Интернетте көп материалдар Сұрыптау



Дата15.05.2020
өлшемі190.52 Kb.
түріЛекция

Интернетте көп материалдар

Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting) - массив элементтерін белгілі бір заңдылықпен орындарын ауыстырып реттеу процессін айтамыз. Мысалы, сандар массивін өсуі, кемуі бойынша сұрыптау, жолдар массивін алфавит бойынша сұрыптау және тағы басқа.

Сұрыптаудың түрлері[өңдеу]



Бүгінгі таңда сұрыптаудың көптеген тәсілдері белгілі. Олар:

  • Таңдау арқылы сұрыптау

  • Алмастыру арқылы сұрыптау

  • Индекстері арқылы сұрыптау

  • Енгізу арқылы сұрыптау

  • Біріктіру арқылы сұрыптау

 Таңдау арқылы сұрыптау - бұл сұрыптаудың ең қолайлы түрі. Әдетте бұл әдіс кестені реттеуді қажет еткен адам ойына ең бірінші келеді. Бұның мәні мынада, мысалы n элементтен тұратын А сандар массиві берілген. Оны таңдау әдісін қолданып элементтерінің өсуі бойынша сұрыптау қажет.

Алгоритм


  1. Өлшемі n болатын А массивін толтыру және экранға шығару;

  2. i:=1;

  3. Индекс i-ден басталатын массив элементтерінің ішінен ең кішісін (индексі j) таңдап алу;

  4. A[i] және A[j] элементтерінің орындарын ауыстыру;

  5. i:=i+1 мәні үшін i:=n болғанға дейін 3 және 4 қадамдарды қайталау;

  6. Сұрыпталған А массивін экранға шығару.

  7. Программалау

  8. Program Aikesha_lay;

  9. Const n=8;

  10. type MasType=array [1..n] of integer;

  11. var i, idx, k: integer;

  12. A:MasType;

  13. Function MinMas (j:integer):integer;

  14. Var p, min:integer;

  15. Begin

  16. For p:=j to n do

  17. If (p=j) or (A[p]

  18. M3nMas:=min;

  19. End;

  20. Begin

  21. Randomize; Writeln('Берілген сандар массиві:');

  22. For i:=1 to n do

  23. Begin A[i]:=Random(30); Write(A[i]:4); end;

  24. For i:=1 to n-1 do

  25. Begin

  26. idx:=MinMas(i);

  27. k:=A[i]; A[i]:=A[idx]; A[idx]:=k; end;

  28. writeln;

  29. writeln('Өсуіне қарай сұрыптау нәтижесі:');

  30. For i:=1 to n do

  31. Write(A[i]:4);

  32. readln;

  33. end.

  34. Бұл программада берілген массив бөлігінің ең кіші элементінің индексін(рет нөмірін) табатын MinMas(j) функциясы пайдаланылған. Функцияның j параметрінің мәні массив бөлігінің бірінші элементтерінің рет нөмірін (соңғысы n) көрсетеді.



Алмастыру арқылы сұрыптау - алгоритмдік сұрыптаудың ең жеңіл түрі болып табылады.Бұл алгоритмдік сұрыптау өте жеңіл, әрі оңай, себебі бұл сұрыптау улкен емес массивтерге қолданылады. Алгоритмнің қиындығы: O(n²).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет