«интернеттегі қазақ тілін дамыту» тақырыбында дөҢгелек үстел



Дата15.09.2017
өлшемі68,68 Kb.
#32273
«ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Таджигитов А.А., ф.-м.ғ.к, доцент

Касимов И.Р., аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі

Аміралі Л.А., «Информатика» мамандығы, 3-ші курс студенті

Дайрабай Ұ.Б., «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, 2-ші курс студенті
Аңдатпа

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында «Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді», – деп мәлімдеген болатын. Айтқандай-ақ, қазіргі Қазнеттің даму барысы осы сөзді барынша дәлелдеп отыр. Сондықтан, Интернетте де сөзуарлыққа салына бермей, қазақ тілін дамытуға деген ниетімізді нақты жобалармен көрсетуіміз керек.
«Қазақстанның Интернет Қауымдастығы» және «GSM Kazakhstan» ұйымдастырған «Интернеттегі қазақ тілін дамыту жолдары» туралы дөңгелек үстел өтті. Басты пікірталастар казақ тіліндегі контентті дамыту, сайттарды басқару жүйелерін қазақ тіліне аудару және веб-терминдер сөздіктерін құру төңірегінде өрбіді.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов жетекшілік етіп, спикер ретінде Жаржан Құлмырза, Руслан Минулин, Рауан Кенжеханұлы, Асхат Еркімбай, Рамазан Ерсұлтан, Владимир Төреханов қатысты. Ең бірінші айтылған мәселе интернеттегі қазақ тілді контентті көбейтуге мемлекеттің атсалысуы болды.

Мұрат Әбенов үкімет бөлген 500 млн теңге қаржының сәтсіз жұмсалғанын мәселе ретінде айшықтады. Осынша мөлшерде бөлінген ақша бар-жоғы 2 сайтты әзірлеуге жұмсалыпты. Бұдан басқа интернеттегі қазақ тілді контент дамуына кедергі болған жайт техникалық мүмкіншіліктер, бүкіл гаджеттердегі қазақ әріптерінің болмауына байланысты жоғары көтеріліп отырған латын әріптеріне көшу мәселелері күн тәртібінде тұрғаны айтылды. Алайда талқылау барысында осы кемшіліктерді жоюдың нақты жолдары да аталды. Олардың арасында контент басқару жүйесі арқылы сайттарды қазақ тіліне аудару жұмыстарына назар аударылды. Бұл тәжірибеге орай «Worldpress», «Drupal» сайттары арқылы аударма жүзеге асты және жаңа «KazakhGlossary» атты веб-терминдер сөздігі жарық көрді. Бірақ бұл жаңалық жұрт назарына салынғаннан кейін ең бірінші болып « 100% аударманың % үлесінде тиімділігі қаншалықты?» деп сұрақ қойылды. Бұған жауап ретінде бұл жұмыс әлі жүргізіліп жатқандығы, даму барысындағы процесс екенідігі айтылды.

Өз кезегінде, қазақ тілінің әлеуметтік желілерде дамуына үлес қосып жүрген Руслан Минуллин өзінің «Let’s speak Қазақша « жобасының мазмұнын ортаға қазақ тілінде салды. Осымен қатар талқылау үстіне ҚМЭБИ студентерінің Facebook әлеуметтік желісінде «Сөйле» атты қазақ тілі тобын құрғаны және олардың тек онлайнда емес, сонымен қатар оффлайнда да қазақ тілінде карым-қатынас жасайтыны айтылды. Қазақша Уикипедиа да өзіне көмек ретінде әр адамның өз қолымен сапалы мақала салып үлесін қосуға шақырды. Қазіргі кезде ағылшын тілінде Википедианың құрамы 3679000, орыс тілінде 738324 мақаладан тұрса, қазақ тіліндегі жас уикипедиадағы мақалалар саны 59776. Оның келешегі әр азаматқа байланысты дейді мамандар.

Асхат Еркімбай жұртшылық алдына көңіл аударарлық мәселені «билингвалды қоғам» деп танытты. Яғни сайттардың көбі орыс және қазақ тілінде болғанымен, жұртшылық сайттардың қазақ тілі бөліміне кіріп көріп, жұмысын орыс тілді бөлімінде жалғастыратынын айтты. Бұған дәлел болғаны «Air Astana» сайтының қазақ тілді бөліміне катысушылар үлесі жылына 5% құраса, бүгінде сайттың қазақ тіліндегі порталынан мүлдем билеттер сатылмайтыны. Бұған себеп халықтың қазақ тілді сайттарға сенімсіздік басым болғаны. Бұған себеп қазіргі кезге дейін қазақ тілді сайттардың жазылу форматында қате көп болғаны.

Жиналыс соңында Рамазан Ерсұлтан өзінің сапалы аударымдарға көмек беретін оқытушы скринкасттарымен көмекке келді. Бұл скринкасттардың қарапайымдылығын олардың 2-3 минуттан аспайтын видео екені дәлелдейді. Жаз мезгілінің аяғына дейін Қазақстан Интернет Қауымдастығы 70-ге жуық скринкаст шығаруды жоспарлап отыр.

Интернетте қазақ тіліндегі ақпаратқа сұраныстың өсуі

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, елімізде қазақ тілін білетін азаматтардың саны өсе түсуде. Жақын жылдары бұл көрсеткішті 95 пайызға жеткізу жөнінде жоспарлар бар. Бүгіннің өзінде мектептердің 80 пайызы қазақ немесе аралас мектеп. Мемлекетте барлық оқушылардың ¾ қазақ тілін меңгерген және олардың көпшілігі үшін қазақ тілі – ақпарат алудың негізгі тілі. Егер де әр 9 ай сайын тұтынылатын ақпараттың көлемі 2 есеге өсіп отыратынын ескерсек, дәстүрлі кітаптар ақпаратқа деген сұранысты өтей алмайтыны түсінікті, бұл жерде жаңа технологиялар мен интернетсіз қиынға соғады. Біз соңғы кезде ғаламтор қолданушылары санының өсуі мен мектептердің компьютерлермен жабдықталуының жақсаруы туралы жеңімпаздық мәлімдемелер жасауға әуес болып кеттік. Әрине, бұл маңызды, бірақ бұл ақпаратқа қолжетімділіктің «техникалық» шарты ғана.

Біз шешетін ең басты мәселе – интернетте қазақ тілінде қажетті көлемде және сапада ақпараттың (контенттің) болуы.

Қазақ тіліндегі ақпараттың (контенттің) жеткіліксіздігі, қолданыстағы веб-ресурстар сапасының төмендігі және бәсекеге қабілетсіздігі

Интернеттегі қазақ тілінің әлсіздігінің тағы бір дәлелі. Қазақстандық веб-ресурстар рейтингісін анықтайтын http://zero.kz сайтында танымал «ондықты» айтпағанда, «жиырмалыққа» кіретін бірде-бір қазақ тілді сайт жоқ.

Неліктен? Бюджет қаражаты есебінен қазақша контентке қолдау көрсету үшін арнайы мекеме құрдық. Жүздеген миллион қаражат бөлдік. Танымал болған сол сайттар қайда? Біздің казтюб қайда? Заңды түрде отандық фильмдерді қайдан көреміз, қазақ музыкасын қайдан тыңдаймыз, ана тілімізде кітаптарды қайдан оқимыз? Түсінікті тілде ақпарат жоқ болса, қазақ тілді азаматтарға интернетке шығудың не қажеті бар?

Контенттің басты көзі – ол интернетте жұмыс істеуге машықтанған қолданушылар. Осындай азаматтар көп болса, контентте көп болады.

Біздің басты проблема – тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының төмендігі. Олардың қатарына мектепте информатиканы оқымаған ересек адамдар санатын қосу әдеті қалыптасқан. Жастарды – мектеп оқушылары мен орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттерін бірден компьютерлік технологияларды жақсы түсінетіндер қатарына жатқызамыз.

Бірақ жағдай ондай емес. Мектептер әлдеқашан заман талабынан қалып қойды. Егер де оқушыларды компьютерге бірінші рет 7 сыныпта отырғызсақ, олардан не күтуге болады? Оқу бағдарламасы солай. Және сабақ аптасына бір рет. Бұған қоса ауылдық жерлерде балаларға мектептен басқа орында монитордың алдында отыру мүмкіндігі жоқ. Оқушылар компьютерді қалай қосу және өшіру жаттығуларын 13 жасында ғана үйренеді. Мектептегі информатика пәнінің бағдарламасы қатты ескірген. Әлі сол Visual Basic пен «Паскаль» төңірегінен шыға алмай жүрміз. Мектептің 11 жылдық бағдарламасында ғаламтормен, е-поштамен, аудио, фото, мәтіндік файлдармен қалай жұмыс жасауды, сайт құруды мүлдем үйретпейді. Осындай біліммен түлектер жоғары оқу орындарына барады. Жоғары оқу орындарындағы қазақ топтарында ақпараттық технологияларды көп жағдайларда орыс немесе ағылшын тілінде оқытылады. Басты себеп – мамандар, сапалы оқулықтар, заман талабына сай әдістемелер жетіспейді, термин жиынтығы әлі жоқ.

Қазақ сайттарының сапасы неге төмен?

Мамандар қазақ тілді интернет қарқынды дамып келеді дейді. Алайда, оның арасында танымал, жан-жақты ақпарат беретіндері жоқтың қасы. Ресми деректерге сүйенсек. Қазақстанда орыс тілінде – 32680, ағылшын тілінде – 4500 сайт бар. Ал мемлекеттік тілдегі сайттар саны тіпті 4000-ға да жетпеген. Кейбір ресми деректер бойынша, еліміздегі жүйелі түрде жұмыс істейтін қазақ тілді 100 сайттың ішінде беделді деген небары 11 сайт бар екен.

Қалай десек те, қазақ тілді интернет ресурстар саны жағынан артып келеді. Алайда, ең негізгі мәселе бұл емес. Ең негізгі мәселе – қолданушыларды қызықтыру, интернет-басылымдарды саяси мағұлматтарды алудың негізгі көзіне айналдыру мәселесі шешімін таппай тұр.

Қазіргі уақытта Қазнеттегі қазақтілді сайттардың саны жалпы қазақстандық сайттардың шамамен 15 пайызын құрап отыр әрі бұл көрсеткіш жылдан-жылға ұлғая түсуде. Facebook әлеуметтік желісінің интерфейстерін аударылды, қазақ тілі Google Translate жүйесіне қосылды. 2009 жылы «Абай», «Мінбер», «Замандас» сынды жалпыұлттық сайттардың пайда болуын қазақ тілді интернет-журналистикадағы төңкеріс деп атасақ та болады. Олар өте жақсы тренд берді. Осыдан кейін WordPress тұғырнамасындағы қазақ тілді блогосфераның өрлеуі орын алып, танымалдық шырқау шегіне жеткен жылдары (2010-2012) түрлі бағыттағы әрі стильдегі 500-ден астам блог жайнап тұрды. 2011 жылы өткен қазақ блогерлердің Бірінші құрылтайынан бастап жыл сайын Қазақстанның түрлі қалаларында блог-құрылтайлар дәстүрлі түрде өтіп келеді. Әрине, бұл жайт қандай да бір онлайн-дәстүрдің қалыптаса түскенін білдіреді. 2012-2013 жылдардан кейін әлеуметтік желі жаулай бастады. Онда да қазақ тілді тілшілер мен блогерлер айрықша орын алды. Барлық дерлік мемлекеттік органдар мен компаниялардың веб-сайттары бар. Бастапқыда олардың қазақ тілді парақшалары өте сапасыз болғанымен, журналистер мен блогерлердің үздіксіз сынынан кейін жақсара түсті. Тағы бір маңызды сәт 2002 жылы Википедия халықаралық жобасының қазақ бөлімінің ашылуы десек артық емес. Аталған бөлімнің ең басты ерекшелігі, ол үш түрлі, атап айтқанда кириллица, латын және араб жазу әліпбиінде пайдаланылуы. Бірақ, ол жоба ретінде 2011 жылдың маусымында өз жұмысын бастады. Википедия тілдері рейтингінде қазақ тілі 125 орыннан бірден 33-ке көтеріліп, 100 мың және одан да көп мақаласы бар «жетілген» 40 Википидияның қатарынан орын алды. Қазіргі уақытта 2016 жылғы 24 қарашадағы жағдайға сәйкес Википедияның қазақ бөлімінде 217 229 мақала мен 61 858 тіркелген қатысушысы бар. Дегенмен, Қазнеттің қазақ тілді сегментінің болашағы әлі алда. Өйткені, қазіргі уақытта ауылдық жерлердің интернетке кіру деңгейі өте төмен болып отыр, мобильді байланыс та нашарлау. Бірақ, 3G/4G қарқынды енгізіліп, төлем қабілеті сұранысы артқаннан кейін қазақ тілді сегментті дамыту мәселесі түбегейлі шешілетін сияқты. Тіпті, қазір, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Қазнеттің қазақ тілді сегментін барлығы мойындайтынын әрі оның дамудағы перспективасы жақсы екенін нық сеніммен айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 «Глобальные сети: информация и средста доступа» — издательство ПГТУ.



2 Қазақ интернетінің дамуы және оған қазақ жастарының қосқан үлесі, http://old.el.kz/blogs/entry/content-3177

3 Қазнет, http://www.wikiwand.com/kk/Қазнет
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет