Іі нұсқа 1-билет Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері



бет1/4
Дата28.02.2020
өлшемі216,24 Kb.
#59270
  1   2   3   4
Байланысты:
2 нусқа



ІІ нұсқа

1-билет
1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері.

Қазақстан аумағында 800-ге жуық неолиттік тұрақтар табылған. Шоғырланған аймақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан ( Қараүңгір, Сексеуіл) Солтүстік Қазақстан (Пеньки), Орталық Қазақстан ( Зеленая Балка, Қарағанды, Жезқазған

Қараүңгір Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Бұл жерде шақпақтастан жасалған құралдар, сүйек бұйымдары олардың ішінде көзі бар инелер, біз, тескіштер т.б. болған. Қызылорда облысындағы Сексеуіл тұрағында қой мен сиырдың, жабайы жылқылардың қаңқалары табылғандықтан олардың мал өсірумен және аңшылықпен айналысқанын айтамыз.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден, құс балық аулау, терімшілік болған.Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылғандықтан, олар мал шаруашылығымен айналысты. Жезқазған жерінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басының солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл – неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеде өмір жалғасады деген сенімі болғандығының куәсі. Шығыс Қазақстандағы қоныстардан ұсақ тастардан өткірленіп жасалған ұштар, кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін пайдаланған және де жалпақ пышақ, жонғыш, қашаулар мен тас балталар да табылған. Неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан.
2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы реформалар әртүрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды.Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы,Қазақстанның Республикалық партиясы және «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды.

Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін.Ал, ұйым кей жағдайда өзге мәселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады.

Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мәселелерді шешуге бағытталады.Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады.Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады.

Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

3.Қарахан мемлекетінің аумағын карта б-ша көрсетіңіз.

X ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан деген әулетінің атынан Қарахан мемлекеті құрылды.



2-билет

1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер.

Мезолит дәуірі палеолит пен неолиттің ортасы . Бұл уақытта рулық қауымда «Саналы адам» өмір сүрген. Туыстық қарым-қатынастар яғни жақынына көмектесу, қорғау, туысым деп сезіну пайда болды. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Оның мәнісі ер адамдар, негізінен аң аулаумен шұғылданса, әйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты. Қоғамда қауым мүшелерінің құқығы тең болды. Бірақ балалар мен ересектердің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттері әртүрлі еді. Қариялар қауым ішіндегі берекені сақтады, әдет-ғұрыптарды іске асырды, ақылшы болды. Ересектер тамақ тапты, баспана салды, қауым мүшелерін жаудан қорғады. Балалар қауымнан өзіне тиісті үлестін –тамақ, киім алғанымен, қауым жиалысына қатыса алмады. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды. Мысалы, ұлдар аң аулау әдістерінен, садақ атудан,қыздар үй шаруасы, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды. Әдетте мұндай сынақтарға ұлдар мен қыз балалар кішкене кездерінен бастап дағдылана бастады. Қауым: қариялар, ересектер, балалар болып үш топқа бөлінді.



2.Қасым мен Тәуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар.

Қасым хан (1511-1518)

Тәуке хан (1780-1715(1718))

Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды.Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жердауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлық‑қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған.Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда‑саттық дипломатиялық қарым‑қатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді;Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды.



3.1920жылдардан бастап Қ-ның астаналары болған қалаларды карта б-ша көрсетіңіз ж/е болған жылдарын анықтаңыз.

1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды.

1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і ОАК төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады.  Қызылорда1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды

1927 жылы 3 наурызда Қазақстанастанасын Алматыға көшірілді.  Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды.

1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті. 2019 жылы наурыздың 20 жұлдызында Астана қаласының есімі ресми түрде Нұр- Сұлтан деп өзгертілді. [1]

3-билет.

1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы.

Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағантының жер аумғы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты.Қағанат оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан-байтақ аумаққа билік жүргізід. Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі.

545 жылы түрік қолбасшысына Қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Алайда ұзақ уақыт жужандардың (авар) тепкісін көрген түріктер оларға қарсы баскөтере бастайды. Түрік қолбасшысы Бумын Жужан әміршісі Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Бумын Анағұй қағанға маған қызын әйелдікке берсін деп елші жібереді. Мұны естіген Анағұй ашуланып, менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай дәті барды екен деп Бумын қағанды кемсітеді. Түрік қолбасшының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол жәбірленуші ретінде, енді

Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды деп шешіп, онымен шайқасудың сәтін күтеді. Бумын қаған Қытай елімен саяси байланысты бұрынғыдан да нығайта түседі. Оның белгісі ретінде Қыта әміршісінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің билігін басқа елдердің алдында бұрынғыдан да көтере түседі. Сөйтіп Түрік қағанаты біртіндеп күшейе түседі.552 Жужан қағандығы жеңіліс табады. Бумынның орнына Қара-Еске қаған келеді. Аварлар мен ұрыста Қара-еске қазаға ұшырайды, билік Мұқан қағанға көшеді. Осы уақытта Солтүстігі Саян тауынан шығысы Сары өзенге дейінгі аралықтағы тайпаларды бағындырады. Олар: қидан,арабтар, оғыз-татар т.б. тайпалар. Батысты бағындарған кезде билікке Иштеми келеді, ол 10 түмен қол бастаған Батыс түрік тайпаларының қолбасшысы болды.VІ ғасырдың 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың екінші жартысындағы Түрік қағанатының билігін Азияның біраз аймағын қамтыды. Қытай, Иран, Визнтия сияқты атақты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпал жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды.


2. 1822 ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.

Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады.1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды -Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді. Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды.

Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда қүрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сүлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сүлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді.

Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді.

"Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.

Кейін Сібір казақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу қүқығына ие болды. Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды.



4-билет

1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мәдениеті)

Қимақ қағанаты ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасыдың басында өмір сүрген.

Моңғолияның солтүстік батысында мекендеген. Батыс Түрік қағанатының ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне берді. Қимақ қағанаты Қазақстанның солтүстік –шығыс , орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы Имақия қаласы, екінші астанасы - Карантия қаласы болды.

Қимақ қағанаты көбінесе көрші мемлекеттерге шақыншылық жасап отырды. Х ғасырда қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы – Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алды және де Енесей бойындағы қырғыздарға шабуыл жасап тұрған.Сыр бойындағы оғыздармен бейбіт тұрып-ақ, олардың жерлеріне кіріп алған. Осыған байланысты қимақ, қыпшық, оғыздардың тіл және тұрмыс-салт жағынан бір-біріне ұқсас жақтары көп. Х ғасырдың ІІ жартысында қимақтарға қарсы Қарахан мемлекеті шабуыл жасайды. Деректер бойынша олар Ертіс өзеніне дейін жеткен. ХІ ғасырда қарахандықтардың шабуылы жиілей түсті. Қағанат сыртқы жорықтардан әлсірей бастайды. Қимақ қағанатының құлауына екі себеп болды.

Қыпшақтардың билікке таласуы.

Сыртқы қайшылық, ол әсіресе шығыстан бастықа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпалардың әсерінен болды.



Шаруашылығы, мәдениеті-қағанаттың халқы негізінен мал өсірумен айналысты. М.Қашқаридің дерегінде малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарды жатақ деп атады. Олар қолөнерді, балық аулауды кәсіп еткен.Гардизи былай деп жазған : «шаруалар мырзаларының малын бақты, әркім қысқа арнап шамасы келгенше қой, сиыр, және жылқы етін сүрлеп алды» . Бұдан қимақтар қазақтардың ата-тегінің бірі екендігі көрінеді.

Қағандар мен ақсүйек-феодалдар өздерінің ордаларын айналдыра биік дуалдармен қоршап, қамалға айналдырған. Қамалдың жұмысын малы жоқ кедейлер істеген. Қимақ кедейлері егіншілікпен айналысып, тары, арпа, бидай өсіріген. Кейбір деректерде олардың жүзім өсіргендігі айтылады.

Қимақтар басқа тайпалар сияқты о дүниедегі өмірге сеніп, ата-баба аруағына сиынды. Қимақтар өлген адамның мәйітін өртеп, күлін жерлеген. Көкке (аспанға), Тәңірге табыну белгілері сақталды. Х ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастады. Оған дәлел қимақ қағаны Жанақтың ибн Хакан әл-Қимақи аталуы, сондай-ақ жерлеу дәстүрінен көреміз. Қимақтардың рухани мәдениеті екі түрлі деректерден көрінеді. Зираттардан табылған археологиялық материалдар, жазба деректер.
2.«Алаш» және «Үш жүз» партияларының сипаты және алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары.

«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ә.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен(бөлімнен) тұрды(мемлекет қалпы,жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).

«Үш жүз»партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды.Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу,тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді.Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды.Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды.

К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді.



Айырмашылықтары:

«Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді.

«Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады.Әлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.

«Алаш» партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды.

«Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады.

«Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды

«Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады.

1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған



«Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.

5-билет

1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мәдениеті)

Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма әкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан әскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси - әкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас – тартыс басталды. Оны Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу қаған (715 – 738 ж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді.Сұлу қаған шығыстағы жағдайын әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағысаяси жағдайын күшейтеді.Ендігі мәселе, батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жәрдем беруге тырысты.Мәселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан . Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш әскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын әскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған. Оның шайқастарға тікелей қатысуына әрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың әскербасысы Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір – екі жылға созылған. Бұл кезде сары және қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси және әкімшілік жағдайы мүлде әлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан)әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге әрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749 – 753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан – жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата әлсірейді. Бұл сәтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызы.

Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен 2004 жылы «Мәдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы.

Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізілді.


Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.

Бағдарламаның жүзеге асуын мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография, және тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған


6-билет

1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы)

Моңғол тілді кидан тайпалары б. з. IV ғасырында Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген.X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда Киданның Ляо мемлекеті (907–1125) құрылды. Кидандықтар Сұн (960–1279) империясы жерінің бір бөлігін және Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып мекен етті. Көрші тайпалардың соғыстарына және ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы әлсірей берді. 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа қарай көшіп, олардың саяси ықпалы Жетісу жеріне, Сырдарияның оң жағалауына және басқа аймақтарға тарады. Жергілікті жерлердегі түркі тайпалары кидандарды қарақытайлар деп атады.

1128 жылы Қарахан әулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы күреске қарақытайларды көмекке шақырады. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістандықосып алды. 1137 жылы қарақытайлар Ходжент қаласы жанында Мәуеренахрдың билеушісі Махмудхан әскерін талқандады.

Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. XII ғасырдың 30–40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бұқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мәуереннахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Карахандар әулетін қарақытайлар өз боданына (вассал) айналдырды.

Қарақытайлар Жетісу және Орта Азия жерлерін басып алған кезде, ондағы қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпады. Өйткені олар бұл жерлердегі қалалармен және егіншілік аймақтармен сауда жүргізуге мүдделі болды. Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен қатар басқарудың патриархаттық-феодалдық принциптері нығая түсті. Мұнда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болды. Мәселен, гурхан өлген жағдайда оның мұрагері болып әйелдері тағайындалу орын алды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды. Қарақытай билеушілері өзі орналасқан қалаларда хан сарайларын, будда ғибадатханаларын салдырды. Қалаларда қолөнер мен сауда дамыды. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған аймақтарда егіншілік етек алды. Қарақытай мемлекетінде тұратын түркі халықтарының көпшілігі ислам дінін қабылдады, сонымен бірге онда будда дініне сенушілер де, христиандық несториан дінін ұстанушылар да кездесті.

Елюй Дашы 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Табұян басқарды. Жеті жылдан соң Дашидың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150–1164 жж. гурхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бұсұған таққа отырып, 1164–1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Бұсұған өлтірілді Оның орнына Иленің баласы Жилугу гурхан болды. Жилугу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.Қарақытай шонжарларының басқаруы халықты үлкен ауыртпалыққа ұшыратты, олардың қысым жасауы, салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары бұқараның наразылығын туғызды. Нәтижесінде Қарақытай мемлекеті әлсіреп, Орта Азияда басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. 1210 жылы Хорезмшахы Мұхаммед Тараз қаласының жанында қарақытайларға күйрете соққы берді. Бұл жағдайды Жетісу жеріне көшіп келген наймандар пайдаланды. 1213 жылы қарақытайлардың иеліктері наймандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті. Сөйтіп, Қарақытай мемлекеі ыдырап тарады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет