Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі



Дата26.05.2020
өлшемі52,87 Kb.
#71224
Байланысты:
Әдістеме Жұматова Ақерке
Әдістеме Жұматова Ақерке, Әдістеме Жұматова Ақерке, Әдістеме Жұматова Ақерке, Әдістеме Жұматова Ақерке, Әдістеме Жұматова Ақерке, Әдістеме Жұматова Ақерке

Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі

Орындаған: Жұматова Ақерке

Педагогикалық зерттеу – оқыту мен тәрбиелеудің нақты заңдары мен заңдылықтарын, құрылымы ментетіктерін, мазмұнын, принциптерін, ұйымдық формалары мен әдістерін ашуға арналып бағытталған, қоғамдық маңызы бар жаңа педагогикалық білім қалыптастыру үдерісі және нәтижесі, танымдық іс-әрекет түрлерінінің бірі болып табылады.Зерттеудің негізгі компоненттері: мақсат қою, қолда бар ақпаратты, осы типтегі міндеттерді шешудің шарттары мен әдістерән алдын-ала талдау, бастапқы болжамды тұжырымдау, болжамға теориялық талдау, экспериментті жоспарлау меенұйымдастыру, алған мәлеметтерді талдау және жинақтау, мәлеметтер мен заңдарды түпкілікті  тұжырымдау,  түсініктер  мен   ғылыми  болжау- ды алу.

Педагогикалық зерттеу үш деңгейге ажыратылады:

  • Әдіснамалық  - педагогикалық құбылыстардың жалпы прин- циптері мен зерттеу әдістерін тұжырымдау, эмпиристік және теориялық зерттеулер негізінде теориялар құру;
  • Теориялық   – бұрын   ашылған  деректерді   түсіндіруге,   сон- дай-ақ болашақ оқиға мен оның дамуын болдамдауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтарды ұсыну және тұжырымдау;
  • Эмпиристік – педагогикалық ғылымның жаңа деректерін анық- тау және оларды жинақтау негізінде эмпиристік заңдылықтарды тұжырымдау.

Сонымен зерттеу элементтерінің құрамы мыналар:

  • Зерттеу тақырыбы;
  • Зерттеу мақсаты;
  • Зерттеу міндеттері;
  • Зерттеу обьектісі;
  • Зерттеу пәні;
  • Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы;
  • Ғылыми гипотеза;
  • Зерттеу әдістері;

Тақырыбы проблеманың құрамдас бөліктері тақырып бойынша зерттеудің нәтижесінде ғылыми сұрақтарға жауап алынады. Зерттеу жұмысында тақырыпта таңдаудың мәні зор. Демек тақырып таңдауда мынадай талаптар қойылады: 1. Ғылыми маңыздылығы, мәнділігі. 2. Ғылыми жаңа үлес қосуы. 3. Тәжірибелік өзектілігі, бұны кіріспеде жазғанда тақырыптың өзектілігі немесе көкейкестілігі деп те жазылады. Ғылыми зерттеу жұмысы белгілі бір өзекті мәселені шешу, күту соған сәйкес күтілетін мәселе.

Зерттеу мақсаты – педагогикалық зерттеудің заңдылықтарын ашу, әдіс-тәсілдерін табу. Зерттеу міндеттері – ғылыми мәселені зерттеуде ғылымның жалпы жағдайы бойынша мақсаты, зерттеу пәні бойынша оның дәлдігі анықталады Зерттеу объектісі – зерттеу жұмысы жүргізілетін педаго-гикалық кеңістік. (мұғалімдер немесе оқушылар ұжымы, педагогикалық үрдіс, мектептің тәрбие жұмысы, бір пәннің әдістемесі) Зерттеу пәні – бұл объектінің бір нақтылы зерттеу бөлшегі. Онда зерттеледі: сапалық қалыптасу, оның басқа сапалармен өзара әрекеті, үдеріс   мінездемесі,   құбылыс,   маңыздылығын,   талапта-           рын, тенденциясын анықтау, белгілі ортадағы және анықталған жастағы балалардың ішкі және сыртқы тәрбиесі Зерттеудің алғашқы тұжырымдамасы – барлық зерттеу жұмысында жетекшілік ететін теориялық ережесі. Зерттеудің сүйенетін ұстанымы – ғылым жағдайының терең талдаудың нәтижесі. Алғашқы концепция ғылымда зерттелгенді, ғылымда қандай сұрақтарға  жауап  жоқтығын  анықтауға  көмектеседі.  Гипо-    тезаны құру үшін, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін нақтылау өте маңызды.

Ғылыми гипотеза (болжам) проблеманы шешудің жобасы. Ол ғылыми танымның дамуына белсенді ықпал етеді және жаңа деректерді жинақтау және жүйелеуге әкеледі. Сондай-ақ, жаңа зерттеулерге негіз болатын, яғни жаңа идея, жаңа теорияны қалыптастыруға ұмтылдырады. Болжамға қойылатын талаптар:1. Оның   деректерге   қатынасы.  Демек   тексерілген   деректерге, факторларға сәйкес келуі белгісіз деректер мен дәлелдерді түсіндіреді.2. Болжамның ғылымның ашылған заңдылығына қатынасы. Болжам құбылыстың өмір сүру себептерінің шындығын, қасиеттерін, түсіндіру мақсатын, алға қойған, негізделген, жорамалды көрсететін ғылыми білімнің даму түрі. Болжам деп кез-келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды. Тек нақты деректерге негізделген жорамалды түсіну керек. Болжам арқылы білімді дамытудың екі кезеңі бар. Олар: болжамды құру, тексеру. Болжам алғашқы берілгенді табу және сұрыптау негізінде жүреді. Талдау, сұрыптау тұрғысынан қарау ғылым заңдарымен сәйкес келетін және белгілі құбылыстарды тек түсіндіру ғана емес, жаңа құбылыстардың алдын-ала белгілеуге болатын, жорамал жасауға мүмкіндік береді. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижені  тексеру.

Зерттеу әдістері – әдістер, тәсілдер жиынтығы. Олар арқылы зерттеу міндеттері, тексерілген ғылыми гипотеза, алынған ғылыми деректер шешіледі. Зерттеу жұмысының маңыздылығы көтеріліп отырған мәселенің өзектілігімен анықталады. Ғылыми зерттеудің тәжірибелік ғылыми өзектілігін айыра білу қажет. Себебі, ғылымда өзектілігі шешілмеген мәселе тәжірибеде өзінің қорытындысын талдауы мүмкін.Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:- зерттеу объектісін және пәнін- оларды шешу реттілігін- қолданылатын әдістердіШартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды: А) эмпирикалық Б) теориялық

Тапсырмалар:

  • Зерттеу пәнін анықтаңыз;
  • Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін атаңыз;
  • Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз;
  • Теориялық кезеңнің қызметін сипаттаңыз;


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет