Инженерлік-технологиялық факультет


Еңбекті қорғаудың мәні және қағидалары



бет3/7
Дата19.05.2020
өлшемі291.88 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
1.1 Еңбекті қорғаудың мәні және қағидалары
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету жарияланған.

Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.

Еңбекті қорғауды кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Кең мағынада еңбекті қорғау құқықтық, медициналық, техникалық және экономикалық құрамдас бөліктерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас бөлігі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.

Мысалы, еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т.б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т.б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз. Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас бөлігінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылған, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген.

Дәл осындай жағдай еңбекті қорғаудың экономикалық аспектісі бұзылған кезде де орын алады, яғни, еңбекті қорғау қаржыландырылмаса және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз.

Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, ко­оператив мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне таралады [2].

Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз бұл қызметкерлердің өмірімен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуітиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналарда көзделген:

- еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқауларда;

- ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормаларда;

- әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормаларда;

- өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінде;

- қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерде [3].

Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі қағидалары Қазақстан Республикасы «Еңбекті кодексі» Заңының 4- бабында көзделген. Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясат кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің қатысуымен барлық деңгейдегі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметінің бірлесуін көздейді және келесі мынадай қағидаларға:

- кәсіпорынның өңдірістік қызметінің нәтижелеріне қарағанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының үстемдігі;

- меншік иесінің немесе оның уәкілетті өкілінің толық жауапкершілігі;

- еңбекті қорғау міндеттерін осы мәселелерге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің экономикалық және әлеуметтік саясаттың өзге де бағыттарымен үйлестірудің нәтижесінде кешенді түрде шешу;

- еңбекті қорғау саласында меншік нысанын және шаруашылық қызметіне қарамастан барлық кәсіпорындар үшін бірыңғай талаптарды белгілеу;

- кәсіпорындардағы еңбекгі қорғау және қауіпсіздік-техника талаптарының орындалуына мемлекеттік қадағалау және бақылауды жүзеге асыру;

- еңбекті қорғауға қатысты алдыңғы қатарлы ұлттық және шетелдік тәжірибені, ғылым, техника жетістіктерін кеңінен пайдалану;

- қызметкерлерді қорғайтын қауіпсіз техниканы, технологияны және құралдарды, еңбекті қорғауға қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарынжасауды және енгізуді ынталандыру;

- еңбекті қорғауды қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы;

- кәсіпорындарда еңбектің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыруға жағдай жасайтын салықтық саясатты жүргізу;

- кәсіпорындардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты, ал қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының нормалары мен ережелерін сақтауға қатысты экономикалық мүдделілігі;

- кәсіпорындардың қызметін еңбекті қорғау тұрғысынан лицензиялау;

- өндірістік мақсаттағы өнімдердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қатысты сертификациялауды жүргізу;

- еңбек жағдайына сараптама жүргізетін мемлекеттік органдарының тікелей жұмыс орындарында, сонымен қатар жаңа және өңделіп жатқан кәсіпорындардың құрылысының жобаларында өндірістің қауіптілігі мен зияндылығын бағалау;

- қызметкерлерді арнайы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғану кұралдарымен, емдеу-сауықтыру орындарындағы демалыспен және т.б. қамтамасыз ету;

- өндірістегі әрбір қайғылы оқиғаны және әрбір кәсіптік ауруды қарау мен есепке алудың, қызметкерлердің өндірістік жарақаттың, кәсіптік аурудың деңгейі және еңбекті қорғауды жақсартуға қатысты шаралар жөнінде хабарландырылуын қамтамасыз етудің міндеттігі;

- өндірісте қайғылы оқиғалардан жәбір шеккен немесе кәсіптік аурумен науқастанған қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғау;

- жоғары және орта арнайы оқу мекемелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша мамандарды дайындау;

- қызметкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және жекелеген тұлғалардың өкілдік ұйымдарының еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне жан-жақты қолдау көрсету;

- еңбекті корғау мәселелерін шешудегі халықаралық одақтастыққа негізделген [4].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет