Инженерлік-технологиялық факультет


Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау



бет4/7
Дата19.05.2020
өлшемі40.63 Kb.
1   2   3   4   5   6   7
1.2 Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау

Қазақстан Республкасының сәйкес, еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасында еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдарға мыналар жатады.

Яғни, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыраса, ал ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина-тракторлық парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді, сонымен қатар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді.

Негізінен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы тәртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тәртіпті нығайту жәнежергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды.

Ал Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге денормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуынажоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.

Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды, жергілікті жерлерде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді [5].

Жалпы алғанда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары, олардың уәкілетті тұлғалары өздерінің қызметіңде жұмыс берушілерге, шаруашылық органдарына, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті органдарына тәуелсіз болады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес әрекет етеді.

Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті тұлғалары мынадай құқықтарға ие. Атап айтар болсақ,


  • меншік нысанына және шаруашылық жүргізуіне қарамастанкәсіпорындарға кез келген уақытта алдын-ала ескертусіз ешбір кедергісіз кіру;

  • министрліктерден, мемлекеттік басқарудың өзге де орталық жәнежергілікті органдарынан, кәсіпорындардан, жұмыс берушілерденқажетті ақпарат алу;

  • кәсіпорындардың басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар беру;

  • кәсіпорындарды, жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орны мен жабдықтарды пайдалануды тоқтата тұру (тыйым салу);

- кәсіпорындардың лауазымды тұлғаларына, қызметкерлерін еңбекті қорғау жөніндегі заң шығарушылық және өзге де нормативтікқұқықтық актілерді бұзғаны үшін айыппұл тағайындау, аталған тұлғаларды лауазымынан босату туралы ұсыныстар жасау, қажет болғанжағдайларда оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін прокуратура органдарына материалдар беру құқығына ие.

Жұмыс беруші мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының өкілдеріне жүктелген функцияларды орындау үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндетті.

Ал мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының уәкілетті лауазымды тұлғалары өздерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес негізсіз санкцияларды қолданғаны үшін жауапкершілікте болады.

Қызметкерлер мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты құқықтары мен міндеттері және олардың кепілдіктеріне келер болсақ, әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие [6].

Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» заңында белгіленген негізгі құқықтардың бірі.

Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:

- зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз жұмыс орны;

- мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне әкелмеуі тиіс;

- қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;

- ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;

- жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;

- өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулықка келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және оларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;

- өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда осы қауіпті ойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту;

- кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету;

- еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;

- еңбекті қорғауды қаржыландыру [7].

Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді. Жұмыс орны өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе еңбекке қабілеттің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін қауіпті, зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғалуы тиіс. Еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғаудың жағдайына бақылауды ұйымдастыру және еңбек ұжымын осы бақылаудың нәтижелері туралы уақтылы хабарландырып отыру міндеті жұмыс берушіге жүктеледі.

Еңбекті қорғау талаптарын сақтаған жағдайда өндірістегі қайғылы оқиғалар, жарақат алу, кәсіптік аурумен ауыру төтенше жағдайлар болып табылады. Алайда, егер мұндай жағдайлар орын алса, қызметкерлер өздерінің тікелей басшыларын немесе басшылықты кез кел­ген қайғылы оқиға, кәсіптік аурудың белгілері туралы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін кез келген жағдайлар туралы жедел түрде хабарландыруға міндетті.

Жұмыс беруші мен басшылық қайғылы оқиғаны тергеу үшін, олардың алдын алу үшін және апат жағдайлары туындаған кезде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу үшін барлық шараларды қолға алуға міндетті. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін тікелей қауіп төнген жағдайда бұл қауіпті жойғанға дейін олар жұмысты орындаудан бас тартуға, сонымен қатар егер бұл жұмыстар еңбек шартында көзделмесе, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмысты істеуден бас тартуға құқылы. Бұл әрекеттер тәртіптік жауапкершілікті туындатпайды.

Өкінішке орай, мойындайтын бір жайт, ғылым мен техниканың қазіргі кезгі даму деңгейінде өндірістің адамға қатысты зиянды әсері әлі де толығымен жойылмаған.

Сондықтан, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары, ерекше температуралық жағдай, ластану және т.б. орын алған жұмыстарда қызметкерлерге нормаларға сәйкес арнайы киім, арнайы аяқ киім және де маска, қорғанышты көзілдіріктер, қорғау, белбеулері, сабын және т.б. сияқты өзіндік қорғанудың өзге де құралдары берілуі тиіс.

Басшылықтың міндетіне тек өзіндік қорғану құралдарын беру ғана емес, сонымен қатар, оларды сақтауды, жууды, кептіруді, тазалауды, жөндеуді және т.б. қамтамасыз ету кіреді [8].

Зиянды еңбек жағдайлары орын алған жұмыста қызметкерлерге сүт және белгіленген нормаларға сәйкес оған теңестірілген азық-түлік өнімдері, ал аса зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге емдеу-сауықтырушылық сипаттағы тамақтану тегін берілуі тиіс.

Мемлекеттік стандарттарға, еңбекті қорғауға байланысты норма­ларға, ережелерге жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қолданысқа беруге, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және өзге де өнімдерді, соның ішінде, шетелден әкелінген кұралдарды шығаруға жол берілмейді.

Олардың адамның ағзасына және денсаулығына әсері туралы токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық, радиациялық, медициналық-биологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады.Еңбекті қорғауды қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар, кәсіпорындар қаржысы және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорындардың қызметкерлері осы мақсаттарға қатысты шығындарды көтермейді.Еңбекті қорғау туралы заңдарда қызметкерлер мен жұмыс берушілердің міндеттері де көзделген.Қызметкерлер өндірістік цехтардағы, құрылыс алаңдарындағы жүріс-тұрыс және жұмысты орындаудың белгілі бір ережелерін белгілейтін еңбекті қорғауға қатысты нормаларды, ережелерді және нұсқауларды сақтауға міндетті.

Сонымен қатар, қызметкерлер ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарын дұрыс пайдалануға және қолдануға міндетті. Егер жұмысқа кірісудің міндетті шарты болып қауіпсіздік техникасына қатысты арнайы білім алу, нұсқама алу немесе емтихан тапсыру болса, онда қызметкер бұл талаптарды орындауға міндетті. Бұл талаптарды орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылады.Өз кезегінде, жұмыс беруші еңбекті қорғау талаптарын сақтауға қатысты жұмыстар жүргізуге міндетті, яғни жұмыс беруші немесе басшылық зиянды және қауіпті заттардың рұксат етілген деңгейін бақылауға, олардың асып кетуін болдырмауға, қауіпсіздік техникасына қатысты нұсқама беруге, дәрістер жүргізуге және қауіпсіздік техни­касына қатысты ережелердің, нормалардың және нұсқаулардың орындалуын талап етуге, қызметкерлерді жұмыс орнының қорғалуының дәрежесі және қауіпсіздік деңгейі туралы хабарландыруға, қызметкерлерді ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, жұмыс беруші өндірістік ғимараттар мен қызметкерлердің жұмыс орындарында өндірістік санитария мен гигиена талаптарының сақталуын бақылауға, еңбекті қорғау талаптарының орындалуына қадағалау және бақылау жасауға шаралар қолдануға міндетті [9].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет