Физика • КҮштер • ньютон заңдары 1 1-бөлім: Ньютонның бірінші заңы



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата08.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#119013
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
kktwig-nyuton-zadary
1-2-kaz, 1-2-kaz, kktwig-nyuton-zadary, kktwig-nyuton-zadary, Karenov 2016-82-2-2


Ньютон заңдары
ФИЗИКА • КҮШТЕР • НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ
1
1-бөлім: Ньютонның бірінші заңы
• Ньютонның қозғалыс заңдары қандай?
Ньютонның үш қозғалыс заңы күш әсер еткендегі денелердің 
қозғалысын сипаттайды. Заңдарды алғаш рет 17-ғасырда Исаак 
Ньютон тұжырымдады. Бұл заңдар айналамыздағы нәрселердің көп 
бөлігін сипаттау үшін жеткілікті болғанмен, өте кішкентай масштабтағы 
нәрселерді сипаттауға сәйкес келмейді және жарық жылдамдығымен 
салыстырылатын жылдамдықпен қозғалатын денелерге қатысты өзгереді. 
Исаак Ньютон (1643-1727)
Ұсынылатын фильм
- Ньютонның қозғалыс заңдары
Қосымша сұрақ
С1. Исаак Ньютон кім болған?
Исаак Ньютон – бүкіл заманның бірден-бір елеулі ғалымдарының 
бірі. Математика мен оптикаға жасаған еңбектерімен қатар, ол 
сұйықтықпен қоса, денелердің қозғалысын сипаттайтын заңдарды 
тұжырымдады. Сірә, оның ең үлкен табысы – ауырлық күші теориясы, 
бұл теория ауырлық күшінің әлемдегі барлық денелерге қатысты 
екендігін көрсетті және кометалар мен планеталардың қозғалысын 
түсіндірді. Көпшілік оны жаңа физиканың негізін қалаушы ретінде 
бағалады.
• Ньютонның бірінші заңы қандай?
Ньютонның бірінші заңы денеге күш әсер етпесе, ол тұрақты жылдамдықпен бірдей бағытта қозғалатындығын 
тұжырымдайды. Бұл дегеніміз дене үлкен жылдамдықпен қозғалса да, оның жылдамдығын сақтап отыру үшін, 
ешқандай күш қажет емес екендігін білдіреді. Дене орын ауыстырғанда, жылдамдықты өзгерту үшін күш қажет. 
Сондай-ақ, үдеу үшін және бағытты өзгерту үшін де қажет. 
Біздің күнделікті тәжірибеміз Ньютонның бірінші заңына қарама-қайшы келуі мүмкін. Үлкен жылдамдықпен 
қозғалатын денелер, егер олардың қозғалысын сақтау үшін, ешқандай күш әсер етпесе, жылдамдығын 
азайтатындай көрінеді. Бірақ бұл үйкеліске байланысты орын алады. Егер ешқандай үйкеліс күші әсер етпесе, 
онда денелер тұрақты жылдамдықпен қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет