Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»



бет4/11
Дата05.11.2016
өлшемі2,46 Mb.
#403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Наградалары :


Соғыс кезінде -11-

  • 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;

  • 1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;

  • 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды

Соғыстан кейін

  • 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен

  • КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637).

  • 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

Бауыржан Момышұлы туралы :


  • 1967 «За нами Москва», Режисеері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев

  • 2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Қалила Нематұлы Омаров

  • Аңыз бен Ақиқат - авторы Әзілхан Нұршайықов

  • Волоколамск тас жолы - авторы Александр Бек

  • Восхождение к отцу - авторы Бақытжан Момышұлы

  • Во имя отца - авторы Бақытжан Момышұлы

  • Сыновья великого волка - авторы Бақытжан Момышұлы

  • Шуақты күндер - авторы Зейнеп Ахметова

Қызықты деректер:


Ұлы Отан соғысы жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері :

  • Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ.

  • Тәртіпке бас иген құл болмайды!

  • Отаның үшін отқа түс, күймейсің!

  • Ептілік пен ерлік – ерге тән қасеиет!

  • Тәрбиелі – тәріптің құлы, тәртіпті елдің құлы!



-12-
Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. 
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.

Батыр наградалары


Соғыс кезінде 1942 жылы 6 маусымда — «Қызыл ту» орденімен 1944 жылы 6 маусымда — «Москваны қорғағаны үшін» медалімен 1945 жылы шілдеде- 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды 1970 жылы «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен 1980]] «Халықтар достығы]]» орденін иеленген КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941–1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді. 2000 ж «Ғасыр адамы» деп танылды

Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.

Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б. Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.

Каталог: rus -> all.doc
all.doc -> Өмірбаяны байбатша Ә. Б
all.doc -> Ғылыми кітапхананың 2011-2012 оқу жылы маусым айына жоспарланған іс-шаралар кестесі
all.doc -> Ғылыми кітапхана
all.doc -> Библиографиялық құралдар құрастыру Кеңес Библиографиялық құрал
all.doc -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
all.doc -> Литература на электронных носителях Научной библиотеки Таргу им. М. Х. Дулати
all.doc -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс
all.doc -> Қазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері
all.doc -> Имени м. Х. Дулати


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет