» в развитии коммуникативной способности детей дошкольного возраста.



Summary

In this article are considered importance use of the «Three language» program in development of communicative ability of children of preschool age.
Білім берудің барлық салаларында мұғалімдер мен тәрбиешінің кәсіби шеберліктеріне жаңаша көзқарастар туындап отыр. Ұрпақтың болашағы бүгінгі оқу мен тәрбиені жеке тұлғалық сипатта дамытуымызға байланысты. Осыған орай балалар бақшасынан бастап тіл сабақтарын дұрыс ұйымдастырып, баланың мемлекеттік тілге бүлдіршін шағынан дұрыс оқытудың қажеттілігі айқындалды.

Мектепке дейінгі кезеңде қазақ тіліне үйрету – республиканың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының барлық түрлерінде міндетті мемлекеттік іс болып отыр. Мемлекеттік тілге үйретудің басты мақсаты – баланың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жеткізу 3-4 жастағы балаларға жеңіл сабақтар үстінде қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсетіндей сөз қоры мен қарапайым грамматикалық құрылымды тілдесімге жаттықтырудан басталып [1], 5-7 жас аралығындағы балаларға қазақша байланыстырып сөйлеуге үйрету жүйелі түрде ұйымдастырылатын қазақ тілі сабақтарында [2], арнайы оқыту әдістері арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы бүгінгі қазақ тілі мамандарының қазақ тілін оқытуға арналған әдістемелік білім қорлары жоқ. Әр түрлі саладан келген мұғалімдер өз жұмыстарын осы саладағы еңбегі барысында қалыптасқан кәсіби шеберлігі мен өз тәжірибелерінен түрлі дидактикалық материалдарды жинақтауы арқасында ғана жүргізіп келеді. Осы қажеттіліктің орнын толтыру мақсатымен арнайы жазылып отырған бұл зерттеу жұмысында бүлдіршіндердің қазақша сөйлеу тілін қалыптастырып дамытуға қажетті әдістемелік нұсқаулар мен модуль арқылы жіктелген тақырыптар бойынша сабақ үлгілері беріліп отыр.

Зерттеу жұмысы барысында тақырыптың мазмұнын ашу үшін көптеген ғылыми-зерттеулер мен әдістемелік еңбектерді басшылылыққа ала отырып, орындауға болады. Мәселен, 1992 жылы «Рауан» баспасынан «Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы» атты балабақша тәрбиешілеріне және педагогикалық институттардың, педучилищелердің мектепке дейінгі балалар мекемелеріне тәрбиешілер даярлайтын бөлімдеріне арналып [3], 2001, 2005 жылдары «Изучаем казахский язык» деген аталыммен 6-7 жастағы балаларға арналған, 5-6 жастағы ересек топқа лайықты деп ұсынылған «Күншуақ» атты «Алматы-кітап» баспасынан жарық көрген әдістемелік оқулық нұсқаулары [4], Б.Баймұратова, З. Д. Еденбаева ұсынған бағдарламалары мен сабақ жоспарлары, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» [5], Тіл туралы Заңдары [6] және Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды дайындық жастағы балабақша стандарты [7] негізінде жүзеге асыруға болады.

Он бес жылға таяу іс-тәжірибе көрсеткендей, орыс тілінде тәрбиеленген бала сөздігін қалыптастыру мен сөйлеуге үйретуде ойын-жаттығулар мен сурет, көрнекі құралдарды қарастыру аздық етеді. Жекелей бағдар мен дамыта оқыту бағдарламаларының маңызы мектепте ерекше көрініс беріп отырған тұста мектепалды кезеңіндегі бүлдіршіндерге талаптар жаңаша қойылуда. Бірінші 4 сыныпқа баратын бала терең ойлай алатын, қазақ тілінде қойылған қарапайым сұрақты түсініп, жауап бере алатындай, өз атынан 3-4 сөйлемнен тұратын монолог сөз құрастыра алатындай болуы қажет. Мемлекеттік тілде сөйлеу республикамыздың әр азаматына міндетті болып тұрған кезеңде кәсіптік білім беретін колледждер мен жоғары оқу орындарында балабақшаға қазақ тілі мамандарын даярлайтын курстар мен бөлімдер әлі де ашылмай отыр.

Қазақ тілін алғаш рет үйреніп келе жатқан баланың логикалық және салыстыра-ұқсастыра талдау дағдыларын жаттықтыру арқылы ойлауы дамытылады. Сабақ барысындағы танымдық әрекеттер арқылы бала бұрын айта алмайтын сөз формалары мен айналасындағы заттардың атын, түрін-түсін, мәнін қазақ тілінде танып, атай бастайды. Балалар жеке тұрғандағы атауларды сөз тіркесінде, тілдік қатысымда қолданатын болады. Осылайша, баланың қазақ тілінде байланыстырып сөйлеу қабілеттері қалыптасады. Фонематикалық қабылдаулары мен сөз, мәтін ішінен өздері білуге, дұрыс айтуға тиісті дыбыстарды, сөздерді дұрыс болжап, айтылуын жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.

Тілді тиімді деңгейде оқытудың жолы – балалардың тілдік деңгейлерін анықтағаннан кейін, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарына қарай тапсырмаларды жұптап, топтап, жекелей-даралап лайықтап беру. «Күншуақ» бағдарламасы бойынша берілген тілдік материалдар орыстілді балаларға арналғанмен, олардың қабылдауларына қиындық туғызады.

Әр сабақта берілген жаңа сөздіктер де, қайталау, бекіту жаттығулары да, грамматикалық тапсырмалар да балаларды ойлауға, ойнап отырып тілдік материалдарды жүйелі қабылдауға және баланың қазақша сөйлеу тілінің қалыптасуына негіз бола алады. 6-7 жастағыларға арналған тақырыптардың жүйесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік білім беру тұжырымдамасына [8] толық жауап береді. Жас бүлдіршіндерді туған тілі мен мемлекеттік мәртебедегі екінші тілге құрмет, ізгілік танытуға тәрбиелейтін мәтіндік материалдары қызғылықты, тартымды алынған. Тіл сындыратын өлеңдер, мән мәтіндік сөз тіркестері мен сөйлем түрлері «жеңілден – ауырға» ұстанымы бойынша жүйеленген. Бұл сабақтардың тиімділігі мектеп жасына дейінгі баланың ойлап барып сөйлеуге әрекеттенуін, құр ауызша болғаннан гөрі бірнеше белгі-штрихтармен белгілеп отырып сөздерді, тіркестерді тез жаттауға машықтануы жүзеге асырылуында.

Соңғы жылдары балалардың сөйлеу деңгейлерінің үш тұғырлы тілінде дамуы ерекше байқалуда. Бұл, біріншіден, қазақ отбасыларының қалада көп шоғырлануына байланысты, екіншіден, өзге ұлт баласына бағдарламалық оқытудың тығыздап берілуінен деуге болады. Бұл факторлар балалардың қазақша сөйлеу деңгейлерінің әркелкі қалыптасып дамуына тікелей әсер етеді.

Тілдің жақсы дамуы – мектеп алды дайындықтың негізгі көрсеткіші. Баланы мектепке жақсы дайындау, сауатын ашудың негізін дұрыс қалау тілді ауызша дамыту үдерісінің сапасына байланысты. Сонымен, баланың қазақша сөйлеу тілін дамытуға: біріншіден, сөйлеу үлгілерін беретін тілдік орта (балабақшада тәрбиеші мен қазақ тілі мұғалімі, қала берді балабақшаның барлық қызметкерлері); екіншіден, тілді үйретуші мен үйренушінің тілдік белсенділігі; үшіншіден, балалардың әрқайсысының отбасында қалыптанған тілдік тәжірибесі қажет екендігіне көз жеткізіліп отыр.

Бүлдіршіннің өзіндік тілдік тәжірибе жинақтауына нысан ретінде орыс тілінде оқытып-тәрбиелейтін топтарда сурет салғызу, картина қарастыру сәттері де алынады. Байланыстырып сөйлеу барлық сабақ кезеңдерінде де, сабақтан тыс кезеңдерде де дамытылуы көзделді. Ата-аналардың оларды дұрыс сөйлеуге табиғи тілдік ортада тәрбиелеуі тілді баланың жауқазын шағынан табиғи сезінуіне әкеледі. Жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген мақсатқа орай – балаларға «өз ойларын және сезімдерін саналы түрде әрбір тыңдаушы мен баға берушіге ұғынықты болатындай, олардың ой мен сезім-ықыластарын көрсете алатындай жеткізуіне жағдай жасау» қазақ тілі сабақтарында балалардың тілді қабылдау шамаларына қарата орындалса, ал үйде, қазақ балабақшаларында тіл дамыту жұмыстарында әрдайым ескерілуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. – Астана. 2007 ж.

2 Татуарова Н.Л. және т.б. Мектепалды бағдарламасы. – Алматы. 2001 ж.

3 Бақраденова А.Б., Баймұратова А.Б. Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы. Рауан, 1992.

4 Баймұратова Б., Еденбаева З.Д. Изучаем казахский язык. Күншуақ. 5-6 жастағы балалар үшін. Әдістемелік нұсқау. – Алматы: «Кітап», 2005.

5 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Алматы. 1999 ж.

6. Қазақстан республикасының Тіл туралы заңы. – Алматы. 1998 ж.

7. Мемлекеттік жалпы міндетті 5-тен 6-жасқа дейінгі мектепалды дайындық жастағы балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. – Астана, 2007 ж.



8. Қазақстан республикасы Мемлекеттік білім беру тұжырымдамасы. Ресми басылым. – Астана, 2005 ж.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет