Халықтық қазақ өлшем атауларының ерекшелікте p і



Дата15.09.2017
өлшемі86,75 Kb.
#32997
Халықтық қазақ өлшем атауларының ерекшеліктеpі

Садыбекова С.И.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік унивеpситеті

Ежелгі заманда әрбір халық өз өлшем бірліктерін ойлап табуға тырысты. Кейінірек өлшем бірліктері арасындағы арақатынастар әрқилы болды. Осы уақыт ішінде өлшемдер жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады. Қазіргі танда әрбір халық ежелгі өлшем бірліктерін жиі пайдаланады. Cолардың арасында, халықтық қазақ өлшем атауларының бір ерекшелігі – аталмыш метрикалық жүйесі қабылданғанымен, олар осы кездеде ауызекі тілде өте жиі қолданыста болуы.



Кілт сөздері: ежелгі өлшем бірліктері, халықтық өлшем бірліктері, арақашықтықтың ежелгі өлшемі, салмақтың ежелгі өлшемі, ұзындықтың ежелгі өлшемі, қазақ өлшем атаулары.

Ежелгі заманда адамның тек есептеу өнерін ғана емес, сонымен бірге өлшем өнерін үйренуіне тура келді. Әлдеқашан ойлай білетін ежелгі адам өзі үшін үңгір табуға талпынған кезде ол өзінің болашақ баспанасының ұзындығын, енін және биіктігін өзінің бойына шақтауына тура келді. Ал бұның өзі өлшем. Еңбектің қарапайым құралдарын дайындай, үйлер сала, азықты таба отырып, арақашықтықты, содан соң аудандарды, сыйымдылықты, салмақты, уақытты өлшеу қажеттілігі туындайды. Сондықтан біздің бабамыз өз бойын, аяқтары мен қолдарының ұзындығын пайдалануы тура келген. Егер есептеу кезінде адам қолы мен аяғының бармақтарын пайдаланса, онда арақашықтықты өлшеу барысында аяқ пен қол қолданылды.

Өз өлшем бірліктерін ойлап таппаған халық болған жоқ. Египет пирамидасын салушылар ұзындық эталоны ретінде білекті (білектен ортаңғы саусаққа дейінгі арақашықтық), ежелгі арабтар – есектің тұмсығынан алынған жалды есептесе, ал ағылшындар осы күнге дейін корольдік футты пайдаланады екен (ағылшын тілінен аударғанда “foot” – “аяқ”). Ол корольдің табанының ұзындығына тең футтың ұзындығы шток тәрізді өлшемнің енгізілуімен нақтыланды. Бұл жексенбі күні шіркеуден таңғы құлшылық етуден шыққан 16 адамның табанының ұзындығы. Штоктың ұзындығын тең 16 бөлікке бөле отырып, тобықтың орташа ұзындығына қол жеткізілді, себебі шіркеуден бойының ұзындығы әртүрлі адамдар шығатын. Футтың ұзындығы 30,48 са-ге теңестіріле бастады. Ағылшынның ярды да адам денесінің мөлшерлерімен байланысты. Бұл ұзындық өлшемін король Эдгар енгізді де ол оның мәртебесінің мұрнының ұшының және жанына қарай созған қолының ортаңғы саусағының ұшының арасындағы арақашықтыққа теңестірілді. Король ауыса салысымен ярд ұзарды, себебі жаңа монархтың дене бітімі әлдеқайда ірілеу болды. Ұзындықтың мұндай өзгерістері үлкен шатасуға әкеп соқтырды да, Генрих І тұрақты ярдты заңдастырып, вяздан эталон жасауды бұйырды. Бұл ярдты Англияда осы күнге дейін пайдалануда (оның ұзындығы 0,9144 м). Шағын арақашықтықтарды өлшеу үшін үлкен саусақтың буынының ұзындығы қолданылды. Англиядағы дюйм ұзындығы нақтыланды да арпа дәні масағының ортаңғы бөлігінен жұлынып алынып, бір-біріне өздерінің шеттерімен қойылған үшеуіне тең бола бастады. Ағылшын повестері мен әңгімелерінен білетініміздей, шаруалар жылқының бойы биіктігін алақанмен өлшеген (Голланд тілінен аударғанда “дюйм” - “үлкен саусақ” деген мағынаны береді.

Үлкен арақашықтықтарды өлшеу үшін орыс тілінде ежелде поприще деп аталатын өлшем еңгізіліп, содан соң оның орнына верста пайда болды. Бұл атау вертеть (“айналу”) сөзінен келіп шығады. ол бастапқыда соқаны айналдыру, ал содан соң жер жырту барысында соқаның бір жасаған бұрылысынан екіншісіне дейінгі арақашықтық дегенді білдірді. Верстаның ұзындығы әр кезде әртүрлі боды – 500 ден 750 сажынға дейін. Верстаның өзі де екеу болды: путевая (жолдық) – онымен жол арақашықтығын өлшеді және межевая (аралық) – жер телімдері үшін.

Бүкіл дерлік халықтар арақашықтықты қадаммен өлшеді, бірақ алқаптар мен өзге де үлкен арақашықтықтарды өлшеу үшін шаг (қадам) тым үлкен өлшем болды, сондықтан трость содан соң екілік трость немесе перша енгізілді. Теңіз тілінде трость шток деп аталады. Англияда ұзындығы 12-16 фут болатын жер “жыртушының жақсы таяғы” деген өлшем де болды. Римде қосарлы қадамның мыңына тең миля деген атау алған өлшем енгізіледі (“милле”, “милиа” – “мың” сөзінен).

Славяндарда “тастың лақтырылған жері” (вержение камня) деген ұзындық өлшем болды, “атылған жер” (перестрел) – садақтан атылған оқ жеткен арақашықтық. Осы тәріздес өлшемдер өзге халықтарда да болды, мысалы, “өгіздің өкіруі” (бычий рев)- өгіздің өкіргені естілетін арақашықтық, “сиырдың айқайы” (коровий крик), “әтештің айқайы” (петушиный крик). Уақыт та өлшем ретінде қызмет етті – пока закипит котел воды. Бұл өлшем қазақ тілінде де бар: “бір қазан су қайнағанша”. Этностық теңізшілер айтпақшы, жағаға жеткенше әлі “үш трубка” (три трубки) бар (трубкаларды тартуға кеткен уақыт). “Пушканың оқ атуы” (пушечный выстрел) да өлшем бірлігі. Жапонияда атқа таға кигізуді білмеген кезде оларға “қамыс кебіс” кигізілді. “Қамыс кебіс” өлшемі – бұл кебістің тозғанша жүріп өткен арақашықтығы. Испанияда “сигара” арақашықтық өлшемі белгілі – бұл адамның сигара тарта отырып жүріп өтетін жолы. Сібірде ескі заманда “бука” атты арақашықтық өлшемі қолданылды – бұл адамның бұқа мүйіздерін екеу емес, біреу етіп көретін арақашықтық. Асыл тастар мен маржанның салмақ бірлігіне карат жатады – бұршақ тұқымдас түрлерінің бірінің 0,2 г-ға тең тұқымының түрі.

Ескі заманда көптеген халықтардың салмақ өлшемі тауар құнының өлшемімен сәйкес келді, себебі ақша алтын мен күмістің салмағымен берілді. Мысалы, Вавилондағы шекель ақша бірлігі мен Римдегі асс ақша бірлігі – салмақтың бірлігі болып та табылды. Ағылшын ақша бірлігі pound sterling (фунт стерлингтің) де шығу тегі сондай.

Ежелгі Русьтің өз өлшемдері болды. Ұзындықтың ежелгі өлшемдеріне локоть (білек) пен сажень (сажын) жатады. “Локоть” дегеніміз – білектен бастап ортаңғы саусақтың алдыңғы буынына дейінгі арақашықтық, ол ағылшын ярдының жартысына теңестірілді. “Сажень” атауы славянның “сяг”- “шаг”, яғни “қадам” сөзінен келіп шығады. Әуелі ол қадамды басуға болатын арақашықтықты білдірді. Содан соң “сажындар” маховая (қауырсынды), косая (қисық), казеная (қазыналы), мерная (өлшемдік), большая (үлкен), греческая (гректік), церковная (шіркеулік), царская (патшалық), морская (теңіздік), трубная (құбырлық) деп бөлек-бөлек ажыратыла бастады. Құбырлықпен тұз кеніштеріндегі құбырлардың ұзындығын өлшеді. Қуырсынды немесе өлшемдік сажын – екі жаққа сермелген қолдардың созылған саусақтарының арасындағы арақашықтық (176см). Қарапайым сажын (152см) – адамның екі жаққа сермеген қолдарының біріндегі үлкен саусақ пен екіншісіндегі үлкен саусақтың арақашықтығы. Қисық сажын (248 см) – сол аяқтың табаны мен жоғарыға созылған оң қолдың ортаңғы саусағының арасындағы арақашықтық.

Русьтегі шағын арақашықтықтар “четверть” (ширек), “пядь” (қарыс) және “аршин” аршын деген бірліктермен өлшенді. Четверть – екеуі екі жаққа қарай созылған үлкен саусақ пен сұқ саусақтың арақашықтығы, пядь – ең ұзын етіп созған кездегі үлкен саусақтың ұшы мен ең кішкентай саусақ арасындағы арақашықтық. Төрт четверть аршынды құрады, ал ол өз кезегінде қисық сажынға сиды. 0,1 дюймге тең ұзындық өлшемі линия (сызық) деп аталды (оны сызғыштың көмегімен сызуға болатын болғандықтан болар). Неғұрлым ұсақ-түйек орыс ұзындық өлшемдеріне точка (нүкте) жатады, ол 0,1 линияға тең. “Точность”-“дәлдік” сөзі осыдан келіп пайда болса керек.

Адамның тек арақашықтық пен ұзындықты ғана өлшеуіне тура келген жоқ. Сонымен қатар сұйықтықтың, шашыраңқы заттардың өлшемдері, салмақ бірліктері, ақша бірліктері де болды. Ежелгі Русьтің сұйық денелер өлшемдерінен келесілері белгілі: бочка, ведро, корчага, насадка, кружка, чарка. Сұйықтықтың негізгі өлшемі “ведро” болды. “Корчага” (12кг) бал мен балауызды өлшеу үшін пайдаланды. “Насадка” – 2,5 ведро. “Бочка” 4 “насадкаға” немесе 10 “ведроға” теңестірілді. “Бочка” 40 “ведроға” да теңестіріле алды. Неғұрлым ұсақ өлшемдер: “штоф” – “ведроның” оннан бір бөлігі, “чарка” – “ведроның” жүзден бір бөлігі, “шкалик” – екі “чарка” еді.

Салмақтың ең ежелгі бірлігі гривна болды, ол кейін фунт деген атауға ие болды. Орыс фунт (400г) ағылшын фунтынан (454г) аздау еді. “Фунт” та “пуд” тәрізді латын түбірінен шығады да “салмақ, ауырлық” дегенді білдіреді. Фунт 96 золотникке, ал “золотник" 96 үлеске бөлінді.

Кейінірек гривнаны тең етіп, гривенникка бөлді және ақшалай гривнаның жартысына тең боларын жаңа құйманы рубль деп атады. Рубль (“рубить” – “шабу” сөзінен болса керек) Русьтегі негізгі ақша бірлігіне айналды.

Деньга” сөзі, негізінен, үндінің күміс тиыны “танкадан” келіп шықса керек, ол туралы қолжазбаларда айтылған. Алты ақша бірігіп алтынды құрады (татардың “алты”- алты сөзінен шыққан). Алтын үш тиынға теңестірілді. Копейка- “тиын” атауы копьесы, яғни найзасы бар атқа мінген адамның бейнесі бейнеленген және Иван Грозныйдың тұсында шығарылған кішкене тиындардан келіп шығады. Бірінші Петрдың тұсында гривенниктер (10 копейкалық тиындар) және полтинниктер (50 копейкалық тиындар) пайда болды.

Ескі заманда әрбір халық өз өлшем бірліктерін ойлап табуға тырысты. Кейінірек өлшем бірліктері арасындағы арақатынастар әрқилы болды. Барлық халықтарда күрделі де шатасыңқы жүйе қалыптасты. Бұл, әсіресе саудада құндылықтарды есепке алу барысында үлкен шатаққа жолықтырды.

Сауда қатынастарының дамуымен шет елдер арасында эталондар жасауға тура келді. Осы уақыт ішінде өлшемдер жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырады. 1960 жылы өлшемдер мен салмақтар бойынша бірліктердің халықаралық метрикалық жүйесі қабылданды.

Қазіргі танда әрбір халық ежелгі өлшем бірліктерін жиі пайдаланады. Cолардың арасында, халықтық қазақ өлшем атауларының бір ерекшелігі – аталмыш метрикалық жүйесі қабылданғанымен, олар осы кездеде ауызекі тілде өте жиі қолданыста болуы.



Қолданылған әдебиет:

  1. Хұсайын К.Ш., Ислам А. Қазақша-ағылшынша лингвомәдени сөздігі.- Алматы, - 2004.

  2. Севортян Э. Этимологический словарь тюркских языков. – М.: Наука.1978.

  3. Кенесбаев И.К. О некоторых особенностях фразеологических единиц в казахском языке. Известия Ан КазССР, вып.1-2, 1954.

  4. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т.3.

  5. Кенесбаев И.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.Алматы, 1977.

  6. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка. Т.2. Сбп. 1880-1882.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет