I мектептегі дене тәрбиесінің МӘні мен мағынасы



бет1/8
Дата28.04.2020
өлшемі66,88 Kb.
#64964
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Көбегенова Ш
Ұлықпан Б

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Ақтөбе көпсалалы АГУ Тарлан колледжі

Мамандығы: 0111073 «Физика пәні мұғалімі»

Курс: 4


Пәні: Педагогика

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Дене тәрбиесі

Орындаған: Көбегенова Шыннар

Тексерген: Құлжан Айжан Тасболатқызы

Ақтөбе, 2020

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ...................................................................................................................3
I. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ.................

1.1.Дене тәрбиесінің мазмұны мен маңызы ........................................................

1.2. Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері...............

1.3Дене тәрбиесінің жүйесі.....................................................................16


II. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ.............................21

2.1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері ......24

2.2.Мектепте ұлттық спорттық ойындарды ұйымдастырудың маңызы.......
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 40



Кіріспе
           Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің  салыстырмалы  түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық  міндеттер де шешімін  табады.

        Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын  айтатын  болсақ, біріншіден,  бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. «Дене тәрбиесі» дегеніміз - ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – ден қасиеттерінің тәрбиесі.

   Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын. Дене тәрбиесі – мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар. Дене дамуы – адам организмі формаларымен  қызметінің индивидуальды өмір барысындағы өзгеру процесі.

Елімізде бәсекеге қабілетті білім – білім беру саласының ең басты міндеті болып отыр. Дамудың алдыңғы қатарындағы елдердің білім дәрежесімен теңесу – еліміздің біліми саясатының негізгі көздегені. Дамыған елу елдің қатарына енудің алғышарттарының бірі де осы сапалы да бәсекеге қабілетті білім. Сондықтан да еліміздегі мектептердегі білім берудің басты ұстанымдары мен міндеттері, әрекеттері, жолдары осы мақсатқа орай ұйымдастырылады. Еліміз тәуелсіздік тізгінін қолына алып, іргесін бекіткен сәттен-ақ Қазақстан халқының сәулетті өмір сүріп, салауатты тұрмыс кешуін қамтамасыз етуге жан-жақты қамқорлық әрекетін жасауда.

 

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік тізгіні жас ұрпақтарда, ал дені сау жастарды тәрбиелеу негізі мектеп қабырғасынан басталады.



Қай заманда болсын есті де еңбек сүйгіш, қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Соңғы жылдары нарық қыспағына түскен жастар рухани да, мәдени де, спорт жағынан да құлдырап кетті. Бұл, әрине, өсер ұрпаққа теріс әсерін тигізуде. Қазіргі кездегі дертке айналып бара жатқан нашақорлық, ішімдік ішу, темекі тарту тағы да толып жатқан теріс қылықтар тым күрделеніп кетті. Әлі де өмір жолына түспеген ұрпақты сақтандыру үшін, бос уақыттарын мәнді де мәнерлі өткізуіне көңіл бөлу керек. Осыдан шығар бірден-бір жол – спорт пен өнерге балаларды тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет