Ильдебаев Сакен Каиргазинович 1 санатты, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу- өндірістік комбинаты» кмм –нің авто іс саласы мұғалімі



Дата28.06.2017
өлшемі232,44 Kb.
#20387
Ильдебаев Сакен Каиргазинович

1 санатты, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу- өндірістік комбинаты» КММ –нің авто іс саласы мұғалімі.

Күні 23.01.2017 ж.

Сынып: 11

Тақырыбы: Теміржол жолдары арқылы жүру ережесі.

Мақсаты:

Білімділігі – Оқушыларға көлікпен теміржол жолдары арқылы жүру кезіндегі қауіпсіздік ережесімен және теміржол өтпесіне қойылатын жол белгілерімен таныстыру білімін жетілдіру.

Дамыту – оқушыға алған білім көлікпен жүру кезінде қолдана білуді менгерту.

Тәрбиелік – оқушы бойында жүргізуші мамандығына деген сүйіспеншілік, ұқынтылық өзін-өзі үстай білу , жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі : түсіндіру, көрсету

Сабақтың көрнекілігі : Жол белгілері; 1.1, 1.2, 1.3.1 – 1.3.2, 1.4.1 – 1.4.6, 2.5

Қолданатын технология : СТО технологиясының элементтері



Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Тренинг. Жолда.




Ұйымдастыру:


Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.




Өткенді қайталау:


Тест сұрақтарының қорытындысымен таныстыру.

Жол белгілерінің ережелерін еске түсіру.



Суреттер арқылы ережелерді еске түсіреді.




Мағынаны тану

Жаңа сабақ:




Балалар, көлікпен келе жатырсыңдар. Алдымызда теміржол. Қандай ережені білуіміз керек?

Бағдаршам. Теміржолы өтпесі арқылы қозғалысты реттеу.



Дәптерге жазу, сызу, ойға сақтау. Ауызша жауап береді.




1.1 Шлагбаум бар темір жол өтпесі

1 топ

1.2 Шлагбаумсыз теміржол өтпесі

1.3.1 Тең мағыналы темір жол

1.3.2 Көп торапты темір жол




1.4.1 Теміржолға жақындағандағы белгі

2 топ

1.4.2 Теміржолға жақындағандағы белгі

1.4.3 Теміржолға жақындағандағы белгі

1.4.4 Теміржолға жақындағандағы белгі




1.4.5 Теміржолға жақындағандағы белгі

3 топ

1.4.6 Теміржолға жақындағандағы белгі

2.5 Қозғалысқа аялдаусыз рұқсат етілмейді




Тоқтау сызығы

Топтар өзара сұрақ дайындайды.




Өтпе шекарасы




Практикалық жұмыс

Теміржол жолдары арқылы өтуді көрсету

Оқушылар практикалық жұмысты орындайды

Қорытынды


Сұрақ қою, сабақты қорытындылау.

Теміржол өтпесін қай жерден өтеді?







1.1 Жол Белісі қандай қашықтықта қойылады?

2.4 Белгісі нені білдіреді. Қай жерге қойылады?

2.5 Жол белгісі не үшін қойылады?

Темір жолға жақындағандағы белгі

Темір жолға жақындағандағы белгі

Темір жолға жақындағандағы белгі

Бағалау


Бағалау парағын тарату

Топ жетекшісі бағалайды.

Үйге тапсырма

Тест сұрақтарын шешу. Ережелерді жаттау.

Күнделікке жазу.

Теміржол жолдары арқылы жүру

      1. Көлік құралдарының жүргізушілері теміржол жолдарын пойызға (локомотивке, дрезинаға) жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өтеді.


      2. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргізуші жол белгілерінің, бағдаршамдардың, таңбалаудың талаптарын, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алады, және бұдан басқа, жақындап қалған пойыздың (локомотивтің, дрезинаның) жоқ екендігіне көз жеткізеді.
      3. Мынадай жағдайларда:
      1) шлагбаум жабық тұрған немесе ол жабыла бастаған кезде (бағдаршам сигналына қарамастан);
      2) бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде (шлагбаумның орналасуына және оның бар-жоғына қарамастан);
      3) өтпе кезекшісінің тыйым салатын сигналы кезінде (кезекші жүргізушіге алдымен немесе теріс жағымен тұрған, таяқша, қызыл фонарь немесе жалауша ұстаған қолын жоғары көтерген не қолдарын екі жаққа созған);
      4) егер өтпенің арғы жағында жүргізушіні өтпеде тоқтауға мәжбүр ететін кептеліс пайда болса;
      5) егер көріну шегінде өтпеге пойыз (локомотив, дрезина) жақындап қалса, теміржол өтпесіне шығуға тыйым салынады.
      Сонымен қатар:
      1) теміржол өтпелерінен тыс жерде теміржолдардан өтуге;
      2) қарсы жүру жолағына шыға отырып, теміржол өтпесі алдында тұрған көлік құралдарын айналып өтуге;
      3) теміржол өтпесіндегі шлагбаумды өз бетімен ашуға;
      4) теміржол дистанциясы бастығының рұқсатынсыз теміржол өтпесі арқылы ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс және басқа да машиналар мен механизмдерді көліктен тыс жағдайда өткізуге, жылдамдығы сағатына 8 километрден кем баяу жүретін машиналардың, сондай-ақ трактор шана-сүйретпелерінің жүруіне тыйым салынады.
      4. Өтпе арқылы жүруге тыйым салынған жағдайда, жүргізуші тоқтау-сызығының, 2.5 белгісінің немесе бағдаршамның алдында, ал егер олар жоқ болғанда - теміржол өтпесі шекарасында тоқтайды.
      5. Өтпе үстінде амалсыздан аялдаған кезде жүргізуші дереу жолаушыларды түсіреді және өтпені босату үшін шаралар қолданады. Жүргізуші бір мезгілде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
      1) мүмкіндік болған кезде жол бойымен екі адамды екі жаққа өтпеден бір мың метрге (егер біреу болса, онда жолдың нашар көрінетін жағына), өздеріне жақындап келе жатқан поездың (локомотивтің, дрезинаның) машинисіне тоқтау сигналын беру ережесін түсіндіріп жібереді;
      2) көлік құралының қасында қалып және жалпы дабыл қағу сигналдарын береді;
      3) пойыз көрінген бойда тоқтау сигналын беріп, оған қарсы жүгіреді.
      Ескертпе. Қолдың шеңбер жасай қозғалуы (күндіз ашық түсті матаның қиындысымен немесе қандай да болмасын жақсы көрінетін затпен, түнде шырақпен немесе фонарьмен) тоқтау сигналы болып табылады. Бір ұзақ және үш қысқа дыбыстық сигналдар сериясы жалпы дабыл қағу сигналы болып табылады.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет