І. Білім саласы: Шығармашылық ІІ. Оқу іс-әрекеті



Дата11.07.2017
өлшемі28,23 Kb.
#21077
Атырау қаласы

Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы орта мектеп

Шағын орталық тәрбиешісі: Дүйсенғалиева Нұрлы Қуатықызы

І.Білім саласы: Шығармашылық

ІІ.Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу

ІІІ.Сабақ тақырыбы: Алтын балық



ІV.Сабақ мақсаты: Балықтар және аквариум мекендеушілері туралы білім беру. Ертегі мазмұнын байланыстыру.

V.Сабақ мазмұны: Мүсіндеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін машықтандыру.

VІ.Сабақ көрнекілігі: Үлгі суреттер, мультфильм «Алтын балық», аквариум,балық суреттері.

VІІ. Әдіс –тәсілдері: Түсіндіру,таныстыру,іскерліктерін дамыту.

VІІІ.Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру.

  • Жылулық шеңбері.

Ақ балық-ау,ақ балық, үркек балық,сақ балық,

Суды үнемдеп тазалап, балықтарды сақталық.

  • Балалар бүгін аптаның қай күні?

  • Сейсенбі, екінші күн.

  • Біз «су асты әлемінде» тіршілік ететін балық түрлері туралы өткен болатынбыз (кітаптан сурет көрсету).

  • Бүгін табан балық және оның туыстары жөнінде аквариум,аквариум балықтары туралы мәлімет алдық.

  • Аквариум – қолда балық өсіруге арналған шыны ыдыс екенін білдік. Аквариумда қызылқанат,клюварыл,балдырлар,теңіз қырыққабаты,шілтерқұйрық,телескоп,комета,арыстанбас,табан балықтан тараған.

  • Клюварыл деген балық – жалғыз доп ойнайтын балық.(поролоннан жасалған кішкене доппен ойнайды).

  • Теңіз қырыққабатын «нан» есебінде жейді екен балықтарға сыртында «агарь», «альгин», «карагенин» деген атауы бар тағамдар беріледі екен. Егер аквариум үлкен болса, «компрессор» деп аталатын арнайы суды тазартатын құрылғы қойылады.Суын ауыстырып, жуамыз.Ішін,ондағы өсімдіктерді тазалап жуамыз. Балықтарға арнайы жемді ыдыстарға салатынын,үлкен аквариумда арнайы жарық қойып, суық уақытта қалыпты қызуды ұстап тұру қажет.

  • Аквариумдағы балықтар әдемі,сұлу, дені сау,нәзік,бөтен балықтарды тез ажырата алатын сезімтал қасиеттермен белгілі. (сурет көрсету).
    Тағы бір қызығы оның ішінде кәдімгі алтын балықтар болады.Оларды тек балықты асырайтын қожайынның қолынан жем алуға үйретуге болады. Тіпті, кейбірін шығыршықтардан өтуге үйретуге болады.


  • Ал,енді, балалар «Алтын балық» ертегісі туралы мультфильм тамашалайық (үзінді көрсету) нәтижесінде кемпір ескі лашық ішінде, үстінде ескі-құсқы киімі, шашы жалбырап, көзі былшықтанып,қайғырып жылап отырады. Себебі: ол шалдың «көп сұраймын деп, аздан айырыласың,қолда барды қанағат қыл» - деген сөзін тыңдамаған екен.(ертегіні көру арқылы сабаққа бейімдеу).

  • Сергіту сәті «Аквариумдағы балықтар».

  • Балалар аквариумдағы балықтардың рөліне енеді. Аквариумдағы балықтардың қимыл-қозғалысын,суда жүзгенін бейнелейді.
    Балық болып жүземіз,(қолдарын төмен қаратып,суда жүзу қимылын жасайды)
    Шынығамыз суда біз.
    Шынықсақ біз бәріміз, (қолдарын жоғары көтеріп, оңға,солға денені бұру)
    Шымыр болып өсеміз.


  • Тапсырма:

  • Балалар бүгінгі сабақта алтын балықты мүсіндейміз.

Қажетті құралдар: үлгі суреттер көрсету, аквариум,ермексаз,тақтайша,ойыншық балық, алтын балық үлгісі.

Топпен жұмыс:

  • Ермексаздың әр түсін мұқият пайдалану.

  • Үлгіге қарап пішімдерін сомдау.

  • Балалардың өз беттерімен жұмыс жасауын қадағалау.

  • Топтық жұмыстың нәтижесін салыстыру, жасалған жұмыстарды тамашалау,адақтау.

  • Аяқталған жұмысты аквариумға орналастыру.

  • Балалар еңбегінен көрме ұйымдастыру.

  • Үйге тапсырма: Үлкендермен бірге «Алтын балық» ертегісін әңгімелеу.

  • Жылулық шеңбері:

Орнымыздан тұрайық,
Мойынымызды бұрайық.
Алтын балық сияқты,
Суда жүзіп алайық.

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет