Француз тілінде лексикалық бірліктерді үйрету әдістемесі



Дата22.12.2016
өлшемі157,15 Kb.
#4301
Б.К. Ахмедина,

филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақ экономика, қаржы, және халықаралық сауда университеті

Астана
ФРАНЦУЗ ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Мақаланың мақсаты француз тілінде лексикалық бірліктерді үйреткенде тіл үйренушілерде кездесетін қиындықтарды әдістеменің алуан түрін қолдану арқылы жеңілдету, жеделдетіп үйрету және оларға қажетті сөздікті сұрыптап, лексикалық деректерді барлық ғылыми-әдістемелік талаптарға сай дұрыс іріктеу болып табылады. Активті және пассивті сөздік қорын интуициялық, статистикалық, әдістемелік, лингвистикалық ұстанымдарға сай іріктеудің жолдарын қарастыра келіп, лексикалық бірліктердің ішінде тұрақты сөз тіркестерін оқыту мәселесіне ерекше тоқталу. Сабақ барысында жұмысты дифференциялап жүргізуді мақсат етіп, іштей дифференциялау және сырттай дифференциялауды пайдалану.

Кілт сөздер: деңгейлік оқыту, дифференциялау, коммуникативті-функционалды принцип, ұжымдық, топтық білім беру технологиясы.

Шетел тілі аспектілерінің ішінде маңыздысы – лексика, өйткені шамалы болса да сөздік қорын меңгермей, шетел тілін меңгеру мүмкін емес. Жеделдете оқыту кезеңдерінде жаңа лексикалық материалдың көлемі күн санап молынан енгізіліп отырады. Алғашқы меңгерген ақпарат пен кейінгі үйренген лексикалық бірліктер бірін-бірі толықтырып, сөздік құрамда үздіксіз қолданысқа түсу барысында тіл үйренушінің меншігіне айнала береді. Шет тілін жеделдете оқыту тілдік және сөйлеу материалдарының ішінен әр деңгейге сәйкес тіл үйренушіге ең қажетті минимумды сұрыптап алуды  талап етеді. Студенттерге тіл үйретуде ең қажетті деген лексикалық деректерді барлық ғылыми-әдістемелік талаптарға сай дұрыс іріктеу жеделдете оқытудың соңғы нәтижесіне неғұрлым жылдам қол жеткізуге үлкен ықпал етеді. Лексикалық материалдарын сұрыптау ұстанымдарын анықтап, оларды оқулықтарда тиімді берудің төмендегідей жолдарын бар.

1) Сөздің қолданылу жиілігі.

2) Сөздің жеңіл-қиындығы.

3) Сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы.

4) Сөздің тақырып қажетіне сәйкестігі.

5) Сөздің тіркесу қабілеті.

6) Сөздің синонимдік қасиеті.

7) Сөздің сөз жасамдық қабілеті.

Шет тілінің активті және пассивті сөздік қорын интуициялық, статистикалық, әдістемелік, лингвистикалық ұстанымдарға сай іріктеудің жолдарын қарастыра келіп, лексикалық бірліктердің ішінде тұрақты сөз тіркестерін оқыту мәселесіне ерекше тоқталу керек. Жеделдете оқытудың толық курсының әр деңгейінде 1200 бірлікке дейін лексикалық материалды меңгеруге болады. Максимум 3000-3500 лексикалық бірлік шамасындағы оқу материалының көлемі толық бір жеделдете оқыту курсының мақсаттарын жүзеге асыруға қажеттілікті өтейді деп есептеледі [1].

Жеделдете оқытудың ең алғашқы күндерінен бастап әр сабақта жүзге дейін жаңа  сөздер беріледі де, соңынан түрлі жаттығулармен пысықталады. Сонымен бірге, тіл үйренушілердің мүмкіндіктерін ескере отырып, өз бетінше оқу, дайындалу барысында оқытушы жаттығу мен тапсырмаларды өзгертіп отыруға болады. Шет тілді оқыту үдерісінде лексиканы меңгеру ерекше орын алады. Сөйлем арқылы берілетін ақпараттың 80 пайызын лексика құрайды.

Деңгейлік оқытудың негізгі ұстанымы – тілдік материалдарды кәдімгі өмір шындығындағы жағдайлардың негізінде ұйымдастырып, сөйлеу жағдаятында қолдану. Бұл ең алдымен үйренетін тілде қарым-қатынас жасауға байланысты, ал қатынас әрекеті және оған оқыту үдерісі сөйлеу жағдаяттарының үздіксіз байланысын көрсетеді.Жаңадан тілі шығып келе жатқан сәби өз ойын жеткізу үшін сөйлемді толық айтып жатпайды, сөйлемнің ішінен ең маңызды, айтар ойын жеткізетін сөзді не тіркесті ғана айтады. Бірақ сол бір ғана сөзге қарап үлкендер баланың айтайын деген ойын түсінеді. Сондай-ақ, ересек адамдар да өз ана тілінен бөтен, әсіресе, генеологиялық жағынан басқа тілді үйренгенде, ең алдымен күнделікті тіршілікке қажет тіркестер мен сөздерді жаттауға тырысады. Оқытудың түпкі нәтижесі оқулық бойынша тіл үйренушілердің алған біліміне сәйкес күнделікті тұрмыс-тіршілікте сөйлесе білуі, мамандығы туралы негізгі сөздік қорлардың басым көпшілігін меңгеруі, қоғамдық-саяси қатынастарға байланысты деректерді игеруі болып табылады. Сондықтан да тіл үйренуші адамның қажеттілігі мен сұранысына қарай, олардың мамандығына, қоршаған ортасына байланысты лексиканы қамти отырып, қатысымдық негізде тіл үйретудің тиімділігін қазіргі күнде көптеген ғалымдар құптайды.

Коммуникативті-функционалды принцип оқытудың барлық деңгейінде басшылыққа алынады. Кез келген лексикалық тұлға, яғни сөйлесім бірлігі қатысым әрекеті кезінде белгілі бір сөйлесімдік қызмет атқарады. Сөз жеке тұрғанда, лексикалық тұлға ретінде атаулы қызмет атқарса, басқа сөздермен байланысқа түсіп, ойды жеткізу арқылы қатысымдық қызмет атқарады. Айтылымда қолданылатын кез келген лексикалық тұлғаның, яғни сөйлесімдік бірліктің ең негізгі маңызды ерекшелігі – оның функционалдығы. Көп жағдайларда тіл үйрену курстарын бітіріп шыққан адамдардың сөздерді және нақты грамматикалық формаларды жасау жолдарын біле тұра, ол білімдерін айтылымда қолдана алмайтыны белгілі. Оның себебі, өзара байланыссыз жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалар сөйлеудегі атқаратын қызметтері ескерілместен, құр жатталады. Соның нәтижесінде, сөз немесе форма сөйлеудің қызметімен байланыста болмайды, белгілі бір қызметте жұмсау (яғни, сөйлеу) қажеттілігі туындаған кезде бір де бірі ойға түспей қояды.

Мұғалімнің сабаққа қосымша лингвистикалық, этимологиялық немесе елтанымдық бағыттағы түсіндірмелері қызығушылық тудыруға, зейінді арттыруға көп көмектеседі. 

Бірақ көп жағдайларда елтану пәні үйреніп жүрген тілде емес, аралық бір тілде (біздің елде көбінесе орыс тілінде) жүргізіледі де, тіл үйренуге ешқандай көмегі тимейді. Шет тілдерді үйретуде елтанымдық деректерді оқыту қажеттілігін қолдаған ғалымдарымыз Е.М.Верещагин мен В.Г.Костомаров: «Таңқаларлық жайт: елтану пәні тіл үйретуді толықтыра, жетілдіре түсу мақсатымен енгізілген болатын, ал нақты тәжірибеде ол тіл үйретумен байланысты жоғалтты»,- деп жазды Дегенмен, солай екен деп, ұлттанымдық деректерден бас тартуымызға да болмайды. Себебі, тіл үйретудегі басты мақсат – тіл үйренушінің бойында сол тілді қолданушы халықтың жанын түсіну, ол халыққа, тілге деген сый-құрмет сезімдерін ояту болуы керек. Тіл үйрету әдістемесі ғылымының алдында тұрған бүгінгі күндегі аса өзекті мәселе – ең қажетті деп іріктелген лексикалық минимум арқылы елтану, мәдениеттану, этностануды қоса қамту болып табылады [2].

Сөздік қорды молайту, сөздердің ұлттық сипаттарын меңгерту мақсатында түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізуге болады. Солардың бірі – әртүрлі ұлттық мәндегі, елтанымдық сөздердің беретін ұғымдарын диаграмма құру арқылы жинақтап, сол диаграмманы тірек ете отырып, сөйлеу тілін дамыту тәсілі. Аталған тәсілді пайдалана отырып, “Наурыз”, “Киіз үй”, “Астана”, “Ұлттық тағамдар”, “Қазақстанның өзен-сулары”, “Қазақстанның әсем табиғаты” т.б. көптеген сөздермен байланысты танымдық ұғымдарды жинақтатып, диаграммасын жасатуға болады. Осындай шығармашылық тапсырмалар әдетте өздігінен орындауға ұсынылады, көп ізденіп, сөздікпен жұмыс істеп, оны компьютерлік жолмен немесе қолдан рәсімдеп, безендіру барысында сөздер тіл үйренушінің көру сезімі арқылы есінде мықтап сақталады, ал толық мағыналы, әдемі, сауатты жасалған дүниелерін тіл үйренуші өз тілдік портфеліне салып қояды да, кез келген уақытта пайдалану мүмкіндігіне ие болады.  Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді қатыстырып шағын шығармалар жаздыру жұмыстары да қызығушылықпен орындалады. Компьютерлік жолмен автоматтандырылған  пысықтау тапсырмаларын орындау тілдегі бейнелі сөз орамдарын жақсы есте сақтауға, тілдік қатынаста қолдануға мүмкіндік берді [3]..

Сөйлеу екі түрлі формада – ішкі және сыртқы формада жүзеге асырады. Ішкі сөйлеу формасы – ойлау процесі үшін қажет нәрсе, ал сыртқы форма арқылы адам өз ойын басқаларға жеткізеді. Сөйлеуге үйрету монолог және диалог түрінде іске асырылады.

Монолог және диалог түрінде сөйлеу іскерлігі, біліктілігі қарым – қатынас әрекетінің, ақпараттық, регулятивтік, әдептік және сезімдік – бақылау сияқты атқаратын қызметіне байланысты анықталады.

1. Монолог – оқушылар мәтіндердің мазмұны туралы өз ойын, көз қарасын білдіру үшін жеке  тәжірибиелеріне және суреттер тізбектерімен тағы басқа көрнекіліктеріне сүйене отырып, суреттеу, хабарлауды қолданып, мәлімдемелер жасайды.

2. Диалог – оқушылар қысқа және толық жауап беру түрлерін қолдана отырып, құттықтау, шақыру, кешірім сұрау, бір нәрсе жайлы керек мәліметті сұрап білу немесе айту, талқылаған деректерді анықтау, оларға баға беруге дағдыланады. Диалогтық сөйлеу әңгімелесушілерді өз ара қысқа сөз алмасуы, түзілетін сөйлемнің құрылымы толық болмауы мен ерекшеленеді.

Сөйлесу арқылы тек қана ақпарат жүрісі орындалып қалмастан, әңгімелесушілер арасындағы бір – біріне деген ықпал да жасалынады, яғни өзара бағыт бағдар көрсете отырып, олар бір- бірінің іс -әрекет қылықтарын үйлестіруге не өзгертуге тырысады [4].

Ауызша өз пікірін айту жазбаша түрде ойын жеткізуден, ең алдымен, қарым – қатынастың тікелей өзгешелігімен және коммуниканттандардың арасында нақты байланыстың  болуымен оқушылардың өз ойын жеткізудің формасына және тәсіліне таңба салғандай ерекшеленеді. Сөйлеу әрекеті кезінде әңгіме дүкен жүргізушінің серігінің болуы немесе тыңдаушысының болуы сөйлеп тұрған адамға өзінің серігінің кез келген іс қимылын байқап тұруға мүмкіншілік береді. Бұл оқушының ойын ауызша жеткізу жолына әсер етуге және үнемі үндестірілуіне мүмкіншілік береді.

Ауызша сөйлеуге үйрету жайлы айтқанда, оқу үрдісінің шартымен  және мақсатымен емес, сонымен қатар ауыз екі тілде сөйлесудің қандай түріне үйрету керектігін анықтау қажет.


Лингвистикалық жоспар бойынша ауызша әңгімелеп жеткізудің  3 түрлі формасы бар: монологты, диологты және полилогты.

Cтудент өзіне тиісті пәндерді жан – жақты меңгеріп алғысы келеді және де шетел тілін жетік меңгеруі арнайы әдебиеттерді оқығанда оған баға жетпес көмегін  көрсетеді. Ауызша сөйлеуге үйрету барысында оқушыларды сөйлеу әрекетінің екі түріне үйреткен жөн. Олар түсіне отырып тыңдау және сөйлеу. Бұлардың әр қайсысы өзіне тиісті жаттығуларды жүргізуді талап етеді.

Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:

1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдерінде қатар жүреді;

2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;

3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы;

4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану.

Ауызша сөйлеу ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.

Осы орайда бірінші кезеңде төрт өзекті мәселе туындайды: диалогты және монологты түсіне отырып тыңдау, сонымен қатар диалогты, монологты дұыс формада сөйлеу білуге үйрету.

Сөйлеу әрекетінде түсіне отырып тыңдауға үйретудің басты мақсаты түсіне отырып тыңдаудың көлемін ұлғайтуға қол жетізу, нақтырақ айтқанда әр адамға тән сөйлеу сипаттамасы бар, бірнеше адамды түсінуге мүмкіншілік беретін жаттығулар көлемін қалыптастыру.

Ауызша сөйлеуге үйретудің біріншіден, белгілі бір көлемде диалогты түрде және монологты түрде сөйлеудің арасында айтарлықтай формасы жағынан да, мазмұны жағынан да қандай да бір байланыстың болуы; екіншіден, оқушының өзіне тиісті пәнді жетік меңгеруімен; үшіншіден, қандай да бір мәтін материалдары мен ауызша сөйлеуде едәуір байланыстың болуы [5].

Оқудың бірінші кезеңінде іштей оқуға көңіл бөлу керек. Әдетте оқып болғаннан соң түсінік айтылады және жаттығулар жасалады. Сөйлей алудың әдістерімен қорытындыланады. әңгімелесу балалардың логикалық ойлауын, тілдің қалыптасуына, қорытынды жасауға көмектеседі.

Студенттердің французша сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін сөйлеудің дұрыс үлгісін көрсету керек. Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: сөзді, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету, мәтінді, өлең сөздерді айтқанда дауыстың анық болуын қадағалау, сұрақтарға жауап беру, дұрыс сөйлеуге үйрету, сұрақ қоя білу мен әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтай білу қабілетін қалыптастыру сияқты жұмыстар қатар өрбіп отырады. Сондай ақ берілген мәтіннің мазмұнын айту мен сөйлеу үлгілерін сауатты түрде құрастыра білуге, диалог арқылы сұхбаттасу сияқты жұмыстар кеңінен жүргізіледі. Осындай жұмыс кең түрде жүрген тұста оқушының сөйлеу ерекшелігі күннен күнге дамып, жан жақты артып отырады. Мұнда мәтіндерді көбіне оңайдан қиынға қарай өрбіткен мұғалім үшін ыңғайлы.

Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында мәтінді оқу, көру арқылы мазмұын түсіну мен мәтіннің мазмұнын өз бетінше оқып түсіне білу, мәтін бойынша талқылауға белсенді араласу сияқты жұмыстар кеңінен қолданылады.

Ойын түрлерін пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді, оны дұрыс жоспарлау қажет. Топтағы студенттер оған түгел қатынасуы шарт. Олардың шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын түрлері болып табылады. Ойын  оқушыны бірігіп  жұмыс  істеуге бағыт  береді, іздендіруге  дағдысына  қалыптастыруына  мүмкіндік  туғызады

Француз тілінде ойын түрлерін мынадай мақсаттарда қолданған дұрыс:

1Әліпбиді дұрыс меңгерту;


  1. Орфографияны дұрыс оқыту;

  2. Оқу дағдысын қалыптасыру;

  3. Лексиканы меңгерту;

  4. Грамматикалық құрылымды меңгерту;

6. Оқушының ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Таңдап  алынған  ойындар    оқушылардың сөз байлығын, тіл қорына   сай  болу  керек.Мұғалім кез- келген ойынды өткізу үшін  алдын-ала  жоспар құрып  алуы  керек. Тиімді пайдаланған ойын түрлері мұғалімнің  түсіндіріп  отырған  материалын оқушылардың зор ынтамен  тыңдап  берік  меңгеруіне  көмектеседі [6].            

Тыңдап түсінудің негізгі топтарына мыналар жатады:

а) тыңдап түсіну дағдылары  (мәтіннің грамматикалық және морфологиялық формаларын тани білу);

ә) сөздерді және сөз тіркестерін түсіне білу қабілеті;

б) дыбыстарды, дауыс интонациясын ажырата білу

Тыңдаған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындауға болады:

1. Жазбаша жоспар құру, мәтінге ат қою, сөз тіркестерін жазу.

2. Ауызша мәтінннің қысқаша мазмұнын беру, толық мазмұнын беру. Жұмыстың мұндай түрі шетел тілін тыңдап түсіне білу мен сөйлеуге үйретеді. Шетел тілін тыңдап түсіне білуге үйрену үшін тек үнтаспа ғана емес, сонымен бірге видео-фильм және диафильмдердің көмегіне сүйенуге болады. Шетел тілінде тыңдап түсіну қабілеттері дамып жетілгеннен кейін, радиобағдармаларды тыңдауға немесе көркем және деректі фильмдерді көрсету арқылы оқушылардың білімдерін нығайтуға болады.

Ал бұл сөйлеудегі оқушы сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін: оқушы меңгерген лексикалық материалдар бойынша талқылауға қатысып, мәтін бойынша түсінгенін еркін жеткізе білуге дағдыланады. Қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру және сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр түрлі жағдаяттарға баланысты сұрақ қоя білу мен схема бойынша сөйлемдер құрастырып айту жұмыстары басты рөл атқарады.

Оқу біліктілігін меңгеру мақсатында ортадан жоғары деңгейде жұмысты күрделендіре отырып, көптеген жұмыстарды іске асыруға мүмкіндік туады. Көлемді мәтінді оқып қана қоймай, көру арқылы мазмұнын түсініп мәтіннің мазмұны бойынша түсінгенін айта білу. Сондай ақ өз бетімен әңгіме құрап, мәтінге байланысты қанатты сөздерді, мақал мәтелдерді пайдалану арқылы сөйлеуге дағдыландыру. Бұқаралық, ақпараттық хабарларды оқып түсіну (газет, журнал материалдары,теледидар хабары) мен талқылауда белсенділік танытып, біліктілікті жоғарылату жұмыстары басшылыққа алынады.

Оқу біліктілігін меңгерту мақсатында роман, поэма, эссе, әңгіме оқыту арқылы жан жақты жұмыс жүргізуге жол ашады.

Сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін, оқыған үзінділері бойынша негізгі кейіпкерлерге сипаттама беру, роман, эсселердің тақырыбын,идеясын талқылау, пікірсайыс, дебат барысында өз ойын әдеби тілде еркін жеткізе білуге дағдыландыру басты мақсат болып табылады.

Сабақты өтудің әдіс – тәсілін түрлендіре, көрнекіліктермен әрлендіре отырып үнемі біз бұрынғы ескі тәсілмен оқушылар жұмысын тексеріп отырғанымыз дұрыс. Шәкірттердің білімін біркелкі бағалай салмауымыз керек, әр оқушының жауабының мазмұнын ескере отырып баға қоюымыз керек. Сонда, мазмұнды, жақсы сөйлейтін оқушы одан нашарлау сөйлейтін оқушыға қарағанда өз білімнің жоғары екенін түсінеді.

Оқушыны ауызша сөйлеуге жаттықтыруда тағы бір ескеретін жағдай- жеке оқушыдан сабақ сұрау кезеңі. Бір ғана оқушы жауап беріп тұрса, нашарлау (сөйлейтін) оқитын оқушылар оны тыңдамай отыруы әбден мүмкін. Сондықтан мұғалім сабақ сұраудың әрбір кезеңінде барлық оқушыны қамтитындай тәсіл қолдануы тиіс.

Француз тілінде сөйлеуге үйрету, ауызекі тілде сөйлету күні бүгін шетел тілін оқытудың ең басты міндеті болып отырғаны белгілі. Әр мұғалім өзі еңбек етіп жүрген  оқу орнына қарай оқыту тәсілдерін тиімді етіп, түрлендіре отырып жоспарлауы тиіс.

Сондықтан жұмысты дифференциялап жүргізуді мақсат етіп қойған жөн. Дифференциялаудың екі түрі бар: Іштей дифференциялау және сырттай дифференциялау.

Іштей дифференциялау барысында оқушыларды қабілетіне қарай шағын топтарға бөліп, олармен тіл үйретуде ерекше әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет. Бұндай топтарды әрине оқушылардың деңгейлеріне және мүмкіндіктеріне қарай жұмыстар атқарылады. Әр мұғалім сынып тіл үйренушілерді әр түрлі бөлуі мұмкін, мысалы бір топта тілге қабілеті бар оқушылар, екінші топта тілді нашарлау білетін оқушылар, үшінші топта қабілеті, білімі жоғары да, нашарлау да оқушылар аралас болады.

Ал сырттай дифференциялау бойынша әрбір топ пен топтардағы студенттердің   коммуникативтік икемдігін, олардың шетел тілін оқуға деген психологиялық жағынан дайындығын, елтануға байланысты материалдарды оқып және де оларды өз еліндегі және басқа елдердегі реалиялармен салыстыра отырып меңгеруге қабілеті, мүмкіндігі ескеріледі. Іштей дифференциялау сырттай дифференциялаумен өзара біріге келе олардың тіл үйренуге деген мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Бұл орайда, әрине, оқушылардың жеке бас ерекшелігіне баса назар аудару керек. Топта студент саны неғұрлым көп болса соғырлым мұғалім оқушының өзіне тән ерекшелігіне көңіл бөліп, дифференциялауға неғұрлым көп мүмкіндік жасауға тырысуы қажет.

Сабақта студенттердің белсенділігін арттырудың тағы бір жолы -грамматикалық ойындарды жиі ұйымдастыру. Ойын тіл үйренушілердің белсенділігін арттырып, өтілген тақырыпты қалай меңгергенін көрсетеді. Екі команда оқушылары: а) сөйлем, ә) жіктеу, б) жаттығу орындау, в) суреттеу, г) осы етістіктер арқылы 3-4 сөйлем көлемінде әңгіме құру арқылы жарысады. Мұндай жұмыстар олардың сабақ үстінде шаршамай сергек отыруына жағдай жасап, сабаққа ынтасын арттырады және пәнге көзқарасын қалыптастырады.

Студенттердің өзін-өзі басқару, өздігінен іс-әрекет жасауы үшін сабақтан тыс тәрбие жұмыстары, апталықтар, кештер ұйымдастыру қажет. Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығуын арттыру мақсатында ән айтуды пайдалану. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады.

Қорыта айтқанда сөздік қор тілдесудің қай түрінде болмасын сөз алмасу барысында өте маңызды жәрдемші. Ауызша сөйлеуге үйретуде әр түрлі технологияларды пайдаланған тиімді.

Мысалы, қазіргі білім беру үрдісінде еніп жатқан инновациялық технологияларды басшылыққа ала отырып, практика жүзінде ауызша сөйлеуді іске асыруға болады. Яғни, біз деңгейлеп саралап оқыту технологиясында білім алушыларға деңгейлік тапсырма беру арқылы әр баланы ауызша сөйлеуге үйретеміз.

Студенттер сөйлеу арқылы өз ойындағысын жеткізеді. Ұжымдық, топтық білім беру технологиясы түрінде ауызша сөйлеуге үйрету студенттер мен мұғалімдер, студент пен студент арасында іске асырылады. Біріншіден, олар бір- бірімен ауызша тілдесу арқылы қарым қатынаста болса, екіншіден, ұжым арасында еңбек етуге үйренеді. Дегенмен, әр ұстаз қандай технологияны таңдағанына қарамастан ең алдымен өзі сол технологияны жете түсініп, меңгеруі тиіс.

Студенттерді француз тілінде сауатты сөйлеуге, жазуға, оқуға үйрету үшін әрбір мұғалім өз бетінше ізденеді. Осыған байланысты кейбір әдістемелік кеңестерді ұсынуға болады. Мысалы:



  1. Студент мұғалімнің қандай тапсырманы сұрап тұрғандығын білу керек. Әр сабақ соңында мұғалім студенттермен осы сабақта нені үйрену керектігін талқылап отырғаны дұрыс.

  2. Ана тілі мен француз тілін араластырып сөйлемеу керек. Қажет болса грамматикалық ережелерді түсіндіруде ана тілін қолдануға болады.

  3. Студент жауап беріп тұрғанда оның қатесін бірден жөндеп, оның сөзін бөлудің қажеті жоқ. Қатені жөндеудің ең дұрыс тәсілі жауаптарды бағалау кезінде түсіндіру.

Студенттер сабақты толық меңгеру үшін төмендегі тапсырмаларды ұйымдастыруы қажет:

  1. Үйге берілген тапсырманы үнемі орындау;

  2. Көрнекілік, техникалық құралдарды қолдана білу;

  3. Сөйлеу, оқу, жазу, тыңдау әрекеттеріне арналған өзіндік жұмыстарға көңіл бөлу;

  4. Белсенді талдау кезінде топтасып шулауды тоқтатпау;

 Қазаргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз  егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосу үшін аянбай еңбек ету. Егер біз тәрбие мен білім беру үрдісін дұрыс және тиімді, ұтымды ұйымдастырсақ, тәуелсіз, егемен іліміздің болашағының жарқын әрі жарық болғаны.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Шетел тілін оқыту әдістемесі №3/17 2007ж 21 бет;

2. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж 59 бет;

3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж 21 бет;

4. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж 6 бет;

5. Шетел тілін оқыту әдістемесі №4 2008ж 27 бет;



6. А.Китайгорская «Методические основы интенсивного обучения иностранным языком» Москва 1986г 78 бет;

7.«Ізденіс» журналы №1 2005ж 125 бет.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет