Іі-кіші «Алма» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Тәрбиеші: Сагинова. Д. Б. Білім беру саласы



Дата10.10.2020
өлшемі15,28 Kb.
#64359

ІІ-кіші « Алма» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Тәрбиеші:Сагинова.Д.Б.

Білім беру саласы:Әлеумет.

Бөлімі:Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы:8 Наурыз – аналар мерекесі.

Мақсаты: 1. Халықаралық мереке – 8 Наурыз мерекесімен таныстыру.

2. Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.

3. Әдепті болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:8 Наурызға арналған тақырыптық суреттер, мамандықтар бейнеленген суреттер, торғайдың суреті.

Сөздік жұмыс: қолы шебер.

Билингвальды компонент:мереке – праздник, ана – мама, сыйлық –подарок.


Оқу қызметіні кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-

қозғауышылық

Шаттық шеңбер


Балалар күн нұрына қарай қол созып,алақанымызды жазайық:
Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қайырлы күн,балалар!


1. Көңіл кұй әліппесі.
- Қайырлы таң, балалар! Кәне, бәріміз бір-бірімізге жылы

сөздер айтып, көңілімізді көтеріп, сабағымызды бастайық.


2. Біздің топқа торғай ұшып кірді, тұмсығында хат бар сияқты. Бұл хатта не жазылғаны туралы торғай білмейді, торғайға көмектесеміз бе?

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен, құрметті аналар!


Балалар өлең жолдарына сәйкес іс қимылдар атқарады.


Балалар жақсы

көңіл күймен назар аударады.
Қызығушылығын көрсетеді.
Тақпақты тыңдайды.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

1. Білімді өзектендіру.

-Қандай мереке жақындап келе жатыр?

-Торғайға осы мереке жайлы толығырақ айтып берейік.

2. Әңгіме: «8 Наурыз».

Көктем – жыл мезгілі.

- Көктем түсе күн жылы шуағын шашады. Қар астынан қылтиып, жасыл шөп шыға бастайды. Жылы жаққа ұшып кеткен ұзақ, қараторғай сияқты құстар ұшып келе бастайды. Міне, осы кезде алғашқы көктем мерекесі – 8 Наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтіледі.

Бұл мереке мемлекеттік болып саналады, яғни бұл күні барлық адамдар демалады. Бұл мерекеде қыздарды, аналарды, әжелерді, апаларды өлең, тақпақ айтып, гүл сыйлап құттықтау дәстурге айналған.

3. «Мерекедегі фотосуреттер» ойыны.

Шарты: әртүрлі мерекелік фотосуреттер көрсетіледі, солардың ішінен 8 Наурызға байланысты суреттерді таңдайды.

4. Билингвальды компонент: мереке - праздник, ана – мама, сыйлық –подарок.

5. Сергіту сәтін өткізу.

- Барлықтарыңның аналарың өте жақсы адамдар, барлығы өз мамандықтары бойынша еңбектеніп, айналасын-дағыларға көмек береді.

- Кәне, торғайға аналарымыз бен әжелеріміздің мамандықтары жайлы айтып берейік.

6. «Анамның мамандығы» дидактикалық ойыны.

- Әйел адамның мамандықтары бейнеленген суреттерді таңдап, себетке салайық.

- Иә, балалар, кез келген ананың қолы шебер. Өйткені олар дәмді етіп ас та әзірлейді. Киім де тігеді, яғни қолдарынан бәрі келеді. Сондықтан «қолы алтын» дейді. «Шебердің қолы алтын» деген сөз бар.Ол біздің аналарға да арналады.



Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап, әнгімеге қатысады.


«8 Наурыз» тақырыбында суреттерді таңдап, өз таңдауын түсіндіреді.


Қайталайды.
Сергіту сәтін орындайды.

Аналар мен әжелердің мамандықтары жайлы айтып береді.


Әйел адамның мамандықтары бейнеленген суреттерді таңдап алады.



Рефлек-

сиялық-

түзетуші-

лік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдері қорытындыланады.



Сұрақтарға жауап береді.



Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.


Күтілетін нәтиже:

орындайды:әйел адамдардың мамандықтары қандай болатынын және олардың ер адамдардың мамандықтарынан ажырата алуғаберілген тапсырманы.

түсінеді:8 Наурыз – халықарлық әйелдер мерекесі екенін.

қолданады:сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік және алған ақпаратты талдай білу дағдыларын.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет