Халық ағарту ісінің дамуы Разия Джақсылыққызы джақсылықова, Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің



Дата01.05.2017
өлшемі59,88 Kb.
#15362
түріСабақ
Халық ағарту ісінің дамуы
Разия Джақсылыққызы

ДЖАҚСЫЛЫҚОВА,

«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

1 орта мектебі» КММ,



І санатты тарих пәнінің мұғалімі.

Таран ауданы, Қостанай облысы.
Сабақтың тақырыбы: Халық ағарту ісінің дамуы.

Сабақтың мақсаты: білімділік: Қазақстанда ағарту ісінің дамуы, орысша –қазақша оқытылатын мектептердің ашылуы туралы түсінік беру.

дамытушылық: Оқушыларды тарихи оқиғаларға қорытынды жасауға дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, білімге құштарлығын арттыру.

тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас сабақ.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, топтық, жарыс сабақ.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, жұмыс дәптері,

Көрнекілігі: карта, слайд, тірек-сызбалар, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: география

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныпты екі топқа бөлу.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

І. «Кім тез!»

1. патша қазақтар арасында саяси билігін нығайту үшін қандай шара істеді? (Іле өңірінде әскери күштерді молайтып, керуен жолдарын бақылауға алды)

2. 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқаруды патша үкіметі кімге тапсырды? (Шайтановқа)

3. Ресейдің күшін қоқандықтардың озбырлықтарынан құтқарушы ретінде қарсы алғандар кімдер? (Сұраншы батыр, Шаян батыр, Жанақ би т.б.)

4. қыркүйек айында құлаған Жетісудағы Қоқан ханының тірегі .... (Пішпек)

5. Ресей мен Англия арасында Орта Азия үшін алауыздық қашан күшейді? (ХІХ ғасырдың 50 жылдың аяғы мен 60 жылдың басында)

6. Хиуа, Бұқар хандықтарымен орыс әскерлеріне қарсы тұру үшін одақ жасаған Қоқан ханы кім? (Әлімқұл хан)

Тақырыптағы жылдар мен оқиғалар әр топқа семантикалық карта арқылы берілді.



ІІІ. Жаңа сабақ:

ХІХ ғасырың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі негізінен шәкірттерге “Шариғат – ұл - иман” (Мұсылман дінінің ережелері), “Әптиек” (Құранның жетіден бір бөлігі) сияқты діни мазмұндағы кітаптарды, ислам дінінің қағидаларын үйретумен шектелді. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен “мұғалімге” арнаулы куәлігі бар адамдар тартылды. Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы Омбы, Орынбор, Семей, Орал және басқа қалаларда орысша сабақ өткізілетін мектептердің ашылуына байланысты болды. (Тақырыптағы негізгі оқиғалар 4-5 слайдта көрсетіледі.)

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірі мен тарихында, шығармашылығында орыс мәдениетінің тамаша өкілдерінің бірі В. И. Даль есімі ерекше орын алады. Ол 1839 – 1840 жылдары орыс әскері қатарында Хиуа жорығына қатысты. Сонымен бірге 1836 – 1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлына жанашырлық білдірді. Ол “Бекей мен Мәулен” повесін жазды онда Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттады.

Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин 1833 жылы 1773 -1775 жылдардағы Е.П.Пугачев бастаған шаруалар соғысы туралы зерттеу үшін Орынборда болды.“Пугачев тарихында” Еділ мен Жайық арасында көшіп жүрген тайпа ордаларына (қазақтарға) көңіл аударды. Оралда А.С.Пушкин “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” поэмасымен танысты. ХІХ ғасырдың 20 – 40 жылдарында Қазақстанды зерттеудің жаңа кезеңі басталды.

- 1848 – 1849 жылдары Г.С.Карелиннің Каспий теңізіне және капитан – лейтенант А. Бутковтың Арал теңізіне жасаған экспедициялары қазақ даласын зерттеудегі үлкен бетбұрыс болды.

- Олар Сырдария өзенінің жағалауларын картаға түсірді.



- Арал теңізі мен оған құятын сол Сыр өзенінің тереңдігін анықтады, картада белгіледі.

Бекіту сұрақтары:

  1. Кіші Орда ханы Жәңгір қашан мектеп ашты?

  2. Қай жылы қазақ даласында жергілікті халықтардан тілмаштар даярлайтын Азиялық училище қашан ашылды?

  3. Сібір кадет корпусы қашан құрылды?

  4. 1836 жылы қандай училище ашылды?

Сабаққа қорытынды. Дискуссиялық өрнек  (Келісемін Келіспеймін) №1



оқиғалар

Келісемін

Келіспеймін

1

Ірі медреселерде сабақ араб тілінде жүргізілді

+




2

1844 жылы Сібір кадет корпусы ашылды




+

3

«Бекей мен Мәулен» повесін А. С. Пушкин жазды




+

4

1836 жылы Өскеменде училище ашылды

+




Дискуссиялық өрнек  (Келісемін Келіспеймін) №2



оқиғалар

Келісемін

Келіспеймін

1

Білімін жетілдіру үшін ата –аналар балаларын Бұқар, Самарқан, Хиуа, Ташкентке жіберді

+




2

А. С. Пушкин «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» поэмасымен жазды




+

3

В. И. Даль сегіз жыл Орынборда болды.

+




4

А. Бутковтың Арал теңізіне экспедиция жасады.

+




С т р а т е г и я л ы қ с ұ р а қ т а р №1

  1. ХІХ ғасырдың басында Қазақстанда ағарту ісі қалай жүргізді? («Шариғат –ұл-иман», «Әптиек» сияқты діни мазмұндағы кітаптарды үйретумен шектелді)

  2. Қазақстанда жаңа оқу жүйесінің дамуы неге байланысты болды? (Омбы, Орынбор,Семей, Орал т.б.қалаларда орысша сабақ беретін мектептердің ашылуына байланысты)

  3. Орынбор губернаторының ықпалымен ашылған мектептің мақсаты қандай болды? (губерния үшін қызметкер даярлауды)

  4. Қазақтарға орысша білім беретін мектептердің ашылуының нәтижесі қандай?

С т р а т е г и я л ы қ с ұ р а қ т а р №2

  1. Орынборда сегіз жылболғанда В. И. Даль немен шұғылданды? (түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды)

  2. А. С. Пушкин Орынбор өлкесіне не себепті келді?

  3. Г.С.Карелин, А.Бутков қай жерді зерттеді? (Каспий, Арал теңізін)

  4. Қазақ жерін топографиялық зерттеу жүргізіп, табиғи байлықтарын кімдер анықтады? ( Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцев, П.И.Небольсин)

Үйге тапсырма: 18-ші тақырыпты оқу, хронологиялық кесте жазып келу.

Рефлексия:

  • Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

  • Қандай тілектерің бар?

Каталог: mugalimderge -> asik%20sabaktar
asik%20sabaktar -> «Денсаулық – зор байлық» Ұлдай Алиғапарқызы абдуллина, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
asik%20sabaktar -> Сабақтың тақырыбы Тіктөртбұрыштың (шаршының) ауданы Жалпы мақсаты
asik%20sabaktar -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үш жазықтықта проекциялау арқылы бұйымдарды талдауға үйрету
mugalimderge -> Биік таулар: Алтай тауы Сауыр- тарбағатай Тянь-Шань тауы Жоңғар Алатау Алтай тауы
asik%20sabaktar -> «сан есімді қайталау» Ұлмекен Мақсұтқанқызы НҰРҒалиева, «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
asik%20sabaktar -> «бейорганикалық Қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар» Сауле Айтуарқызы ильясова «Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет