Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. Қысқарған сөздердің тілдік табиғаты, ерекшеліктері
2.1. Қысқарған сөздердің жасалу жолдары
2.2. Қысқарған сөздер түрлері
2.3. Қысқарған сөздер қолданысынын жайы
2.4. Қысқарған сөздердің қазіргі қазақ баспа сөзіндегі қолданысы
2.5. Қысқарған сөздердің ғылым тіліндегі қолданысы
2.6. Қысқарған сөздер қолданысындағы кемшіліктер
ІІІ.Қорытынды
Қысқарған атауларды дұрыс қолданудағы ұсыныстарым
Кіріспе
Қазақ тіл білімінде көп зерттеле қоймаған, тіл мамандары тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбей жүрген мәселенің бірі – қысқарған сөздің жай-күйі.
Жалпы қысқарған сөздердің тілімізде пайда болып, қолданысқа ене бастауы кейінгі бір ғасырдың төңірегінде көрініс бере бастаған құбылыс. Қысқарған атаулар негізінен ХХ ғасырдың басынан бастап,тілімізде жасалып, қол-данысқа ене бастады. Оған себеп болған газет-журналдар мен кітаптардың басылып, баспа өнімдерінің көбеюі,қоғам өміріндегі жазба тіл рөлінің артуы, орыс тілінің ықпалы сияқты факторлар. Өткен жүзжылдықтың жиыр-масыншы жылдарынан бері қарай тіліміздегі қысқарған атаулардың қарасы көбейіп, олар баспасөз тілі мен ғылым тілінде біртіндеп көбейе түсті. Кеңестік кезеңде олардың басым көпшілігі тілімізге СССР, КПСС, ЦК,НКВД, КГБ, МВД, совнарком, ревком, комбат, парбюро, колхоз,совхоз түрінде орыс тілінде туындаған қысқарған атаулардың барлығы дерлік олардың орыс тіліндегі қалпын бұзбай енді, солай қолданылды. Ал қазақ тілінде туындаған қысқарған атаулардың барлығы дерлік олардың орыс тіліндегі үлгісі бойынша жасалды. Осылайша бұл кезеңде сөзжасамның бұл түрі тұтастай дерлік орыс тілінің ықпалында болып, орыс тілі қазақ тілі мен бірқатар ұлт тілдері үшін үлгі тіл саналды. Сол себепті Кеңес Одағы тұсында жасалып, қалыптасқан қазақ тіліндегі қысқарған атаулар қабаты тұтастай сол кезеңнің өзіндік сипатын, тілдер арасындағы қатынастың ерекшелігін көр-сетіп тұр. Еліміз тәуелсіздігін алып, қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін иеленген соңғы жиырма жылдан астам, уақыт ішінде де тілімізде көптеген қысқарған атаулар пайда болды. Ондай атаулардың АҚҒ БАҚ, ЖАҚ, ҚР, ТМД, ҚазМұнайГаз, Қазтелеком сияқты бірқатары қазір тілімізде орнығып, кеңінен қолданылып жүр. Олардың арасында қысқарған атау жасаудың кешегі кеңестік кезеңде орныққан үлгісі бойынша жасалғандары да, ұлттық ерекшеліктері бар, жаңаша үлгімен жасалғандары да аз емес. Жалпы кейінгі жылдары тілдік қорымыздағы қысқарған атаулардың үлесі күрт өсті. Олар-дың қолданылу жиілігі де артып отыр. Сондықтан тілдегі мұндай құбылыс-тың сырына үңіліп, қысқарған атауларды жиып-теріп, жүйелеп, олардың жасалу және қолданыс ерекшелігін анықтау маңызды міндет. Қазіргі қолданыстағы қысқарған атауларды жинақтап, тақырыбымды осылай алдым.
Зерттеу жұмысына еніп отырған қысқарған сөздер қазақ баспасөзінен соңғы 1 жыл көлемінде жинақталды. Қазіргі қолданыстағы қысқарған сөздердің басым көпшілігі кейінгі жиырма жыл көлемінде жасалған атаулар. Олардың арасында тіл нормаларына сай сәтті жасалып жаппай қолданыла бастағандарымен қатар, сәтсіз жасалымдар мен бірреттік немесе авторлық қолданыстар да бар. Қазақ сөзжасамынының бір түрі ретінде қысқарған атаулардың қазіргі жасалу ерекшеліктері мен қолданысын, жетістігімен мен кемшіліктерін айқындап, оларды түгендеп, жиып-теріп, қысқарымдарды сәтті-сәтсіз демей, мейлінше молырақ қамтуды,тілдік деректерді барын бардай көрсетуді мақсат еттім. Бастапқы бөлімінде жиналған атаулардың жасалу, қолданылу ерекшеліктеріне тоқталдым.
Достарыңызбен бөлісу: |