География пәнін оқытуда жаңа технология және инновациялық әдістер



Дата05.06.2017
өлшемі83,68 Kb.
#17743
География пәнін оқытуда жаңа технология және инновациялық әдістер
Қазақ қыздар педагогикалық университеті, география кафедрасының аға оқытушысы Талипбай М.Т.
Білім берудегі жаңа технология АҚШ та 1940- жылдары пайда болды. Алғашқы кезде жаңа техникалық құрал жабдықтарды (инженерлік жетістіктер) оқу тәрбие үрдісінде пайдалану мағынасында қолданып жүрді. «Оқыту технологиясы» дегеніміз ғылым мен техниканың жетістіктері негізінде оқыту қызыметін оптимизациялау.

Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» оқытушының практикалық қызметінде іске асатын педагогикалық жүйенің логикалық негізделген жобасы. Қазіргі дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру жүріп жатыр. Солардың бірі үздіксіз географиялық білім беру, оның алдына қойған негізгі мақсаты: біріншіден, адам өмірінің әр-түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасау. Екіншіден, адамдардың өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен қызмет етіп, тез өзгергіш өмірге бейімделуіне жағдай жасау. ТМД елдерінде үздіксіз географиялық білім беру жүйесін жолға қойған.[1]

Жаңа технология жүйесінде мәнді ойындардың атқаратын маңызы зор. Мәнді ойын сабағында оқушылар әр-түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Ондай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығуын арттырады. Өмірде кездесетін әр-түрлі қиындықтарда дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелейді.

Технологиялық мультемедия оқу- әдістемелік құралдарында интернет үшін жүйелік курстар әзірленушілерінің қажеттілігін қанағаттандыруға арналған. Оқушыларды қазіргі заман талабына сай, жер серік арнасы арқылы қашықтан оқыту және электрондық оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын арттыру әрбір география пәнінің мұғалімінің міндеті. Әрине, электрондық оқулықтарды пайдаланудың әсері мол. Оқушыға экран арқылы компьютерден жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқарады. Әрине, бұл бағдарлама информатика пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асады. Қашықтықтан білім беру дегеніміз- белгілі бір қашықтықта отырып, компьютірлік телекоммуникация және де басқа байланысу орталықтар көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттар мен өзара алмасу тәсіліне негізделген. Жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияда оқыту құралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес «оқушы- электронды оқулық» және «мектеп- интернет» жүйесін құруға болады. «Мектеп- интернет» жүйесі бойынша оқушы ағымдағы сабақ бойынша жаңа ақпаратты мектепте отырып, интернет жүйесіне ену арқылы іздеп табады, сондай-ақ «дүниежүзілік өрмекке» электронды саяхат жасауға мүмкіндік алады. Ал, электрондық оқулықтың тиімділігіне тоқталатын болсақ, оны төмендегідей атап өтуге болады: анықтамалық оқыту элементі арқылы ағымдағы сабақ бойынша анықтамалыққа мүмкіндік алу. Мультимедиялық ақпараттық технологияны пайдалану. Мемлекеттік білім беру стандартының курстарында жаңа ақпараттық технологияны негізгі сабақтарда пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады. Сонымен, компьютерлік технологияны география сабағында пайдаланудың үш негізгі түрі бар: Ақпараттық технологияны кез-келген сабақтарда үздіксіз пайдалану, әсіресе, сарамандық сабақтарда, ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс уақыттарды кез- келген пәндерде өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану. Оқыту барысында ақпараттық технологияның бір ғана бағытымен жұмыс істеу барлық бағыттарды кешенді түрде пайдалану мен салыстырғанда төменгі нәтиже береді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес, сондай-ақ есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез- келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.[2]

Ақпаратық оқыту барысында білім алу үрдісі мейлінше жекелеген сипат алады. Оқушылар өз бетімен анықтамалық материалды пайдалана алады және өзінің алған білімі мен біліктілігін тексеруге мүмкіндігі бар. Білім алуды ұйымдастыру жағдайыда әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар қарастырылған, оларды орындаудың техникалық жолдары әртүрлі. Бақылау бөлімінде тест тапсырмалары беріледі. Қазақстанның физикалық географиясы бойынша құрылған мультимедиялық оқыту бағдарламасының ерекшелігі – сарамандық тапсырмалардың интерактивтілігі және іс-қимылға құрылған. Электрондық оқулықтарды пайдалану жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни мәтіндік материалға гиперсілтемелер, мультимедиялық және басқарылатын анимациялар, дыбысты қосарлап қамту, оқушылардың білім деңгейін бақылау жасауға жағдай бар. Олар физикалық-географиялық заңдылықтаарды қозғалыс барысында көре алады:белгілі бір табиғи құбылыс туралы бейнекөріністі тамашалау, жер бедерінің көлемді бейнесін қарауға және т.б. мүмкіндік алады. Электрондық орта оқушылардың экспериментке бейімділігін, оқиғаларды байланысты қабілетін қалыптастыруға, білім алудың шығармашылық сипатын жасауға жағдай жасайды. Тақырыпқа қатысты көптеген ақпараттық- анықтамалық басылымдар, карталардың «қорынан», «ұясынан» босатады. [1]

Ақпаратты жүйелердің басты ерекшелігі географиялық ақпараттардың негізінде әртүрлі мәліметтерді біріктіруге мүмкіндік береді. Оқушылар компьютермен INTERNET торабы арқылы тақырыпқа қатысты көптеген мағұлыматтарды ала алады. Қазіргі ақпарат дәуіріндегі интернет жүйесі оқушылардың таным көкжиегін тіпті де кеңейтіп, ізденгіштігін арттыра түседі. Алайда мұғалім Internet торабын пайдалануда алдын-ала ескерту қажет:

Берілген тақырып бойынша адрестердің тізімін жинау;

Тақырып бойынша тақырыптар серверінің тізімін жинақтау;

Оқушыларға қажетті карталар, сызбалар, кестелер, суреттер және т.б. материалдарды алдын- ала таңдап алу;

Орындалатын практикалық жұмыстардың материалдарын әзірлеу;

Компьютердің және кеңінен қолданатын бағдарламалардың көмегімен кейбір тапсырмаларды орындауда уақытты ұтуға мүмкіндік береді. Оқытуда компьютерлік техниканы қолдану өз бетімен теориялық жолмен іздену негізінде шығармашылық типтегі іскерлікті қалыптастырады. Шығармашылық қабілеттің дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер қағидасы ойлау теориясын ашады. Компьютерлік нұсқа әзірлеу оқушыларға мәнді жайтқа байланысты жан- жақты, өзінше тұжырым жасауға, оқиғаның құбылыстың өту жағдайына әсері сонымен қатар қол жеткен табыстарды ойластыруға мүмкіндік береді. Мұның бәрі оқу барысын зерттеуге және ғылыми тәжірибеге жақындастырады. Компьютерлік техниканы оқу барысында қолдану оқытудың әдістері мен түрлерін мазмұнын жасауға, оқу барысын басқаруды оңтайлы тұрғыда игеруге, т.б. мектепте білім берудің педагогикалық жүйесін заман талабына сай етуге мүмкіндік береді. [3]

Қазіргі таңда сабақ беру жүйесіне мультимедиялық технологияны енгізу оң нәтиже беруде. Жалпы мультимедиа –бұл нысандар мен үрдістерді дәстүрлі мәтінмен сипаттау емес, фото, бейне, графика, анимация, дыбыс, яғни бүгінгі күнгі бәрімізге таныс формаларда беру. Бұл жағдайда біз екі негізгі- сапалық және сандық басымдылыққа ие боламыз. Егер сөзбен сипаттауды аудиовизуалдық ұсыныммен салыстырсақ, сапалық артықшылықты бірден көреміз. Сандық басылымдық мультимедиалық орта ақпараттық тығыздығымен жоғары екендігімен көрінеді. Шындығында, мәтіннің бір парағы 2 Кбайтқа жуық ақпарат сыйғыза алады. Оқытушы бұл мәтінді 1-2минутта айтып шығады. Ал осы толық экранды видео 1,2Гбайт ақпарат бере алады.

Мультимедиялық технологияны қолдану әдістемесі:


  1. Оқытуды басқару жүйесін сабақтың әр-түрлі кезеңдерінде жетілдіріп отырады. Оқытудың мотивациясын күшейтеді;

  2. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамытатын оқыту мен тәрбиенің сапасын арттырады, оқушылардың дайындық деңгейін арттырады;

  3. Компьютер тек ойын ойнайтын құрылғы емес, басқа да мүмкіндіктері бар екенін көрсетеді;

Мультимедиялық сабақтар келесі дидактикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Қазірше электрондық оқыту процесі жоғары және үздіксіз білім беру жүйесінде іске асырылуда және барынша дамуда. География пәні басқа пәндермен салыстырғанда, картамен жұп-жазбас бірлестікте екенін ескеріп, оқушылардың география сабағында материк пен дүние бөлігіндегі және аралдардағы елдер мен халықтар жайында қызықты деректерді тек оқулық мәтініндегі берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен ғана шектелмей, электрондық оқулықта көрсетілетін бейне арқылы пайдаланған тиімдірек. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеу барысында географиялық әдебиеттер мен карталар, сызбалар, суреттер және қосымша кестелерді пайдалану арқылы біліктіліктерін арттыратын болса, көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі- пәндік білім, екіншісі- компьютерлік білім.[2]

Ғылымның ғасыр аяғына дейінгі басты бағыт-бағдарын, өмірдің, өндірістің қажет – мұқтаждарын өтейтін де – жаңа ғасыр ұрпағы. Қорыта келгенде электрондық оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Жаңа ғасыр табалдырығын аттап тұрып ел президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «...Біздің жас мемлекетіміз өсіп- жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олардың өз ішінде жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері бар. Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіріг заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі бүкіл әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады,» - деген болатын. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулыққа оқу технологиялары жинақталған. Мысалы: ойын арқылы оқыту, блокты оқыту, тірек- сигналдары арқылы оқыту т.с.с. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың – шығармашылық жетістіктің негізгі көзі.[1]

Географияны оқыту барысында ақпараттық технолгияларды қолдану мен құру саласында кеңістік ақпараттарды кезең бойынша тез жұмыс істеуге, өзімізге қажетті ақпаратты пландар мен карталардан іздемей- ақ, үлкен жылдамдықпен жету мүмкіндігіне сонымен қатар, мәліметтер базасындағы ақпаратты енгізу мен жаңарту үшін геодезияның қазіргі заманауи электрондық құралдарының анықтау жүйесін қолданып, ең жаңа дәл ақпаратқа қол жеткізе аламыз.

Қорыта айтқанда «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» - дейді халық мақалы. XXI ғасырдағы география сабағы бізден жаңа дәуірдің міндеттерін айқындап, шұғыл іс – шараларды жүргізуді талап етеді. Жаңа ақпараттық технологияны негізгі сабақтарда пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктерін қорытындылай келе, орта мектептерде әр түрлі пәндерді оқыту кезінде компьютерлік технологияны пайдаланудың әр жақты екендігіне көз жеткізуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, А.Б.Дәулетқұлов. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан (30 сабақ). Алматы-2005 ж.

  2. К.А.Тлеубергенова. Географияны оқыту әдістемесі. ҚазМемҚызПИ Алматы-2007

  3. К.Н.Мамирова. Методика преподавания географий. Алматы-2008

Түйіндеме

Мақалада географияны оқыту барысында ақпараттық технолгияларды инновациялық әдістерді қолданудың маңыздылығы баяндалады.

Резюме


В статье расматривается методы инновационных технологии в изучении географии
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет