Информатика пәні мұғалiмдерiнiң ІV облыстық “Алтын диск 2011” байқауын өткiзу туралы ереже



Дата25.08.2017
өлшемі47,78 Kb.
#26729
БҚО білім басқармасының

2011 жылғы

«____» ____________

№ _____ бұйрығына

Қосымша 1
Информатика пәні мұғалiмдерiнiң ІV облыстық “Алтын диск - 2011” байқауын өткiзу туралы

ЕРЕЖЕ

Облыстық байқауды облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы 2011 жылғы жоспарына сәйкес өткiзедi.



Байқаудың мақсаты:

  • информатика мұғалiмдерiнiң практикалық икемдiлiгi мен дағды деңгейлерiн анықтау;

  • информатиканы оқыту барысында инновациялық идеяларды, формалар мен әдiстердi iздеу;

  • ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларды қолданудағы информатика пәні мұғалiмдерiнің кәсіби құзырлылығын көтеру;

  • информатика пәні мұғалiмдерiнiң озық iс-тәжiрибесiн тарату.

Байқауға қатысушылар

Байқауға Батыс Қазақстан облысының жалпы бiлiм беретiн мектептері, кәсiптiк лицейлер мен колледждерінің шығармашылықпен жұмыс жасайтын информатика пәні мұғалiмдерi қатысады.


Байқауды ұйымдастыру ретi мен оны өткiзу мерзiмдерi


Байқау 2011 жылдың ақпан айынан сәуiр айына дейiнгi аралықта 3 кезеңде өткiзiледi.

Байқаудың барлық кезеңдерiн ұйымдастыру мен өткiзу үшiн ұйымдастыру комитетi мен әдiлқазылар алқасы құрылады.



Бiрiншi кезең - жалпы білім беретін орта мектептер арасында аудандық, қалалық бiлiм беру бөлімдері базасында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің базасында, облыстық мектептер арасында облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының базасында 2011 жылдың ақпан айында өткiзiледі.

Екiншi кезең (облыстық) облыстық орта бiлiм беру саласын ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығы базасында 2011 жылдың наурыз айының 14-15 аралығында өткiзiледі.

Республикалық байқау бiлiм беру жүйесiнiң басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық институты базасында 2011 жылдың сәуiр айының 27-29 аралығында өткiзiледі.

Республикалық байқауға облыстық байқаудың жеңiмпаздары, жалпы білім беретін орта мектептерден – 1 мұғалім, техникалық және кәсіптік білім мекемелерінен – 1 оқытушы жiберiледi. Облыстық байқауға қатысушылардың жол-төлем ақылары жiберiлетiн мекеменiң есебiнен төленедi.


Байқаудың мазмұны


Байқау барысында бiлiм мекемелерiнiң қызметкерлерi, оқушылар мен ата-аналардың арасында мамандық деңгейi жоғары, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалiм айқындалады.

Байқаудың барлық кезеңдерiнде әдiлқазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын төмендегi көрсеткiштер бойынша бағалайды:

- кәсіби шеберлiгi, оған сәйкестiлiгi (шығармашылығы, импровизация және т.б.);


  • мұғалiмдердiң жұмысы мен оқыту технологиясын пайдалану жүйесi;

  • педагогикалық қызметiнiң тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi.

Байқау финалында мына мәселелер қарастырылады:

  • шығармашылық көрме, өз тұжырымдамасын қорғау (мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жұмысының жүйесi);

  • панорамалық немесе сынақ сабақ;

  • сыныптан тыс шаралар (бейнеүзiндiлер 15-20 минут);

  • мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жұмыстары мен шығармашылық көрмесi;

  • мұғалiмнiң шығармашылық және кәсіби қабiлеттерiн анықтайтын тапсырмалар (байқаудың әдiлқазылар алқасының шешiмi бойынша).

Байқауға қойылатын негiзгi талаптар


Панорамалық сабақты өткiзу барысында мұғалім өз іс-тәжiрибесiнің мақсатын, басты идеясын, педагогикалық iс-әрекеттерiнiң негiзгi мазмұнын құрайтын бағыттарын толық және көрнекi түрде көрсетуі қажет.

Байқауға ұсынылатын сабақ үлгілері, iс-тәжiрибелер қазiргi заманғы сабаққа қойылатын барлық дидактикалық талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Панорамалық сабақтың ұзақтығы 30 минуттан аспауы керек.

Осы уақыт аралығында автор өз iс-тәжiрибесiн теориялық тұрғыдан негiздеп, сабақтарының үзiндiлерiн көрсетуi тиiс. Сабақтардың мазмұны сызбалар, кескiндер, кестелер, көрнекi және дидактикалық материалдармен безендiрiлiп, компьютермен немесе басқа да техникалық құралдармен көрсетiлуi қажет.

Педагогикалық программалық құралдар(мультимедиалық электрондық оқулықтар, электронды тестілеу бағдарламалары, т.б.) компьютерде көрнекi түрде көрсетiлуi және онда мына мәселелерге баса назар аударылуы керек:


  • оқу мақсаты мен оның негiзгi идеялары;

  • оқу мақсатын жүзеге асырудың толымдылығы;

  • программаның безендiрiлуi;

  • қолданушылық интерфейсi;

  • программаның оқу процесi мен сабақтарға арналып құрылуы;

  • программаның қолданылу әдiстемесi;

  • программаны қолдануға арналған нұсқаулар.

Байқауды ұйымдастыру


Аймақтық байқауларды өткiзу ретi мен шартын аудандық, қалалық бiлiм басқармалары бекiтедi. Байқаудың әдiлқазылар алқасы номинациялар бойынша жеңiмпаздарды анықтайды және байқаудың келесi кезеңiне қатысуына жолдама бередi.

Облыстық байқауға материалдарды тапсыру ретi

Облыстық байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетiне келесi құжаттарды тапсырады:



  • Аудандық, қалалық бiлiм басқармасы басшыларының қолы қойылған облыстық байқауға қатынасу өтiнiшi;

  • Ұзақтылығы 15-20 минут көлеміндегi мұғалiмнiң iс-тәжiрибесiнен бейнематериалдар (қатысушының қалауы бойынша);

  • Әдiстемелiк құралдар қағаз немесе электрондық түрде тапсырылатын болады.

Материалдар қазақ немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады.

Компьютерлiк программалар байқауға түскен кезде диск түрiнде тапсырылады.



Жеңiмпаздарды мадақтау ретi

Байқауды қорытындылау және қатысушыларды марапаттау салтанатты түрде өткізіледі.

4 жүлделi орын белгiленедi: 1- бас жүлде, 1 – І орын, 1- ІІ орын, 1 – ІІІ орын.

Облыстық байқаудың жеңiмпаздары дипломдармен, мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.



Әділ қазылар алқасының шешімімен келесі номинациялар бойынша жүлдегерлер анықталады:

  1. Жаңашыл мұғалiм

  2. Ғалым мұғалiм

  3. Ізденгiш мұғалiм

  4. Шығармашыл мұғалiм

  5. Бағдарламалаушы мұғалiм

Ұйымдастыру комитетi


Каталог: content -> sharalar
content -> «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы кітапханаларында өткізілген шаралар туралы ақпарат. Биылғы жылы Қр мәдениет және ақпарат министірлігі
content -> Ілияс Есенберлин (1915 — 1983 жж.)
sharalar -> «Интерактивті құрылғы қолданылатын үздік әдістемелік әзірлеме» қашықтық байқауының ережесі 1
sharalar -> «Үздік оқу-әдістемелік кешен» тақырыбында өткізілген облыстық байқауының талдауы «Үздік оқу-әдістемелік кешен»
sharalar -> «Үздік информатика кабинеті 2015» облыстық байқауы туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті 2015»
sharalar -> «Мұғалім жетістігі шеберлігінде» облыстық байқауы туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Мұғалім жетістігі шеберлігінде»
sharalar -> «Үздік информатика кабинеті 2016» облыстық байқауы туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті 2016»
sharalar -> «Үздік информатика кабинеті-2013» облыстық байқауын өткізу туралы ереже Жалпы ережелер. Осы Ереже «Үздік информатика кабинеті-2013»
sharalar -> «Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!» облыстық байқауы туралы ереже Кіріспе
sharalar -> Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Мектеп әлемі қандай тамаша, көз салып оған қараса!» облыстық байқауы туралы ереже


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет