Формулада қандай температуралардың байланысы көрсетілген Кельвин/Цельси



Дата12.09.2020
өлшемі16,92 Kb.
#77884
Байланысты:
Физ-кахут


Газда немесе сұйықта жүрген қатты дененің микроскопиялық өте ұсақ бөлшектерінің ретсіз қозғалысы. Броундық қозғалыс

Молекулалардың үздіксіз хаостық қозғалысы. Жылулық қозғалыс

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура

Молекулалардың жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының мөлшері болып табылатын физикалық шама. Температура

Температураны өлшейтін құрал. Термометр

Судың қату және қайнау температурасы. 0°C, 100°C

Формулада қандай температуралардың байланысы көрсетілген Кельвин/Цельси

СИ жүйесінде қолданылмайтын температура шкаласын ата. Фаренгейт

Абсолютті минус температурасын көрсет. -273,15°C

100 Кельвинді Цесльсиге айналдырыңыз. -173°C

Денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы. Ішкі энергия

Жылу берілу процесі кезінде дененің іскі энергиясының өзгерісіне тең шама. Жылу мөлшері

Жылу мөлшерінің белгілінуі мен өлшем бірлігі. Q, Дж

Дененің қаттырақ қыздырылған бөлігінен азырақ қыздырылған бөлігіне жылу энергиясының берілу құбылысы. Жылуөткізгіштік

Сұйықтықтың немесе газдың ағыны арқылы жылу энергиясын тасымалдау құбылысы. Конвекция

Электромагниттік толқындардың таралу процесі кезінде жылу энергиясының берілу процесі. Сәуле шығару

Формуладағы с шамасы. Заттың меншікті жылусыйымдылығы.

Заттың меншікті жылусыйымдылығының өлшем бірлігі. Дж/кг*°C

Судың меншікті жылусыйымдылығы. 4200 Дж/кг*°C

Жану процесі кезінде айтарлықтай көп мөлшерде жылу бөлініп шығатын жанғыш зат. Отын

Отынның жылу шығару қабілетін сипаттайтын шама. Меншікті жану жылуы

Формуладағы q шамасы. Меншікті жану жылуы

Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі. Дж/кг

Ішкі энергияны өзгерту әдісінің бірі. Механикалық жұмыс

Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі. Балқу

Қатты дененің сұйық күйге айналу кезінде тұрақты температура. Балқу температурасы

Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысу процесі. Кристалдану

Затты балқу температурасында сұйыққа айналдыру үшін жұмсалатын жылу мөлшеріне тең физикалық шама. Меншікті балқу жылуы

Формуладығы λ шамасы. Меншікті балқу жылуы

Сұйықтың газ күйіне өту процесі. Булану

Будың пайда болуының екі түрін көрсет. Кебу/Қайнау

Заттың газ тәріздес күйінен сұйық күйіне айналу процесі. Конденсация

Қатты зат бірден газ тәріздес күйге айналу процесі. Сублимация

Газ тәріздес күйден қатты күйге ауысу процесі. Десублимация

Сұйықтықтың бүкіл көлемі бойынша жүретін қарқынды булану процес. Қайнау

Формуладағы r шамасы. Меншікті булану жылуы

Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын бу. Қанықпаған

Газ берген жылу мөлшері оның ішкі энергиясының өзгерісі мен газ жасайтын жұмыстың қосындысына тең. Бұл... Термодинамиканың бірінші заңы

Термодинамиканың бірінші заңы

Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығын, процестердің бағытын көрсететін заң. Термодинамиканың екінші заңы

Жылу температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге беріледі. Клаузис тұжырымдамасы

Q1 энергияның қанша бөлігі пайдалы жұмысқа кеткенін көрсететін физикалық шама. ПӘК Формуладағы η шамасы. ПӘК

Дененің заттарды өзіне тарту қасиетіне ие болатын құбылыс. Электрлену

Электрлік өзара әсердің қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама. Электр заряды

Электр зарядының екі тегі. Оң/Теріс

Электр зарядының белгіленуі мен өлшем бірлігі. q, Кл





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет