Хор үйірмесі Дайындаған: Қуантқанова Дария



бет1/2
Дата03.06.2022
өлшемі119,33 Kb.
#145875
  1   2
Байланысты:
музыка хор
Задание-5, музыка и изобр иск, музыка и изобр иск, искусство и его виды

Хор үйірмесі
Дайындаған: Қуантқанова Дария
Хор – әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан ұжымы. Дәлірек айтқанда, хор дегеніміз – шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбай, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағлұматы бар ұжым.
Хор үйірмесі баланың есте сақтау,тыңдау қабілеттерін арттырып,өзін-өзі ұстай білуге ,жеке басының мүддесін ұжымға бағындыруға,сыныптан тыс бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыруға септігін тигізеді.
Хор үйірмесіне кіші топқа 1-2 сынып,ортаңғы топқа 3-4 сынып,жоғарғы топқа 5-8 сынып оқушылары қатысады. Мұндай топтарға бөлудегі негізгі мақсат балалардың жас ерекшелігін еске ала отырып,олардың өсуі мен қалыптасуына зиян жасамау.Хормен дайындық кезінде жоғарғы топтағы оқушылардың мутациялық кезеңдеріндегі өзгерістерінде ән айтуда абай болған жөн.
Балалардың жас шамасына қарай репертуарды лайықты таңдап,көлемі,мазмұны олардың ой-өрісіне сай болуы қажет. Хормен дайындық жұмысы кезең-кезеңмен жүргізіледі.
1.Ән айту ережелерімен тянақты түсіндіру. 2.Жаңа әнмен жан-жақты таныстыру.
3.Әннің сөздерімен жұмыс.
4.Тыныс алу жаттығуларымен жұмыс.
5.Әндік дыбыс жаттығуларымен жұмыс.
6.Ырғақпен жұмыс.
7.Ән айтудағы үйлесімділік, бір-бірін тыңдау.
8.Әннің көркем,мәнерлі айтылуы.
Вокалды хор жұмысы кезінде арнайы қалыптастыру жаттығулары шығарманы мәнерлі орындауға,өз бетінше ән айтуға да септігін тигізеді.Барлық вокалдық дағдылар бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан олармен жұмыс бір уақытта орындалады.Хор жетекшінің шеберлігі вокалды дағдыларды қалыптастыруда көрінеді.Дауыс қалыптастыру кезінде тыныс алуға көп көңіл бөлу керек.
Өйткені дұрыс тыныспен айтылған ән тыңдаушыға түсінікті,мәнерлі жеткізіледі. Енді бірнеше тыныс алу жаттығуларына тоқталып өтейік. -Дирижер қолы арқылы тыныс алып,санау арқылы (1,2,3,4,5)тынысты шығару.Жаттығуды қайталау кезінде,тыныс шығарған кезде цифр санын көбейтіп отыру керек
Хор айтуда диафрагматикалық тыныс алу қолданылады.Диафрагма мен құрсақ қуысының бұлшық еттері белсенді жұмыс істеу керек. Тынысты тезірек алып, «с»дыбысын айта отырып,демді сыртқа үзіп шығар(с-с-с-с-с) Балалар дауысын бірте-бірте жаттықтыру керек.Дауысты қыздырмай жатып жоғарғы дыбыстарды алуға болмайды.Жоғарғы дыбыстардың орнын,ырғақты таза алу үшін жаттығуларды жарты үнмен жоғары II октаваға дейін «legato» мен «ctaccatto»-да алмастыра айту керек(соль-ми-до)Жоғарғы қиын дыбысқа келгенде сол дыбысты фразалық кезеңімен қайта-қайта жаттықтыру абзал.
Дыбыстың таза алынуына жеңіл және күрделі шабуылдарды қолданып,дауыс желбезегін қабыстыруға қол жеткізу керек. Сонымен тыныс алуға мынандай талаптар қойылады:тынысты тез, шусыз, еркін, ауыз және мұрын қуысы арқылы алу.Тынысты терең алған соң,оны міндетті түрде әннің ырғағына байланысты үнемдеп шығару қажет.
Артикуляция-тыныс алу белсенділігінің негізгі тәсілдерінің бірі.Артикуляциялық аппараттың сырт жағындағы бөлімнің дамуына О,У дыбыстарымен айтылған жаттығулар ықпал етеді.Бұл дыбыстарды гамманың бірінші,үшінші сатыларының аралықтарында (терция) әндету қажет.Хор тәжірибесінде дауысты және дауыссыз дыбыстармен жұмыс жүргізудің өзіндік ерекшеліктері бар.
Орындалатын ән оқушылардың жас ерекшелігіне,дауыс мүмкіндіктеріне сай болу керек.Шығарманың көркемдік мәнін ашатын жұмыстар да шет қалмау қажет.Олар: әннің интонациясы, динамикасы,екпіні мен шарықтау шегі.
Орындау шеберліктерін арттыруда оқушыларға хорға арналған классик композиторларының әндерін,кеңес дәуірі кезіндегі композиторлардың таңдаулы шығармаларын,халық әндерін тыңдату маңызды.
Оқушылар хор дайындығы кезінде өздері мағынасын түсінетін,әдемі әуенге құрылған әндерді бар ниеттерімен құлшына орындайды. Мысалы И.Нүсіпбаевтің «Жас дәуірдің түлегіміз», Ә.Бейсеуовтың «Ақ мамам»,Е.Хасанғалиевтің «Атамекен», Б.Бейсенованың «Шығыстың қос жұлдызы» әндері туралы өздерінен сұрағанда әндердің мазмұнын дәл жеткізеді. Оқушылардың өмірге деген көзқарастары,дүниетанымдары айтқан әндерінен алған әсерлері арқылы тәрбиеленеді.
Балалар даусының диапазоны жас ерекшеліктеріне қарай төмендегідей болады:
6 жасарлар: 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет