УДК 373.1
Информатика жүргізілетін сыныптан тыс сабақтардың атқаратын ролі
Касимов И.Р., Ибраева А.А., Кенеева С.Н.
(Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ)
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Бүгінгі ақпараттандыру заманында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі білім берудің ең жоғары мақсаттарының бірі болып отыр. Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.
Информатика пәнінің көп жақтылығын ескере отырып, оқушыларға тек қана дәрістік тәрбие беріп қана қоймай, сонымен бірге сыныптан тыс немесе сабақ өту барысында әртүрлі ғылыми жаңалықтарды пайдалану арқылы білім деңгейін көтеруге болады.
Сыныптан тыс жұмыс - оқытушы ұйымдастырған, білім алушы тұлғасының әлеуметтенуіне қажетті шарттарды қамтамасыз ететін оқудан тыс уақыттағы білім алушы іс-әрекеттерінің әртүрлілігі. Сыныптан тыс жұмыс – оқудан тыс уақытында өткізілетін, міндетті оқу бағдарламаларының шекарасынан асып кететін түрлі тәрбиелік-білімдік іс шаралар.
Сыныптан тыс жұмыс түсінігі кең, әрі бірмәнді емес. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, пәндік үйірме отырысы, сыныптан тыс оқу мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады. Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олимпиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі. Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жек тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі-оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстардың зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады.Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын информатика пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесін жасау информатиканы оқыту әдістемесі теориясында негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін информатиканы оқыту процесінен тыс оқу жұмыстары ұйымдастырылуы тиіс. Информатика пәнінен өткізілетін оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұны мен өтлізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Білім алушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыс білім алушыларға жағымды әсер беретін кең мүмкіндіктерден, әрекеттердің әртүрлі жиынынан тұрады және сабақ кезінде жұмыстың байланыстылығынан тұратын оқытушының өзіндік оқу-тәрбие жұмысы болып табылады.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайларды алдын алуда баланың бос уақытын педагогиканың ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртәбі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту оларды оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына көмектесу қажет.
Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасындағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын болуын талап етеді. Ондай іс – шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланбаған болып келеді, сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.
Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдеру мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білім көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өз ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Мұғалімнің міндеті — әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын сыныптан тыс жұмыс тауып беру.
Жоғары сынып оқушылары – бұлар болашақ жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моралдық тұрғыдан жетілген жәіне жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі танымдық іс-әрекет танымдық қызығушылықты, оқудың тиімді әсерін, оқу біліктіліктерін қалыптастыруға арналған. Танымдық іс-әрекет оқу әрекетін басқа формада қолдану арқылы жалғасады. Бұл «Қызығушылар турнирі», «Не? Қайда? Қашан?», «Үздік информатик», КТК, есептеуіш орталығына саяхат және т.б. үйірмелер болуы мүмкін.
Сонымен қатар, Қызықтырушы әрекет білім алушылардың толыққанды демалысын ұйымдастыру кезінде қажет, ол жағымды эмоцияларды, ұжымдағы достық атмосфераны, жүйке қысымын алуға көмектеседі. Бұл кезде КТК, «Компьютерлік әзіл» тағы басқа сыныптан тыс жұмыс формаларын қолданған тиімді. Сыныптан тыс жұмыс кезінде екі – танымдық және қызықтырушы аспектілер бірігеді. Мысалы, «Ғажайыптар алаңы», «Маңызды информатика», қиялшылдар конкурсы, викториналар және т.б.
Сыныптан тыс жұмыс кезіндегі еңбектік іс-әрекет еңбектің әр түрінің мазмұнын береді. Оқытушы сыныптан тыс жұмыстың еңбек әрекетін ұйымдастыру кезінде кейбір қиыншылықтар туындайды, бірақ білім алушылардың түрлі жүйелік еңбек әрекеті беретін тәрбиелік нәтижесі мұғалімнің еңбегін ақтайды.
Шығармашылық іс-әрекет оқушылардың қызығушылығын, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған. Шығармашылық іс-әрекеттер программалаушылар конкурсы, компьютерлік графика көрмесі, шығармашылық жобалар сеияқты сыныптан тыс жұмыс формаларында көрінеді.
Жоғарыдағы аталған әрекеттердің ең басты міндеті оқушы бойында дүниетанудың құлықтық, эмоционалдық, еріктік компоненттерін қалыптастыру болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың бағдарлама бойынша білімін тереңдетуге, олардың логикалық ойлау қабілетін, зерттеушілік біліктіліктерін арттыруға, информатика тілін меңгеруге, информатика тарихы бойынша оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына арналған.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Кластан тыс жұмыстың әртүрлі болуы білім алушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын қалыптастырады, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар білім алушының іс-тәжірибесі мен дағдысын, адам қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады. Сыныптан тыс жұмыстарда білім алушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда білім алушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Әдебиеттер
1. Кудьярова Э.Х. Бала қабілетін ашу - тәрбиешіге жүктелер жауапты міндет //Мектепалды даярлық, 2009, №3.
2.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008.
Достарыңызбен бөлісу: |