Холпий Нұрдәулет Сынып: 8 «А» Күні



Дата21.05.2020
өлшемі41.28 Kb.

Холпий Нұрдәулет

Сынып: 8 «А» Күні: 19.05.2020

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



1. тапсырма


1.ХІХ ғасырдың ортасындағы АҚШ-тың саяси өміріндегі ең шиеленісті мәселе.

В. Құлдық мәселесі

2.Қара құлдарды азат етіп, құлдықты жойған АҚШ президенті.



С. Авраам Линкольн

    1. ы АҚШ Луизиананы қай елден алғандығын көрсетіңіз.

Д) Франция

4.1845 жылы АҚШ иеленген, бұрын Мексиканың иелігінде болған, аймақты көрсетіңіз.



А)Техас

5.АҚШ территориясы жаулап алудың себептерінен төрте есе ұлғайған болатын және батыс шекара енді осы аймақтан өтетін болды.



С) Тынық мұхиты жағалауы

6.АҚШ-тың батысындағы бос жерлерді жеке азаматтардың иелігіне беруге рұқсат берген, АҚШ-тың заңын көрсетіңіз.



Д) «Гомстедтер туралы заң»
2.тапсырма

1. Америкадағы азамат соғысы (1861 — 1865) ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тың солтүстігінде жалдамалы еңбек пен оңтүстік штаттардағы құл еңбегі арасындағы қайшылықтардан туған соғыс.



2. Құл иеленушіліктің сақталуы елдің экономикасының дамуына кедергі жасады; Оңтүстік штаттардың жеке бөлек мемлекет құруды қалады; Солтүстік штаттардың АҚШ тұтас сақтап қалуды мақсат етті
3 тапсырма

Американдықтар өз мемлекетінің тұтастығын сақтап қалды; Азамат соғысы маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешті; құлдық жойылды және аграрлық мәселе

реттелді.

4 тапсырма

1 Американдықтар Жапон аймағындағы өз теңізшілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеді.

2 Сауда қатынастарын кеңейтуді ойлады.
5.тапсырма


Ғылыми жаңалық атауы

Маңызы

1 Микробиология ғылымы ашылды

Азық-түлiктердi стерилизациялау мен пастеризациялау әдiстерiн жасауда зор маңызға ие болды. Оның iзденiстерi иммунитет туралы

iлiмнiң негiзiн қалады.



2 Д.И.Менделеевтiң химиялық

элементтердiң периодтық жүйесi ашылды.



Көптеген белгісіз элементтер ашылды. Периодтық жүйеге сүйене отырып, физиктер атомның ішкі құрылысын ашты. Периодтық жүйе ғылымның терең сырларын түсінуге

мүмкіндік берді.



3 Рентген сәулелері ашылды.

Рентген сәулелері өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданылуда. Бұл жаңалық бiрден медицина тәжiрибесiне енгiзiлiп, оның негiзiнде жасалған рентген аппараты көпшiлiктiң қызығушылығын тудырды. Ендi дәрiгерлер аурулардың iшкi зақымдарын,сынған сүйектерiн көрiп, бақылауға мүмкiндiк алды


Қорытынды: XIX ғасырдың екінші жартысындағы ашылған табиғи-ғылыми жаңалықтардың басты маңыздылығы: ол

материяның құрылысы, кеңістік, уақыт, қозғалыс, тірі табиғаттың дамуы, табиғаттағы адамның орны, жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастарды түбірімен өзгертті.




6. тапсырма
Ұлыбританияда ХІХ ғасырды Ч. Диккенстен шебер және айқын суреттеп берген ешкім болған жоқ. Ол әсіресе Викториан дәуіріндегі әлеуметтік өмір, оның ішінде кедей адамдардың өмірін бейнелеген бірнеше роман, әңгіме және мақалалардың авторы ретінде танымал. Ең алдымен Диккенстің «Дэвид Копперфилд»,

«Николас Никльби» және «Оливер Твист» шығармаларын айтуға болады. Дарынды қаламгер адам жанын терең түсініп, өз заманының әлеуметтік кемшіліктерін дөп басып суреттей білген. Ол дәуірінің жаман жағын да, жақсы жағын да өз шығармаларында айқын суреттеп, өз дәуіріне тән, сол жағдайға лайық, әлеуметтік, таптық ірі, келелі мәселелермен қатар, кейбір елеусіз нәрселерге дейін көре білді. Сөйтіп ол өз заманының айқын айнасы болды.

Сонымен қатар ХІХ ғ. музыкалық опералық өнерде реализм шыңындағы ұлы итальян композиторы Джузеппе Вердидің әлеуметтік теңсіздікті әшкерелеуге бағытталған жоғары гуманизмін байқауға болады. 1850 жылдардағы

«Риголетто», «Трубадур», «Травиата» белгілі операларында Верди музыка тілінің қарапайым мәнерлігімен кейіпкерлердің ішкі әлеміне терең



ене білген т.б.с.с._ ХІХ ғасыр әлемге Абай, Толстой, Пушкин, Диккенс, Байрон, Твен, Скотт, По, Уайльд, Киплинг, Гете, Гейне атты танымал жазушыларды дүниеге әкелді. Олар әлемдік классика саналатын туындыларды жазды. Жазушылар сол заманның көптеген мәселелерін өз туындыларына арқау еткен, бірақ сол мәселелердің ең бастысы әлеуметтік теңсіздік еді т.б.с.с

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет