Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



бет8/26
Дата31.12.2019
өлшемі404,27 Kb.
#54975
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

74-бап. Бедеуліктен емделу
      1. Азаматтар денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларда қауіпсіз және тиімді әдістермен, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат еткен ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалана отырып, олардың тиімділігін, қолданудың оңтайлы мерзімдері, ықтимал асқынулар, медициналық және құқықтық салдарлар туралы толық әрі түбегейлі ақпаратты және олардың ағзаға әсер етуіне қатысты өзге де мәліметтерді міндетті түрде ала отырып, бедеуліктен емделуге құқылы.
      2. Тіркелген некеде тұрған азаматтар ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын өзара келісім бойынша гана пайдалануға құқылы.
      3. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалануға келісім берген азаматтар ата-аналардың болашақ баланы тәрбиелеуге және асырауға қатысты тең құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
75-бап. Жасанды инсеминация, жасанды ұрықтандыру және
эмбрионды имплантациялау
      1. Әйелдер жасанды инсеминацияға (ұрықтандыру мақсатында жатырға еркектің жыныстық клеткаларын жасанды түрде енгізу), жасанды ұрықтандыруға және эмбрионды имплантациялауға құқылы.
      2. Ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын (жасанды инсеминацияны, жасанды ұрықтандыруды және эмбрионды имплантациялауды) жүргізудің тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      3. Жыныспен байланысты аурулардың тұқым қуалау мүмкіндігі жағдайларын қоспағанда, ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологияларын пайдалану кезінде болашақ баланың жынысын таңдауға жол берілмейді.
      4. Адамның эмбрионын коммерциялық (сатып алу-сату), әскери және өнеркәсіптік мақсаттар үшін алуға болмайды.
76-бап. Құрсақ ана (суррогат ана) болу
      1. Құрсақ ана (донорлық эмбрион енгізілгеннен кейін ұрықты көтеріп жеткізетін әйел) болу құрсақ ана (суррогат ана) мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт бойынша, сыйақы төлеп не онсыз бала көтеруді және уақытынан бұрын босану жағдайларын қоса алғанда, бала тууды білдіреді.
      2. Құрсақ ана (суррогат ана) болғысы келетін әйел шарт жасасуға дейін құрсақ ана (суррогат ана) болу әдісін қолдануға шешім қабылдаған адамдарға өзінің дене, психикалық және ұрпақты болу денсаулығы, сондай-ақ медициналық-генетикалық тексеру нәтижелері туралы толық ақпаратты беруге міндетті. Құрсақ ананың (суррогат ананың) медициналық, соның ішінде медициналық-генетикалық тексеруден өтуіне байланысты материалдық шығыстарды онымен шарт жасасатын адамдар көтереді.
      3. Балалы болғысы келетін адамдар мен эмбрионды имплантациялау әдісін қолдануға өз келісімін берген әйел арасындағы келісім құрсақ ана (суррогат ана) болу шарты болып табылады.
      Құрсақ ана (суррогат ана) болу шартында:
      1) балалы болғысы келетін адамдардың және құрсақ ана (суррогат ана) болуға тілек білдірген әйелдің деректері;
      2) құрсақ ананы (суррогат ананы) күтуге арналған материалдық шығыстарды төлеудің тәртібі мен шарттары;
      3) тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі;
      4) құрсақ ана (суррогат ана) өзі туған баланы өзімен шарт жасасқан адамдарға беруден бас тартқан жағдайда оған қатысты, сондай-ақ осы адамдар баланы алудан бас тартқан жағдайда оларға қатысты шарттар мен шаралар;
      5) тараптардың келісімі бойынша айқындалатын өзге де шарттар қамтылуға тиіс.
      Құрсақ ана (суррогат ана) болу шарты жазбаша нысанда жасалады және нотариаттық куәландыруға жатады, құрсақ ана (суррогат ана) болу туралы шарт құрсақ ана (суррогат ана) жүктілік режимін әдейі бұзған жағдайда бұзылуы мүмкін.
      4. Құрсақ ана (суррогат ана):
      1) жүктіліктің ерте мерзімінде (он екі аптаға дейін) медициналық есепке тұруға;
      2) ұдайы дәрігердің байқауында болуға және оның ұсынымдарын қатаң орындауға;
      3) өз денсаулығының жай-күйін ұдайы қадағалауға;
      4) өзімен шарт жасасқан адамдарды жүктіліктің өтуі туралы хабардар етуге міндетті.
      Құрсақ ананың (суррогат ананың) өзі туған баланы өзімен шарт жасасқан адамдарға беруден бас тартуға, сол сияқты баланы өзге адамдарға беруге құқығы жоқ.
      5. Құрсақ ана (суррогат ана) болу әдісін қолдануға шешім қабылдаған адамдар оның қолданылуына, сондай-ақ құрсақ ананың (суррогат ананың) жүктілік, босану кезеңінде және босанғаннан кейін елу алты күн (асқынған босану немесе екі және одан көп бала туу жағдайында - күнтізбелік жетпіс күн) ішінде сауығуына байланысты материалдық шығыстарды көтереді.
      6. Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда өздері құрсақ ананы (суррогат ананы) медициналық тексеруге, ұрпақты болудың қосалқы технологияларын қолдануға, сауықтыруға жұмсаған материалдық шығыстарды, өзге де шығындарды, сондай-ақ сыйақы болған жағдайда, оның сомасын құрсақ анадан (суррогат анадан) талап етуге құқығы жоқ.
      Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан кезде және құрсақ ана (суррогат ана) баланы қабылдаған кезде бұл адамдар құрсақ анаға (суррогат анаға) шартта белгіленетін мөлшерде және тәртіппен өтемақы төлеуге міндетті.
      7. Құрсақ анамен (суррогат анамен) шарт жасасқан адамдар баладан бас тартқан жағдайда аналық құқық құрсақ анада (суррогат анада) болады.
      8. Құрсақ ана (суррогат ана) баланы оның ата-анасына бергеннен кейін бұл балаға деген барлық құқықтарынан айырылады.
77-бап. Жыныстық клеткалар донорлығы
      Он сегіз жастан отыз бес жасқа дейінгі, тәні мен психикасы сау, медициналық-генетикалық тексеруден өткен азаматтар жыныстық клеткалардың доноры болуға құқылы.
      Донорлардың өздерінің донорлық жыныстық клеткаларының кейінгі тағдыры туралы ақпаратқа құқығы жоқ.
      Донорлықты жүргізудің және жыныстық клеткаларды сақтау тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
78-бап. Контрацепцияны пайдалану
      1. Азаматтар контрацепция әдістері мен құралдарын, соның ішінде медициналық контрацепция әдістері мен құралдарын таңдауға, сондай-ақ олардан бас тартуға құқылы.
      2. Азаматтарға денсаулығы жай-күйін, жасын және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, контрацепцияның қолайлы әдістері мен құралдарын жеке таңдау жөнінде медициналық-әлеуметтік, консультациялық көмек көрсетіледі.
79-бап. Хирургиялық стерилизациялау
      1. Қаламаған жүктілікті болдырмау әдісі ретінде хирургиялық стерилизациялау отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтар мен азаматтың келісімі болған жағдайда - жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.
      2. Хирургиялық стерилизациялауды денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның қайтымсыздығы туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
      3. Азаматтарды хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің және жүктілікті жасанды түрде үзудің тәртібі мен шарттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
80-бап. Жүктілікті жасанды түрде үзу
      1. Әйел жүктілікті жасанды түрде үзуге құқылы.
      Жүктілікті жасанды түрде үзудің алдын алу мақсатында дәрігерлер моральдық-этикалық, психологиялық және теріс физиологиялық салдарларды, ықтимал асқынуларды түсіндіруге бағытталған әңгімелер өткізуге міндетті.
      2. Жүктілікті жасанды түрде үзу - әйелдің қалауы бойынша жүктіліктің он екі аптаға дейінгі мерзімінде, әлеуметтік айғақтар бойынша - жүктіліктің жиырма екі аптаға дейінгі мерзімінде, ал жүкті әйелдің өміріне қатер төндіретін медициналық айғақтар және оның келісімі болған жағдайда - жүктіліктің мерзіміне қарамастан жасалады.
      3. Кәмелетке толмағандардың жүктілікті жасанды түрде үзуі олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
      4. Емдеу-профилактикалық ұйымдарда әйелдің қалауы бойынша жүктілікті жасанды түрде үзуге дейін және одан кейін, контрацепция әдістері мен құралдарын жеке таңдауды қоса алғанда, медициналық-әлеуметтік консультация өткізіледі.
      5. Абортты заңсыз жасау Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
15-тарау. Туберкулезбен ауыратын адамдарға
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
81-бап. Туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек
көрсету
      1. Туберкулезбен ауыратын адамдар міндетті түрде медициналық
бақылауға және емдеуге жатады, тегін медициналық көмектің кепілді
көлемі шеңберінде қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.
      2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар міндетті түрде ауруханаға жатқызылып, емделуге және оңалтылуға тиіс.
82-бап. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп
танудың тәртібі
      1. Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады, яғни
туберкулездің бактерияларын сыртқы ортаға шығаруына байланысты
қауіп төндіретін науқас деп тануды, зертханалық және құралдық
зерттеулердің нәтижесін ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымы жүзеге
асырады.
      Азаматты туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп тану
мақсатында медициналық тексеру жүргізу тәртібін Қазақстан
Республикасының азаматтар денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті
мемлекеттік орган белгілейді.
      2. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауырады деп танылған азамат денсаулық сақтау ұйымының шешіміне оның жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдана алады.
83-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды
мәжбүрлеп емдеуге жіберудің негізі мен тәртібі
      1. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеуге олардың дәрігер тағайындаған емдеуден бас тартуы негіз болып табылады.
      Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтаратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы шешімді денсаулық сақтау (органының) органдарының ұсынысы бойынша сот қабылдайды.
      Ерікті емделуден жазбаша түрде бас тартқан, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босаған азаматтарға соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеу тағайындалады, бұл үшін босатудан бір ай бұрын түзеу мекемесінің әкімшілігі сотқа материалдарды жібереді.
      2. Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы материалдарды, олар келіп түскен күннен бастап бес күн мерзімде, сот мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін азаматтың және мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы ұсыныс енгізген денсаулық сақтау ұйымының немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі өкілінің қатысуымен қарайды.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындау атқарушылық іс жүргізу органдарына жүктеледі.
84-бап. Мәжбүрлеп емделуде жүрген туберкулездің жұқпалы
түрімен ауыратын адамдардың құқықтары
      1. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулар Қазақстан Республикасы
азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы
мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында болу режимін сақтау
қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.
      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу
ұйымында мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.
      3. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулездің жұқпалы түрімен
ауыратын аурудың жұмыс орны сақталады.
      4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында жалпы еңбек стажы үзілмейді және оған есептеледі.
      5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аурулардың емдеуде болуының бүкіл уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.
85-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда
туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды емдеу және
ұстау
      1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарында науқастарды емдеу және ұстау мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу олардан туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық деңгейде емдеуді жалғастыру үшін шығарылуға тиіс.
86-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды
мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық бақылау және
емдеу
      Мәжбүрлеп емдетілген аурулар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке тұруға және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен туберкулездің жұқпалы түрімен ауырудың қайталануын болдырмайтын ем алып тұруға міндетті.
87-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға
әлеуметтік көмек
      Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымынан шығарылған науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке және тұрмыстық жағынан орналасуына көмек көрсетеді.
88-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтардың
емделуден бас тартқаны және инфекция таратқаны үшін
жауаптылығы
      Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
16-тарау. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ
науқастарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
89-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу
мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
      Мемлекет:
      1) тегін негізде жасырын тексерудің, ерікті, құпия медициналық куәландырудың қолжетімділігі мен сапасына, АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеуді, психологиялық-әлеуметтік, заңгерлік және медициналық консультацияларға;
      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде
медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуге;
      3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;
      4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол бермеуге;
      АҚТҚ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруға кепілдік береді.
90-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған
адамдарды әлеуметтік қорғау
      1. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған балалар мен жеткіншектердің мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.
      2. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды жұмыстан босатуға, жұмысқа қабылдаудан бас тартуға, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туысқандары мен жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді.
      3. Медициналық қызметкерлер мен тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісінше орындамағаны салдарынан АҚТҚ жұқтырып алған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адамдар өздерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқылы.
91-бап. АҚТҚ жұқтырған адамдар профилактикасы
      АҚТҚ жұқтырған адамдар профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
      1) халықтың әртүрлі топтарына арналған нысаналы
профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске
асыру;
      2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық ахуал және оның алдын алу шаралары туралы хабардар ету;
      3) халықтың әр түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;
      4) АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынас пен қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
      5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар беру пункттерін ашу;
      6) халыққа тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты қызметтер көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
92-бап. АҚТҚ-ға тексеру жүргізу
      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан немесе осында болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АҚТҚ инфекциясы мәселелері бойынша жасырын тексерудің, ерікті, тегін құпия медициналық тексеру мен медициналық консультацияларға;
      2. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдар;
      Денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының құру салуы негізінде АҚТҚ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіз бар адамдарға қатысты АҚТҚ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізілуі тиіс.
      3. АҚТҚ инфекциясының болуына тексеруден немесе профилактикалық қадағалаудан жалтарған Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан немесе осында болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасынан тыс шығарылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілдік және консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерінің келісімдерімен ғана өтеді. Оларды куәландырудан өткізу қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.
      4. Он сегіз жасқа дейінгі балалар мен әрекет қабілеті жоқ адамдарды куәландыру олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
      5. Медициналық куәландыру кезінде АҚТҚ жұқтырған адамды анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары оған тексеру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарып, басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді.
      6. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың диагностикасына, оларды емдеуге, зертханалық зерттеу нәтижелеріне қатысты мәліметтер құпия болып табылады және тек тікелей бұл мәліметтердің қатысы бар адамға, оның заңды өкіліне немесе денсаулық сақтау, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот органдарының сұрауы бойынша ғана берілуі мүмкін.
17-тарау. Психикалық науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек
көрсету
93-бап. Психиатриялық жәрдем алудың еріктілігі
      1. Психиатриялық жәрдем психиканың бұзылуының алдын алуды, азаматтардың психикалық денсаулығын тексеруді, психикалық бұзылудың диагностикасын, психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамдарды емдеу, оларға күтім көрсету мен медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтиды.
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, психиатриялық жәрдем адам ерікті түрде өтініш жасаған немесе оның жазбаша келісімі болған жағдайда көрсетіледі.
      3. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға психиатриялық жәрдем осы Кодексте көзделген тәртіппен олардың заңды өкілдерінің келісімімен көрсетіледі.
94-бап. Кәсіптік қызметтің жекелеген түрлерін атқаруды шектеу
      1. Азамат психикасының бұзылуы салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      Жарамсыз деп тану тиісті сараптаманы жүзеге асыруға лицензиясы және (немесе) аккредиттеу туралы куәлігі бар мамандандырылған медициналық психиатриялық ұйымда құрылатын дәрігерлік комиссияның шешімі негізінде жүргізіледі. Азамат мұндай шешіммен келіспеген жағдайда ол жөнінде сотқа шағымдануына болады.
      2. Кәсіби қызметтің жекелеген түрлерін, сондай-ақ жоғары қауіп көзіне байланысты жұмысты атқаруға арналған медициналық психиатриялық қарсы айғақтар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол кемінде бес жылда бір рет жинақталған тәжірибе мен ғылыми жетістіктер ескеріле отырып, қайта қаралады.
95-бап. Психиатрия жәрдем көрсетілетін азаматтардың құқықтары
мен мүдделерін қорғау
      1. Азамат өзіне психиатриялық жәрдем көрсетілген кезде өзінің
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз қалауымен өкілін
таңдауға құқылы. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының
қылмыстық және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген
тәртіппен жүргізіледі.
      2. Кәмелетке толмаған және белгіленген тәртіп бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның психиатриялық жәрдем көрсетілген кездегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды олардың заңды өкілдері жүзеге асырады.
      3. Азаматқа психиатриялық жәрдем көрсетілген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды адвокат немесе заңды өкіл жүзеге асырады. Адвокатты шақыру және оның қызметіне ақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеді. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымның әкімшілігі осы Кодекстің 73- бабының 3-тармағының екінші бөлігінде және 99-бабының 5-тармағындағы көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жағдайларда адвокат шақыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
96-бап. Психиканың бұзылуының диагностикасы және оны емдеу
      1. Психиатр дәрігер психиатриялық көмек көрсетеді.
      2. Психиканың бұзылуы диагнозын клиникалық көріністерге, лабораториялық деректерге, объективті мәліметтерге сәйкес психиатр дәрігер қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және діни құндылықтармен келіспеуіне не оның психикалық денсаулық жағдайына тікелей байланысы жоқ өзге де себептерге негіздеуге болмайды.
      3. Психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамға диагноз қою және оны емдеу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасымен рұқсат етілген медициналық құралдар мен әдістер қолданылады.
      4. Медициналық құралдар мен әдістер аурудың ауытқулар сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады, оларды адамды жазалау түрінде пайдалануға тыйым салынады.
      5. Дәрігер психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамға немесе заңды өкіліне, немесе адвокатқа психиканың бұзылуының сипаты туралы ақпаратты, емдеу мақсаттары мен әдістері туралы. сондай-ақ ұсынылатын емдеудің ұзақтығы туралы деректерді, ықтимал ауыру түйсіктері, жанама әсерлер мен күтілетін нәтижелер туралы ақпаратты беруге міндетті, Берілген ақпарат туралы медициналық құжаттамада жазба жасалады.
      6. Осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамды емдеу оның немесе оның заңды өкілдерінің келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі.
      7. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің 70-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп ауруханаға жатқызуға, психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларымен емдеу жүргізілуі мүмкін. Шұғыл ауруханаға жатқызу жағдайларынан басқа, осындай жағдайларда емдеу психиатр дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша қолданылады.
      8. Осы баптың 7-тармағында көзделгенді қоспағанда, басқа жағдайларда, психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамға немесе заңды өкілі ұсынылып отырған емдеуден бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқылы.
      9. Емдеуден бас тартқан адамға не оның заңды өкіліне емдеуден бас тартудың ықтимал зардаптары түсіндірілуі тиіс. Ықтимал зардаптары туралы мәліметтер көрсетіле отырып, психиканың бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің және психиатр дәрігердің қолы қойылып, медициналық құжаттамада жазба ресімделеді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет