Ііі. Сурет салу, көрме ұйымдастыру



Дата15.12.2016
өлшемі101,67 Kb.
#3959
Мақсаты:«Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығымықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әдеттерден — ішімдік,нашақорлық. шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін түсіндіре отырып, спортпен белсене шұғылдануына ықпал ету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Өркениетті елімізге лайықты, зиянды әдеттерге қарсы күресетін,білімді тұлға тәрбиелеу. Өз өмірін, денсаулығын сақтап, қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: ой қозғау, мағынаны ашу, топтастыру, тәжірибелік жұмыс,интерактивті тақтамен жұмыс.

Барысы:


Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық, шаттық шеңберін құрып, бір-біріміздің қолымыздан ұстап жылы лебіздерімізді білдіру.


2. Тақырып бойынша танымдық әңгіме жүргізу.

-         Балалар, сендердің түсініктерін бойынша сұлулық деген не?

-         Ол не үшін қажет?

-         Оның адам өмірінде маңызы бар ма?

-         Ал денсаулық деген не?

-         Денсаулық бізге керек пе?

-         Сұлулық пен денсаулықтың аражігін не байланыстырып тұр?

Адам баласы тек тәнімен ғана емес, жанымен де сұлу болу керек. Жан сұлулығы адамның рухани өмірінде өте қажет. Адамдар гигиеналық талаптарды сақтап, сұлулықтарына көңіл бөліп, жақсы,  көтеріңкі көңіл-күйде жүрсе олардың дені сау, жаны тыныш болады.

Денсаулығың мықты болсын десең дұрыс тамақтан, тазалықты сақта, стресс – депрессияларға ұшырамауға тырыс, көңіл-күйіңнің жақсы болуын қадағала. Сонда сенің көңілің көтеріңкі, денің сау, жанын тыныш болады.

ІІІ. Сурет салу, көрме ұйымдастыру.

Оқушыларға жоғарыда аталған тақырыпта суреттер салу тапсырылады. Белгіленген уақыттан соң балалардың салған суреттерінен шағын көрме ұйымдастырып, демонстрациялау.



ІҮ.Сүрақтар:

1)     Ол судан қорқады, одан кір қорқады. ( сабын)

2)     Тіс тазартатын құралдар.   ( тіс щеткасы мен паста)

3)     Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ ( дене тәрбиесі)

4)     Адам өміріне ең қажетті заттар (     ауа, су, жарық,  жылу, тамақ)

5)     Жалқаудың досы ( еріншектік немесе ұйқы)        


Құрт ауруынан сақтанудың жолдары қандай? (  Одан сақтанудың жолдары: біреудің аузындағы сағызын шайнамау; әр адамның жеке орамалы, сабыны, тіс щеткасы болуы керек; үнемі тазалықты сақтаумыз керек.)

   Темекі тартудың адамға зияны қандай? ( Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады. Оның құрамында никотин бар. Біз темекі тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз. Темекіден жүрек, өкпе, тамақ аурулары пайда болады. Темекі ауаны,қоршаған ортаны ластайды.)



Нашакорлықтан сақтанудың жолдары қандай? ( Нашақорлық  - адам өміріне өте зиянды нәрсе. Одан әрқашан аулақ болуымыз керек. Ол адамның миын улап, әртүрлі жаман қылықтар жасауға итермелейді.)

Ү. Денсаулық және сұлулық тақырыбындағы оқушылардың өз пікірлерін тыңдау. Пікірталас жүргізу

ҮІ. Денсаулық туралы білетін мақал-мәтелдерді айту

ҮІІ.  


Мұғалім:Ал, балалар, деңіміз сау болу үшін, мықты болу үшін не үстеу керектігін, ауырмай тұрып алдын ала сақтану, мұнымен қатар айнала қоршаған дүниенің біздің денсаулығымызға пайдасын жолын меңгердік деп ойлаймын. Шығыста « Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі, салауатты өмір салтын орнықтыруға дайын ұрпақ болып өсіндер. Елбасы « Дене  тәрбиесі, спорт түрлерін дамыту » туралы Заңға қол қойды. Бұл – үкіметіміздің ұрпақ денсаулығын нығайтуға қатты көңіл бөліп отырғандығының айғағы.

 Денсаулық туралы өздерің айтқан мақал – мәтелдердің өзінен үлкен тәрбие алдыңдар. Нашақорлық пен темекі , әртүрлі жұқпалы ауруларды, олардан сақтанудың жолдарын біледі екенсіңдер. Сондықтан болашақта сендерден дені сау, мықты да шымыр, қоғамымызға пайдалы, отбасына тірек болатын азамат, азаматша шығады деп сенемін !



Мақсаты: а) Балалардың сана-сезiмдерiн ояту, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы, жеке бас гигиенасы туралы түсiнiк қалыптастыру ә) Қазіргі адамзат ұрпағына төніп тұрған проблеманың түйінін ашу. Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын түсіндіру, ашып көрсету. б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу.

Түрi: Сұхбат ( Сұрақ-жауап, кеңес әңгiме)

Әдiсi: Баяндау, сұрақ-жауап.

Көрнекiлiгi: Туберкулез тақырыбына салынған суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер.
Барысы:

  1. Ұйымдастыру

Мұғалiмнiң кiрiспе сөзi: Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 - жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8-10 млн адам тiркелiп, 3млн адам қайтыс болады екен.
- Ал, енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын дәрігер-фтизиатор рөлін ойнайтын сыныбымыздың оқушысы Алиева Аида дайындап әкелген мәлімдемесін тыңдалық.

Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха » ретінде айтылады. Туберкулез қоздырғышын неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді зақымдайды: өкпе, сүйек, буын, бүйрек т.б. зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады-ластықта, қақырықта, күнделікті пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта, суда, кітапта). Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер-фтизиаторға қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2 апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.

- Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарыңыз бар?

1 оқушы: - Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін?

Дәрігер: - Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.

2 оқушы: - Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады?

Дәрігер: - Туберкулездi анықтаудың бiрден-бiр жолы - қақырық тексеру. Егер науқас: - Үш аптадан аса жөтелсе; - Қан түкiрсе; - Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса; - Үш аптадан аса қалтырап жүрсе , бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн.

3 оқушы: - Туберкулез ауруын емдейтін қандай жолдар бар?

Дәрігер: - Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс емделген жағдайда түгелдей дерлік сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп отыр. - Дұрыс емдеу аурудың алдын-алуда маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге жұғу қаупі жоғалып таралу жолына бөгет жасалады.Толық емдеу курсын қабылдау қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады.

1 оқушы: - Аурудың көбею себептері неде?

Дәрігер: - Аурудың көбею себептерінің бiрi, емнің дәрігерлер тарапынан дұрыс тағайындалмауы. Соның салдарынан: - Науқасқа ем қонбайды; - Аурудың қоздырғыштары дәрi-дәрмекке төзiмдi болып алады; - Науқас аурудың таралу көзіне айналады; - Ал дұрыс емделмеген жағдайда бұл аурудың көбінесе өліммен аяқталатыны белгiлi.

2 оқушы: - Науқас адамнан таралатын бактерияларды қалай залалсыздандырады?

Дәрігер: Мұндай науқастардың қақырығын, төсек орнын және т.б залалсыздандыруда мыналарды ескеру қажет: - Тікелей түскен күн сәулесі туберкулез бактерияларын 5 минут iшiнде өлтiредi. - Туберкулез бактериялары 600С-қа қыздырғанда 20-минутта, 700С қа қыздырғанда 5 минутта қырылады. - Қолданылған қағаз , қол орамалдарды дереу өртеп жіберу керек. - Науқастың көрпе-төсенiштерiн желдету және күнге жою оларды залалсыздандыруда ең жақсы әрі қарапайым әдiсi.

Мұғалім: Ендi балалар туберкулез ауруы туралы сұрақтарыңыз тәмәмдала келсе, бұл ауру туралы ойларымызды қорытындылап, оның алдын-алуы туралы айтып өтейік!

- Аш жүру немесе жөнді тамақтанбау адам ағзасының ауруға қарсылығын азайтатыны – дәлелдеудi қажет етпейтiн шындық. Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің қорғаныс қабiлетiн нашарлатады.Жұпыны тұрмыспен құлазыған көңіл-күй де организмді әлсiретiп, оның ауруға қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез-жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтарамыз. - Мiне балалар сендер туберкулез туралы аз да болса түсiнiк алдыңдар. Осы қауiптi аурудың болмауы үшiн одан өзiмiздi сақтауда қолымыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз керек. Үнемi таза ауада жүрiп спортпен шұғылдану сiздердiң дендерiңiз сау болып, мықты болудың кепiлi. Денсаулығыңды ойласаң (ойын ) Мұғалім: Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталып келген інжу-маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибадатты сөздер адам баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан-жақты қамтыған. Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен құтыла алмай, дертке амалсыз көніп, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Иә, мақал-мәтелдер ғасырлар бойы сұрыпталып, сұлуланып, салмақтанып, кемелденген асыл сөзі, парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті, есті емші де. Карточкалар үлестіріледі. (Мақал-мәтелдердің екінші бір бөлігі жазылған). Бірінші бөлігін жүргізуші оқиды, екінші бөлігін тауып оқу керек.

1. Ішпеген, шылым шекпеген Жасайды жылдар көптеген.

2. Ұзартқың келсе ғұмырды, Таста арақ пен шылымды.

3. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.

4. Шарап-арақ ішіңе көшеді, Ақыл шөлмек ішіне түседі.

5. Жалқаулықтың жан күтімі. Екі қолды ұстайды. Темекінің көк түтіні, Екі өкпені ыстайды.

6. Ішпеген, шылым тартпаған, Денсаулығын сақтаған.

7. Жабылады шарабыңды ішерде, Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.

8. Жасында темекісін будақтатқан, Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.

9. Адам арақты ішеді, Арақ ақылды ішеді.

10. О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, Одан кейін өзгелерді сақтандыр Қорытынды.


ТУБЕРКУЛЕЗ 

- Бұл aғзағa туберкулез бактериялары түсіп дамитын жұқпалы ауру. 

- Ең алдымен өкпе залалданады, кейде ми мен оның қабықшалары, омыртқа, бүйрек, лимфа туйіндері, буын, жыныс мүшелері және басқалары залалданады. 
- Жұқтыру негізі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады. 

ТУБЕРКУЛЕЗ НЕЛІКТЕН КАУІПТІ АУРУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. 

- Жылсайын 8,8 миллион адам туберкулезбен аурады 


- Ем қабылдамайтын әp6ip наукас 10 адамнан 15 адамға дейін ауруын жұктырады 
- Туберкулезге шалдыққандардың 75% 20 - 40 жастағы адамдарды кұрайды 
- Жылсайын 2 миллион адам қайтыс болады 
- Туберкулезді дуниежүзінде әр секундта 1 адам жұктырады 
- Жұқтырғандардың тек 5 -10%-ында ғaнa ауру дамуы мумкін 

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖҰҚТЫРУ ҚАЛАЙ БОЛАДЫ 

Егер ауру адам жөтеліп түшкірсе, туберкулез қоздырушысы ayaғa түседі. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса, бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түседі. Туберкулезді осылайша жүқтыруға болады. 



ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ҰЗАҚ САКТАЛАДЫ: 

- қалыпты жағдайда күннің көзінің болмауы - бірнеше ай; 


- жарық тapaлғaн болса - 1-1,5 ай; 
- көше шаңында - 10 күн; 
- кiтan беттерінде - 3 ай; 
- суда - 5 ай; 
- сүт тағамдарында - 8 ай. 

ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯЛАРЫ ӨЛЕТІН ЖАҒДАЙ: 

- күн сәулесіне шалдығу - 1,5 сағат; 


- ультракүлгін сәулесінің әcepi - 2-3 мин.; 
- сүтті қайнатқанда; 
- күнсайын бөлмені желдеткенде; 
- ылғалды шүберекпен бөлмені сүрткенде. 

АДАМ АҒЗАСЫНА ТУБЕРКУЛЕЗ БАКТЕРИЯСЫНЫҢ ТҮСУ БАРЫСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МӘНДІ БОЛАТЫНЫ: 

- Жұқпаның көптігі, мөлшері, адам ағзасына туберкулез бактериялары түcyiнің ұзақтығы. 


- Иммунитет туберкулез бактерияларынан қорғануға қaншaлықты дaйын. 

ӘРІ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ? 

Туберкулез бактериялары кез келген мүшеде көбейеді, 6ipaқ. өкпенің жоғарғы бөлігінде жиі кездеседі. 2 - 10 аптада ағзаның иммундық жуйесі көбеюмен микробактериялардын әpi қарай таралуын тоқтатады. 



АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР 

- Жүргізілетін фактор-иммунитеттің әлсізденуі. Жеткіліксіз тамақтану; 


- Қосымша ауыр түрдегі ауру (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара ауруы және т.б.); 
- Қатты тоңазу; 
- Зиянды әдеттер
- Созылмалы күйзелу жағдайлар. 

ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕР МЕН БАСҚА ДА ЖАҒДАЙЛАР ТУРАЛЫ 

Кез келген зиянды әдеттер-темекі шегу, ішімдік iшy, наша шегу, дені cay aғзaғa да әcepi нашар. 


Туберкулезге шалдыққандар аурудан айығып кетуі қиындыққа түседі. 

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ДАМУ БАРЫСЫНДА ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БЕЛГІЛЕРПАЙДА БОЛУЫ MYMKIH: 

- екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел, 


- әлсіздік, 
- дене қызуының көтepiлуi, 
- тершендік, 
- тәбеттің нашарлауы, 
- жүдеу, 
- шаршағыштық, 
- кеуде тұсының ауыруы. 
- қан аралас қақырықтын түсуі, 
Ағзаның жаксы қорғану күші барысында туберкулез бактериялары салауатты ұлпалардан жекеленеді, айнала тығыз қабықша дамып, аурудың дамуы токтатылады. 

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІН БАЙҚАҒАН ЖАҒДАЙДА НЕ ІСТЕУ КЕРЕК 

1. Тексерілу үшін тұғылықты және оқу орны бойынша медицина мекемесіне бару. 


2. Бұл қалалық емханалар, ОДА, студенттер үшін - №3 емхана. 
3. Уақытында анықталған туберкулез - ойдағыдай айығып кетудің кепілдігі. 
ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ 
ТУБЕРКУЛЕЗ ТЕГІН ЕМДЕЛЕНЕДІ 
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕСПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPЛЕРI 

Спецификалық: 
- вакцинация және БЦЖ ревакцинациясы 
Спецификалық емес: 
- салауатты өмір салты 
- тиімді тамақтану 
- дене шынықтыру белсенділігі 
- зиянды әдеттерден бас тарту
                     
Каталог: F3689512BDDBB434
F3689512BDDBB434 -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға темекінің зияны, оның таралу тарихы және темекі түтінінің
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару. Сабақтың мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Тақырыбы: «Ұстаз ұлы тұлға» Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ жұмысының есебі 16-желтоқсан мерекесіне орай 1сыныбында ата-аналармен бірге
F3689512BDDBB434 -> «Наурыз- жыл басы»
F3689512BDDBB434 -> Ырыбы: «М ені ң ма қ танышым-мемлекеттік р ә міздерім»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет