Информатика



бет1/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119

А. Қ. Альжанов, А. С. Қыстаубаева

ИНФОРМАТИКА
Мұғалімнің жұмыс
6


дәптері


УДК 373

ББК 74.263.2

А 43
«Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы»

қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған

(2013 жылғы 2 тамыздағы № 5 хаттама)

А 43




Альжанов А. Қ., Қыстаубаева А. С.

Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған.
Мұғалімнің жұмыс дәптері /А. Қ. Альжанов, А. С. Қыстаубаева. – Астана:
«Самғай біл» ЖШС, 2013. – 200 бет.

ISBN 978-601-300-054-1

Мұғалімге арналған жұмыс дәптері пәннің әрбір тақырыбы бойынша сабақтардың толымды жоспарларынан тұрады. Онда мұғалімге әдістемелік ақпаратпен қоса оқушылардың сабақтың әр кезеңіндегі іс-әрекеттері толық қамтылады.


Бұл сабақ әзірлемелері ҚР МЖБС-на негізделген типтік оқу бағдарламасына,
күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес келеді.

Сабақтардың мазмұны ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескеріп отырып, оқу материалын деңгейлеп игерудің «білім–түсінік–қолданыс–талдау–жинақтау–баға» критерийлі жүйесіне негізделіп шығарылған. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің пайдалануына арналған.

Жоба ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі – Г. Қ. Оразова.

УДК 373

ББК 74.263.2

ISBN 978-601-300-054-1 © «Самғай біл» ЖШС, 2013


Түсінік хат

Қазіргі білім беру жүйесі заманның өзгеру үдерісіне сай дамып отыруы тиіс. Осыған орай жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру маңыздылығы алдыңғы орынға шықты. Әлемдегі дамыған, қуатты елдердің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі де осы өлшемге
сәйкес жүргізіледі. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметкерлерінің алдына да осындай жауапты міндет жүктейтіні айқын.

Осы міндетті жүзеге асыру және еліміздегі білім беру жүйесіне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Білім-2050» шығармашыл педагогтер одағы (ШПО) қоғамдық бірлестігі (ҚБ) құрылып, жалпы орта білім беретін мектепте өтілетін пәндерге арналған технологиялық әзірлеме кешенін (ТӘК) ұсынып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына: «Мұғалімнің жұмыс дәптері», «Оқушының жұмыс дәптері», «Тақырыптар бойынша слайдтар мен тест тапсырмалары» топтамалары кіреді.



Мұғалімнің жұмыс дәптері
Бұл – мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына негізделген типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып
жасалған күнтізбелік - тақырыптық жоспарды және соның негізінде әр тақырып пен сабақтың құрамдас бөліктерін толық қамтитын дайын сабақ әзірлемесі.

Нақты нәтижеге бағытталған білім беруді көздейтін әзірлеме


Б. М. Блум таксономиясы негізінде ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескере отырып жасалған.

Күнделікті өтілетін жаңа сабақ, қорыту - бекіту және жазба жұмыстарының жоспарлары Блумның танымдық сала таксономиясына, ал сыныптан тыс сабақ жоспарлары эмоционалдық сала таксономиясына лайықталып жасалған. Кешенге жинақталған жоғарыдағы топтамалар бір мезгілде қатар қолданылады, олар сабақ кезеңдері арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.

Сабақ кезеңдері бірнеше блоктардан тұрады:

І. «Ақпарат алмасу» блогы (жаңа сабақты түсіндіру) – біртұтас педагогикалық үдерістің жаңа тақырыпты түсіндіруге бағытталған теориялық - ақпараттық бөлігі. Ұсынылып отырған әзірлемедегі «Ақпарат блогының» мазмұны оқулықтан тыс басқа да қосымша дереккөздермен (ғылыми-танымдық әдебиеттер, электрондық қор) толықтырылған.

Слайдтардағы аудио-видео материалдар оқушыға аз уақыт ішінде көп мәліметті меңгеруге мүмкіндік береді.



ІІ. «Алғашқы бекіту» блогы (жаңа сабақты бекіту) сабақ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мұнда оқушы берілген ақпараттың мазмұнына өз түсінігі бойынша түйін жасайды.


Күнтізбелік –тақырыптық жоспар

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)





Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

1

Кіріспе

1

2

1

3

Ақпаратты қорғау

1

4

Вирусқа қарсы программалар.

1

5

Ақпаратты сығу, мұрағаттау

1

6

Есептеу техникасының даму тарихы. Электронды - есептеуіш машиналардың кезеңдері

1

7

Компьютерлік техниканың даму үрдісі

1

8

Бақылау жұмысы. 1-тоқсан.

1

9

Алгоритм ұғымы.

1

10

Алгоритм қасиеттері

1

11

Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схема.

1

12

Алгоритм орындаушысы ұғымы

1

13

Орындаушының командалар жүйесі

1

14

Алгоритм типтері

1

15

Бақылау жұмысы. 2-тоқсан.

1

16

Қатемен жұмыс. Модель, нақты объектің қасиеттерін бейне ретінде көрсетеді; модельдер түрлері

1

17

Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат. Программа интерфейсі

1

18

Мәтіндік процессоры жайлы жалпы мағлұмат. Программа интерфейсі

1

19

Қаріп, абзацтар, шегіністер мен аралықтар.

1

20

Нөмірленген және маркерлеген тізімдер

1

21

Бағандар, беттердің параметрлері, жиек.

1

22

Алдын ала қарау, құжатты баспадан шығару

1

23

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

1

24

Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру, суреттер мен жазуларды пішімдеу.

1

25

Программа интерфейсімен танысу, презентациялар

1

26

3- тоқсан бойынша бақылау.

1

27

Мультимедиялық презентациялардың конструкторы

1

28

Презентацияларды құру, безендіру шаблондары, мәтінді құру

1

29

Кестелерді, суреттерді, бейнені және дыбысты кірістіру.

1

30

Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету

1

31

Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Ауқымды ақпараттық желілер

1

32

Интернет. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.

1

33

4- тоқсан бойынша бақылау.

1

34

Қорытынды бақылау.

1

Барлығы

34

1 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Кіріспе
Күтілетін нәтиже:
Білімдік

Жаңа білім



  • Техника қауіпсіздік ережесін біледі.

  • Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды анықтайды.

  • 5-сыныпта өткен материалдарды есіне түсіреді.

  • 6-сынып тақырыптарын біледі.

Жаңа түсінік



  • 6-сыныптың негізгі бөлімдеріне қарап,
    бұл тақырыптар 5-сынып тақырыптарының жалғасы екенін түсінеді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті


  • 5-сынып пен 6- сынып тақырыптарының байланысын анықтайды.

Талдау әрекеті



  • 5-сынып тақырыптары мен 6-сынып тақырыптарын салыстырады.

  • 6- сынып тақырыптарын талдайды.

Шығармашылық әрекет



  • 6-сынып бағдарламасына енгізуге болатын өзгертулер мен толықтырулар туралы өз ойларын жазады.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті


  • 6-сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Кіріспе
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.

  • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

•Ақпарат, алгоритм, компьютер, презентация, ақпараттық -коммуникациялық технологиялар.


Оқушыда дағды қалыптастыру:



  • Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

  • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау. Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.


Ақпарат көздері:



  1. Правила поведения и техники безопасности в кабинете информатики. Ақпарат көзі: http://sch861.ru/2-school/3-11-ikt/ikt/urok/tbez.html


Үй тапсырмасы:
Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы, Өтілген материалды қайталау
• Бонус-балл тапсырмасы

Әлемнің ақпараттық бейнесі жайлы өз ойларыңызды келесі сабаққа


жинақтап келіңіз.


САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:

  1. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

  2. 5- сынып тақырыптарын жалпы шолу

  3. 6- сынып Информатика пәні

Слайдтар:

1-слайд Техника қауіпсіздік ережесі

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді тоққа қосуға, ажыратуға, экранды қолмен ұстауға болмайды.

  • Су не дымқыл қолмен, киіммен жұмыс істеуге болмайды.

  • Пернетақтаға, мониторға, компьютер қойылған үстелге артық заттар қоюға, салмақ түсіруге, шаң - тозаң түсіруге тыйым салынады.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз жүруге, басқа оқушыларға бөгет жасауға болмайды.

  • Сынып ішінде жүгіруге, ойындар ойнауға тыйым салынады.

  • Сыныпқа тамақ, сусын алып кіруге болмайды.

  • Компьютер не басқа техника жұмысында ақаулар байқалса, өз бетімен жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды.

  • Жайсыз жағдайлар орын алса, дереу мұғалімді хабардар етіңіз.

  • Компьютерде көп отырған жағдайда көз жаттығуларын жасап тұрыңыз.




2-слайд Жұмыс орнын ұйымдастыру

      • Компьютермен жұмыс кезінде дұрыс отыру




3-слайд 5- сынып тақырыптарын жалпы шолу

Ақпарат және ақпараттық үдерістер

  • информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері;

  • ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Компьютер

  • компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері; пернетақта;

  • программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері;

  • файлдар, бумалар және белгішелер, бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту;

  • объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою, ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.




4-слайд 5-сынып тақырыптарын жалпы шолу

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

  • қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару;

  • қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру;

  • калькулятор, блокнот;

  • дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.




5- слайд 6-сынып Информатика пәнінің негізгі бөлімдері

  • Ақпарат және ақпараттық үдерістер

  • Компьютер

  • Алгоритмдеу және модельдеу

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

  • Телекоммуникациялар



6- слайд 6-сынып Информатика пәнінің мақсаты

  • Ақпарат ұғымын білу

  • Вирусқа қарсы программалар туралы білу

  • Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттерімен, мүмкіндіктерімен танысу

  • Мәтінмен жұмыс істеуді меңгеру

  • Сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша программаларда жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру

  • Алгоритм ұғымымен танысу

  • Презентация дайындауды игеру

  • Интернетте ақпарат іздеу әдістерін түсіну




іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

5-сыныптың жалпы мазмұны

6- сыныпта өтілетін тақырыптар

6- сынып Информатика пәнінің мақсаты




.




Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Техника қауіпсіздік ережелерін атаңыз.

  2. Компьютермен жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру үшін не істеу керек?

  3. 5- сыныпта өткен материалдарды есіңізге түсіріңіз.

  4. 6- сынып тақырыптарын атаңыз.

ІІ деңгей тапсырмалары

  • 5-сынып пен 6-сынып тақырыптарының арасындағы байланысты анықтаңыз.

ІІІ деңгей тапсырмалары

  • 5-сынып тақырыптары мен 6-сынып тақырыптарының ішінде қай
    бөлімдер сәйкес келеді? Бұл бөлімге 6-сыныпта қандай өзгерістер, толықтырулар енгізілген?




іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

6- сынып бағдарламасына көзқарасыңыз. Өзгертулер мен толықтырулар енгізер ме едіңіз? Жауабыңызға толық негіздеу беріңіз. Ойларыңызды қысқаша түрде қағазға түсіріңіз.






V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігі туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

2 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
Күтілетін нәтиже:
Білімдік

Жаңа білім



  • Ақпарат анықтамасын біледі.

  • Ақпарат қасиеттерін атап шығады.

Жаңа түсінік



  • Шығу облысына қарай ақпарат түрлерін түсінеді.

  • Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрлерін түсінеді.

  • Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін айырып таниды.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті


  • Ақпараттың сыртқы қасиеттеріне жататын сөздерді сәйкес ұяшықтарға қою арқылы кестені әзірлейді.

Талдау әрекеті



  • Аналогтік және үзілісті ақпарат түрлерін салыстырады.

Шығармашылық әрекет



  • Берілген кесте арқылы ақпаратты кодтап, сөздерді басқа тілге түрлендіреді.

Құнды-лық

Бағамдау әрекеті


  • Әлемнің ақпараттық бейнесін түйіндейді. Ақпарат қасиетін сипаттайды.


Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (10 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау - бағалау (5 мин.).
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады.

  • Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап, көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

•Ақпарат, визуальді, аудиальді, тактильді, машиналық, аналогтік ақпарат, дискретті процесс, эргономдық қасиет, ақпарат көлемі.


Оқушыда дағды қалыптастыру:



  • Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.

  • Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.

Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ барысында белсенділік таныту.
Ақпарат көздері:



        1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Университеті. «Inf 1104 Информатика» пәні бойынша, «5В030100–Құқықтану» мамандығының 1-курс күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу - әдістемелік кешен. 2010. Ақтөбе

2. Ақпарат қасиеттері. Ақпарат типтері. Ақпаратты кодтау. Ақпарат көзі: http://1referat.kz/informatika/aqparat-qasietteri-aqparat-tipteri-aqparatty-kodtau.html

3. Видео. Ақпарат көзі:

http://www.youtube.com/watch?feature=player_detailpage&v=mMURkf0LG-E



Оқушы жетістігін бағалау:



  • Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына
    байланысты қойылады.


Үй тапсырмасы:

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы. Өтілген материалды қайталау, анықтама жаттау

• Бонус - балл тапсырмасы

Ақпараттың сыртқы қасиеттері бұзылған жағдайларға 5 мысал келтіріңіз. (Мысалы, маған менің сүйікті тобым бүгін концерт беретіні белгілі болды. Алайды, бұл ақпарат маған концертке билеттердің бәрі сатылып кеткеннен кейін жетті. Яғни, ақпараттың өзектілігі бұзылды.)



САБАҚ БЛОКТАРЫ


і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:

  1. Ақпарат

  2. Ақпарат түрлері

  3. Ақпарат қасиеттері

Слайдтар:

1-слайд Ақпарат

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу.

Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.



Ақпарат – қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері, қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.




2-слайд Шығу облысына қарай ақпарат

    • қарапайым – жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

    • биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

    • әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді.

      • Көпшілік

      • Жеке




3-слайд Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат

  • визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады.

  • аудиальды – дыбыс арқылы таратылады.

  • тактильді – сезім арқылы таратылады.

  • иіс арқылы таратылады

  • дәм арқылы таратылады.

  • машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.




4-слайд Информатикадағы ақпарат

Ақпарат

    • Аналогтік - кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар)

    • Үзілісті - дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).




5- слайд Информатикадағы ақпарат (Мысал)


Каталог: uploads -> doc -> 1057
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1057 -> Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан Мектеп:№19 Күні: 10. 12. 16 Мұғалім: Ашуханова А. К
1057 -> Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен оттекті кесу. Сабақтың мақсаттары
1057 -> Шаблон для закрытых вопросов (пять вариантов ответов)
1057 -> Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Тобы: мб-11


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет