Галимова Әсия Әлімқызы
бастауыш сынып мұғалімі,
әдістемелік бірлестік жетекшісі
«Заманауи сабақ.Ол қандай?»
Заманауи сабақ-құзыреттілікті қалыптастыруға негізделген, әсіресе оқуға үйрену құзырлығын. Жобаның осы негізі дәстүрлі педагогикадан айырмашылығы өте зор екендігін көрсетеді. Себебі, оқушының өз бетімен білімді қабылдауына жағдай жасалады және тоқтамай ары қарай дамуына жол беріледі.
Жобада нақты сабақтың құрылымы және оқудың 101 техникасы беріледі. Іс жүзінде байқалғаны сабақ барысында оқушының ынтасының өсуі және өзінің әрекетіне баға беруі. Ол үшін мұғалімнің сабаққа нақты, үлкен жауапкершілікпен дайындалуына қажет екендігі сөзсіз.
Сабақты өткізудің ұсынымдары :
Оқушыларға білім алуға кедергі жасамауға тырысыңыз. Түсіндірулерден аулақ болыңыз. Есіңізде болсын, Достоевский жазған: сабақтағы түсіндірулер оқушыларды ақымақтыққа әкеледі. ЮНЕСКО Дакарда (2000) әлемде білімнің жаңа бағыттарын анықтады, олар аллегориялық түрде былай мазмұндалады:
Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды.
Тағы бір даналықты есімізге түсірейік: атты суатқа әкелудің көптеген әдістері бар, бірақ атты су ішуге мәжбүрлейтін бір де бір әдіс жоқ.
Білім – тамаша зат, бірақ білу қажеттің ештеңесіне үйретуге болмайтынын ұмытпаған жөн. (Оскар Уайльд)
Заманауи сабақта Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын 6 (АЛТЫ) деңгейге бөледі
Бірінші деңгей «БІЛІМДЕР» – мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден ЖАД қоймасына көшіру, АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыруға үйрету болып табылады
Екінші деңгей «ТҮСІНУ» – мақсаты ЖАДҚА түскен БІЛІМДІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУҒА (интерьеризацияланған білімді көптеген түрде ұсыну) үйрету болып табылады
Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ» – мақсаты БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады
Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады
Бесінші деңгей «СИНТЕЗ»- мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады Осындай тапсырманы орындамас бұрын, оқушыға берілген ойлау операциясының алоритмін беруді ұмытпаңыз!!!
Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»- мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау(элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.
*ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, Сіз түрлі деңгейлер бойынша тапсырмалар санын белгілейсіз.
Ұсынымдар ретінде:
бірінші үш деңгейдің тапсырмалары оқушылардың күшіне сай болуы керек(кем дегенде бір оқушы үш деңгейдің тапсырмасын орындамаса, сабақты қанағаттанарлықсыз деп санауға болады);
-сабаққа міндетті түрде барлық деңгейдің тапсырмаларын әзірлеу қажет;
оқушылардың біреуіде алтыншы деңгейдің тапсырмасын орындамаса,онда мүмкін Сіз басқа тапсырмаларда артық кеттіңіз;
оқушылардың қайсысы болсын барлық алты деңгейді орындаса, бірақ сабақ әлі аяқталмаса, онда резервте алтыншы деңгейдің тапсырмалары болған дұрыс.
* Даниил Рудый: сабақ мазмұнын өзіңіз мазмұндауға немесе түсіндіруге («шайнап беруге») тырыспаңыз, өйткені, сіз мұныңызбен оқушыларды жаңа ақиқаттарды ашудың керемет сәттерінен айырасыз«неғұрлым түсіндірсе, соғұрлым ұғынуға қиын»
*сабақты өткізудің ұсынымдары
Оқушылар ақпаратпен танысқаннан кейін оқу тапсырмаларын орындауға кіріседі. Бұл жағдайда барлық оқушылар тепе-тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт. Сабақта жұмыс жасауда оқушылар бір-біріне кедергі жасамауы тиіс. Сұрақтар туындаған жағдайда, оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды. Сұрақты тыңдап, оқушыға жауап беруге асықпаңыз, оқушыға неге назар аудару керек екенін және жауапты қайдан іздеу керек екенін көрсетіңіз.
Сабақтың ережелерінің бірі мұғалімнің дайын жауаптарды бермейтіні, жауапты оқушының өзі табу керектігі болып табылады. Сабақтағы мұндай қызмет оқушыға білімді өзі алуға үйренуге көмектеседі. Әр оқушы бірінші тапсырмадан бастайды және барлық сабақ бойынша жұмыс жасайды. Келесі тапсырмаға көшу үшін оқушы қолын көтереді, мұғалім оның қасына жақындайды және тапсырманың дұрыс орындалғанын тексереді, тек содан кейін барып қана оқушы келесі тапсырманы орындауға кіріседі. Мұнда көптеген амалдарды пайдалануға болады– өзара тексеру, шағын топта (контролерді» пайдалану және т.б.
Оқушының сабақта орындаған тапсырмалар саны оның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттеріне байланысты болады.Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбегін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбегін аямай сабаққа дайындалды). Әрине, басында мұғалім сахнада және оның рөлін көрермендер көретін мұғалімнің жоғары актерлік шеберлігінен, сабақтың ұйытқысы рөлінен бас тарту қиынға соғады. Мұғалім өзінің «бұлбұл әнін» мұғалімнің сиқырлы таяқшасы бойынша ән айтатын көп дауысты балалардың хорына өзгертуі керек. Мұндай сабақтарды талдау мектеп әкімшілігі, инспекторлар басқа да менеджерлер тарапынан жаңа көріністі қажет етеді, міне, құзыретті педагогика дегеніміз осы. Мұндай сабақтар әр оқушыға өзінің шығармашылық және интеллектуалды әлеуетін барынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Және мұндай сабақтардың нәтижелері тез көрінеді.
*Болашақта алдымызда отырған балаларды өз бетімен оқып, білім алуға,
іздене білуге үйретуде осы жобаның көмегі зор екеніне барған сайын көзіміз жетуде. Деңгейлік тапсырмалар арқылы баланы тек өз отбасы төңірегіндегі жағдай ғана толғандырып қоймай, дүниежүзілік жағдайды , оны өз жасына,
өз ерекшелігіне сәйкес шеше білуге үйренеді.
Шешу жолдарын ойластыру арқылы, іздену арқылы оқушының шығармашылық қабілеті дамуына және қалыптасуына жағдай туғызады деп есептеймін.
Құзіреттілік тапсырмалар баланы болашақта өз орнын таба білуге,
өзін қоршаған дүниемен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді.
Қорыта келе мұндай білім алған бала -болшақта мейірімді, адал, еңбекшіл,
білімді азамат болады сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: |