«Халықтар достығы!» атты мектепішілік фестивалдің сценарииі Фанфара ойналады. 1-жүргізуші



Дата14.11.2019
өлшемі20,47 Kb.
#51805
Байланысты:
сценарий фестиваль

«Халықтар достығыатты мектепішілік фестивалдің сценарииі

Фанфара ойналады.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қазақстан - бейбітшілік туын жоғары ұстаған ел достығының ордасы.

Осындай қасиетті , берекелі , бірлік пен достықтың, жалпы ұлттың, татулық пен келісім елінің куәгері ретінде фестивалімізге қош келдіңіздер ! Дәстүрімізге айналған «Халықтар достығы» фестивалі жыл сайын өзін-өзі тану онкүндігі аясында өткелі отыр. Олай болса мереке құтты болсын!

«Халықтар достығы» атты фестивалімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

2-жүргізуші: Бүгінгі күн мектебімізде ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

1-жүргізуші:

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

2-жүргізуші: Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

1-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!

1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

/9-сынып оқушыларының мерекелік шашуы/

1-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.

2-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған мектебіміздің директоры Алпамыс Мұхаметәліұлы Қазбанбетовті жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін ортаға шақырамыз.

/мерекелік лебіз/



1-жүргізуші: Бұл достықтың түбі тереңде жатыр. Елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін ата - бабамыз кезінде құшақ жая қарсы алып, жерімізге қоныстануға, тату - тәтті бірлікте болып өмір сүруіне жағдай жасады. Тіпті сол ұлт өкілдеріне қыз беріп, қыз алып туыстасып кеткен жай да бар. Міне сол бауырлас халықтардың салт - дәстүрі, өнері, мәдениеті күнделікті өмірімізге сіңісті болып кеткен. Ата - бабамыз сақтап келген ауызбірлік пен ынтымақты біз де, бізден кейінгі ұрпақта сақтаулары керек. Сонда ғана елімізде бейбіт өмір, шат көңіл, жайқалған дала, гүлденген қала болмақшы. Елімізде тыныштық, бейбіт өмір болсын деп тілейік.

2-жүргізуші: Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне сөз кезегін береміз.

/қазақ халқының өкілдеріне сөз кезегі беріледі/



1-жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекемізде біз әр ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

1-жүргізуші:

Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.

2-жүргізуші: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, орыс халқының өкілдеріне сөз кезегін береміз.

/орыс халқының сәлемі/ 5- класс



1-жүргізуші:

Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
индия туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.

2-жүргізуші: Сөз кезегі украин халқының өкілдеріне беріледі.

индия халқының лебізі/ 6-класс

1-жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

2-жүргізуші:

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

1-жүргізуші:

Сөз кезегін Өзбек халқына береміз.

/Өзбек халқының сәлемі/ 7-класс

2-жүргізуші:

Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.

1-жүргізуші:
Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.- деп келесі кезекті татар халқының өкілдеріне береміз.7-класс

2-жүргізуші:

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

1-жүргізуші:

Қайсарлығы қара тасты үгіткен,

Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.

Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,

Арғы тегі Алаштан тараған,

Керегесін ағаштан құраған елміз!- дей келе сөз кезегін шешен халқының өкілдеріне береміз.8-клас




2-жүргізуші:

Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін
Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін
Жер жердегі достарымды санасам
Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

1-жүргізуші:

Мына бір аңызға тоқталайықшы 
«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды.Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан»,Отан,Отан.... » деп шырылдай береді.Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де,ұшқан жағына қарап,ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды.Сөйтіп торды ашып,құсты босатып жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады.Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны -ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

2-жүргізуші:

Дұрыс айтасың, достым.Әр ұлттың салты бөлек, тілі өзге болса да, кіндік қанымыз тамған мекеніміз біз үшін ыстық.

1-жүргізуші:

Қазақстанда 1500 корей халқы турады.
Чан ток хенгюг дори кимчи бульгоги, гибимпап, кочхуджан.

/Ортада испандар /10-класс

 2-жүргізуші: Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстан мемлекеті көп ұлтты мемлекет.

1-жүргізуші:Олар бір-бірімен тату – тәтті тұрады.Соның арқасында еңбектерінің жемісін көруде.Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілінде, дінін, салт-дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.

2-жүргізуші:Сонымен қатар әрбір халық өз мәдениетін, салт-дәстүрлерін, ұлттық ертегісін, бесік жырын, аңыздарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады.

1-жүргізуші:Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде. 
Ендеше ортамызға келесі 9-сынып кыздарын казак бимен карсы аламыз.
2-жүргізуші: окушылар, біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз?

Біздің Қазақстан қандай мемелекет?



1-жүргізуші: 

1.Тәуелсіз,егеменді мемлекет

2.Көп ұлтты дербес мемлекет

3.Гүлденген,өркениетті мемлекет



4.Экономикасы дамыған мемлекет

2-жүргізуші: Біз халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!

1-жүргізуші: Біз тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!

2-жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!

1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші: 
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де,бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса,қонбайтыны ақиқат!
Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

1-жүргізуші: Олай болса баршамыз қосылып «Атамекен» әнін шырқайық.

Қатысушылар «Атамекен» әнін орындайды.

2-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Халықтар достығы!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет