І. кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім: «Оқушылардың сөздік қорын молайту»



Дата21.04.2017
өлшемі332,56 Kb.
#14486
І. КІРІСПЕ.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: «Оқушылардың сөздік қорын молайту»

  1. “БІЛІМ КЕРЕК БӘРІНЕ”

  2. “АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ МҰРА”

  3. “ҚЫСТА ТАЛАЙ ҚЫЗЫҚ БАР”

  4. “ҚАДІРЛІ ӘКЕЛЕРІМ, МЕЙІРЛІ АНАЛАРЫМ”

  5. “БАБАЛАР ӨМІРІ ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ”

  6. “ТУҒАН ӨЛКЕ ТАБИҒАТЫН ҚАСТЕРЛЕЙІК”


АШЫҚ САБАҚ: «Алатау»
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ.

К і р і с п е
Қазіргі білім беру саласындағы жүріп жатқан ізгіліктендіру бет бұрысының барлығы болашақ ұрпақтың білімділігі мен олардың рухани байлығын әлемдік өркениетке жеткізуге бағытталған. Дәл қазіргі заман ағыны жағдайында мәдениетті, білімді, өздік ұстаным мен таным көзқарасы жетілген азамат тәрбиелеудің маңызы өте зор.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, Қайталанбас кезеңі. Бастауыш сыныпта балаға белгілі бір білім ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Әрине, бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі.Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқу үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Білімді оқушы мен білікті ұстаздың ортақ үйі ол – мектеп. Ал мектептегі жұмыстың негізгі формасы – сабақ. Сондықтан әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық туындысы болуы қажет. Осы орайда жаңашыл педагогтардың жаңа оқыту технологиясын оқып үйрену, оны оқыту үрдісіне енгізу, әрбір ұстаздың , мектеп әкімшілігінің, оның ішінде мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісінің төл міндетінің бірі. Атақты педагог В.А.Сухомлинский «Партада бос отыру – бұл аса қауіпті нәрсе, бұл күн сайын алты сағаттың бос өтуі. Бұл адамды азғындатуды моральдық тұрғыдан мүгедек етеді, адам еңбекқор болуы тиіс. Ең басты сфера – ойлау сферасында жоғалтқан нәрсені мектеп бригадасында, учаскесінде, шеберханада ешнәрсе де орын толтыра алмайды» деген еді. Бүгінгі педагог өз пәнін біліп қана қоймай оқушының бойында танымға деген құштарлықты оята білуі керек. Алдымен қызықтыру сонан соң барып үйрету. Педагогикалық шеберліктің мәні осында.

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайтуда Ана тілі пәніндегі әрбір тақырыптың соңында берілетін сандықшаның ішіндегі көне сөздердің мағынасы мен мәнін терең түсінуде қосатын үлесі зор.

2 – сыныптың Ана тілі пәнінде барлығы ҮІІІ бөлім бар

Әр бөлімі бойынша топталған материалдар тақырыбына сай, оқушылардың білімін, танымын, қоршаған дүниеге көзқарасын арттырарлықтай, оқушыларға қажетті тәрбие саласын меңгертетіндей, әсіресе ұлттық тәрбие қалыптастырарлықтай, іріктелген..

Оқулықтағы тапсырмалар бір сарынды емес, оларды жауап іздеуге қызығушылықпен ұмтылатындай, құштарлықтарын оятатындай тұрғыда берілген.

Негізгі бөлім
І – бөлім – «Білім керек бәріне» деген тақырыпта берілген. Бұл бөлім

Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен басталып, Фариза Оңғарсынованың «Білім керек бәріне» өлеңімен аяқталады. Бөлімде сандықшадан шыққан сегіз көнерген сөздер бар.



  1. Күзге сүйеп күн иек – уақыт күзге айналып.

  2. Шөмеле – шошайтып үйілген шөп.

  3. Қырман – астық бастыратын ашық алаң.

  4. Межелі кез – мөлшерлі уақыт.

  5. Масайрап – рақаттанып.

  6. Кергіш – жіпті екі ағаштың арасына керіп байлау.

  7. Бажайлап – мән беріп.

  8. Роман – көлемді күрделі шығарма.

Әр тақырыптан соң берілетін көнерген сөздерді жаттап, мағынасын түсінуге 3-4 минут уақыт беремін. Соңынан берілген көне сөздерді қатыстырып, сөйлем құрауға тапсырма беремін. Құраған сөйлемдерін тақтаға шығып орындайды. Осы көнерген сөздер оқушылар суретке қарап сөйлем құрағанда да, шығарма жазғанда да көп пайдасын тигізеді. Бір сарынмен тірек- сызба, сөзжұмбақ шешу оқушыларды да жалықтырады. Бөлімді қайталауда көнерген сөздерді пайдалану арқылы сөзжұмбақтар құрау немесе тест сұрақтарын да осы сөздерді қатыстырып құрау – оқушылардың сөздік қорын молайтып қана қоймай, сабаққа деген қызығушылығын да арттырады. Біртін келе оқушылар өздері сөзжұмбақты да, тест сұрақтарын да өз бетімен құруға дағдыланады.

«Білім керек бәріне» бөліміне арналған тест сұрақтары

  1. Шошайтып үйілген сөзді басқаша қалай атаймыз?

А) қырман

ә) шөмеле

б) масайрап

в) Межелі кез

2. Көлемді күрделі шығарма

А) әңгіме

ә) шығарма

б) роман

в) өлең


3. «Рақаттанып» сөзін басқаша қалай атауға болады?

А) масайрап

ә) мән беріп

б) күлімдеп

в) жадырап



4. Жіпті екі ағаштың арасына тартып байлау

А) шалу


ә) кергіш

б) матап байлау

в) шөмеле

5. Мөлшерлі уақыт

А) сол кез

ә) Сәлден кейін

б) межелі кез

в) түс мезгілі



6) Мән беріп сөзінің мағынасы:

А) тура қарап

ә) тіке қарап

б) бедірейе қарап



в) бажайлап

7. Астық бастыратын ашық алаң

А) диірмен



ә) қырман

б) элеватор

в) егіс алқабы

8. Уақыт күзге айналып:

А) күз болды

ә) Күз келді

б) күзге сүйеп күн иек

в) күзімен


ІІ – бөлім «Атадан қалған асыл мұра» бөлімінде ауызша жеткен халық шығармалары – ертегілер берілген. Ертегілер - жан – жануарлар туралы ертегілер, қиял ғажайып ертегілері, шыншыл ертегілер болып бөлінеді .

Атадан қалған асыл мұраға:



  1. Ертегілер

  2. Төрт түлік туралы жырлар

  3. Аңыздар

  4. Өтірік өлеңдер

  5. Мысалдар

  6. Жұмбақтар

  7. Жаңылтпаштар

  8. Мақал – мәтелдер

  9. Шешендік сөздер жатады.

Әрбір жаңа тақырыптан соң сандықшаның ішіндегі көнерген сөздерді сөздік дәптерге жазып қана қоймай, тоқталып өткен дұрыс.

Мұнда да көнерген сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрау. Сөзжұмбақтар құрастырып, шешу. Бөлім соңында «Бөлімді қайталауға арналған тест сұрақтарының» ішіне қоса ендіріп отырса оқушылардың ойын жүйелі жинақтап айту дағдысының қалыптасуына әсерін тигізеді.



«Атадан қалған асыл мұра» бөліміндегі көнерген сөздер:

1.Қулығына басады – Қулық жасайды, қулық қылады.

2.Мұңын шағады – мұңын айтады.

3.Жері отты – жері шөпті.

4.Ауыр азап шегіп – шаршап, қиналып, титықтап.

5. Жұғын да жоқ – Түк те жоқ.

6.Қиралаңдап – ақсаңдап.

7.Жиһаз – қымбат зат

8.Бітік – мол, қалың, көп.

9. Арам пиғылды – жаман ойлы.

10.Арамза – оңбаған, залым.

11.Жан тапсыру – қайтыс болу, өлу.

12.Мүрдем кету - өлу, өліп кету.

Ертегілерді мұғалім оқып, түсіндіргеннен кейін, оқушылар ертегі кейіпкерлерін рөльдерге бөліп ойнайды. Ертегі кейіпкерлерін атап, оларды сипаттайды. Ертегі кейіпкерлерін сипаттауда сандықшаның ішіндегі сөздерді қолданып отырады.

Сөзжұмбақ: Аң патшасы «Арыстан».

А

Т

1


Р

2

Ы


С

А

Н

3

4

5

6

7

1.Қымбат зат (жиһаз).

2.Ақсаңдап (қиралаңдап)

3.Жері шөпті (жері отты).

4.Қайтыс болу, өлу (жан тапсыру).

5.Мол, қалың шөп (бітік).

6.Оңбаған, залым (арамза)

7.Мұңын айтады (мұңын шағады)

ІІІ бөлім «Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем» деп аталады.Бұл бөлімде оқушылар туған жері туралы оқып, біліп қана қоймай, Отан, туған жер, туған ел, атамекен туралы мақал – мәтелдер, шешендік сөздермен де танысады. Осы бөлімдегі сандықшадан алған асыл сөздер:

1.Қотан – қой жататын қоршаусыз үй маңы.

2.Үй басы - әр үй.

3.Ашамай – алдыңғы, артқы басы айқастырылып, балаға арналып жасалатын ер.

4.Ет бауыр жақын - өте жақын туыс.

5.Шерсіз – қайғы мұңсыз.
6.Жетесіз – ақылсыз, ақымақ.

7.Көде – далалы жерде өсетін майда шөп.

8.Қуаңшылық – құрғақшылық.

9.Күннің аптабы – күннің ыстық лебі.

10.Діңділері – діңі жуан, әрі ұзындары.

11.Балауыз дән – сүт дән, жас дән.

12.Шашау шығармастан – шашып төкпестен.

13.Зая – құр босқа, бекереге.

Бөлімді қайталауға берілген тапсырмаларды орындай отырып, осы сөздерді қатыстырып «Туған жер» деген тақырыпта сөзжұмбақ құрастыруға болады.



.


1.Қой жататын қоршаусыз үй маңы (қотан).

2.Құрғақшылық (қуаңшылық).

3.Жігіттің бір жұрты (нағашы).

4.Алдыңғы, артқы басы айқастырылып, балаға арналып жасалатын ер (ашамай).

5.Сүт дін, жас дән (балауыз дән).

6.Ақылсыз ақымақ (жетесіз).

7.Діңі жуан әрі ұзындары (діңділері)

8.Қайғы мұңсыз (шерсіз).



ІV бөлім «Қыста талай қызық бар» деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар ақын – жазушылардың қысты керемет көркем сөздермен , теңеулермен суреттеген әғгіме, өлеңдерімен танысады. Осы бөлімдегі сандықшадан шыққан көне сөздер:

1.Бапсыз – жайсыз.

2.Бек қиын - өте қиын.

3.Жалтаң аяз – үскірік суық аяз.

4.Балқаш – Балқаш көлі және оның маңындағы өндірістік қала.

5.Қос тағдырдың қиқаңы – қиындықтың ауыртпалығы.

6.Қарыған – үсіткен.

7.Тұлып – малдың немесе аңның терісінен тігілген кең, ұзын тон.

8.Қамсау – қолқа, жылу.

9.Долы боран – алай – дүлей боран.

10.Шөрке – кесілген ағаш.

11.Шым – шымдап – біртіндеп.

Бөлім соңында оқушыларға сандықшадан шыққан көнерген сөздерді пайдалана отырып, қысқы табиғатты суреттейтін әңгімелер құрастыру тапсырылады. Бұл тапсырманы олар мұғалімнің көмегіне сүйене отырып орындайды.

Қыс.


Қаңтар айы басталғалы бері жалтаң аяз (үскірік суық аяз) да екі санын сабалауда. Далада бапсыз (жайсыз) суық.Шөркесі (кесілген ағашы) таусылған үйлерге бек қиын (өте қиын). Тұлыбына (малдың немесе аңның терісінен тігілген кең, ұзын тон) оранып, мал қайырған атамның беті – қолын аяз қарыған (үсіткен).Далада долы боран (алай – дүлей боран) ышқынады. Пешкеге шөрке (кесілген ағаш) мен көмір салған соң үй шым – шымдап (біртіндеп) жылына бастады.
Көнерген сөздерді пайдаланып, «Қыс» сөзіне тірек – сызбамен жұмыс.
Жалтаң аяз

Бапсыз Қ Ы С қарыған


Долы боран

V бөлім. «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» бөліміндегі сандықшадан шыққан көнерген сөздер:

  1. Аяқ – ағаш табақ

  2. Ақтабан – жылқының атауы.

  3. Қаракөл қой – қойдың түрі.

  4. Ата – тегі – арғы аталары.

  5. Баппен – асықпай.

  6. Араз – тату емес.

  7. перзент – бала.

  8. Парасат – сана, ақыл, ой.

  9. Қаяу – реніш.

  10. Өң – бет, ажар, түс.

  11. Жалғанда – дүниеде.

  12. Ғұмыр - өмір.

  13. Тентек – бұзақы.

  14. Хақы – еңбегі.

Бөлімнің аты айтып тұрғандай, ата – анаға қамқорлық жасау, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты әдептілікке баулиды. Бұл бөлімнен «Ата – асқар тау, Ана – таудан аққан бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» деген мақал – мәтелді аңғаруға болады. Ата, ана, бала сөздеріне сөзжұмбақтарды осы бөлімдегі көнерген сөздерді қатыстырып жасауға болады.

Сөзжұмбақ: «Ата», «Ана», «Бала».


А

Т

А


1.Ағаш табақ (аяқ).

2.Жылқы атауы (ақтабан).

3.Қой түрі (қаракөл).





  1. Тату емес (араз).

  2. Бала (перзент).

  3. Сана, ақыл, ой (парасат).





  1. Асықпай (баппен).

  2. Қаяу (реніш).

  3. Дүниеде (жалғанда).

  4. Еңбегі (хақы).


VІ бөлім «Адам болам десеңіз» бөліміндегі көнерген сөздер:

1.Парыз – міндет.

2.Тошала – қыста ет сақтайтын жеке үй.

3.Атағаш – ат байлау үшін орнатылғантүбіртек.


Тест сұрақтары

  1. Міндет сөзін басқаша қалай атаймыз?

А) Қарыз

ә) парыз

б) жұмыс

в) орындау

2. Ат байлау үшін орнатылған түбіртек:

А) қазық


ә) арқан

б) атағаш

в) тома

3. Қыста ет сақтайтын жеке үй:



А) тошала

ә) қойма


б) сарай

в) ашамай


VІІ бөлім «Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге» тарауындағы сандықшадан шыққан көнерген сөздер:

  1. Атан түйе – төрт жастан асқан түйе.

  2. Қоныстанады- орналасады.

  3. Мінәжат ету – құрметпен бас ию.

  4. Қаһар – ашу, ыза.

  5. Қатуланған – ашуланған, кектенген.

  6. Жасымаған – көңілі босамаған, әлсіздік көрсетпеген.

  7. Қауіп – қорқыныш, қатер.

  8. Мәр – мәр – сәнді құрылысқа пайдаланылатын жылтыр тас.

  9. Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағып.

  10. Құзар жар – биік жар.

  11. Торығып – түңіліп, ренжіп.

  12. Құрық – Басында ілмек арқаны бар асауды ұстайтын ұзын сырық ағаш.

  13. Жәукемдеп – жайратып, құртып.

  14. Гиннес кітабы – алғаш рекорд жасаған адамдардың есімі кіретін кітап.

  15. Рекорд – еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғарғы табыс.

  16. Бахадүр – батыр.

Сөзжұмбақ : «Балуан Шолақ»









  1. Батыр (бахадүр).

  2. Ашу, ыза (қаһар).

  3. Ашуланған, кектенген (қатуланған).

  4. Жайратып, құртып (жәукемдеп).

  5. Төрт жастан асқан түйе (атан түйе).

  6. Орналасады (қоныстанады).

  7. Ат байлау үшін орнатылған түбіртек (атағаш).

  8. Түңіліп, ренжіп (торығып).

  9. Қыста ет сақтайтын жеке үй (тошала).

  10. Биік жар (құзар жар).

  11. Басында ілмек арқаны бар, асауды ұстайтын ұзын сырық ағаш (құрық).



VІІІ – бөлім . «Туған өлке табиғатын қастерлейік»бөліміндегі сандықшадан шыққан асыл сөздер:

  1. Ну – қалың.

  2. Мұнар – бұлыңғыр.

  3. Кептес – тілдесу, сөйлесу.

  4. Шоқы – тік, биік төбе.

  5. Нысана – көздеп ататын жер.

  6. Қарауыл – күзет.

  7. Иін – ағаштың, бұтақтың иілген жері.

  8. Жаны түршіккен – шошып кеткен, қатты қорыққан.

  9. Оймақтай – кішкентай.

  10. Құрдым – терең, тұңғиық, түпсіз.

  11. Қолқа – тілек, өтініш.


Сөзжұмбақ: «Табиғат»


Т


1


А

2


Б

И


Ғ

А

6

Т

7



  1. Тілдесу, сөйлесу (кептес).

  2. Бұлыңғыр (мұнар).

  3. Батыр (бахадүр).

  4. Ағаштың, бұтақтың иілген жері (иін).

  5. Өмір (ғұмыр).

  6. Тілек, өтініш (қолқа).

  7. Кішкентай (оймақтай).


VІІІ бөлімде сандықшадан шыққан 88 сөз бар.

Әрбір сабақта, бөлімнің соңындағы қайталау материалдарын сабақта қолданған кезде осы сөздерді де қолданып отырса, оқушылардың сөздік қоры 88 сөзге артады.



Сабақтың тақырыбы: Алатау (Ж. Жабаев).

Сабақтың білімділік мақсаты: Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармаларымен таныстыру. Өлеңді мәнерлеп оқи отырып,тау көрінісін сипаттау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен шеберлік дағдысынқалыптастыра отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Туған жердің табиғатын көзқарашығындай сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ж.Жабаев суреттері, тірек сызбалар, сөзжұмбақтар, сюжетті суреттер.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндірмелі оқу, әңгіме, талдау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.



«Бабалар өмірі ұрпаққа өнеге» бөлімі бойынша тест тапсырмалары.

Жаңа сабақ.

Сергіту сәтін орындай отырып, оқушылардың зейінін жаңа сабаққа аудару.

Сөзжұмбақ «Табиғат».


Т


А

Б

Ғ

Т

И

А



  1. Үлкен – үлкен түйені

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді

Бауыры жатыр көгеріп. (тау).


  1. Өсі тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясына ән салып,

Құстар жүрген сайрап. (ағаш).


  1. Сылдыр қағып,

Таудан құлап,

Жатыр ағып,

Мөлдір ... (бұлақ).


  1. Үлкен балық суда жүзген,

Таба алмас тұрақ жерден. (кит).

  1. Жарқ етсе, сабау қамшы,

Нөсерлетіп жауар тамшы. (найзағай).

  1. Төгіліп жерге ақ моншақ,

Ғайып болды сол шақта ақ. (бұршақ).

  1. Қанаты бар тышқан,

Жасырынып күндіз,

Қараңғыды ұшқан. (жарғанат).



Жұмбақтардың шешуін пайдаланып, табиғатқа не жататынын әңгімелеу.

  • Ал, балалар, табиғат әсемдігі суреттелген өлеңді оқиық. Бұл өлеңнің авторы Жамбыл Жабаев.


Жамбылдың балалық шағы осы күнгі алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Ақынның анасы Ұлдан өзі ақын болмағанымен өлең – жырды, ескі күйлерді құмартып тыңдаған, ал нағашысы Қанадан атақты қобызшы болған. Жамбыл 10 жасынан өлең – жырға бейім болып, 15 жасында қолына домбыра алып, өнер жолына түседі. Жас кезінде Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған. Бірнеше жыл Сүйінбайдың қасында жүріп, оның суырыпсалмалық мектебінен үйренген.

«Алатау» өлеңін кітаптан мәнерлеп оқып беру.
Алатау.

Тізілген таулары бар жетісудың,

Ішінде орман, тоғай біткен нудың.

Дариядай сол таулардан тулап тасып,

Көресің тамашасын аққан судың.

Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,

Жырлауға қазынысы көп тіл жетпейтін.

Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп

Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейтін.
Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,

Сырласып, бұлттарменен болған кептес.

Түрлі аңдар мекен етіп, өніп- өсіп,

Жұреді бір – бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,

Сілеусін жолбарыстар түнде жортып.

Тулаған аққан бұлақ тасқынында,

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.


  • Ал, балалар енді сандықшаның ішінен шыққан асыл сөздерімізге тназар аударайық.

Ну – қалың.

Мұнар – бұлыңғыр.

Кептес – тілдесу, сөйлесу.

  • Енді осы сөздерді оқулықтағы өлеңнің ішінен іздейік.

Оқушылар оқулықтан берілген сөздерді тауып, мұғаліммен бірге мағынасын ашады. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

  1. Ну орманда жабайы аңдар мекендейді.

  2. Бүгін аспан мұнартып тұр.

  3. Оқушылар ақын ағаларымен кептес болды.

Сандықшаның ішінен шыққан сөздерді дәптерлеріне жазып, жаттап алуларына бірнеше минут уақыт беріледі.

  • Ал, балалар, берілген сөздерді жаттап алған болсаңдар, оқулықты жабыңдар. Осы сөздерге байланысты сөзжұмбақ шешеміз. Алатау ненің аты?

  • Дұрыс айтасыңдар, таудың аты. Олай болса «Тау» сөзжұмбағын шешеміз.

Т


А

У

1

2

3

1. Тілдесу, сөйлесу (кептес).

2. Бұлыңғыр (мұнар).

3.Қалың (ну).

Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыру.



Берілген сөз


Осы сөзге қатысты көркем сөз

Таудан аққан су

Таудағы жемістер:

Өрік, алма, алмұрт

Таудағы аңдар :

Арыстан, аю, қасқыр, түлкі,

Борсық, сілеусін, жолбарыс

Тау суындағы жәндік:

балық


Тулап тасып ағады


Бір татсаң аузыңнан дәм кетпейді
Жүреді бір – бірімен боп тілектес

Түнде жортып жүреді

Тулаған асау бұлақ толқынында

Асаудай ойнақ салар балық шоршып.





Суретпен жұмыс:


  • Суретте не көріп тұрсың?

  • Таудан су қалай ағады?

  • Тау етегінде қандай жеміс ағаштары өскен?

  • Жемістің дәмі қандай?

  • Таудан аққан бұлақта не кездеседі?

  • Оның қимылы туралы не айтар едің?

Тапсырма:1. Өзің тақырып ойлап, сурет бойынша әңгіме құра.

2. Көрікті табиғат суреті сенде қандай көңіл күй туғызды?

- Ал, балалар, мына сұраққа ойланып жауап берейік.

Табиғат адамға не береді?

Табиғатты қастерлеу дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақты қорытындылау: сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Өз ауылыңның табиғатын қалай қорғап, аялайтының туралы пікіріңді жазып кел.


Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Білім мазмұнының ең алшашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің ірге тасы қаланады. Бастауыш саты балаларды түсініп оқуға, жазуға, санауға, дұрыс және толыққанды сөйлеуге үйретеді, оқушыларға еңбекке деген жауапкершілігін, әсемдік талғамын қалыптастыру; әр оқу пәннің әдіс-тәсілдерімен Отанға сүйіспеншілік, өз еліне, тіліне, рухани байлықтарына және табиғатқа, басқа елдерге сыйлы қарым-қатынастарын тәрбиелеп, кіші мектеп оқушыларының жан-жақты және үйлесімді дамуына мүмкіндік жасап, шығармашылық қабілеттерін ашады.

Бастауыш сынып оқушыларын пәнге қызықтыру үшін сөздік қорын молайтуда қосымша әдебиеттер арқылы таныстыра отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығы оятып, оқушылардың ақыл-ойын, танымын, сезімін дамытуға көнерген сөздерді пайдалану арқылы оқушы бойына сіңіруге мүмкіндік береді.

Егер де бастауыш сатыда бұл мүмкіндіктер қолға алынбаса келесі оқу сатыларында бұл қасиеттерді дамыту қиын немесе мүлде мүмкін болмайды. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне міндеттелген жауапкершілік өте күшті.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «XXI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанған ғасыры болатынына сенемін» - дейді. Ендеше, осы жұлдызы жанған ғасырдың азаматтарын тәрбиелеуге үлес қосайық.

«Сырдария» жалпы орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

З. Кеттебекованың баяндамасына


Пікір
Кеттебекова Замзия өзінің еңбек жолын бастағалы бар күш-қуатын бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбиені бойларына сіңірумен келеді.

Замзия әр сабағында бастауыш сынып оқушыларын пәнге қызықтыру үшін сөздік қорын молайтуда қосымша әдебиеттер арқылы таныстыра отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығы оятып, оқушылардың ақыл-ойын, танымын, сезімін дамытуға көнерген сөздерді пайдалану арқылы оқушы бойына сіңіруге мүмкіндік береді. Ең бастысы, оқушыларды өз бетімен ізденуге, еңбектене білуге үйретіп сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оның әрбір сабағы мазмұнды, қызықты болып өтеді.



Баяндамада бүгінгі таңдағы оқуышалрдың сөздік қоырын молайтудағы, мәселелер көтерілген. Баяндама өз дәрежесінде жазылған деп бағаланып, мұғалімдердің аудандық тамыз кеңесінің секция бөліміне ұсынылды.


Инновация ісі бойынша

директордың орынбасары: Р. Құлымбетова
Каталог: uploads -> doc -> 0cce
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cce -> Сабақтың түрі: Аралас Сабақтың типі: Жаңа оқу материалын оқыту сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, топтық жұмыс
0cce -> Сабақтың тақырыбы: §42. Электр тогының жұмысы мен қуаты Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет