«Интернет» ғаламторының қазақша Викепедиясында маркетингке «Маркетинг (ағылш. Marketing рынок, базар, өткізу, сауда) кәсіпорынның



бет1/8
Дата28.01.2018
өлшемі2,9 Mb.
#35398
  1   2   3   4   5   6   7   8
4 кр 1 тема
«Маркетинг» термині, немесе «басқарудың нарықтық концепциясы» (marketing concept of manegment), ХІХ ғасырдың соңында – ХХ ғасырдың басында пайда болды және тура мағынасында нарықтық әрекетті, нарықпен жұмыс істеуді білдіреді. Дж.Р. Эванс пен Б.Берман маркетингке мынадай анықтама береді: «Маркетинг – бұл тауарларға, қызметтерге және идеяларға деген қажеттіліктерді айырбас арқылы алдын ала болжау, басқару мен қанағаттандыру». Мұнда маркетинг нысандары ретінде тек тауарлардың, қызметтердің және идеялардың болуымен қатар адамдар да (саяси қайраткерлер, актерлер және т.б.), ұйымдар (Қызыл Жарты Ай, қоғамдық қорлар), аймақтар (мысалы, шипажайлар) ұғынылады.

«Интернет» ғаламторының қазақша Викепедиясында маркетингке «Маркетинг (ағылш. Marketing – рынок, базар, өткізу, сауда) – кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жағдайы мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.

Маркетинг – сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін техникалық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады» деген анықтама берілген.Ф.Котлер маркетингті айырбас арқылы адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекет түрі ретінде атап өтеді.

Тауар – бұл соның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға немесе белгілі бір проблеманы шешуге болатын бұйым, яғни «буылып-түйілген» қызмет. Айырбас идеясы нарық ұғымына жетелейді. Нарық – бұл ықтималды айырбас аумағы. Сауда үшін ықтималды мүмкіндік болған кезде нарық та бар.Маркетингтік басқару – бұл сұраныст кр ыбасқару, мақсатты нарықта тауарды сатудың қалаулы көлеміне жетуге бағытталған саналы үрдіс (процесс). Дегенмен фирманың, сатып алушының, тұтастай қоғамның мүдделері әрқашан сәйкес келе бермейді. Мәмілеге келу үшін әлеуметтік-әдептік маркетинг концепциясы фирманың мақсаты мен жеке тұтынушының да, сондай-ақ тұтастай қоғамның да мүдделерін үйлестіруді көздейді, оған қоса бұл осы сәттегі ғана емес, ұзақ мерзімді болуы тиіс. Сондықтан өнім өндіруші өз өнімін экологиялық таза технологиямен, тек пайдалы ғана емес, адамдар мен қоршаған ортаға зиянсыз етіп шығаруға мәжбүр. Осылайша маркетингтік шешімді қабылдағанда үш негізгі факторды ескеру қажет: тұтынушының мүддесі, фирманың мүддесі және қоғамның мүддесі.

Маркетинг стратегиясының негізінде нарықтық іс-әрекеттің бес түрі жатыр: нарықтың сегменттелуі, мақсатты нарықты таңдау, нарыққа шығу әдістерін таңдау, маркетингтің тәсілдері мен бұйымдарын таңдау, нарыққа шығу уақытын таңдау.Тұтыну нарығындағы сұранысты зерттеу үшін мынадай ақпараттарды жинау керек:

1) нарықта не сатып алынады,

2) неліктен сатып алынады,

3) кім сатып алады,

4) сатып алу қалай жүзеге асады,

5) сатып алу қай кезде жүзеге асады,

6) сатып алу қай жерде жүзеге асады,

7) нарықта мұндайға ұқсас қандай тауарлар сатылады және қандай бағаға,

8) тұтынушы мұндайға ұқсас тауарлардың сипаттамасында қаншалықты жақсы бағдарланған.

Сонымен маркетинг принциптерін тек сауда және тұрмыстық қызмет аумағында ғана емес, денсаулық сақтау ісінде де жүзеге асыруға болады. Адам денсаулығының бірінші басым қажеттілік екені белгілі. Одан соң барып кәсіби жетістіктер, бизнестегі табыстар, бедел және с.с. келеді. Адамның дені сау болу қажеттілігі оны сауығу тәсілдерін іздеуде белсенділік танытуға итермелейді және оған белгілі бір бағыттылық береді. Денсаулық сақтау жүйесін әлеуметтік-экономикалық реформалау үрдістері медициналық қызметке сұранысты, ұсынысты және тұтынуды оңтайландыру, қолдағы бар ресурстарды және бөлінетін қаржыландыруды ықшамдау қажеттілігін анықтайды. Сонымен қатар тұрғындардың тұтынылатын медициналық көмекке көзқарасы, медициналық көмектің әр түріне деген сұраныс динамикасы, оның сапасы, технологиялылығы мен экономикалық ықпалдылығы сияқты денсаулық сақтау ісінің аспекттері жете талданбаған және сала қызметінің нәтижелілігін бағалау болған емес. Шет елдік әдебиетте денсаулық сақтау ісіндегі маркетинг пролемасы тек жеке және сақтандыру медицинасына қатысты баяндалған. Денсаулық сақтау ісін реттеуді маркетинг тұрғысында айтар болсақ, осы кезге дейін бұл проблема толық зерделенбеген.

Маркетинг теориясынан шығатын тауар анықтамасын (тауар – ол белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті өнім немесе қызмет), қолдана отырып адам денсаулығын жақсартуға бағытталған қызмет, оның ішінде медициналық қызмет – бұл өз денсаулығын демеудегі адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиетіне байланысты құндылығы бар тауар. Соған сәйкес денсаулық сақтау ісіндегі маркетинг сауықтыру-алдын алу, санитарлық-гигиеналық және емдеу қызметтері, дәрілік бұйымдар, терапевтік және оңалту бағытындағы құралдар кешенін жүзеге асырумен сабақтас ұйымдастырушылық-экономикалық қызметтер жиынтығын қамтиды. Америкалық медициналық қауымдастықтың денсаулық сақтау ісіндегі маркетингті денсаулық сақтау қызметтері өндірісін жоспарлау, экономикалық негіздеу және басқару, емдеу-алдын алу үрдісі аумағындағы баға саясаты, тұтынушыларға қызметті (медициналық мәні бар тауарларды) ұсыну, сондай-ақ оларды жүзеге асыру кешенді үрдісі ретінде анықтайды. Медициналық қызмет нарығы айырбас үшін ықтималды мүмкіндік болған кезде ғана орын алады (маркетинг теориясында – бұл қолдағы бар және ықтимал айырбас аумағы).

Медициналық қызмет нарығы екі тараптың – медициналық қызметке мұқтаждар мен оларды ұсынушылардың болуымен; нарық субъектілерінің – ол жерде медициналық қызметті немесе тауарды жүзеге асыру және тұтыну атқарылуы мүмкін қажетті мекемелердің болуымен; медициналық қызметті өндірушілер мен тұтынушылардың өзара ұсыныстарын таңдау еркіндігінің болуымен анықталады. Денсаулық сақтау ісіндегі маркетинг (оны классикалық тұрғыда түсінгенде) медициналық қызмет нарығы, дәрігер мен пациент арасындағы нарықтық қарым-қатынас, дәрігерлердің (медициналық қызметтердің), медициналық препараттарды және тауарларды өндірушілердің бәсекелестігі болғанда ғана мүмкін.

Алайда Қазақстанда негізінен мемлекет бір мезгілде өзін үш тұлға: медициналық қызметті сатушы, оны нақты сатып алушы және медициналық мекеме иесі ретінде білдіреді. Жағдайдың бұлайша қалыптасуы медициналық қызмет көлемін, сапасын, бағасын, көрсету тәртібін мемлекеттің икемді реттеуіне ерік беретіндей көрінеді, бірақ нақты жағдайды реттелген нарық деп атауға келмейді. Денсаулық сақтау ісіндегі қатынастардың сипатына медициналық қызметтің көлеңкелі нарығының болуы емдеу-профилактикалық мекеменің (ЕПМ) ұсынысы мен мүмкіндігінің алдын ораған сұраныстың бар екені дәлел.

Денсаулық сақтау аумағындағы маркетинг өз бойына саламатты өмір салтының, дәрі-дәрмектердің жарнамасы, денсаулық сақтау ісіне көзқарас, емдеуді, оңалтуды таңдау және с.с. аспекттерді жинауы мүмкін. Денсаулық сақтау ісіндегі маркетингті шартты түрде бес бағытқа бөлуге болады:

1) медициналық қызмет маркетингі;

2) дәрілік препараттар маркетингі;

3) медициналық техника маркетингі;

4) медициналық технологиялар маркетингі;

5) ғылыми идеялар маркетингі.

Медициналық қызметтің маркетингі (сауықтыру шараларын қосқанда) тұрғындар арасында денсаулықты және сәйкесінше өмір стилін нығайтуға, дені сау адам, саламатты өмір салты имиджін нығайтуға түрткі болады. Медициналық қызмет маркетингіне қажеттілік медициналық қызметке тұтынушы сұранысының әрқашан болғанынан, қазір де бар екенінен және болашақта да болатынынан туындайды. Медициналық статистика талдауы белгілі бір аумақтардағы денсаулық сақтау ісіндегі елеулі жетістіктерге қарамастан, толықтай қоғамның дені сауға айналмағанын көрсетеді. Дамыған елдердегі бірқатар кеселдерден өлім көрсеткішінің төмендеуі, созылмалы патологиялардың және мүгедектіктің артуын тудыратын демографиялық жылжумен (тұрғындардың қартаюы, туудың төмендеуі) бірге жүреді. Мұның бәрі медициналық қажеттіліктердің артуына ықпал етеді, мұның келешекте де өсуі мүмкін.Денсаулық сақтау ісіндегі тұтынушылық нарығының демографиялық сегментін анықтай отырып, ең алдымен денсаулық бағытындағы барынша әлжуаз тұрғындар санатын бөліп көрсеткен жөн. Олар: 7 жасқа толмаған балалар мен 65 және одан жоғары жастағы кәрі адамдар. Медициналық мақсаттағы қызметтер мен тауарларға үлкен сұраныс мол қаржы кірістері, білімнің және мәдениеттің жоғары деңгейі бар тұрғындарға, сондай-ақ қала халқына тән құбылыс.

Маркетинг технологиялары денсаулық сақтаудың көптеген аумағы үшін әмбебап. Бастау көзі мынадай сауалдарға жауаптар болып табылады: қандай медициналық көмек қажет; неліктен, кімге, қашан, қайда, оны кім және қалай көрсететін болады; оны кім, қалай және қандай көлемде қаржыландырады. Медициналық маркетинг сұранысты талдаумен, бақылаумен және болжаумен қатар сондай-ақ оны басқаруды да білдіреді. Медициналық маркетингтегі белсенді позиция алуан түрлі техникалық шешімдерде жүзеге асады. Сұраныстың әрбір жағдайына (теріс, жоқ, ықтималды, төмен, құбылмалы, толық, шектен тыс, иррационалды) ықпал етудің өз тәсілі сәйкес келеді: конверсиялық (өзгеретін), ынталандырушы, дамытушы, ремаркетингтік, синхромаркетингтік, демеуші, демаркетингтік, қарсы әсерлі.

Медициналық қызмет пен тауар нарығындағы маркетингтік зерттеу медициналық қызметтердің нақты және ықтималды тұтынушылар мен фарм-препараттарды сатып алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін терең және жан-жақты зерделеуге, бағаның деңгейі мен динамикасын талдауға, денсаулық сақтау ісі мен медициналық көмектің дамуына әсер ететін көптеген басқа факторларды айқындауға сүйенеді. Медициналық қызмет пен тауарлар нарығындағы маркетингтің басты ерекшелігінің мәні бұл нарықтың демографиялық, әлеуметтік, экономикалық, валеологиялық өлшемдерін ескеріп, осы нарыққа белсенді әсер ету мен азаматтардың медициналық қызметке деген қажеттілігін қалыптастыруды жан-жақты зерттеуді үйлестіруде жатыр.

Маркетинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады. Мазмұны [жасыру]

1 Маркетингінің мәні мен мақсаты

2 Маркетинг атқарымы

3 Маркетинг бағдарламасы

4 Маркетинг делдалдары

5 Маркетинг қағидаттары

6 Маркетинг стратегиясы

7 Маркетинг тактикасы

8 Маркетинг тұжырымдамасы

9 Маркетингілік ақпарат жүйесі

10 Маркетингілік бақылау

11 Маркетингілік зерттеу

12 Маркетингілік қызмет

13 Маркетингіні басқару

14 Маркетингіні жоспарлау

15 Пайдаланған әдебиет

16 Сыртқы сілтемелер

Маркетингінің мәні мен мақсаты[өңдеу]


Экономиканы‚ жарнаманы‚ инженерлік істі‚ психологияны‚ жоспарлауды‚ болжауды оңтайлы ұштастыру‚ яғни Маркетинг — тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас‚ тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерц. қызметтің тиімділігін арттыру арқылы рыноктың (адамдардың‚ фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға‚ қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру.

Маркетинг атқарымы[өңдеу]


Маркетинг атқарымы - іс-қимылдардың өзара байланысты кешені. Онда кәсіпорын іс-қимыл жасайтын ішкі және сыртқы ортаны, рыноктарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені, тауарларды зерттеу; жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингілік зерттеулер негізінде тауар өндірісін жоспарлау, тауар қозғалысын, өткізім мен сервисті жоспарлау, баға саясатын тұжырымдап, іске асыру, маркетингілік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру, маркетингіні ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингіні басқару (қауіп-қатерді, пайданы, тиімділікті бағалай отырып, маркетинг шараларын жоспарлау, іске асыру және бақылау) қамтылады.

Маркетинг бағдарламасы[өңдеу]


Өндіруші кәсіпорынның, сатушының және экспортшының межелі уақыт кезеңінде маркетингінің барлық салалары бойынша іс-қимылдарын айқындайтын өзара байланысты шаралар жүйесі.

Қысқа мерзімді бағдарламаларда кәсіпорынның іс-қимылдары бағдарламасы көбірек тәптіштеліп, нақтыланады.

Ұзақ мерзімді бағдарламаларда маркетинг стратегиясына сәйкес уақыттың ұзақ кезеңі қамтылады.

Маркетинг делдалдары[өңдеу]


Компанияның өз тауарларын тұтынушыларға жеткізуіне, өткізуіне және олардың арасына таратуына көмектесетін фирмалар. Оларға сауда делдалдары, маркетингілік қызметтер көрсететін агенттіктер мен несие-қаржы мекемелері жатады.

Маркетинг қағидаттары[өңдеу]


Сауда-өндірістік қызметті басқару жүйелері ретіндегі маркетингінің негізгі белгілері.

Маркетингінің негізгі қағидаттары:

сатып алушылардың қажеттерін, нарықтық жағдайды, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін дәл білу негізінде өнім өндіру;

сатып алушының қажеттерін неғұрлым толық қанағаттандыру;

белгілі бір рыноктарда өнімдер мен қызметтерді жоспарлаған көлемде және межелеген мерзімде тиімді түрде өткізу;

кәсіпорынның өндірістік-коммерц. қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелілігін (пайдалылығын) қамтамасыз ету;

сатып алушылардың өзгеріп отыратын талаптарына белсенді түрде бейімделу мақсатымен өндірушінің іс-қылығының стратегиясы мен тактикасының бірлігі.

Маркетинг стратегиясы[өңдеу]


Кәсіпорынның (фирманың) тауар өндіру-өткізу қызметінің перспективалық мақсатын, бәсеке нысанын, маркетинг тұжырымдамасын таңдау. Бос рынокты, нақты тұтынушыны іздеп табуды, кәсіпорын қызметінің рынокта басталуы мен аяқталуы мерзімін анықтауды, өнімнің (тауардың, көрсетілетін қызметтің) түрлері, оның сұрыпталуы, көлемі, сапасы, өзіндік құны ескерілетін бәсекелесу мен пайдалылық факторларын анықтайды, жарнаманы қамтиды. М. с-ның негізгі бағыттары: рынокты дамыту — сату көлемін ұлғайтуға не өндірістің тиімділігін арттыруға, фирма қызметін жақсартуға бағытталған өткізу жоспарын әзірлеу, жаңа тауар әзірлеу, “ескі рынокта” өткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту, рыноктың бос орындарын толтыру, тауарлар рыногын ұлғайту, рыноктың географиясын кеңейту. С. Тоқсанбай

Маркетинг тактикасы[өңдеу]


Ағымдағы нарықтық жағдай, тиісті міндеттерді, маркетинг стратегиясында көзделген шараларды жүзеге асыру негізінде қысқа мерзімге арналған маркетинг мақсаттарына жету. М. т. компанияның әрбір рыноктағы және әрбір тауар бойынша мақсаттарын межелі уақытта әзірлеуді, сондай-ақ межелі маркетинг стратегия-сында іске асыруға бағытталған нақты іс-қимылды көздейді. Мұнда маркетингтің аралық мақсаттарын белгілеу, бұл мақсаттарға жету құралдарын таңдау, маркетингтік операциялардың уақыт жөнінен дәйектілігін айқындау, соның ішінде рынокқа кіру мен одан шығу сәтін таңдау, маркетинг үдерісіне түрлі қатысушылар арасында әрбір кезеңдегі міндеттері мен жауапкершілігін бөлісу, маркетинг бойынша түрлі кезеңдердегі шығындарын оңтайландару қамтылады. М. т. тұрақты пайда деңгейіне қол жеткізуге, коммерц. қызметтердің рынокта белсенділік көрсетуіне, жағдайдың өзгеруіне бейімделуге, қызметкерлердің бастамашылығын пайдалануға, бәсекелестердің іс-әрекетіне жауап шаралар қолдануға, тұтынушылар сұранымының өзгеруіне орай іс- қимылдарға түзетулер енгізіп отыруға бағытталады. С. Тоқсанбай

Маркетинг тұжырымдамасы[өңдеу]


Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның‚ коммерциялық ұйымның тауар өндіру-өткізу және еңбек қызметін басқару туралы ғылыми негізделген қағидаттар жүйесі. ұылымның экон. теория‚ менеджмент‚ социология‚ эконометрия‚ психология‚ т.б. салаларындағы толып жатқан іргелі зерттеулердің нәтижелеріне негізделеді. Ол нарықтық айырбас заңдылықтарын‚тауар өндірушінің ұдайы өзгеріп отыратын экон. жағдайларға бейімделу қағидаттары мен әдістерін зерделейтін ерекше ғыл. пән ретінде қалыптасқан. Маркетингті басқару түрлі тұжырымдамалар (көзқарастар) тұрғысынан жүзеге асырылады. Мыс.‚ өндірістіжетілдіру тұжырымдамасы бойынша тұтынушылар көпшілік қолданыстағы бағасы арзан тауарларды сатып алғысы келеді‚ демек‚ басшылардың міндеті — өздерінің күш-жігерін өндірісті жетілдіруге‚ оның тиімділігін арттыруға жұмылдыруы керек деген пайымдау басшылыққа алынады; тауарды жетілдіру тұжырымдамасы — тұтынушы сапалы тауарға жоғары баға береді‚ демек‚ кәсіпорын тауарды ұдайы жетілдіруге баса назар аударуға тиіс деген пайымдауға негізделеді; коммерциялық күш-жігерді қарқындатутұжырымдамасы — кәсіпорын тауарды өткізу мен ынталандыру саласында айтарлықтай күш-жігер жұмсамаса‚ оның тауарлары жеткілікті көлемде сатып алынбайды деген пайымдауға негізделеді; әлеум.-этикалық маркетинг тұжырымдамасы бойынша фирманың тұтынушыларды бәсекелестерден гөрі неғұрлым тиімді де өнімді тәсілдер арқылы қанағаттандыру қабілеті оның мақсатқа қол жеткізуінің кепілі болады. С. Рахымжанұлы

Маркетингілік ақпарат жүйесі[өңдеу]


Жоспарлауды жетілдіру, маркетингілік шараларды жүзеге асыру және олардың орындалуын бақылау мақсатымен адамдардың өзара байланысының және маркетинг саласындағы өкімгерлер дер кезінде пайдаланатын көкейтесті, дәл ақпаратты жинауға, сыныптауға, талдауға, бағалауға және таратуға арналған жабдық пен әдістемелік тәсілдердің тұрақты қолданыстағы жүйесі. Маркетингіні басқару жөніндегі міндеттерін орындау барысында басшылар ұлан-ғайыр ақпаратқа ділгер болады.
Жақсы жоспарланған Маркетингілік ақпарат жүйесінің құрамы, әдетте, оның төрт құрамдас жүйесінен (бөлігінен) тұрады.

Біріншісі — ішкі есеп-қисап жүйесі, ол ағымдағы өткізудің, шығын сомасының, материалдық босалқы қорлар көлемінің көрсеткіштерін, қолма-қол ақша қозғалысын, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы деректерді көрсетеді.

Екіншісі — сыртқы ақпаратты жинау жүйесі, мұнда көздер мен әдістемелік тәсілдер жиналады, олардың көмегімен басшылар коммерц. ортада болып жатқан оқиғалар туралы күнделікті ақпарат алып отырады.

Үшіншісі — маркетингілік зерттеулер жүйесі, мұнда кәсіпорынның (фирманың, компанияның) алдында тұрған маркетингілік жағдаймен байланысты қажетті деректер шеңберін жүйелі түрде анықтау, өткізімді талдау, бәсекелестердің тауарларын зерттеу, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжау, жаңа тауарға сатып алушылардың қалай қарайтынын, баға саясатын, т.б. зерделеу қамтылады.

Төртіншісі — маркетингілік ақпаратқа талдау жасау жүйесі, мұнда деректерді өңдеудің осы заманғы әдістемелері, рынокқа қатысушылардың маркетингілік шешімдер қабылдауын жеңілдететін үлгілер пайдаланылады.

Маркетингілік бақылау[өңдеу]


Маркетинг жоспарларының іске асырылуын тексеру мақсатымен нәтижелерді бақылау‚ есептеу‚ талдау. Үш тұрпатқа бөлінеді: кәсіпорын жоспарларының орындалуын бақылау‚ пайдалылықты бақылау — тиімділікті талдау‚ стратег. бақылау — маркетингіні тексеру.

Маркетингілік зерттеу[өңдеу]


Қайсыбір жергілікті тауар рыногінің жай-күйін, даму беталысын, әдетте, өнімді тұтынушылардың кездейсоқ таңдалған тобының пікірлерін қорытындылау негізінде зерделеу; маркетингтің аса маңызды атқарымы. Маркетингілік зерттеу рынокты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеяларын іздестіруден бастап оны түпкілікті тұтынушының пайдалануына дейінгі бүкіл маркетинг үдерісін қамтиды. Маркетинг қызметінің барлық түрлері мен салалары, тауар, рынок, өнімнің түр-түрі, өткізу мен бөлу арналары, іске асыру әдістері, жарнама, өткізуді ынталандыру, т.б. тиісінше зерттеледі. Осыған орай кез келген Маркетингілік зерттеу бес кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде мәселе дәл айқындалып, зерттеу мақсаты алға қойылады. Екінші кезеңде ақпарат жинау жоспары әзірленеді. Үшінші кезеңде ақпарат жиналады. Зерттеу пікірлерді анықтау нысанында не топтық талқылау нысанында жүргізілуі мүмкін. Төртінші кезеңде жалпылама көрсеткіштерді құрастыру, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін жиналған ақпаратқа талдау жасалады. Бесінші кезеңде зерттеулер мен ұсыныстардың негізгі нәтижелері сарабдал шешім қабылдау және кәсіпорындардың тауар рыноктарындағы іс-әрекетінің стратегиясын айқындау үшін кәсіпорындардың басқарушыларына беріледі.[1]

Маркетингілік қызмет[өңдеу]


Кәсіпорынның (фирманың‚ кәсіпкердің‚ т.б.) сұранымды‚ бағаны‚ жарнаманы пайдалануға, өндірісті ынталандыруға‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне белсенді ықпал жасайтын қызмет көрсетудің техникалық түрлері мен басқа да түрлерін қолдануды жан-жақты зерделеу мен болжауға байланысты қызметі. Кәсіпорын өнімнің (тауардың, бұйымның) нақты түріне және оны тұтынушыларға орай М. қ-тің белгілі бір элементтеріне баса назар аударады. Мысалы, тұтыну тауарлары үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін жарнаманың маңызы зор‚ ал өндірістік мақсаттағы өнім үшін жөндеу қызметін көрсетуді ұйымдастыруға, қосалқы бөлшектермен жабдықтауға баса мән беріледі.[2]

Маркетингіні басқару[өңдеу]


Межеленген мақсатқа қол жеткізу үшін (пайда алу, өткізу көлемін ұлғайту, рыноктың үлесін молайту, т.б.) тиімді сұранымды белгілеу мен қолдауды көздейтін шараларды талдау, жоспарлау, жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылау арқылы нысаналы түрде ықпал жасау. Оған кәсіпорын ортасын, нарықты, тұтынушыларды, тауарлар мен қызметтердің түр-түрі мен сапасын, тауарлардың өткізілуі мен қозғалысын, бағаны, жарнаманы, маркетингілік зерттеулерді (рынок, сұраным мен бәсеке, өткізім мен бөлу, жарнама, фирманың тактикасы мен стратегиясы саласындағы) басқару жатады. Басқаша айтқанда, Маркетингіні басқару — сұранымды басқару. Маркетингімен шұғылданушы сұранымның деңгейіне, уақыты мен сипатына әсер ете білуі тиіс, өйткені орын алып отырған сұраным қалаған сұраныммен үйлеспеуі мүмкін. Маркетингіні басқарушылар — фирманың маркетингілік жағдайына талдау жасаумен, межеленген жоспарларды іске асырумен шұғылданушы және бақылау міндетін орындаушы лауазымды адамдар. Оларға өткізу қызметінің басқарушылары мен қызметкерлері, өткізімді ынталандыру жөніндегі мамандар, тауарлар жөніндегі басқарушылар, баға белгілеу мамандары жатады.[3]

Маркетингіні жоспарлау[өңдеу]


Кәсіпорынның маркетингілік қызметінің барлық бағыттары бойынша тәптіштелген жоспарлар әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында негізгі көрсеткіштердің тізбесі, рыноктардың, олардың негізгі бөліктерінің, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы, бәсекенің салдарынан болатын ықтимал қиындықтарды талдау, бәсекелестік артықшылықтар, жоспарлы кезеңде фирма қол жеткізуге тиіс тұжырымдалған мақсаттар, маркетинг стратегиясын — оның барлық кешені, мақсатты рыноктар, шығындардың деңгейі бойынша қызметінің бағдарламалары, оның барлық ұстанымдары бойынша нақты іс-қимылдары, болжалды пайданың есебі, жоспардың орындалуы барысына бақылау жасау қамтылады. Фирма өнімнің (тауарлардың) бірнеше түрлерін, алуан түрлі сұрыпталымдық топтарды өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір жайғасым бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады.[4][5]

Пайдаланған әдебиет[өңдеу]

Jump up ↑ Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Jump up ↑ О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0

Jump up ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Jump up ↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3



Jump up ↑ Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет