«Физика»пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудыңспецификациясы 9-сынып



бет1/17
Дата01.04.2020
өлшемі2,17 Mb.
#61273
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1 ОШ СОЧ Физика 9 класс каз
4 тоқсан бақ, 4 тоқсан бақ, 4 тоқсан бақ, 1 ОШ СОЧ Физика 9 класс каз, №2 сабақ Жарық кванттары туралы. Планк гипотезасы
«Физика»пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудыңспецификациясы
9-сынып

Нұр-Сұлтан,2019

МАЗМҰНЫ


1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3.Күтілетін нәтижелер 3

4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4

5.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5

6.Жиынтық бағалауды өткізу ережелері 5

7. Модерация және балл қою 5

1 -тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 6

2 -тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 14

3-тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 22

4 -тоқсанның жиынтық бағалау спецификациясы 31




  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.


  1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
  1. Күтілетін нәтижелер


Білу:

    • механика (кинематика, динамика, сақталу заңдары, тербелістер мен толқындар); электр және магнетизм (электромагниттік толқындар және тербеліс), кванттық физика элементтері (атом мен атом ядросының құрылысы, радиоактивтілік, элементар бөлшектер), астрономия негіздері (астрофизика элементтері) бөлімдерінің физикалық шамалары мен ұғымдарын;

    • бастапқы физикалық ұғымдарды;

    • практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;

    • физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

    • механика, электр және магнетизм, кванттық физика элементтері, астрономиябөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

    • физикалық құбылыстарды;

Түсіну:

  • шамалардың физикалық мағынасын, механика, электр және магнетизм, кванттық физика элементтері,астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын;

  • физикалық құбылыстардың маңыздылығын;

Қолдану:

  • процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

  • тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауiпсiз жүргізу әдістерін;

  • қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

  • нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

  • өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

  • алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;

Талдау:

  • эксперимент нәтижесінде алынған деректерді;

  • графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;

  • заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін;

Жинақтау:

  • кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

  • гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми моделдерді және дәлелдемелерді;

  • эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;

Бағалау:

  • жасалған эксперименттің нәтижелерін бағалайды.
  1. Ойлау дағдыларының деңгейі


    Ойлау дағдыларының деңгейі

    Сипаттама

    Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

    Білу және түсіну

    Білу:

    - бастапқы физикалық ұғымдарды;

    - сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;

    - физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;

    - физикалық құбылыстарды.

    Түсіну:

    - шамалардың физикалық мағынасын, сәйкес бөлімдердің негізгі терминдері мен заңдарын;

    - физикалық құбылыстардың маңыздылығын.


    Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе

    Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.




    Қолдану

    Қолдану:

    - процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;

    - қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;

    - нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;

    - өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;

    - алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге.


    Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет

    ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.




    Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)

    Талдау:

    - эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,

    - графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.

    Жинақтау:

    - кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;

    - гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;

    - эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.



    Бағалау:

    - жасалған эксперименттің нәтижелерін.



    Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.




  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет