І. Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы ІІ. Сабақтың мақсаты: -білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі32,25 Kb.
#27147
түріСабақ
І. Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы

ІІ. Сабақтың мақсаты:

-Білімділік: І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын жан-жақты талдау,

қаламгердің асқан дарын, ерен жүйрік  талант екенін шәкірттерге таныту. Ақан бейнесін айқын ашу. Жазылу тарихынан мағлұмат ала отырып, жазушы тілінің стилін, көркемдік ерекшелігін тану, образдар жүйесін ашу.



-Дамытушылық:Өз беттерімен проблема шешуге, анализ, синтез, қорытынды жасай білуге, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Құлагер оқиғасы үстінде ақын трагедиясын көрсету, өзіндік тұжырым, пікір жасау дағдыларына үйрену.

-Тәрбиелік:Шығарма идеясы арқылы өзекті мәселені бірлесіп шешуге, өз ойын батыл айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: Проблемалық оқытуға негізделген практикалық сабақ, ізденіс сабағы.

IV. Әдіс-тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, дамыта оқыту, Қ.Бітібаеваның жаңа білімді меңгеру, білім беру технологиясы.

V. Көрнекілігі:

1) І.Жансүгіровтің шығармалар жинағы.

2) І.Жансүгіровті зерттеушілер еңбегі.

3) І.Жансүгіров суреті.

4) Альбом.

5) Дәйексөздер.

6) Бағалау парағы.

7) Слайдтар, интерактивті тақта.


VI. Жұмысты ұйымдастыру түрі: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.

VII. Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, музыка, өнер, тарих, қазақ тілі.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу

2. Сабақтың мақса-тын түсіндіру

II. Үй тапсырмасын тексеру.


  1.   І. Жансүгіровтің өмір жолы туралы еске түсіру.


ІІІ. Жаңа сабақ:

  1. Жаңа сабақтың кіріспесі ретінде тұлпарлар туралы қысқаша айту.

Қазақ жеріне небір тұлпарлардың, небір дүлдүлдердің тұяғы тиген ғой. Батыр жырларындағы Тайбурыл, Тарлан ат, тарихтан белгілі хас батырлардың аттары «Ақтабан»т.б. (оқушылар өздері айтады). Сендер білесіңдер Дүние жүзі бойынша чемпион атанған атақты ат бар еді ғой. Қалай аталады? (Абсент)

«Абсент» атына ескерткіш қойылған.(Осылай  тұлпар аттар туралы мағлұмат қалыптастыру).


ІУ. Бекіту:

  1. І. Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасын оқып, жоспар құрып, Ақан

бейнесін ашуға дайындалып келуге іздену жұмыстарын бергенмін. Қазір сендер әр топ мына плакатқа өзара  топ мүшелерімен келісе отырып  жоспарларың бойынша сюжеттік  жоспар жазып шығыңдар.

а/ табиғат бейнесі

ә/ ақан сері туралы

б/қосымша мәлімет

в/ құлагер туралы

г/өлеңге талдау жүргізу.

ғ/ кинофильмнен үзінді көру

д/кейіпкерлерге сипаттама

ж/ кейіпкерге мінездеме

У. Сабақты қорыту:

а/ эссе жазу

ә/ шағын тест алу

УІ. Бағалау: Оқушылардың қатысу белсенділігіне қарай.

УІІ. Үйге тапсырма беру: Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы туралы ақын-жазушылардың пікірін жинақтап келу.
Сұрақтар: (акт-дау)
1. «Ас» тарауында қандай түйінді ой жатыр?
2. Асқа келген қонақтарды ақын қалай бейнелейді?
3. Аста қазақтың қандай салт-дәстүрлері көрінеді?
4. Ақын мен Батыраштың алғашқы кездесуінен не байқадыңдар?
5. Батыраш Ақанға неге ызалы?
6. Ақан қалың қауым арасында қалай бағаланады?
7. Ақан аса қандай дайындықпен келіп еді?

Күреңбай сыншы Абайдың   сынын  салыстыру.

Ұшқан  құстың  қанаты   талып,              Жүріске берік ,ұзақ сапарда иесін

жүгірген  аңның  тұяғы  күйетін,             жолда қалдырып кетпейтін ат

ұзақ   жерге   шабатын ,  жылқы              бейнесін жасаған.

малына  жеткізбейтін   өрен



жүйрікті  суреттейді.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет