I тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі



бет26/26
Дата21.05.2020
өлшемі0.64 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Көріністен түйгендері:Себебі ол жолдасын тастап кетті.Өз басын ғана қорғап қалды.Ондай адаммен дос болмау керек Досының іс әрекеті дұрыс па?

Түйін: Адал дос барлық жерде екен.

Өмірде достың орны ерекше екен.

Жақсы дос жадыратса жан дүниенді.

Жаман достар жамандық ойлайды екен.



Жүргізуші: Достық тек адамдар арасында ғана емес, жануарлар, құстар мен адамдар арасында да болады. Соған дәлел ретінде «Қарлығаш пен дәуіт» деген мультфильмді көріп тамашалаңдар. Өздерің достыққа куә боласыңдар

Бейнеролик: Қарлығаш пен дәуіт

Достық туралы мақалдар айту

Балалар енді достық туралы қандай мақал мәтелдер білесіңдер?
1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».
2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».
3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».
4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».
5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».
6. «Досы көппен сыйлас,
Досы жоқпен сырлас».
7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».
8. «Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».
10. «Досың мың болса да - аз,
Дұшпаның біреу болса да - көп»

Ұлы даналарымыздың достық туралы нақыл сөздеріне кезек берейік.

Ақерке: «Дос адам артық сұрамайды.»
Махмұт Қашқари.
Нұрдәулет: «Дос достың кемшілігін кешіре береді.»
Жүсіп Баласағұн.
Әлемхан: «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.»
Абай.
Самал: «Екі ердің достығы асулардан асырар.
Екі елдің достығы ғасырлардан асырар.»
Мұзафар Әлімбаев..
Бекзат: «Дос табу оңай – сақтауы қиын,
Жау табу оңай - тоқтауы қиын.»
Жүсіп Баласағұн.
Жүргізуші:Достық адамдар арасында ғана емес ұлттар арасында мемлекеттер арасында да достық болады.Біз Қазақстан дүние жүзі елдерімен достық қарым қатынас орнатудамыз.

Қорытындылау :Сонымен балалар енді мен сіздерге мынандай достық ережесін ұсынғым келеді.Осы ережелерді есімізге сақтайық:

Достық ережесі

1.Қиын кездерде бір біріне көмек көрсетіңдер

2.Досыңды алдамай оған адал бол

3.Досыңды қорлама

4.Досыңды қызықты шақтарды бөлісе біл

5.Досыңның кемшілігін кешіре біл



6.Досыңды барда да сына, жоқта да сына
7.Досқа қамқор бол

Жүргізуші: Тәуелсіздік таңы арайлап атып арамызда тек достық болсын дей келе достық әнімен тәрбие сағатын аяқтаймын.Достығымыз нығая берсін!







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет