Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет46/49
Дата23.10.2016
өлшемі4,5 Mb.
#25
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық - шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру - қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.


Әбу Насыр Әл-Фараби

Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.


Константин Дмитриевич Ушинский
Шеше

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы


Әзілхан Нұршайықов

Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді.


Ғабит Мүсірепов
Шешен

Ер жігіт шешен болып,малсыз қалса,
Рас деп, айтқан сөзің шын болмайды


Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.


Жамбыл Жабаев
Шығармашылық

Шығармашылық- ләзатты азап.


Қадыр Мырза Әли

Microsoft басты мәселесі, олардың талғамы (дәмі) жоқ. Расында да, талғамсыз. Олар шығармашылық туралы ойламайды. Олардың өнімдерінде мәдениет жоқ. [Triumph of The Nerds. 1996 жыл.];


Стив Джобс

Дүниеде еңбек пен шығарманың қиындығын жеңуден асқан ұлы ерлік жоқ.


Максим Горький

Шежіре

Мектептің жаны – мұғалім. Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.


Ахмет Байтұрсынов
Шөбере

Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағын шөберең жақын,
Туып өскен – елің жақын.

Қазыбек би Келдібекұлы



Ықылас

Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.


Қадыр Мырза Әли
Ырыс

Атың жақсы болса, 
Ер жігіттің пырағы,
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қызың жақсы болса,
Жайқалып өскен құрағы.
Әйелің жақсы болса,
Бірінші - иманың,
Екінші - жиғаның,
Үшінші - ырысыңның тұрағы.

Төле би



Ынта

Бәрін білетін адамнан ынтасы бар адамды жұмысқа қабылдар едім.


Рокфеллер Джон Дэвисон

Шын ынтамен тындырған жұмыс — тәнге шипа.


Уильям Шекспир
Ынтымақ

Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана.


Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан
Ынсап

Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан.


Шәкерім Құдайбердіұлы
Іс

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ


Уильям Шекспир

Орынды іске, пайдалы қаталдыққа ешкім өкпелемейді.


Бауыржан Момышұлы

Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.


Ахмет Байтұрсынов

Сіз бірдеңені іске асыра аласыз ба әлде іске асыра алмайтыныңызға сенімдісіз бе, - екі жағдайда да сіздікі дұрыс


Генри Форд

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі


Константин Дмитриевич Ушинский

Егер ісім өнсін десең – ретін тап


Абай Құнанбаев

Қолынан келетін, істеуге тиісті ісін істей алатын адамды бақытты, әрі тамаша адам деуге болады


Леонардо да Винчи

Әр іс - әрекеттің тууына түрткі болар себеп бар. Адамның әр қарекетінен оның жан дүниесінің сыры аңғарылады.


Бауыржан Момышұлы

Адам неғұрлым идеялық жағынан білімді болса, соғырлым өз ісінде табанды да мығым болмақ.


Петр Францевич Лесгафт

Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек.


Йоганн Вольфганг фон Гёте

Сөз — істің елесі


Демокрит

Егер ісім өнсін десең — ретін тап.


Абай Құнанбаев

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз


Ыбырай Алтынсарин

Әр істің бір сәні бар. 
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.


Сәкен Сейфуллин

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.


Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

Каталог: CDO -> BOOKS
CDO -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Тіл төҢірегіндегі толғамдар ойлар, толғаныстар, пікірлер, ұсыныстар, іс-тәжірибелер, деректер мен дәйектер Астана қаласы, 2007 жыл тіл төҢірегіндегі толғамдар баспасөз және басқа да басылым беттерінен іріктеп, жинақтаған
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев көркем әдебиет көкжиегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет