I тарау. Химиялық алғАШҚЫ ҰҒымдар күні Сабақтың тақырыб



бет1/16
Дата06.07.2018
өлшемі3,03 Mb.
#47326
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
I тарау . ХИМИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМДАР

Күні

Сабақтың тақырыб:..Химияпәні.Химия ғылымының пайда болуы,дамуы және маңызы.Химия кабинетіндегіқауіпсіздік техникасының ережелері

Сабақтың мақсаты.: Химия пәні туралы алғашқы ұғым беру, химия ғылымының пайда болуы,дамуы және маңызы,химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері туралы түсіндіру.

Сабақтың түрі: танысу сабағы.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР. Химияның маңызын көрсететін көрнекі құралдар,үйде және зертханада /лабараторияда/ қолданылатын әр түрлі заттан тұратын бірдей денелерді көрсету. Мысалы, шыныдан, фосфордан, металдан жасалған стакандар немесе алюминийден, темірден, мыстан жасалған сым, қасық, т.б.
Сабақтың барысы.

Оқушыларды жаңа пәнмен таныстыру. Химия кабинетінің жабдықталуы, жаңа нән, жаңа мұғалім баланың көңіл күйіне ерекше әсер етеді. Сондықтан да алғашқы сабақты мазмұнды, қызықты етіп өткізу. Сабақ оқу кезінде негізгі құрал оқулық , оның мазмұнымен, құрылымымен,авторымен таныстыру.

Жаңа сабақ .

1.Химия пәні.Жаратылыстану ғылымдарының ішіндегі химияның рөлі

2. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа пәндермен байланысты.

3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі.

4.Химиғылымыныңпайдаболуы,дамуыжәнемаңызы. 5.Химия кабинетіндегі қауіпсіз. техникасының ережелері.

6.Зат, дене
1тапсырма.
Заттың қасиетін төмендегі кестені толтыра отырып сипаттау.

Салыстыру

белгілері

Заттың

темір

қасиеті

күкірт

Жинақтап

қорытындылау

1 Агрегаттық

күйі










2 Түсі










3 жылтырлығы










4 Иісі










5Қаттылығы










6 Иілгіштігі










7 Электр өткізгіштігі










8 Жылу өткізгіштігі










9 Суда ерігіштігі










10 Тығыздығы










Үйге тапсырма беру: Кіріспе, §1 ж/е 16-жат.

Күні


Сабақтардың тақырыбы:Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар.Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Оқыту мақсаты: а) Заттар және олардың қасиеттері туралы, таза заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

  1. Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

2. Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау. Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады. Мұғалім оқиды: сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

  1. Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ:

  1. Таза заттар және қоспалар.

  2. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы , мысалдар келтіру.

Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістері.


  1. Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

  2. Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

Оқулық пен жаттығулар , есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

  1. Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

  2. Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  3. Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  4. Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17





Салыстыру

белгілері



Заттың

темір


қасиеті

күкірт


Жинақтап

қорытындылау



1 Агрегаттық

күйі











2 Түсі










3 жылтырлығы










4 Иісі










5Қаттылығы










6 Иілгіштігі










7 Электр өткізгіштігі










8 Жылу өткізгіштігі










9 Суда ерігіштігі










10 Тығыздығы









Үйге тапсырма беру: §2.3. 10 бет. 1-10 жаттығулар (ауызша).



Күні

Сабақтардың тақырыбы: Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Оқыту мақсаты: а) Заттар және олардың қасиеттері туралы түсінікті бекіту үшін заттар және қоспаларға түсінік беру. ә) Қоспаларды айыра білу, қоспаларды жіктеу, қоспадағы әр заттың өзіне тән қасиеттерінің сақталатынын тәжірибелер арқылы оқушылардың логикалық ойларын дамыту. Б) ұжымдық жұмысқа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Реактивтер мен құралдар: Көрсетілім столда қоспадағы заттарды бөлуге керекті химиялық ыдыстар: стақандар, сүзгі, сүзгі қағаз, цилиндр,бөлгіш ыдыс,лаб/тұрғы. Реактивтер: ас тұзы, құм,темір үгіндісі, күкірт ұнтағы,т.б. Электрондық оқулық, кесте.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға өздік жұмыс беру.

  1. Бір заттан жасалатын нәрселерге мысалдар келтір.

2. Оттек, көмір қышқыл газы және судың қасиеттерін сипаттау. Химиялық диктант жүргізу: Оқушылар алюминийге қатысты физикалық қасиеттеріне сай сөздерді жазады. Мұғалім оқиды: сұйық, қатты, магнитке тартылады,балқымайды,түссіз,иісі бар,морт, иіссіз, жылтыры бар, күмістей ақ, судан ауыр, балқиды.

  1. Таза зат дегеніміз не?

  2. Ауа таза затқа жата ма? Неліктен?

( сүт, теңіз суы,қара топырақ )

Жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады: Таза заттар және қоспалар. Заттарды қоспадан бөлу және тазарту.

Қоспалар екі түрге бөлінеді: әртекті және біртекті қоспалар.

Анықтамасы беріліп мысалдар келтіріледі.

Заттарды әртекті және біртекті қоспалардан бөлу әдістерін тақтаға жазып, көрсетілім столында көрнекі көрсету:

  1. Әртекті қоспадан заттарды бөлу: тұндыру, сүзу, магнитке тарту;

  2. Біртекті қоспадан заттарды бөлу: қайта кристалдандыру (суалту), дистилдеу,т.б.

Жаңа материалды бекіту мақсатында сұрақтар қойылады және оқулық пен жаттығулар мен есептер жинағы бойынша тапсырмалар беру:

  1. Табиғи қоспаларға мысал келтіріңдер.

  2. Біртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  3. Әртекті қоспаларды бөлу әдістері қандай? Мысал келтір.

  4. Қоспада таза заттың қасиеті сақтала ма?

Есептер мен жаттығулар жинағы бойынша тапсырмалар беру:

1 – 12,1 – 13,1 – 14, 1- 15, 1 -16,1-17 жаттығуды дәптерге орындау. Қосымша ойлануға күрделірек жаттығулар беру: 1-20,1-21,1-22.

Үйге тапсырма беру: §3. 10 бет. 1-10 жаттығулар (ауызша).


Күні

Сабақтардың тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік; Химиялық құбылыстың физикалық құбылыстан айырмашылығын түсіндіру, химиялық реакцияның алуан түрлілігімен таныстыру, химиялық реакцияның басталуы мен жүру барысының жағдайын және химиялық реакцияның негізгі белгілерін бақылауға үйрету.

Дамытушылық: құбылыстардың айырмашылығы мен ұқсастығын айыра отырып ойларын дамыту.

Тәрбиелік: өз еркімен жұмыс жасауға, ой ын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жеке тапсырма беру, іздендіру.

Пәнаралық байланыс: физика, биология.

Құрал – жабдықтар: Мыс пластинкасы, магний лентасы, мәрмәрдің немесе бордың түйірлері, тұз қышқылының ерітіндісі, қант түйірлері, мыс сульфатының ерітіндісі, парафин, сынауықтар, шыны түтіктер, қысқыш, спиртшам, тигель, электрондық оқулық.

Тірек білім мен біліктер: Физикалық құбылыс, зертханалық құралдармен жұмыс істей білу.

Сабақтың барысы: Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін таза заттар мен қоспаларды ажырата білуге арналған төмендегі тапсырмаларды беруге болады.

1. Келтірілген тізімнен заттар мен қоспаларды жеке бөліп жазыңдар:ауа,темір,ас тұзы,сүт.

2. Өзің білетін қоспаларды бөлудің әдістерін қолданып, судан мына заттарды қалай бөлуге болатындығын көрсет: а/қант: ә/ бор: б/ бензин: в/ ас тұзы. Қандай қасиеттеріне сүйеніп, бұл заттарды судан бөлдің?

3. Төмендегі келтірілген әдістермен қандай қоспаларды бөлуге болатындығына мысал келтір : а/ сүзу: ә/ суалту: б/ тұндыру.

Жаңа материалды оқыту:Оқушылардың физика курсынан алған біліміне сүйене отырып, физикалық құбылыс кезінде заттың пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеретінін еске түсіре келіп, химиялық құбылыс туралы түсінік беру. Осыған орай химиялық құбылыс заттар қасиетінің өте күрделі өзгерістері екендігін оқушыларға таныстыру. Сабақты табиғаттағы заттардың түрлі өзгерістерін еске түсіре отырып, әңгімелеуден бастаймыз. Оқушыларға мынадай сұрақтар береміз:

1. Табиғатта жүретін қандай өзгерістерді білесің?

2. Табиғаттағы өзің бақылаған заттар өзгерісіне мысал келтір.

3. Заттардағы байқалатын өзгерістердің барлығы бірдей ме?

Физикалық және химиялық құбылыстарды өзара салыстыру арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Бұл үшін оқушылар шыны түтікті ию, қантты ұнтақтау, еріту және жағу, парафинді балқыту тәжірибелерін жасайды. Тәжірибе нәтижесінде оқушылар заттың қасиетін өзгермегенін, жаңа зат түзілмегенін көріп қорытындылайды. Ал қанатты жағу кезінде оқушылар назарын жаңа зат – көмір мен су түзілгеніне аударамыз. Осыдан кейін магнийді, парафинді жағу, мыс пластикасын күйдіру тәжірибесі жүргізіледі. Оқушылар жаңа заттардың түзілуіне назар аударады. Сонымен құбылыстар екіге бөлінеді – физикалық және химиялық деген қорытынды жасалады. Оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуге және оқулықтан анықтаманы таба білуді дағдыландыру үшін оқулықтан физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын табуды тапсыру керек. Химиялық құбылыстың химиялық реакция деп аталатындығын, химиялық реакциялардын өз белгілері бола- тындығы айтылып, әр түрлі белгілері бар реакциялар жасап көрсетіледі: ерітінділерде тұнба түзілу

( мысалы, BaSO4 ,AgCl,т.б) газ бөліну(H2, O2, NH3, CO2, т.б.), батареяда тоқтың пайда болуы, соның әсерінен электр шамының жануы химиялық құбылыс екендігі түсіндіріледі. Оқушылардың назарын ең басты қорытындыға аудару керек: химиялық реакцияның ең негізгі белгісі жаңа заттардың түзілуі.Содан соң реакцияның жүру жағдайлары қарастырылады.

Жаңа материалды бекіту үшін оқушылар төмендегі сұраққа жауап береді.

1. Мына құбылыстардың қайсысы химиялық құбылысқа жатады: а)қар қиыршықтары- ның түзілуі; ә) қанттың көмірленуі.

Одан соң сыныпта оқушыларға мына тапсырмаларды орындатамыз. Төменде келтірілген мысалдардан а) физикалық: ә) химиялық құбылысты бөліп жаз: парафиннің балқуы, жаңқаның көмірленуі, сүттің ашуы, темірдің таттануы, ағашта қыраудың пайда болуы , электр шамы қылының қызаруы, қанттың көмірленуі, қанттың суда еруі.
Үйге тапсырма беру. §4,5. 16-бет, 1-8 жаттығулар,17-бет 1-7 жаттығулар.

Күні


Сабақтың тақырыбы: Таза заттар және қоспалар .Қоспаларды бөлу әдістері . №1 практикалық жұмыс

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Лабораториялық құралдармен жұмыс жасау ережелері.Алғашқы қауіпсіздік техникасының нұсқауы.

мақсаты: лабораториялық құралдар және оларды дұрыс қолдана білу, химиялық заттармен жұмыс істей білу,болып жатқан құбылыстар мен заттардың түстеріне көңіл аудару, дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру.

көрнекілігі: химиялық шыны ыдыстар: стақан,шыны таяқша,лабораториялық тұрғы,сүзгі қағаз, сынауық, құйғы.

Сабақтың түрі: өздігімен жұмыс жасау

әдіс-тәсілдері: : сұрақ-жауап Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап,талдау жасау.

1.Химия ғылымы не туралы оқытады?

2.Мақсат-міндеті қандай?

3. Еліміздің шаруашылығын дамытудағы химияның рөлі.



4. Күнделікті өмірдегі, шаруашылық саласындағы химияның басқа пәндермен байланысты.

ІІ.
1.Таза заттар және қоспалар, Қоспаларды бөлу әдістері(тұндыру,сүзу,суалту)

1 практикалық жұмыс



Химиялық тәжірибелерді жасағанда есте сақтайтын

талаптар ( І нұсқау)

1. Тәжірибені жасағанда нұсқауға қарап жаса.

2. Сырты жазылмаған ыдыстағы заттармен тәжірибе жасама.

3. Затты этикеткасыз тастама.

4. Тәжірибені жасағанда заттың этикеткасын оқы.

5.Заттың иісін анықтағанда ыдысты мұрынына жақын апаруға болмайды, өйткені бу немесе газдарды иіскеу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Иісті білу үшін ыдыстың аузынан мұрныңа қарай алақанмен желпу керек.

6. Сынауықтағы сұйықтықтарды бірден қыздырмай, алдымен сынауықтың бойын жылытып ал.

7. Заттардың қалдығын қайтадан таза заты бар ыдысқа салма және құйма.

8. Улы затпен жұмыс істегенде тартпа шкафын пайдалан.

9. Спиртшамды жанып тұрғанда тастап кетуге болмайды, өшіргенде қалпақшамен жауып өшіреді.

10 Химиялық стаканды екі қолмен ұстау керек, ішіндегі сұйықтықты төгіп алмау үшін.
Шыны ыдыстармен жұмыс істегенде ұстанатын ережелер ( ІІ нұсқау)

1. Ішінде ыстық сұйықтығы бар ыдысты суытпай тығынмен жабуға болмайды.

2. Ыстық сұйықтығы бар ыдысты екі қолмен ұста , бір қолмен түбін, бір қолмен жоғары бөлігін ұстау керек.

3. Сұйықтықты бір- біріне құйғанда кейбір жағдайда жылу бөлінетіндіктен, кәрден ыдысты пайдалану керек.

4. Шыны ыдыстың кетігі қолды кесіп кетпеу үшін шетін отқа балқыту керек.

5. Қалың қабырғалы ыдыстың аузын жабқанда ыдыстың жоғарғы бөлігін ұстап жабу керек.

6. Сынауықтағы, құтыдағы сұйықтықтарды қыздырған кезде ыдыстың аузын міндетті түрде алшақ ұста.

8. Аздаған шытынағаны бар ыдыспен жұмыс істеуге болмайды .

9. Шыны ыдысты приборларды резина түтікшелерді пайдаланып қосқанда орамаларды пайдалан.

Қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелері

(ІІІ нұсқау)

1. Күйдіргіш затпен жұмыс істегенде тек нұсқауда көрсетілген тәжірибені жасау керек.

2. Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережелерін қайтала.

3. Тәжірибе жасайтын ыдыстың тазалығын тексер.

4. Жұмысқа қажет емес заттарды алып таста.

5.Қышқылдарды сұйылтқанда мына ережелерді есте ұстандар: Суды шайқай отырып, оған қышқылды жайлап сыздықтатып құю керек, қышқылға су құюға болмайды!

6. Қышқылмен, сілтілермен жұмыс істегенде сақ болыңдар! Егер, байқамай қолына немесе киіміне тиіп кетсе, қолма – қол суды көбірек пайдаланып жуып жіберіңдер.

7. Раковинаға қышқыл қалдығын төгуге болмайды және тәжірибеден қалған ерітіндіні арнаулы ыдысқа құй.

8. Егер, қолына қышқыл тамызып алсаң, раковинадағы сумен жуып жібер және сода ерітіндісімен байтарапта.

ІІІ.Дәптерге ыдыстар суретін салу,аттарын атау.

ІV.Қорытындылау,бағалау. Үйге :ережелерді жаттау.


Сабақтың тақырыбы: №2 практикалық жұмыс. Ластанған ас тұзын тазарту.

Оқыту мақсаты: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың түстеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.

Реактивтер мен құралдар: Ластанған ас тұзы.. Химиялық стақан,шыны таяқша,лабораториялық тұрғы,сүзгі қағаз,1-2 сынауық, суы бар ыдыс, құйғы.

Сабақтың түрі: өздігімен жұмыс жасау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап

Жұмыстың орындалуы: Үй жұмысын тексеруі.Қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталап сұрау.2-практикалық жұмысты оқушылар оқулықпен жұмыс жасау арқылы орындау.

Жұмыс барысы:


  1. Стақанға лас ас тұзын салып су құйып шайқаңдар.

  2. Шыны таяқша арқылы тұз ерітіндісін сүзгіден өткізіп сүзіңдер.

  3. Кәрлен табақшаға сүзіндіні құйып,спирт шамды баяулатып қыздырыңдар.

  4. Алынған кристалдың түсіне көңіл аударыңдар.

  5. Тәжірибеден байқағандарыңды жазып, қорытындылаңдар.

  6. Орындаған жұмыстың суретін дәптерге салыңдар.

Алдымен жұмыстың тақырыбын, мақсатын,құралдар мен реактивтерін жазып,одан кейін төмендегідей кесте сызады:


Жұмыстың тақырыпшалары.

Жұмыс барысы.

Қорытынды.

а) ластанған тұзды дистилденген суда еріту.




Лас тұздың ерітіндісін алдым.

ә)сүзгі дайындау.

Суреті, оған түсінік

Сүзгіш қағаздан түрлі мөлшерде гі шұқыраққа лайықтап сүзгі дайындадым

б) лас тұз ерітіндісінен таза ерітінді алу.

Суреті, оған түсінік

Сүзу арқылы таза ерітінді

алдым.


в) таза ерітіндіден құрғақ тұз алу.

Суреті, оған түсінік

Суын буландырып ерітіндіден тұз алдым.

Жұмыс соңында мына сұрақтарға жауап береді:



  1. Қандай қоспаларды сүзу арқылы бөледі?

  2. Құрғақ тұзды ерітіндіден қалай бөліп алуға болады?

Үйге тапсырма беру:§ 4 (3,4,5)



Күні

Сабақтың тақырыбы: Атомдар және молекулалар Жай зат, күрделі заттар. Атом – молекулалық ілім.

Сабақтың мақсаты: Химиялық элемент,жай және күрделі зат ұғымдары негізінде атом туралы түсінікті қалыптастыру,осы ұғымдардың қолданылуын үйрете отырып дамыту,өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: H2 , O2 және су молекулаларының үлгілері, жай және күрделі заттардың үлгілері, металдар және бейметалдар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап арқылы

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі «Серпілген сауал» әдісімен оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.

Таза заттар және қоспалар .

Қоспаларды бөлу әдістері

2.Жаңа сабақ.Оқушыларға сұрақ қоя отырып, физика курсынан атом және малекула туралы алған білімін еске түсіру

Температура өзгерген кезде дененің көлемі неліктен ұлғайяды немесе кішірейеді? Затарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?

.1Атомдар және молекулалар

2. Жай зат, күрделі заттар

3.Атом – молекулалық ілім.М.В.Ломоносов

3.Оқулық бойынша жұмыс істеу, 1)1-9 тапсырмаларды ауызша талдау

Дәптерге №9.
2)Кесте толтыру


Өзіне тән белгілері

Күрделі зат немесе қоспа

1.Физикалық әдістермен айыруға болады.

2.Физикалық әдістермен айыруға болмайды

3.Бастапқы заттардың қасиеттері сақтал майды

4. Сандық құрамы барлық уақытта тұрақты.

5. Сандық құрам өзгермелі болуы да мүмкін.







4.Бекіту «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша сабақты бекіту,

5.Бағалау.Бағалау парақшасына баға қояды

6. Үйге тапсырма. :§ 4-5

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер атаулары, олардың таңбалары.Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға атом түріндегі химиялық элемент туралы алғашқы ұғымды түсіндіру, химиялық элементтердің таңбасын жазуды, салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету,өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: Тәжірибе үстелінде мынадай жай ( мыс,күкірт, фосфор, мырыш ) және күрделі заттар ( мыс оксиді, су, мыс купорасы), заттар малекуласының үлгілері, металдар жинақтамасы, химиялық элементтердің кестесі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұптық жұмыс.
Сабақ барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі .

Психологиялық дайындық .Шаттық шеңбері

  1. «Қарлы кесек» әдісімен оқушылар допты бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қояды.

-Таза заттар және қоспалар .

-Атомдар - молекулалар -Жай зат, -күрделі заттар. -Атом – молекулалық ілім.



3.Жаңа сабақ.

1.Химиялық элементтер атаулары, олардың таңбалары

2.Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

110 химиялық элемент белгілі.

химиялық элемент ұғымын енгізген-Р.Бойль.

химиялық элементті таңбалауды енгізген-И.Я.Берцелиус.

2-кесте бойынша жұмыс істеу

Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

Аr-химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары кесте бойынша жұмыс істеу
4. Оқулық бойынша жұмыс істеу,

1.Төмендегі сөйлемдердің қайсысында темір және зат ретінде, ал қайсысында темір элемент ретінде күрделі зат құрамында айтылады: а) темір сульфиді - бұл темір мен күкірттен құралған химиялық қосылыс: ә) таттың құрамында темір болады:б) сым темірден жасалады:в) темір ылғал ауада таттанады:



1-7 ауызша

15 25 бет

5.Бекіту:

1)Мына элементтерді ата:

1.H, ........... AІ................ Na, .................. N: S, ........... Zn,.............. O, .................. Mg Ca, CІ, Fe, P

2).Мына жазбадан нені көреміз: 5H2, 6С, 5S, P2O5, Cu, 2H2?

5.Бағалау.Бағалау парақшасына баға қояды

6. Үйге тапсырма. :§ 6-7

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массалары.

Сабақ мақсаты: Оқушыларға химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массаларын есептеуге және салыстыруды үйрету.

Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі. Оқулықтан 2-кестені қолдану.Электрондық оқулық. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі-тәсілдері: сұрақ-жауап, жүйемен жұмыс.

Тірек білім мен біліктер: атом, салыстырмалы атомдық масса, химиялық элемент, массаның атомдық бірлігі.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін тапсырмалар беру: Химиялық диктант жүргізу. Оқушыларға біршама элементтердің латынша айтылуын айтамын, ал олар дәптерге таңбаларын жазады:плюмбум,аурум,силициум,цинк,гидраргирум,купрум,гидрогениум, оксигени- ум, ферум,карбонеум,нитрогениум,станнум,аргентум т.б. Содан соң кейбір элементтердің оқылуын айтамын: эн,це,эс,о,аш,пэ,мыс,т.б

  1. Химиялық элементтердің таңбасын латынша белгілеуді ұсынған қай ғалым?

  2. Химиялық элемент ұғымын алғаш химияға енгізген ғалым?

  3. Химиялық элемент дегеніміз не?

  4. Молекула және атом дегеніміз не?

  5. Химиялық элементтерді неше топқа бөлеміз?

Жаңа материалды оқыту: Салыстырмалық атомдық масса. Vl сыныптың физика курсынан масса ұғымы белгілі екенін ескеріп, оларды мынадай сұраққа жауап беруін сұраймыз.

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың массасы өте кіші болғанымен олардың сандық мәні дәлдікпен анықталған. Мысалы ең жеңіл атом атом сутегінің атомдық массасы:

mа (H)=1.66*10-24 г немесе 1,66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

mа (O)=2.66*10-23 г немесе 2,66*10-26 кг-ға тең.

Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі, массаның атомдық бірлігі (м.а. б) қолданылады .

Массаның атомдық бірлігі (м.а. б.) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Көміртегі атомның массасы:

2,0*10-26г немесе2,0*10-26кг,ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26 =1.66*10-27кг =1,66*10-24г.

Осы мәндір м.а.б. деп аламыз. Бір атомдық масса бірлігіне тең сандық мәнді салыстырмалы атомдық масса деп анықтама беріледі. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз шама екенін және оны (индексі ағылшын тілінде relative- “салыстырмалы ” деген мағына береді ).

Мысалы оттегі үшін:

Ar=2.66*10-23 = 16

0.66*10-23

массасының атомдық бірлігімен (м.а.б.) алынған атомдар массасынан салыстырмалы атомдық массаның өлшемсіз шамасын ажырата білу керек.

мысалы; mа (H)=1м.а.б. Аr (H) =1

та (O)=16 м.а.б. Ar (O ) =16

та (S)=32 м.a.б. Ar (S) =32

Демек сутегі атомның массасы көміртегі атомның массасына 1/12 бөлігіне тең екенін, ал оттегі ал оттегі атомның массасы 16 есе, күкірт 32 есе бұл масадан ауыр екенін көрсетеді.

Жаңа материалды қорытындылау:

1. Мыс атомының оттегінен,күкірттен,сутегінен қанша есе ауыр екенін есепте.

2. Неге атомдық массаны салыстырмалы ұғымда айтады? Жауабын математикалық жолмен көрсетіңіз.

3. Магний атомының массасы көміртегі атомының массасынан неше есе артық?

4. Оттегі атомы массасынан салыстырмалы атомдық массасы көп болатын үш элементті (Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі таблицасынан) көрсетіңіз.

5. Қандай мақсатта химияға «салыстырмалы атомдық масса» ұғымы енгізілген?

6. Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не? Осы анықтаманы айқындайтын формуланы жазыңыз.

7. Салыстырмалы атомдық массалары 8 санынан кем болатын элементтерді атаңыз.

Үйге тапсырма беру. §8 1-10 жаттығу.

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

Сабақ мақсаты: оқушыларға заттың құрамын химиялық формуламен жазуға болатынын дәлелдеу,ол заттың құрамына қандай элемент, оның қанша атомы өзара қандай қатынаста кіретінін түсіндіру. заттың химиялық формуласы арқылы, оның салыстырмалы молекулалық массасы есептеуге оқушыларды машықтандыру, есептер шығара отырып ойларын дамыту.

өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Химиялық элементтер таңбасы жазылған кесте.карточкалар

Сабақтың түрі: ізендіру, аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс,дара жұмыс, Блум жүйесі бойынша.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі .

Психологиялық дайындық .жақсы тілектер айтады


2.Үй тапсырмасын тексеру.

Карточка бойынша химиялық элементтердің атын ,таңбасын жазғызу



«Қарлы кесек» әдісімен оқушылар допты бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қояды.

Химиялық диктант алу. химиялық элементтер б/а

3.Жаңа сабақ.

Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы..

Химиялық формула – заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы, берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.

Химиялық формула арқылы салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:

Мr (H2O) = (2•1)+16=18

Заттың формуласы бойынша мыналарды білуге болады:



  1. Жай немесе күрделі зат.(бір немесе бірнеше атом түрлерінен құралғандығын)

  2. Сапалық құрамы (яғни атомдардың қандай түрлерінен құралған)

  3. Сандық құрамы (яғни әр атом түрінің қаншасы кіреді)

  4. Салыстырмалы молекулалық массасы (яғни берілген молекула массасы м.а.б-нен неше есе көп)

  5. Элементтердің массалық қатынастары.

Төмендегі мысалдардан формула алдына қойылатын коэффиценттің және индекстің мәнін түсіндіру: 3O2, 4H20, 3P2O5, H2, 5H, 4H2.
4.Бекіту.оқулықпен жұмыс

Тапсырмалар мен сұрақтар бойынша:

1.Мына заттардың химиялық формуласын жазыңдар: сутек атомы,сутек молекуласы,оттектің екі атомы,оттектің молекуласы,сутектің екі молекуласы.

2. Мынадай заттардың химиялық формулаларын оқыңдар: азот қышқылы HNO3, күйдіргіш калий KOH, калий перманганаты KMnO4, тотияйын CuSO4, NaHCO3.

3.Жай зат азоттың N2 және күрделі зат көмір қышқылының H2CO3 салыстырмалы молекулалық масса сын есептеп шығарыңыз.

Тест тапсырмасы
5.Қорытындылау. Блум жүесі б/а талдау жасау

6.Бағалау.Үйге тапсырма беру. §8 №7 ,13.

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формула бойынша есептеулер.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік: Заттың сандық және сапалық құрамын білдіретін химиялық формула жайлы білімді қалыптастыру.

Дамытушылық: Заттың Мr,күрделі зат құрамындағы элементтің массалық үлесін табуды есептер шығара отырып үйрету және логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: есептер шығару.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй жұмысын тексеру

  1. Төменде берілген заттарда элемент жайлы айтыла ма: а)оттек демалу үшін қажет; ә)оттек судың құрамына кіреді;

  2. Оттек, натрий, күкірт, сутек, калий, көміртек элементтерінің таңбаларын жазып, оны оқып беріңдер.

  3. Таблицаны толтыру:

Формулалар

4H2

3CH4

3FeCI3

2H3PO4

Коэффициенттер













Индекстер













Әр атомның жалпы саны.













3.Жаңа сабақ

1. Заттың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу.

Мr(H2O) = 2Ar(H) + 1Ar(O)= 2•1+16=18

2. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық қатынастарын есептеу.

1-есеп: Алюминий гидроксидіндегі А1(ОН)3 алюминий, оттек және сутек атомдары массаларының қатынасын есептеңдер.Шешуі: Әр элементтің атом санын оның салыстырмалы атомдық массасына көбейтіп алюминий, от- тек, сутек массаларының қатынастарын тауып, сосын қысқартамыз:

m(А1) ׃ m(О) : m(Н) = Ar(А1) : 3Аг(O) : 3Ar(Н) = 27 : 48 : 3 = 9׃16:1

Жауабы: Алюминий гидроксидінің қүрамындағы алюминий, оттек, сутек атомдары массаларының қатынасы: m(AI) : m (H) : m(O) = 9 : 16 : 1.

3. Күрделі зат құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеу

2-есеп: Алюминий гидроксиді А1(ОН)3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер. Есепті екі тәсілмен шығаруға болады:

1) массалық үлестің дайын формуласын пайдалану;

2) пропорция арқылы.

2) Оттектің массалық үлесін у деп пропорция қүрамыз:

78 - 100 %,

3 •16 – у

3) Сутектің массалық үлесін z десек: 78 - 100 %,

3 • 1- z

Жауабы. ω(АІ) = 34,6%, ω(0) = 61,5%, ω(Н) = 3,9%.

4.Жаттығулар мен есептер жинағы бойынша есептер шығару.

5.Бағалау.

6.Үйге тапсырма беру. 1-63,1-64,1-65. Есептер жинағы

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің валенттілігі.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Валенттілік туралы түсінік беру. Екі элементтен тұратын заттың берілген формуласы бойынша валенттіліктерін анықтауға үйрету. Дамытушылық: Валенттілік құра отырып ойларын тереңдетіп дамыту. Тәрбиелік: Ұжымдық жұмысқа, таза жазуға тәрбиелеу.

Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілі: өзіндік жұмыс.

Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу, салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.

Білім мен біліктерін тексеру: Оқушылардың салыстырмалы молекулалық массаны есептеу біліктерін химиялық формула туралы түсініктерін тексеру және бекіту мақсатында құрастырылған 10−15 минутқа есептелген өзіндік жұмыс ұсынылады.

1 – нұсқа.

1.Химиялық таңбалар арқылы өрнекте: оттегінің бес молекуласы; оттегінің екі жеке атомы; оттегінің бір молекуласы; екі молекула оттегі;

2.Na2CO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

2 – нұсқа.

1.Төмендегі белгілер нені көрсетеді: 5Н; Н2; 7Н2;

2.HNO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

3 – нұсқа

1.Химиялық таңбалар арқылы жазып өрнекте: күкірттің бес атомы; сутегінің бір ,молекуласы; судың үш молекуласы; сутегінің үш молекуласы;

2.Н3РО4 химиялық формуласы нені көрсетеді?

4 – нұсқа

1.Төмендегі химиялық формулалар нені көрсетеді? 3О2; 5О; О;

2.Күкірт қышқылының химиялық формуласы – Н2SO4. Осы формула бойынша ,,,,,,,,,,,,қышқылдың сандық және сапалық құрамын көрсет.

Жаңа материалды оқыту:

1. Оқушыларды бейметалдардың сутекті қосылыстарының мысалында атом валенттілік терінің жаңа қасиеттерімен таныстыру. HBr, H2S, PH3, SH4, CH4, H2O, NH3. Валенттілікке анықтама бергеннен кейін, жоғарыда көрсетілген заттардың формулалары жазылып, оқушыларды бромның, күкірттің, фосфордың, кремнийдің, көміртегінің, оттегінің және азоттың валенттіліктерін осы элементтер мен қосылған сутегі атомдарының жалпы саны бойынша анықтауға жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.

2. Егер бір элементтің валенттілігі белгілі болса екінші элементтің валенттілігін табуға болатындығын Al2O3 мысалымен түсіндіреміз.

Оның алгоритмі ұсынылады. (мұғалім бұл алгоритмді кесте түрінде тақтаға іліп қоюына болады)

1. Қосылыстың формуласы жазылады: Al2 O3 ; ІІ

2. Қосылыстағы оттегі атомының валенттігі белгілі, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3 ;

3. Оттектің валенттігін оның индексіне көбейтіп, алюминийдің индексіне бөлу:

ІІ * 3 = 6; 6 : 2 = III; ІІІ ІІ

4. Қосылыстағы алюминийдің валенттігі үшке тең, оны рим санымен үстіне жазу: Al2O3;

Тұрақты және ауыспалы валенттілік туралы түсінік беріледі. Оқушыларға дәптеріне тұрақты валенттілік сақтайтын элементтерді жаздырамыз.

I - валентті Na, K, Ag, H; IІ – валентті Mg, Ca, Ba, Zn, O; III – валентті Al

Элементтердің ауыспалы валенттілік көрсететіндігін дәлелдейміз. FeCl2, FeCl3, SO2, SO3, PbO2, CO, CO2 қосылыстарын мысалға ала отырып, бұл заттардың аталуындағы ерекшелікті түсіндіреміз. Мысалы, көміртегі (II) оксиді, көміртегі (IV) оксиді.

Жаңа материалды бекіту: Формуласы бойынша химиялық элементтердің валентілі гін табуды үйрету мақсатында төмендегі жаттығулар орындатамыз. Төмендегі сутегі мен оттегінің үстіне рим цифры арқылы валенттілігі қойылған, қосылыстағы қалған элементтердің валенттілігін рим цифрымен жазып көрсетіңдер.

І нұсқа: H2, MgO, Al2O3, HCl, P2O5,

ІІ нұсқа: SiH4, Na2O, BaO, Ag2O, H2O,

ІІІ нұсқа: N2O5, NH3, MnO2, ZnO, N2O,

Егер бұл жұмысты оқушылар сабақта үлгере алмаса, үйде аяқтау тапсырылады.

Үйге тапсырма беру: §11. (1-10) Жұмыс дәптері.


Күні

Сабақтың тақырыбы: Элементтердің валенттіліктері бойынша химиялық қосылыстардың формуласын құру.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Белгілі валенттілігі бойынша екі элементтен тұратын заттың формуласын құрастыруға үйрету. Дамытушылық: Химиялық қосылыстардың формуласын құруға есептер шығара отырып ойларын терең дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал − жабдықтар: Химиялық таңбалар және элементтердің салыстырмалы атомдық массасы берілген кесте.

Сабақтың түрі: жеке жұмыстар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз еріктерімен жұмыс жасау.

Тірек білім мен біліктер: Элементтердің химиялық таңбасын білу,салыстырмалы молекулалық массаны анықтау, индекс, коэффициент, ең кіші ортақ еселік.

Оқушылардан валенттіліктің анықтамасын және бір, екі, үш т.б. валентілік, ауыспалы валенттік көрсететін элементтерді сұраймын. Содан соң оқушыларға химиялық элементтердің валенттілігін формуласы бойынша анықтау білігін бекіту мақсатында төмендегі жұмысты орындатамыз.

Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жаз.

І нұсқа: I) SiH4, HCl, H2S; 2) MgO, H2O, N2O3,

ІІ нұсқа: 1) PH3, HI, H2O; 2) N2O5, Na2O, CaO,

IІІ нұсқа: I) HBr, CH4, NH3; 2) Cu2O, BaO, NO2,

Мұнан кейін екі химиялық элементтен тұратын қосылыстың формуласын валенттілігі бойынша құрастыру алгоритмін ұсынамыз:

1. Элементтердің таңбаларын жазу: FeO; CІO; III II VII II

2. Әрбір элемент белгісінің үстіне валенттігін қою: Fe O; Cl O;

3. Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу: 3*2=6 7*2=14

4. Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу: 6:3=2 14:7=2

6:2=3 14:2=7

5. Элементтердің индекстерін жазу: Fe2 O3 ; Cl2 O7 ;

6. Қосылыстың формуласын жазу: Fe2O3, Cl2O7

Оқушыларды осы алгоритм бойынша валенттілігі белгілі қосылыстардың формулаларын құрастыра білуге дағдыландыру үшін тапсырмаларды орындатамыз.

Мына элементтердің оттегімен қосылыстарының формуласын құрастырыңдар

І нұсқа: Na, Cl (V), S(VI), Mg, ІІ нұсқа: Zn, H, Ba, S (IV),

IІІ нұсқа: N (V), AI, C (IV), P (V), IV нұсқа: Ag, Mn (IV), Fe (III), Ca.

1.Төмендегі формулалардан бір,екі,үш,төрт,бес, валентті элементтерді бөліп жазыңдар:

Na2O, HCI, CI2O5, PH3, Fe2O3; CrO3, MgO, ZnO, SiO2, As2O5.

2.Натрийдің, магнийдің оттегімен, сутегінің хлормен (І), азотпен (ІІІ), қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

3.Мына металдардың хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар: алюминий; калий; мыс;

4.Натрийдің: күкіртпен (ІІ); азотпен (ІІІ), хлормен (І) қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

5.Рим саны арқылы элементтердің валенттігің көрсетіңдер.

а) хлоридтерде, егер хлор бір валентті болса: AICI3, BaCI2, KCI;

ә) сульфидтерде, егер күкірт екі валентті болса: Na2S, ZnS, Cr2O3;

б) иодидтерде, егер иод бір валентті болса: AIJ3, CaJ2, KJ,

6.Темір – ауыспалы валенттілік көрсететін химиялық элемент. Темірдің (ІІ),(ІІІ) оттегімен, күкіртпен (ІІ), хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар.

7.Азот оттегімен қосылысында бірден беске дейін валенттілік көрсете алады. Азот оксидтерінің формулаларын жазыңдар.

8.Марганец оттегімен қосылыстарында 2,3,4,6,7 валенттілік көрсетеді. Марганец оксидте- рінің формулаларын жазыңдар.

9.Хлор оттегімен мынадай қосылыстар түзеді: СІО3, СІ2О, СІ2О7, СІО2. Әрбір қосылыстағы хлордың валенттігің есептеңдер және ең жоғары валенттігін анықтаңдар.
Үйге тапсырма беру: §12. (1-7) .

Күні

Сабақтың тақырыбы: Зат құрамының тұрақтылық заңы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Атомдардың бір-бірімен белгілі қатынаста қосылатынын, оның анықтамасын, мазмұнын айтып беру. Дамытушылық: Оқушының өз ойын түсіндіріп,тақырыптың мәнін аша білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

химиялық элементтер таңбасы жазылған кесте.

Тірек білім мен біліктер: Атом, малекула, масса, физика курсынан атом- малекулалық ілімінің негізгі қағидалары.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беру:

  1. Валенттілік деген не?

  2. Валенттіліктің түрі қандай болады?

  3. Бинарлы қосылыс деген не?

  4. Молекула және атом деген не?

  5. Мысалы: Молекуласында екі атом фосфор және бес атом оттек тұрса, ондағы фосфордың валенттігін табыңдар.

Жаңа сабақ: Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.

  1. Неге темір сульфидін алатын тәжірибені жасағанда массасы 4г күкірт пен массасы 7г темір өлшеп алады?

  2. Неге 9г темір алмайды?

Атом, малекула деген ұғымдарды пайдалана отырып, темір сульфидінің бір молекуласы түзілу үшін темірдің бір атомы мен күкірттің бір атомы әрекеттесетініне көңіл аударады. Демек темір сульфиді түзілу үшін кез келген массасын алғанда темір мен күкірттің бірдей атом саны қатысады. Егер Ar/Fe/=56, Ar/S/=32, онда олардың массаларының қатынасы мынадай: 56:32=7:4

Массасы 7г темірде болатын атом саны, массасы 4г күкіртте де болады. Темір сульфидін қандай әдіспен алса, оның құрамы бірдей. Темірдің (Fe) 7 массалық бөлігіне, күкірттің (S) 4 массалық бөлігі сәйкес келеді. Массасы, суда 8 массалық бөлік оттегіне 1 массалық бөлік сутегі келеді.

Атом - малекулалық ілім тұрғысынан алғанда заттың құрам тұрақтылық заңы былай түсіндіріледі: химиялық элемент атомдары бір-бірімен әрекеттескенде кез келген мөлшерде емес, түрақты бөліктері ғана әрекеттесіп, жаңа зат түзеді.

Бұл заңды 1806 жылы француз ғалымы Ж.Л.Пруст ашқан. Оқушыларға оқулықтан құрам тұрақтылық занының ережесін табу тапсырылады. Заттың (сапалық және сандық) құрам тұрақтылығына басқа да мысалдар келтіріледі. Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталады.

Бекіту:

1. Төменде екі элементтен тұратын формулалар берілген, формулаларды көшіріп, осы қосылыстағы әрбір элементтің валенттілігін көрсетіп жазыңдар:

I нұсқа: CaCl2 , ZnS , N2O3.

II нұсқа: Cu2S , NO2 , ZnO

III нұсқа: H2S , SO2 , CuO

2. Қосылыстың сандық және сапалық құрамын біле отырып, формуласын құрыңдар және ондағы элементтердің валенттіліктерін анықтаңдар:

а) бір атом күкірт пен үш атом оттегі;

ә) екі атом азот пен бес атом оттегі;

б) екі атом сутегі, бір атом көміртегі, үш атом оттегі;

3. Егер мыс пен оттегінің массалық қатынасы бірінші жағдайда 4:1, ал екінші жағдайда 8:1 болса, онда мыс оксидтерінің тиісті формуласын құрыңыз,

4. Формуласы СаСО3, кальций карбонатындағы элементтердің массалық қатынастарын анықтаңыз.

5. Күкірттің әр түрлі SO2 және SO3 оксидтеріндегі күкірт және оттегі элементтерінің массалық қатынасын есептеңіз.

Бағалау.

Үйге тапсырма. §13 1-8 жаттығулар.


Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері .

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Химиялық реакция теңдеулерін жазу, коэффициент қою,жазылған реакция теңдеулерін оқи білу икемділіктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: реакция теңдеулерін теңестіре отырып логикалық ойларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:: кестеге жазылған алгоритм, элементтердің валенттілігі көрсетілген кесте.

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру үшін сұрақтарға жауап беру

1. Зат массасының сақталу заңының маңызы неде ?

Бұл сұраққа оқушылар өткен сабақта алған біліміне сүйене отырып жауап береді.

Мұғалім оқушылардың пікір алысуын, ойлау іс-әрекетін басқара отырып, тек зат масса- сының сақталу заңының ашылуы нәтижесінде химиялық формулаларды теңдеу ретінде көрсетуге мүмкіндік туды деген қорытындыға келтіру керек .

Осыдан кейін мұғалім оқушыларды сабақ мақсатымен таныстырып өтіп, жаңа материалды түсіндіруге кіріседі:

Судың айырылу реакциясын мысалға ала отырып теңдеудің сол жағы мен оң жағындағы формулаларды, қойылатын таңбаларды, индекстерді жазып көрсеткеннен кейін мұғалім химиялық реакция теңдеуінің коэффициенті деген жаңа ұғымды түсіндіреді. Оқушы коэффициенттің не үшін керектігін білу қажет. Осы мақсатта оқушыларға мынадай сұрақ беріледі:

1. Химиялық реакциялардың мәні неде?

Химиялық реакцияның мәні бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуында.Осыған сүйене отырып, реакцияны коэффициент арқылы теңестіреді.

1/ ? AL + S = AL2S3

2/ ? Ca + O2 = ? CaO

3/ ? Fe + O2 = ? Fe2O3

Сабақты бекіту:

1.Мына реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз:

а) N2 + H2 NH3 ә) CO + O2 CO2

б) Al + Cl2 AlCl3 в) KOH + H2SO4 K2SO4 + H2O

г) MnO2 + H2 Mn + H2O

2.Реакция нәтижесінде шыққан заттардың формуласын валенттігі бойынша құрыңыз және реакция теңдеулерінің коэффициенттері қойып теңестіріңіз:

III II II II V II

а) Al + S Al S ә) Ba + O2 Ba O б) P + S P S

Үйге тапсырма беру: §114. (1-8) Жұмыс дәптері.

Күні

Сабақтың тақырыбы: Зат массасының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды зат массасының сақталу заңының мәнін ұғып, қарапайым мысалдар арқылы ойларын дамыту. Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар. Темір, күкірт, мыс ұнтақтары, спиртшам, сынауықтар, тұрғы, зертханалық таразы.

Тірек, білім мен біліктер: Құрам тұрақтылық заңы, зат массасы, қоспалар, химиялық қосылыстар, химиялық реакция заттың салыстырмалы молекулалық массасын, зат массасын есептеу, химиялық қосылыстардың формуласын құрастыра білу.

Сабақ барысы: Зат массасының сақталу заңын дұрыс түсініп, игеруін қамтамасыз ету мақсатымен оқушыларды жаңа ұғымды қабылдауға дайындау. Ол үшін оқушыларға көп сұрақтар қойылады.

  1. Қоспа мен химиялық қосылыстың айырмашылығы неде?

  2. Заттың химиялық формуласының маңызы мен қажеттігі неде?

Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылардың өзара пікір алысуына көмектесе отырып, жаңа материалды қабылдауға қажетті ұғымдарды естеріне түсіру.

а) Алыну әдісіне қарамастан химиялық қосылыстардың құрамы тұрақты;

ә) Химиялық реакция кезінде атомдар сақталады.

б) Реакция нәтижесінде түзілетін өнімдер бастапқы алынған зат құрамындағы атомдардан құралады деген қорытындыға келу.

Осы қорытындыларға сүйене отырып, химияның негізгі заңдарының бірі – зат массасының сақталу заңын түсіндіремін. Сабақ мақсатымен таныстырамын.

1.Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?

Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық қағидасына сай 7 г темір, 4 г күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г-ға тең болады. (КК) Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.

Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Неге?

Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық реакцияның жүріп жатқанын айтамын.Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама- қайшылықты М.В.Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.

Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық .
Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.

Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі.

Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.

Мысалы: 12г күкіртті темір ұнтағымен қыздыру нәтижесінде 33г темір сульфиді түзілді.Қанша грамм темір реакцияға қатысты?

Берілгені: m(FeS) = 33г Шешуі: 33г – 12г = 21г Жауабы: m(Fe) = 21г

m(S) = 12г

Т/к: m(Fe) = ?

  1. Массасы 24г мыс сульфиді түзілу үшін 16г мыс алынған. Ал күкірттің неше грамы керек?

  2. Массасы 56г магний сульфидін алу үшін 32г күкірт жұмсалды. Ал магнийдің қанша грамы жұмсалады?

Сабақ соңында оқушыларға қойылатын бекіту сұрақтары:

  1. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?

  2. Зат массасының сақталу заңының анықтамасын айт.

Үйге тапсырмаберу: § 15. (1-8) Жұмыс дәптері.
Күні

Сабақтың тақырыбы: Атом – молекулалық ілім.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың атом және молекула жайлы білімін бір жүйеге келтіру ол ұғымдарды жинақтай білу. Дамытушылық: Заттар жайлы ұғымды түсіну ғылымда атом - молекулалық ілімнің рөлін көрсету.Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдықтар: М.В.Ломоносовтың, Д.Дальтонның портреттері.

Тірек білім мен біліктер. Атом молекулалық негізгі қағидалары.

Сабақтың барысы: Сабақтың бас кезінде жалпы жаттығу жұмысын өткізу. Оның мақсаты оқушылардың валенттілікке сүйеніп заттың формуласын құра білуін тексеру.

1 – нұсқа

1.Мына элементтердің: Mn(VII), Cr(VI), Na(I) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.

2.Мына элементтердің: K(I), AI(III), Pb(II)фтормен F(I) түзетін қосылыстарының формуласын құр.

2 – нұсқа

1.Мына элементтердің: Hg(II), Ba(II), Ag(I) хлормен CI(I) түзетін қосылысының формуласын құр.

2.Мына элементтердің: Fe(II), K(I), Cr(III) күкіртпен S(II) түзетін қосылыстарының формуласын құр.

3 – нұсқа

1.Мына элементтердің: Cu(I), Fe(III), Ca(II) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.

2.Мына элементтердің: Na(I), Zn(II), AI(III) хлормен CI(I) түзетін қосылыстарының формуласын құр.

4 – нұсқа

1. Мына элементтердің: AI(III), Ag(I), Pb(II) күкіртпен S(II) түзетін қосылысының формуласын құр.

2. Мына элементтердің: P(V), S(VI), Zn(II) оттегімен түзетін қосылысының формуласын құр.

Жаңа материалды оқыту. Жаңа материалды оқыту мынадай жоспармен жүргізіледі:

  1. Мұғалімнің ежелгі грек ғалымдарының атом туралы көз қарастары және атом деген атау қалай берілгендігі туралы хабары.

  2. М.В.Ломоносов атом - молекулалық ілімінің негізгі бағыттары, оны ағылшын ғалымы Джон Дальтон дамытуы және сол кездегі белгілі болған элементтердің атомдық массасын табуға арналған жұмыстар.

  3. Карлсруэ (1860) қаласында өткен халықаралық химиктер съезінде атом молекулалық ілімді түпкілікті бекіту және атомның бөлінбейтіндігі туралы көз қарасты өзгерту, молекула және атом ұғымдарының анықтамаларын қабылдау;

  4. Атом – молекулалық теория негіздерінің жаңа көзқарастарынан алған қағидалары.

  5. Физикалық және химиялық құбылыстарды атом – молекулалық көзқарас тұрғысынан түсіндіру (диффузия,физикалық және химиялық құбылыстар).

Мұғалім қазіргі күнге дейін маңызы зор атом – молекулалық ілімнің химиядағы негізгі теория екенін түсіндіре бастайды. Атом – молекулалық ілімді алғаш химияға пайдаланып, оны әр қарай дамытқан ғалым М.В.Ломоносов еді. Ілімнің негізгі қағидалары төмендегідей:

1.Барлық заттар «корпускуладан» тұрады.(молекулшаны Ломоносов солай деп атаған)

2.Молекулалар элементтен тұрады. (атомды Ломоносов солай деп атаған)

3. Бөлшектер – молекула және атом үнемі қозғалыста болады.

4.Жай заттың молекулалары бірдей атомдардан, ал күрделі заттың молекулалары әр түрлі атомдардан тұрады. Одан ары қарай заңды оқып үйрену жоғарыда берілген жоспармен жүргізіледі.

Жаңа материалды бекіту. Жаңадан оқып үйренген тақырыпты есте сақтау үшін оқушылар төмендегідей сұрақтарға жауап береді:

а) атом – молекулалық ілімнің негізгі мәнін түсіндір;

ә) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтық молекуласындағы қозғалысты түсіндір.

б) атом – молекулалық теория тұрғысынан физикалық және химиялық құбылыстардың мәнін түсіндір;

в) тәжірибелер нәтижесіне сүйене отырып, газдар мен сұйықтың молекуласындағы қозғалысты түсіндір;

Егер уақыт жетсе сабақ соңында заттың құрамын анықтауға және валенттілікті біле отырып, заттың формуласын құруға төмендегідей тексеру жұмыстарын өткізуге болады.

1.Берілген жалпы оттегі қосылыстарының ішінен сәйкес келетіндерін таңдап ал. Егер фосфор (V), хлор (VII) валентті болса: R2O, R2O5, R2O7, RO, R2O3;

2.Берілген формулалардың WO3; Cr2O3; N2O5; Ag2O; Fe2O3; ішінен оттегі қосылыстарын таңдап ал. а) элемент бір валентті болса; б) элемент үш валентті болса;

3.Формуласы берілген: NO; H2S; FeCI3; AICI3; AI2O3; Mn2O7; Fe2O3; NaCI; N2O5; заттардың сәйкес аттарын тап: азот (V) оксиді; алюминий оксиді, темір (III) хлориді; күкірт (VI) оксиді; темір (III) оксиді; алюминий хлориді;

Үйге тапсырма беру: §16. (1-9) Жұмыс дәптері.

Күні

Сабақтың тақырыбы: Зат мольшері, Моль, Авогадро саны, Молярлық (мольдік) масса.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль туралы, Авогадро саны жөнінде ұғым қалыптастыру. Заттың берілген өлшемі бойынша құрылымдық бөлшектердің санын анықтауға үйрену.Молярлық масса ұғымын, заттың молярлық массасын есептеп шығару білігін қалыптастыру. Масса, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, молярлық масса деген ұғымдарды өзара байланыстыра отырып, есеп шығаруға үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ..

Құрал жабдықтар: зат мөлшері бір моль болатын металлдармен бейметаллдар үлгілері (күкірттің, темір ұнтағының, мырыштың, ) .

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.психололгиялық дайындық «Жылы сөз»

2.Үй жұмысын тексеру

10−15 минутқа өзіндік жұмыс.

1 – нұсқа.

1.Химиялық таңбалар арқылы өрнекте: оттегінің бес молекуласы; оттегінің екі жеке атомы; оттегінің бір молекуласы; екі молекула оттегі;

2.Na2CO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

2 – нұсқа.

1.Төмендегі белгілер нені көрсетеді: 5Н; Н2; 7Н2;

2.HNO3 химиялық формуласы нені көрсетеді?

3.Жаңа сабақ.

1.Зат мөлшері-физикалық шама. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі – моль.

Моль–берілген заттың құрылымдық бөлшектері 12г көміртегіндегі атом санына сәйкес келетін зат мөлшері. ν (ню) әрпімен белгіленеді,

Na –Авогадро саны, Na =6,02*1023

Молярлық масса г/мольмен, яғни граммен алынған мольмен өрнектеледі: М=m / ν. М= Мr Мысалы: 1) M(H2)= 2 г/моль; 2) M(O2) =32 г/моль; 3) M(H2O) =18 г/моль

m =М* ν -заттың массасы, г.

ν = m / М-Зат мөлшері , моль .
4.Оқушылард өздігінен шығаруына берілетін есептер:

  1. Массасы 112г темір неше моль болады?

  2. Массаса 132г көміртегі(IV) оксиді неше моль болады?

  3. Мөлшері 0,3 моль көміртегі(IV) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;

  4. Мөлшері 0,2 моль мыс (ІІ) оксидінің массасын есептеп шығарыңдар;

5. Бекіту.Сұрақтарға жауап беру.

  1. Заттың молярлық массасы дегеніміз не?

  2. Заттың молярлық массасының өлшем бірлігі не?

  3. Қай формуланың көмегімен заттың молярлық массасын, массасын, мөлшерін анықтауға болады?

  4. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі не?

  5. Зат мөлшері қалай белгіленеді?

  6. a) ν (C) = 4 моль деген жазу нені білдіреді?

б) ν (H2O)=2 моль деген жазу нені білдіреді?

  1. Үш молекула су қанша моль болады?

6.Бағалау.Кері байланыс.

Үйге тапсырма. § 9№ 5-6. 35 бет


Күні

Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакцияның типтері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қосылу, орын басу, айырылу және алмасу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тере Бағалау.ңдете дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Суды айыруға қажетті құрал, сынауықтар, спиртшам, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: есептер шығару, оқулықпен жұмыс.

Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы , валенттілік , жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді құрастыра білу біліктері .

Сабақ барысы: Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың бірі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. Мұғалім оқушыларға реакцияның химиялық теңдеуін жазуды тапсырады.

Бұл сабақта химиялық реакцияның төрт түрі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. талданады . Мұғалім мысал ретінде мысты ауада қыздырып көрсетеді. Оқушылар реакцияға тек мыс қатысты деп қателесуі мүмкін. Сондықтан сұрақ қойылады: реакцияға мыстан басқа тағы қандай зат қатысады?

Реакцияға мыстан басқа ауадағы оттегі қатысатынын анықтап алғаннан кейін оның теңдеуін оқушылар мұғалімнің басқаруымен жазады. Ол үшін мыстың валенттілігін, оттегі молекуласында қанша атом бар екенін еске түсіреді. Келесі мысалды тәжірибе жасап , түсіндіруге болады . Көрнекі көрсету: мыс хлоридінің ерітіндісіне мырыш түйіршіктері салынады. Мұғалім реакция өнімі түзілу үшін элемент атомдары бірінің орнын бірі басатынын тәжірибе нәтижесінен көрсетеді. Одан әрі мұғалім реакцияға түскен және нәтижесінде түзілген заттар санының тұрғысынан жоғарыдағы екі теңдеуді салыстыра отырып, оқушыларды орын басу реакциясының анықтамасымен таныстырады, дәптерге жазғызады. Одан әрі мыс (ІІ) оксиді мен тұз қышқылы әрекеттестіріледі. Реакция нәти- жесіндегі өзгерістер түсіндіріледі. Тақтаға жазылған теңдеулерді оқушылардың өздері теңестіреді: 2Cu + O2 = 2CuO А + В = АВ

2H2O = 2H2 + O2 АВ = А + В

СuCI2 + Zn = ZnCI2 + Cu АВ + С = СВ + А

CuO + 2HCI = CuCI2 + H2O АВ + СД = СВ + АД

Оқушыларға оқулықтағы (50бет) реакция типтеріне мысалды дәптерлеріне жазып алуды тапсыру.

Үйге тапсырма беру: §18. 6-9 жаттығулар.

Күні

Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакцияның типтері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қосылу, орын басу, айырылу және алмасу реакциялары жөніндегі ұғым, оларды химиялық теңдеулері бойынша ажырата білу білігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Химиялық реакцияның типтері бойынша есептер шығара отырып ойларын тереңдете дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтар: Суды айыруға қажетті құрал, сынауықтар, спиртшам, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: есептер шығару, оқулықпен жұмыс.

Тірек білім мен біліктері: Зат массасының сақталу заңы , валенттілік , жай және күрделі заттар жөніндегі білім; заттың химиялық формуласын, химиялық теңдеуді құрастыра білу біліктері .

Сабақ барысы: Зат массасының сақталу заңына сүйеніп, химиялық реакцияларды бастапқы және алынған заттардың белгілері бойынша бірнеше түрге бөлуге болады. Солардың бірі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. Мұғалім оқушыларға реакцияның химиялық теңдеуін жазуды тапсырады.

Бұл сабақта химиялық реакцияның төрт түрі қосылу, айырылуы, орынбасу және алмасу реакциялары. талданады . Мұғалім мысал ретінде мысты ауада қыздырып көрсетеді. Оқушылар реакцияға тек мыс қатысты деп қателесуі мүмкін. Сондықтан сұрақ қойылады: реакцияға мыстан басқа тағы қандай зат қатысады?

Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға химиялық реакция типтерін анықтай білуге, және теңдеулерді коэффициент қойып теңестіруге өздік тапсырмалар беру:

1-нұсқа. 2-нұсқа

1.Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріп таяқша орнына теңдік белгісін қойыңдар:

а) Mg + O2 — MgO а) Fe + O2 — Fe2O3

ә) Ag2O — Ag + O2 ә) P + O2 —P2O5

б) N2O5 + H2O — HNO3 б) KCIO3 — KCI + O2

в) AI + S — AI2S3 в) ZnO — Zn + O2

г) CuO + AI — AI2O3 + Cu г) Fe3O4 + AI — AI2O3 + Fe

д) CH4 + O2 — CO2 + H2O д) Na + H2O — NaOH + H2

2. Реакция теңдеулеріне тиісті коэффициент қойып, қай типке жататынын анықтаңдар:

а) МgCO3 = MgO + CO2 а) KCIO3 = KCI + O2

ә) Mg + HCI = MgCI2 + H2 ә) AI + HCI = AICI3 + H2

б) Na + O2 = Na2O б) N2 + H2 = NH3

в) KOH + H2SO4 = K2SO4 + H2O в) AI2O3 + HBr = AIBr3 + H2O

3.Мына оксидтердің айырылу реакциясының теңдеулерін құрыңдар:

а) Hg2O = ? + ? a) CuO = ? + ?

ә) HgCI2 + Cu = ? + ? ә) FeS + HCI = ? + ?

б) MgO + HCI = ? + ? б) CuO + H2 = ? + ?
Үйге тапсырма беру: §18. Темірболатова есептер жинағы

Күні

Сабақтардың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Химиялық реакция типтері мен реакция теңдеулерін теңестіру ұғымдарын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Дамытушылық: Реакция теңдеулері бойынша сандық есептер шығаруды үйрену.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, өз еркімен жұмыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.психололгиялық дайындық «Жылы сөз»

2.Үй жұмысын тексеру

10 минутқа өзіндік жұмыс.

1-тапсырма: Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер.,типін анықтаңдар:


1-нұсқа

2-нұсқа

3-нұсқа

Ca + CI2 =

Na + O2 =

P + O2 =

AI + CI2 =

K + S =

Zn + O2 =

Ca + S =

AI + S =

H2 + O2 =


ІІ.Жаңа сабақ: Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер

Есеп: 1 моль магний реакцияға түсу үшін қанша моль оттек қажет және қанша магний оксидінің зат мөлшері түзілетінін есептеңдер.
Берілгені: ν(Mg)=1моль

Т/к: ν(О2)-? 1 моль х моль у моль

ν(MgO)-? 2Mg + O2 = 2MgO

2 моль 1 моль 2 моль
Енді есепті ауызша шығаруға болады. Жауап: 1 моль магний жану үшін 0,5 моль оттек қажет болса, 1 моль MgO түзіледі. Енді оның массасын табу үшін m=Mν формуласын пайдаланып, m(O2)= 32г/моль • 0,5 моль=16г; m(MgO)= 40г/моль • 1моль = 40 г.

.
ІІІ.Сабақты бекіту :

8г мыс(ІІ) оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?

    1. Нәтижесінде 4 моль сутек алу үшін қанша грам суды айыруға болады?

    2. Массасы 6,5г цинк оттекпен әрекеттессе цинк оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?

    3. 1 моль алюминий күкіртпен реакцияға түсу үшін қанша күкірт қажет және түзілген алюминий сульфидінің массасын есептеңдер?

    4. Оттегінде 54г алюминий жанған кезде, алынған алюминий оксидінің массасы қандай?

    5. Массасы 360г алюминий сульфидін алу үшін, оған жұмсалған алюминий мен күкірттің массасын есептеп шығар.

    6. 8г мыс(ІІ) оксидінен мысты жеке бөліп алу үшін, қанша грамм сутегі жұмсалады?

    7. 8г сутегі жанғанда түзілетін судың массасы және зат мөлшері қанша?

    8. Реакцияға 16г оттегі түскенде судың қандай зат мөлшері шығады?

    9. Реакциядан 9г су түзіледі. Реакцияға түскен оттегінің массасын және зат мөлшерін табыңдар.

ІV.Бағалау.Кері байланыс.

Үйге тапсырма.
Каталог: kopilka
kopilka -> Оқып үйренудің негізгі мақсаты Оқытуда қалыптасатын әдіс-тәсілдер
kopilka -> Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесіндегі дара тұлға
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Қадыр Мырзалиев "Ана"
kopilka -> Тақырыптың туындау себептері
kopilka -> Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы
kopilka -> Ххі ғасыр көшбасшысы өткізген
kopilka -> Жарық туралы дуализм Квант дегеніміз не? Абсолют қара дене Фотон
kopilka -> Өмірбаяны 1858 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл
kopilka -> Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет