Геосаясат және нацизм



Дата20.03.2020
өлшемі17,34 Kb.
#60426
Байланысты:
Геосаясат және нацизм

Геосаясат және нацизм

Мистикалық-нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет «геосаясат» ұғымын қолданды «Геосаясаттың» түп атасы — немiс географы Ратцель. Оның ұлт тарихы «лебенераумға» — өмiр сүру кеңiстiгiне қарай қалыптасады дейтiн идеясын кейiн доктор Карл Хаусхофер дамытып, осы негiзде Мюнхен университетi жанынан Геосаясат институтын құрған (институт «Туле ложасының» жариядағы ресми бүркемесi, ал Хаусхофер ложаның көрнектi мүшесi едi). Доктор герман жастарын бағзыда арий нәсiлi мекендеген Азияға баруға үндедi. Хаусхофер тевтондық «Дранг нах Остен» (Шығысты, славян жерiн басып алу) ұранын көтердi деген сөз, тегiнде, кейiнгi антифашистiк насихаттың жанынан шығарып жүргенi. Байқағанға, Туле мүшелерi алғашқыда немiстер Шығысқа,Азия жерiне ағылшындармен күш бiрiктiрiп баруы керек деп есептеген. Сол себептi нацистер басында Англияны әлемдiк держава ретiндегi қуатынан айырмауды құнттады. Егер Англия немiстiң Орталық Еуропадағы ықпалының күшеюiне кедергi келтiрмесе, немiстер ағылшындардың Үндiстан бағытындағы қимылына бөгет жасамауға мақұл едi. Кейiнiрек Хаусхофердiң бел шәкiртi Рудольф Гесс жасаған жоспар бойынша Германия Польша мен Обь аралығына, ағылшындар Обь — Лена аралығына, американдар Лена мен Охот теңiзi аралығына иелiк етуi тиiс едi. Бұл жоспарда Орта Азия аймағы жоқ. Ол заман ағылшындар Үндiстан пен Ауғанстанды тұтымында ұстағаны мәлiм, демек кейiн сөз жүзiнде өзiн өзi дербес басқарады делiнген Тұтас Тұранды (Гросстүркiстан) геосаясат тiлiнде Орталық Азия деп аталған зор аумаққа ағылшын ықпалымен кiргiзу жоспарланғанын көремiз. Ұлыбритания Германияға соғыс жарияламай тұрып, 1939 жылы Герман Геринг фюрерге Англияға «қонақ» болып ұшып барғысы келетiнiн бiлдiредi. Гитлер негiзiнде қарсы болмаған. Бiрақ кейiн Герингтiң орнына Гесс ұшты. Хаусхофер жоспары сонда ғана белгiлi болды. Бiрақ бұл кезде нацистер Англияға басып кiру үшiн жасалған «Теңiз арыстаны» жоспарынан айнып, КСРО-ға шабуыл жасаудың «Барбаросса» жоспарына кiрiсiп кеткен едi.

Қайбір тәуелсіз мемлекет өзінің дүниеге келуімен бірге саяси дүниеден өзінің орнын ала отырып, айналасымен қарым-қатынастық ауан дәйектейтіні бар. Саяси айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі болғандықтан, оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан бұл жайт Қазақстан жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар. Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген жөн: - экономика жағынан еброазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл; - географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс, оңтүстік-солтүстік көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә; - этнодемографиялық жағынан – түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді; - діни сенімі жағынан – дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет. Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырдан бастап сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн.

Қазір саясат әлемінде геосаясат деген ұғымның пайда болғаны белгілі. Бұл саясаттанушылар мен тарихшылар және басқа да ғалымдар үңіле зерттеп, ден қойып отырған ғылыми сала десек те болады. Тақырыптың өзегі өмір­шең және ауқымды. Әлемде болып жатқан түрлі құбылыстар мен оқиғалар өзінің шынайы себеп-салдарының, оның орын алуының мәнісімен жан-жақты зерттеуді және әлем өңірлеріндегі өзіне тән, одан тыс ерекшеліктерді мұқият зерделеп, салыстыра қарап, ой топ­шылауға жетелеп отыр. Қазақ­стан­дық саясаткерлер мен ғалым­дардың да назарын аударған мәселеде соны ізденістер бар.



Геополитика – империалистік буржуазияның отарлық езгі мен экономикалық экспансияны, агрессияшыл соғыстарды жақтайтын саяси доктринасы. Геополитиканың теориялық негізі буржуазиялық социология мен географиялық бағыттың әлеуметтік дарвинизмі мен мальтусшілдік ілімі. Геополитиканың негізгі мақсаты – географиялық ортаны құдіретке балау, империалистік мемлекеттер саясатының түпкі мәнін гоеграфиялық факторлар негізінде анықтау. Геополитика идеялары тұңғыш рет 1-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңында шыққан неміс географы Ф.Ратцельдің еңбектерінде кездеседі. Ол мемлекетті «өмірлік кеңістік» үшін күрес жүргізетін әлеуметтік организм деп түсіндірді, ал «Геополитика» деген терминді швед мемлекеттік мәселелерін зерттеуші Р.Челлен енгізген. «Геополитика» журналының төңірегіне топталған неміс социологтары мен экономистері және географтары бұл доктринаны саналы түрде герман фашизміне бағынышты етті. Герман империалистері агрессиялық саясатында геополитиканы неміс халқының «өмірлік кеңістікті» иемдену жолындағы «заңды күресі» деп қабылдады. Геополитика идеялары фашизмнің ұлттық-шовинистік және нәсішілдік теориясымен ұштасып жатады. АҚШ пен басқа елдердің империалистік топтары 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Геополитиканы қайтадан жандарды. Қазір Геополитика жоғары дамыған империалистік мемлекеттердің экономикалық және саяси-соғыстық экспансиясына идеологиялық негіз ретінде қызмет етіп отыр. Геополитиктер географиялық факторлардың ұқсас болуы салдарынан цивилизация типтерінің бірлігіне сүйене отырып, мемлекет аралық экономикалық бірлестіктердің қажеттігін дәлелдеуге, сондай-ақ дүниежүзілік социалистік жүйе мен жаңадан дамығын елдерді капиталистік елдерге қарсы қоюға тырысады. өздерінің экономикасы мен әскери күшіне сүйенген американ геополитиктері қазіргі кезде империалистердің агрессияшыл соғыстар жүргізіп, өзге халықтардың өміріне қол сұғуын арашалап қолдайтын «саяси географиядағы геобальдық тәсіл» деген принципті ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет