Гуманитарлық-заң факультеті



бет1/8
Дата08.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#6448
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТІК УНИВЕРСИТЕТІ


ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ

«Археология» пәні бойынша

оқу-әдістемелік кешені
5В011400 «Тарих» мамандығына арналған

1 курс


Семей - 2013

Құрастырушы: Қазақстан тарихы кафедрасының т.ғ.к., профессор Исин А.И.


Кафедра мәжілісінде бекітілген
«_____»__________ 2013 ж. Хаттама №____
Кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент: ____________ Мухамеджанова Р.Ж.

Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік кеңесінде талқыланды


«_____»__________ 2013 ж. Хаттама №____
Гуманитарлық-заң факультетінің оқу- әдістемелік

кеңесінің төрайымы,



Гуманитарлық-заң факультетінің Ғылыми кеңесінде бекітілді
«_____»__________ 2013 ж. Хаттама №____
Гуманитарлық-заң факультетінің деканы, т.ғ.к.: ___________ Мамырбеков А.М.

Мазмұны





  1. Пән бойынша глоссарий ……………………………………….....……… 4




  1. Пән бойынша жұмыс бағдарламасы ………………………....………….. 7




  1. Дәріс сабақтарының тезистері ………………………………….……… 22




  1. Семинар сабақтарына әдістемелік нұсқау ………………….…............ 42




  1. ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау ………………………………...… 47




  1. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау ……………………………………. 52




  1. Бақылау тапсырмалары ...............................…………………..…....…… 57


Глосарий
АРХЕОЛОГИЯ – «архайос»(гр)-көне, «логос»(гр)-ғылым.

АНТРОПОГЕНЕЗ – адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлімі.

АНТРОПОЛОГИЯ – адамның биологиялық жақтарын зерттейтін ғылым.

АБАШЕВ МӘДЕНИЕТІ – б.з.д. 2-мңжлд. Қола ғасырның мәдениеті /Орманды Дон, Еділ бойы, Орал тауы аймағы, Жайық өзенінің жоғарғы ағысы/.

АВСТРАЛОПИТЕК – «оңтүстік маймыл», 5,5 млн. жыл бұрын пайда болып, 1,5-2,0 млн жыл бұрын жойылып кеткен қазба адам алдындағы жан иесі. Бір түсініктерде – ең көне қазба адам. Ми сыйымдылығы 500-600 см3 дейін. Түрлері: бойс /зинджантроп/, африкалық. Дене бітімі жағынан өзінен кейінгі «шебер адамға» /габилиске/ жақын. Сүйек табылмалары – Шығыс және Оңтүстік Африка.

АЛЛЮВИЙ - өзендік қатпарлар. Жазықтағы аллювий құмдардан және ұсақ жыныстардан, таулық – малтатастар мен ірі жұмыртастардан тұрады.

АЗЫХ – Оңтүстік Кавказдағы ежелгі ертетас тұрағы бар үңгір.

АЛЬТАМИРА – Испаниядағы ертетас дәуірінің суреттері табылған үңгір /1879/.

АНАНЬИН МӘДЕНИЕТІ – Кама алқабының ертетемір мәдениеті.

АНАУ – Орта Азияның мыстытас мәдениеті.

АНГОБ – ұсақ топырақты езінді. Ыдысты күйдіру алдында ангобтау әдісі болған. Орта ғасырларға тән.

АНДРОНОВ МӘДЕНИЕТІ – Оңтүстік Орал, Батыс Сібірдің оңтүстігі, Қазақстан, Орта Азияның солтүстігіндегі орта қола мәдениеті.

АНТРОПОГЕН – геологиялық тарихтың соңғы кезеңі. Кайнозой эрасына кіреді, неогеннен кейінгі заман.

АРЖАН – б.з.д. 8-ғ. жататын патшалық қорған, Ұйық алқабында /Тыва/.

АРҚАЙЫМ – орта қола заманының бекіністі қонысы, протоқала. Қазіргі Челябі обл. жерінде.

АФАНАСЬЕВ МӘДЕНИЕТІ – Оңтүстік Сібірдегі мыстытас мәдениеті.

АШЕЛЬ – ежелгі ертетастың кезеңі және мәдениеті. Франциядағы мекен атымен аталған. Ғылымға 1885 жылы Мортилье енгізді. Ескі шелль атауын ығыстырды. Олдувайдан кейінгі және Мустьенің алдындағы мәдениет. Ашельде қолшапқы құралдары шықты.

БОРЕАЛ – голоценнің басқы кезеңінің бірі. 9,5-7,5 мың жыл бұрын.

БОТАЙ – Солтүстік Батыс Қазақстанның мыстытас қонысы.

ВЮРМ – соңғы мұздану дәуірі. 185 мың жыл бұрын басталып, 12 мың жыл бұрын аяқталған.

ГЕЙДЕЛЬБЕРГ АДАМЫ – «тік жүретін адам». Қалдықтары Германияда табылған. 300 мың жыл бұрын.

ГЕОМАГНИТТІ БАРЛАУ – магнит өлшегіш аспаптар арқылы жүргізілетін барлау түрі. Жер астындағы қыздырылған және қазылған топырақ қабаттары зерттеледі.

ГИССАР ТЕПЕ – Орта Азиядағы жаңатас мәдениеті.

ГНЕЗДОВО – ерте ортағасырлық варяг және славян ескерткіштері.

ГОЛОЦЕН – қазіргі геологиялық кезең. 12 мың жыл бұрын басталған.

ГОМИНИД – қазба адамдар мен қазіргі адамның ортақ тегі.

ГОМИНОИД – жоғарғы приматтар, жойылып кеткен және қазір де бар адамға жақын маймылдар.

ГОМО ГАБИЛИС – «шебер адам», олдувай адамы.

ГОМО САПИЕНС САПИЕНС – қазіргі адам, неоантроп.

ГОМО ЭРЕКТУС –«тік жүретін адам», оған жататындар: питекантроп, ланьтян адамы, синантроп, гейдельберг адамы.

ГОРОДЕЦ МӘДЕНИЕТІ – Шығыс Европа жазығындағы ертетемір мәдениеті.

ГРАВЕТТ – Батыс Европадағы ориньяктан кейінгі жоғарғы ертетас мәдениеті.

ДАРТ Раймонд – ағылшын археологы. Австралопитек қалдықтарын алғаш зерттеген ғалым /1924/.

ДЕНДРОУАҚЫТНАМА – ағаш қиындыларындағы жылдық сақиналарын есептеуге негізделген уақытнама әдісі.

ДНЕПР-ДОН МӘДЕНИЕТІ – ертетемір мәдениетінің бірі.

ДОЛЬМЕН – мегалиттік құрылыс. Беті тас тақтамен жабылады.

ДОМЕСТИКАЦИЯ – аңдарды қолға үйрету.

ДУНАЙ МӘДЕНИЕТІ – Орталық және Шығыс Европадағы жаңатас пен мыстытастың алғашқы егіншілік мәдениеті.

ДЬЯКОВ МӘДЕНИЕТІ – Еділ-Ока аралығындағы ертетемір мәдениеті.

ДЮКТАЙ МӘДЕНИЕТІ – солтүстік Сібірдегі жоғарғы ертетас мәдениеті.

ЕГИПТОПИТЕК – қазба адамдар түрі.

ЕЛОВ МӘДЕНИЕТІ – Батыс Сібірдің соңғы қола ғасыры мәдениеті.

ЖЕЙТУН – Орта Азиядағы жаңатастың ескерткіші және мәдениеті.

ЖОҒАРҒЫ ЕРТЕТАС – 40-12 мың жыл бұрынғы кезең. Қазіргі адамның өмір сүре бастаған кезеңі. Ұзынша жалпақтастар жасау техникасы үстемдік еткен. Аң аулау. Өнердің шығуы.

ЗАЙСАН МӘДЕНИЕТІ – Тынық мұхиттың Ресей жағалауындағы /Оңтүстік Приморье/ жаңатас мәдениеті.

ЗАРУБИНЕЦ МӘДЕНИЕТІ – Украинадағы ертетемір мәдениеті.

ЗИНДЖАНТРОП –австролоритектер түрі. М.Лики ашқан.

ИМЕРЕТИ МӘДЕНИЕТІ – Батыс Грузияның соңғы ертетас мәдениеті.

ИНГУМАЦИЯ - өртемей жерлеу.

ИРМЕН МӘДЕНИЕТІ – Батыс Сібірдің б.з.д. 9-7-ғғ. мәдениеті.

КӨНЕ ШҰҢҚЫР МӘДЕНИЕТІ – Жайықтан Днестрге созылған қола ғасыры мәдениеті.

КАЛИЙ-АРГОН ӘДІСІ – изотопты уақытнама әдісінің бірі. Ежелгі ертетасты зерттеуге қолданылады.

КАННЕЛЮРАЛАР – ыдыс бетіндегі сырылған арықшалар. Ыдыс өрнегінің бірі.

КАП ҮҢГІРІ – Башқұртстандағы ертетас суреттері сақталған үңгір.

КАТАКОМБА МӘДЕНИЕТІ – Днепр мен Еділдің төменгі ағысындағы қола ғасыры мәдениеті.

КЕЛТЕМИНАР МӘДЕНИЕТІ – Арал өңірінің жаңатас және мыстытас мәдениеті.

КЕРАМИКА – күйдірілген балшық ыдыс, қыш.

КИІККОБА – Қырымдағы мустье тұрағы.

ҚАРАБУРА – Орта Азияның ашель, мустье кезеңдеріндегі тұрағы.

ҚАРАТАУ – Тәжікстандағы ертетас тұрағы.

ҚАРАТАУ – Оңтүстік Қазақстандағы ертетас тұрақтары шоғырланған аймақ.

ҚАРАТЕПЕ – Түркиядағы ертетемір қонысы.

ҚИМА – ағаш бөренелерінен жасалған біріктірме құрылыс. Жерлеу камерасы.

КЛИВЕР – ертетастың ауыр салмақты ұрма құралы, салмақтас.

КЛЭКТОН – ежелгі ертетастың тасты жару мәдениеті. Қолшапқы әлі шықпаған кезеңдікі.

КОКАРЕВ МӘДЕНИЕТІ – Енисейдің соңғы ертетас мәдениеті.

КРЕМАЦИЯ - өртеп жерлеу.

КРОМАНЬОН АДАМЫ – қазіргі адамның Францияда 1868-ж. табылған сүйек қалдықтары.

КУДАРО – Оңтүстік Осетиядағы көпқабатты ашель-мустье тұрақтары.

КУКУТЕНИ - Румыния, Венгрия, Украина жеріндегі мыстытас мәдениеті.

КУЛАЙ МӘДЕНИЕТІ – Батыс Сібірдің ертетемір мәдениеті.

КУРА-АРАКС МӘДЕНИЕТІ – Кавказдың ерте қола мәдениеті.

КҮЛОБА – скиф көсемінің қорғаны. Б.з.д. 4-ғ.

КҮЛТЕПЕ – Орталық Түркиядағы қола ғасыры қаласының қалдықтары.

ҚОБЫСТАН - Әзірбайжандағы тастағы суреттер ескерткіші.

ҚОЛА ҒАСЫРЫ – археологиялық кезеңдеудегі үш дәуірдің бірі. Ерте, орта және соңғы қола болып бөлінеді. Б.з.д. 3-мңжлд. екі ж. – б.з.д. 1-мңжлд. басы.

ҚОРҒАН – жерлеу орнының үстіндегі үйінді. Қазақтарда оба деп те айтылады.

ҚЫЗЫЛОБА – Оңтүстік Қырымның соңғы қола мәдениеті.

ЛАНТЯН АДАМЫ – архантроптардың бір түрі. Янцзы өзені бойындағы мәдениет.

ЛЕВАЛЛУА – ертетастың тас құралдар жасау техникасы. Леваллуалық жалпақшалар және тасбақа тәрізді леваллуалық нуклеустар ашельдің соңы мен мустьеге тән.

ЛИКИ – Африкадағы алғашқы адамдар тұрақтарын зерттеген ғалымдар әулеті.

ЛИКИ, Луис – Африкадағы қазба адамдарды зерттеген ғалым.

ЛИКИ, Джонатан – Олдувай шатқалында габилис адамның қалдықтарын ашты /1960/.

ЛИКИ, Ричард – габилис адамдардың қалдықтарын табушы ғалым /1967-1968/.

ЛИКИ, Мэри – Олдувайда Бойс австралопитекті ашты /1959/. Луис Ликидің зайыбы.

ЛУЖИЦК МӘДЕНИЕТІ – Балтика мен Дунайға созылған соңғы қола – ертетемір мәдениеті.

ЛЬЯЛОВ МӘДЕНИЕТІ – Еділ-Ока аралығындағы жаңатас мәдениеті.

ЛЮСИ – австралопитектің бір түрі. Эфиопияда табылған. Зерттеуші – Джохансон.

МӘДЕНИ ҚАБАТ – адамның тұрмыс-тіршілігінің түрлі қалдықтарын сақтаған жер қыртысы.

НЕАНДЕРТАЛЬ АДАМЫ – палеоантроп адамы, алғаш 1856 ж. Германияда кейін басқа да аймақтарда да табылған. өмір с.рген уақыты – ш.а. 150-40 мың жыл бұрын. Адамның сапиенттік түріне жатады.

НЕОЛИТ – жаңа тас ғасыры, жаңатас. Б.з.д. 7-4 мңжлд. Ұсақтас өндірісінің үстемдік етуімен, тегіс және тесілген, геометриялық үлгідегі, симметриялық құралдардың, мал шаруашылығының және егіншіліктің шығуымен ерекшеленеді.

НЕОЛИТТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҢАТАС РЕВОЛЮЦИЯСЫ - өндіру шаруашылығының шығуына байланысты жүзеге асқан түбегейлі өзгерістер. Адам өмірі, тұрмыс-тіршілігінің ертетас пен ортатаспен салыстырғанда сапалық биікке көтерілуі, адамның жер қожайынына айналуы.

НИВЕЛИРЛЕУ – ескерткіш пен табылмалардың шартты 0-ден деңгейін /биіктігі мен төмендігін/ нивелир, теодолит, т.б. аспаптар арқылы өлшеу.

НУКЛЕУС - өзектас. Құралдарды өзектастардан сындырылып алынған қалақшалардан жасау дәстүрі ашельден басталады.

ТАС ҒАСЫРЫ – адамзат тарихының алғашқы дәуірі. Ертетас, ортатас, жаңатасқа бөлінеді. 2,6 млн. жыл бұрыннан бзд. 12-мңжлд. дейін созылады.

ТЕМІР ҒАСЫРЫ – қола ғасырынан кейінгі дәуір. Ертетемір және соңғы темір ғасырларына бөлінеді. Б.з.д. 1-мңжлд.

«ТІСТІ МУСТЬЕ» - «тісті» құралдар тән мустье мәдениеті.

ШАҚПАҚТАС – құралдар жасауға лайықты қатты тас түрі. Ертетас өндірісінде жиі қолданылған.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
Оқытушы туралы мәлімет:

Есенов Сырым Ғадылбекұлы – гуманитарлық ғылымдар магистры,

Байланыс телефоны: 53-37-63

Тарих кафедрасы, №2 оқу ғимараты



Кеңес беру уақыты: кесте бойынша

Пән бойынша мәлімет:

Пән атауы: «Археология»

Кредит саны - 1

Жалпы сағат саны – 90



Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр


Кредит саны

Дәріс

Тәжі

рибе


ОСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақыдау

1

2

2

15

15

15

45

90

емтихан


Пәннің пререквизиті: Алғашқы қоғам тарихы, Ежелгі дүние тарихы, Ежелгі Шығыс тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Ежелгі және және ортағасырлық Қазақстан тарихы, эпиграфика, нумизматика, палеография, өнер тарихынан жүйелі түсініктер мен бастапқы мағлұмат.

Пәннің постреквизиті: Курс материалдары негізінде ежелгі және ортағасырлық әлем тарихы, ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы, этнология, Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректемесі, өлкетану, нумизматика, эпиграфика, антропология, палеоклиматология, геология, геодезия, картография бойынша білім алынады және толықтырылады.

Пәнге қысқаша сипаттама: Археология ғылымы, оның жеке салалары мен бөлімдері, археологиялық деректемелер мен ескерткіштер, оларды зерттеу әдістері туралы түсініктер. Археологиялық дәуірлер мен кезеңдердің сипаттамалары, Қазақстан және өзге аймақтардағы археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктері, қазақстандық ірі археологиялық ескерткіштер және олардың зерттелу тарихы.

Пәннің мақсаты: Археология пәнін оқытудың басты мақсаты археологиялық деректердің негізінде арғы дәуірлердегі адамзаттың дамуын көрсету. Археологиялық мәдениеттермен таныстыру. Археологиялық зерттеу әдістерін қарастыру.

Археология ғылымы ең көне замандардан соңғы орта ғасырларға дейінгі аралықты танып білуге және ғылыми тұрғыдан түсінудің негізін жасайды. Археология ғылымының Қазақстан тарихын толыққанды қарастыруда алатын орны зор екенін ескеру қажет. Археологиялық деректемелер еліміздің тарихына қатысты жазбаша деректерді де едәуір дәрежеде толықтыра алатындығы анық.



Пәннің міндеттері: Археология пәнінің міндеттері көп. Археологиялық дәуірнама, археологиялық деректемелер мен ескерткіштер туралы түсініктерді жеткізу, зерттеу әдістерін, жаңа зерттеу салаларын үйрету, Қазақстан территориясындағы археологиялық мәдениеттермен таныстыру, археологиялық зерттеулерді, олардың нәтижелерін баян ету, тағы сондай көптеген мәселелерді қарастыру жоспарланады. Сол сияқты, әлемдік және достастық елдеріндегі археология ғылымының дамуы жөнінде де мағлұматтар беріледі.

Курсты оқыту кезінде археология бойынша бірқатар тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі, солардың ішінде археологиялық барлау жүргізу әдістері, ескерткіштердің жоспарын сызу, геодезиялық аспаптармен жұмыс істеуге үйрену, артефакттардың суреттерін салу, оларды фото және видеобейнеге алу қағидалары, заттарды және ескерткіштерді дұрыс сақтау, қорғау және қалпына келтіру жұмыстары үйретіледі.



Жеке тарих ғылымдары –тарихнама, деректану, антропология, эпиграфика, нумизматика, этнология, тарихи өлкетану және т.б. тарих және өнертану, жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра, пәннің ерекшелігін және оның дамуын көрсету. Студенттерді ғылыми тілді меңгеруге үйрету, ғылымның іргелі ойларын игеруге дайын00дау.
Курсты оқып-үйрену барысында студенттер:

Білуі керек. Студент аталған пәнді оқу барысында археологияның теориялық методологиялық проблемаларын, археологиялық кезеңдер, археологиялық зерттеудің әртүрлі әдістері мен теорияларын, қазақ халқының көне тариын және жәдігерлерін, дәстүрлі мәдениеті жөніндегі іргелі проблемаларын біліп үйренеді.

Істей алуы керек:

  • пән бойынша студенттер деректер мен тарихнамалық ғылыми еңбектермен танысып, археологияға қатысты түсініктер мен атауларды зерделей білуі керек;

  • материалдық мәдениетті оқу мен зерттеудегі археология ғылымының маңыздылығын білуі керек;

  • археологиялық ескерткіштерге анализ жасауды.

  • археология ғылымының жалпы және жекеленген мәселелерінің ғылыми түсініктемелерін талдауды үйреніп игеру.

Алатын біліктілігі:

  • Археология пәнінің мақсат-міндеттерін жете түсіне отырып, оны оқып-игеруі;

  • Орталық Азия мен Қазақстан территориясында орналасқан архитектуралық ескерткіштердің кезеңдері, ерекшеліктері, дамуы туралы жан-жақты білімді меңгереді;

  • Архитектура мен археологияның теориялық және қолданбалы саласында іргелі білімді пайдалана алады;

  • өз бетімен шешім қабылдау, борышкерлікті, жеке және ұжымдық жауапкершілікті сезіну.


Курстың тақырыптық жоспары




Тақырыптың атаулары

Сағат саны

Дәріс

Сем.

ОСӨЖ

СӨЖ



Археология ғылымы және оқу пәні

1




1






Археология зерттеулерінің тарихы




1




3



Археологиялық деректемелер және ескерткіштер

2




2






Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері




1




3



Археологиялық зерттеу әдістері

2




2

3



Тас ғасырының археологиясы




2




3



Мәдени қабат және стратиграфия

2




2






Қазақстандағы қола ғасыры




2




3



Ескерткіш жоспарлары мен сызбалары. Дала күнделігі

1




1

3



Қазақстандағы ертетемір




1




3



Археологиялық уақытнама әдістері

2




2






Сақ мәдениеті




2




3



Тас ғасыры ескерткіштерін іздеу және барлау

1




1

3



Үйсін мен қаңлы екерткіштері




1




3



Қола ғасыры ескерткіштерін іздеу және барлау

1




1

3



Ежелгі түркілердің археологиясы




2




3



Жерлеу орындарын іздеу және барлау

1




1






Ортағасырлық түркілер археологиясы




1




3



Тасқа салынған суреттерді іздеу және олардың көшірмесін алу

1




1






Ортағасырлық Қазақстан қалалары




2




3



Ежелгі және ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді іздеу және барлау

1




1

3




Барлығы

15

15

15

45



Дәріс тақырыптары

1 тақырып. Археология ғылымы және оқу пәні – 1 сағат.

    1. Археология ғылымы және оның қалыптасуы

    2. Археология пәні

    3. Археология ғылымының салалары мен бөлімдері

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  3. Амальрик А.С., Монгайт А.Л. Что такое археология М., 1966.

  4. Брей, У., Трамп, Д. Археологический словарь. М., 1990.




2 тақырып . Археологиялық деректемелер және ескерткіштер – 2 сағат.

  1. Археологиялық деректемелер

  2. Археологиялық ескерткіштер

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  5. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.




3 тақырып. Археологиялық зерттеу әдістері – 2 сағат.

  1. Археологиялық барлаулар

  2. Қазба жұмыстары

Әдебиеттер:

  1. Методы полевых археологических исследований М., 1983

  2. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  3. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  4. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  5. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.




4 тақырып. Мәдени қабат және стратиграфия – 2 сағат.

  1. Мәдени қабат туралы түсінік.

  2. Археологиялық стратиграфия.

  3. Ашық және жабық кешендер

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  4. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  5. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.




5 тақырып. Ескерткіш жоспарлары мен сызбалары. Дала күнделігі – 1 сағат.

  1. Жоспарлар

  2. Тілік (кесік) сызбалары

  3. Дала күнделігі

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.




6 тақырып. Археологиялық уақытнама әдістері – 2 сағат.

1.Археологиялық уақытнама әдістерінің негізгі түрлері.



  1. Радиоизотоптық уақытнама және радиокарбондық әдіс.

  2. Калий-аргон әдісі.

  3. Дендроуақытнама.

  4. Археомагниттік және термолюминесценттік әдістер.

Әдебиеттер:

  1. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  2. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  3. Першиц А.Н., Монгайт История первобытного общества. М.1975г.

  4. Методы полевых археологических исследований М., 1983.




7 тақырып. Тас ғасыры ескерткіштерін іздеу және барлау – 1 сағат.

  1. Ежелгі ертетас ескерткіштері

  2. Соңғы ертетас ескерткіштері

  3. Жаңатас ғасырының ескерткіштері

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  5. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А., 1979.

  6. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС А., 1987.




8 тақырып. Қола ғасыры ескерткіштерін іздеу және барлау – 1 сағат.

  1. Ежелгі ертетас ескерткіштері

  2. Соңғы ертетас ескерткіштері

  3. Жаңатас ғасырының ескерткіштері

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.

  2. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  3. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  4. Маргулан А., Акишев К., Оразбаев А., Кадырбаев М. Древняя культура Центрального Казахстана А., 1966.

  5. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бута в І в.в Западном Казахстане. М.-Л., 1962.

  6. Черников С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М., 1960.




9 тақырып. Жерлеу орындарын іздеу және барлау – 1 сағат.

  1. Жерлеу шұңқырлары мен тас қоршаулар

  2. Обаларды іздеу

Әдебиеттер:

  1. Акишев К.А., Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1984.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А-Ата. 1994.

  3. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  4. Кадырбаев М., Курманкулов Ж. Культура скотоводов и металлургов Сары-Арки. А., 1992.

  5. Черников С. Загадка Золотого кургана М., 1965.

  6. Өмірбекова М. Скифтер мен сақтар мәдениеті. А., 2003.




10 тақырып. Тасқа салынған суреттерді іздеу және олардың көшірмесін алу – 1 сағат.

  1. Тасқа салынған суреттерді іздеу

  2. Тасқа салынған суреттердің көшірмесін алудың әдстері

Әдебиеттер:

  1. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  2. Самашев З.С. Наскальные изображения Верхнего Прииртышья. А., 1992.

  3. Кадырбаев М.К., Марьяшев А.К. Наскальные изображения хребта Каратау. А., 1977.

  4. Максимова, Ермолаева, Марьяшев. Наскальные изображения урочища Тамгалы. А., 1985.

  5. Медоев А.Г. Гравюры на скалах. А., 1979.




11 тақырып. Ежелгі және ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді іздеу және барлау – 1 сағат.

  1. Елді мекендер мен бекіністер

  2. Қарауыл мұнаралар мен қарауыл төбелер

  3. Ежелгі және ортағасырлық қалалар

Әдебиеттер:

  1. Байпақов К.М. Қазақстанның ежелгі қалалары. А., 2005.

  2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (ХІ- начало УІІ вв.) А., 1986.

  3. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  4. Самашев З. С. Сарайшық. А., 2001.

  5. Акишев К.А., и др. Отрар в ХІІІ-ХҮ вв. А., 1987.





СЕМИНАР САҒАТТАРЫ
Семинар 1. Археология зерттеулерінің тарихы

  1. ХҮІІІ ғ. зерттеулер

  2. ХІХ-ХХ ғғ. Зерттеулер

Әдебиеттер:

  1. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  3. Исин А.И. Шыңғыстау, Берел, Шілікты, Абыралы: 1999-2003 жж. Археологиялық зерттеулер. Семей, 2004.

  4. Қазақстан тарихы. А., 1-том. 2010.


Семинар 2. Археологиялық ескерткіштер және олардың түрлері

  1. Петроглифтер

  2. Қоныстар

  3. Тұрақтар (үңгірлер)

  4. Жерлеу орындары

  5. Қалалар мен елді мекендер

Әдебиеттер:

  1. Авдусин Д. Археология. М., 2001

  2. Мартынов А.И. Археология СССР М., 1982.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  1. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.


Семинар 3 тақырып. Тас ғасыры археологиясы

  1. Тас ғасыры және оның хронологиялық кезеңдері.

  2. Төменгі ертетас дәуірнамасы мен сипаттамасы.

  3. Қазба адамдар тарихы.

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Авдусин Д.А. Полевая археология СССР М., 1980.

  3. Гарди Жан-Клод . Теоретическая археология М., 1983.

  4. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  5. Алпысбаев Х.А. Памятники нижнего палеолита Южного Казахстана А., 1979.


Семинар 4. Қазақстандағы қола ғасыры

  1. Қола ғасырының дәуірнамасы мен сипаттамасы

  2. Орталық Қазақстан ескерткіштері

  3. Шығыс Қазақстан ескерткіштері

  4. Солтүстік және Солтүстік Батыс Қазақстан

  5. Арал өңірі, Онтустік Қазақстан мен Жетісудағы қола

  6. Егіншілік, тау – кен ісі мен металлургия құралдары

  7. Қола ғасырының ескерткіштері

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Елеуов М. Археологиялық зерттеулердің әдістері. Түркістан, 2006.

  3. Археология зарубежной Азии М., 1986.

  4. Маргулан А., Акишев К., Оразбаев А., Кадырбаев М. Древняя культура Центрального Казахстана А., 1966.

  5. Сорокин В.С. Могильник бронзовой эпохи Тасты-Бута в І в.в Западном Казахстане. М.-Л., 1962.

  6. Черников С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы. М., 1960.


Семинар 5. Қазақстандағы ертетемір

  1. Тасмола мәдениеті

  2. Майенер, Берел, Құлажорға ескерткіштері

  3. Солтүстік және Солтүстік – Батыс Қазақстанның ертетемірі

  4. Арал аймағындағы ертетемір

  5. Онтүстік Қазақстан мен

  6. Жетісудың ертетемірі ескерткіштері

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

  3. Өмірбекова М. Скифтер мен сақтар мәдениеті. А., 2003.

  4. Самашев З., Жумабекова Г., Базарбаева Г., Сунгатай С. Берел. А., 2000.

  5. Черников С. Загадка Золотого кургана М., 1965.


Семинар 6. Сақ мәдениеті

  1. Сақ ескерткіштері

  2. Бесшатыр қорғаны

  3. Есік қорғаны

  4. Берел обалары

  5. Сақтардың тұрмыс заттары мен әшекейлері

  6. Сақтардың құралдары мен қарулары

  7. Сақ қоныстары

Әдебиеттер:

  1. Акишев К.А., Акишев А.К. Искусство и мифология саков. А., 1984.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  3. Акишев К.А. Курган Иссык. М., 1978.

  4. Өмірбекова М. Скифтер мен сақтар мәдениеті. А., 2003.

  5. Самашев З., Жумабекова Г., Базарбаева Г., Сунгатай С. Берел. А., 2000.

  6. Черников С. Загадка Золотого кургана М., 1965.


Семинар 7. Үйсін мен қаңғұй екерткіштері

  1. Уйсін ескерткіштері

  2. Қаңғұй ескерткіштері

  3. Еңбек құралдары

  4. Қарулары

  5. Тұрмыс заттары мен әшекейлері

Әдебиеттер:

  1. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  2. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций А., 1989

  3. Грач А.Д. Древние кочевники в центре Азии А., 1980.


Семинар 8. Ежелгі түркілердің археологиясы

  1. Ежелгі түркілер ескерткіштері.

  2. Түркі молалары

  3. Түркі қарулары мен тұрмыс заттары.

  4. Тас тұғырлар

Әдебиеттер:

  1. Археологические памятники Казахстана А., 1977.

  2. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  3. Досымбаева А. Мерке – священная земля тюрков Жетысу. А., 2002.

  4. Ермоленко Л.Н. Каменные изваяния Казахстанских степей. Н., 2004.

  5. Шер Я. Каменные изваяния Семиречья. М., 1966.


Семинар 9. Ортағасырлық түркілер археологиясы

  1. Жерлеу ғурпы

  2. Тас тұғырлар

  3. Қарулары

  4. Тұрмыс заттары мен әшекейлері

  5. Ат әбзелдері

Әдебиеттер:

  1. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций А., 1989

  2. Бернштам А.К. Историко-археологические очерки Центрального Тянь-Шаня и Памиро-Алая М.-Л., 1952.

  3. Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К., Жумаганбетов Т. Археология Казахстана. А. 1994.

  4. Досымбаева А. Мерке – священная земля тюрков Жетысу. А., 2002.

  5. Ермоленко Л.Н. Каменные изваяния Казахстанских степей. Н., 2004.


Семинар 10. Ортағасырлық Қазақстан қалалары

  1. ҮІ-ҮІІ ғғ. қалалар

  2. ХІІІ-ХҮ ғғ. қалалар

  3. ХҮІ-ХІІІ ғғ.қалалар

  4. Отырардағы қазба жұмыстары

  5. Ортағасырлық Қазақстанның сәулет өнері ескерткіштері

Әдебиеттер:

  1. Акишев К.А., и др. Отрар в ХІІІ-ХҮ вв. А., 1987.

  2. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья (ХІ- начало УІІ вв.) А., 1986.

  3. Байпақов К.М. Қазақстанның ежелгі қалалары. А., 2005.

  4. Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века А., 1985.

  5. Самашев З. С. Сарайшық. А., 2001.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет