Ырғыз ауданы Нұра ауылы Т. Жүргенов атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Дата31.12.2019
өлшемі71,34 Kb.
#55233
Ырғыз ауданы Нұра ауылы

Т. Жүргенов атындағы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тлеубаева Айсәуле Әбдімәлікқызы



7 класс

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен қызметі. «Ақын ініме» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: А Байтұрсынұлының өмірінен мәлімет бере отырып, шығармалАры арқылы Ахметті жан-жақты таныту;

Дамытушылық:мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Тәрбиелік:оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,іздену.

Сабақтың көрнекілігі:слайд-фильм, компьютер,тірек сызба,стикерлер, талдың суреті

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу, кезекші жауабы.

2.Сергіту сәті. «сиқырлы таяқша»

3.Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы. (Маса, ара)



2.Үй тапсырмасын тексеру.

1-топқа. Абайдың өлеңдері.(топтастыру, мәнерлеп оқу)

2-топқа.Абайдың әндері мен аудармалары.(топтастыру, әнін айту)

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу.




2

3

4

5

6

7

8

9

2

А







Т













3




М
















Р

4

Х










Й




Ы




5







Б
















6
















Ұ







7




Е




Н













8






















В

9

О










С













4

8

9

21

10

20

4

24

10

42

27

54

32

35

18

72

А

Х

М

Е

Т

Б

А

Й

Т

Ұ

Р

С

Ы

Н

О

В

Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы Торғай уезіне қарасты Тосын болысының

5-ауылында,Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.

Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов-арғын Үмбетей батырдың немересі. Шошақтың төрт ұлы болған: Байтұрсын,Ақтас,Ерғаза,Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы,намысқор болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермей,оларға тынышсыздау болады. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «Итжеккенге» -Сібірге каторгіге кеседі. Бұл -1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді. Кеудесіне шер боп орныққан осы оқиға туралы кейін «Анама хат» өлеңінде былай жазады:

Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бір жарам бар.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?!

Енді Ахмет мұрасының негізгі арналарына тоқталайық. Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, айналып келгенде, Ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма – мысал арқылы көшпелі елдің жақсы білетін жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларн аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта басып шығарады. И.А. Крылов 1768-1844 жылдар аралығында өмір сүрген орыстың атақты мысалшысы.

Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді. Ал Ахмет аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады.

Ал «Маса» кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар-абыройын сатқан, «жақсылығы өз басынан артылмаған» , «бос белбеу, босаң туған бозбала», «бір тойғанын ар қылмаған шалдар», «қайырсыз кеще туған сараң байлар», «мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар» сыналады.

Тірек сызба

Мысал өлеңдері

Өлеңдері

Мақалалары

Ғылыми еңбектері

«Аққу,шортан,һәм шаян»

«Қасқыр мен қозы»

«Қайырымды түлкі»

«Өгіз бен бақа»

«Ат пен есек»

«Қартайған арыстан»




«Адамдық диханшы»

«Досыма хат»

«Жауға түскен жан сыры»

«Анама хат»




«Қазақтың бас ақыны»

«Тағы да народный сот хақында»

«Қазақ жерін алу турасындағы низам»

«Земство»



«Оқу құралы»

«Тіл құралы»

«Баяншы»

«Сауат ашқыш»

«Әліп-би астары»


Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильм көрсету

1994 — «Алаштуралысөз» Алашордарежиссері: Қ.Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

2009 — «Алашорда» Алашордарежиссері: Қ.Умаров

Жанры: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” ШәкенАймановатындағы.

«Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқу. Мазмұнын ашу.


Сөздікпен жұмыс: Милләт- араб сөзі,халық,ұлт деген мағынада

Аплатон-ертедегі грек оқымыстысы

Әдебиет теориясы: Ирония

Кітаппен жұмыс: Автордың ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарындағы ирониялық сарын.

Мысалы. «Нашардың көбірек же,хақын інім,

Айғырсып момындарға ақыр,інім,

Кісімсіп,ең болмаса қақыр, інім»



ІҮ. Білімді бекіту: 1-тапсырма.

Тақтаман жұмыс: Өлеңді құрылысына қарай талдайды.
І топқа

/Азырақ // құлағың сал,//ақын інім,\а

/ Ойымыз,//рухымыз //жақын,інім.\а

/Ағалық //провасын //қолыма алып,/б

/ Келемін// айтайын деп //ақыл,інім./а

1 шумақ, 4 тармақ , 12 бунақ , 11 буынды. Қара өлең ұйқасына құрылған.



ІІ топқа

/Жай жатсаң,//жаңылмайсың, //адаспайсың,а

/Күресте// кім кетпейді// ғапыл, інім.б

/Ат қойған// аз-көбіне //қарамастан,/в

/Ақылға //біздер жарлы// пақыр, інім./б

1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ, 11 буынды. Кезекті ұйқасқа құрылған


2-тапсырма. Ахмет кім және қандай адам? (Топтастыру).
Ү.Қорытындылау. Кері байланыс.

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?











ҮІ.Үйге тапсырма: А.Байтұрсынұлының өмірбаянын оқу. А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін жаттап келу.
ҮІІ.Бағалау. « Шеңбердегі қол шапалақ» Оқушылар бір шеңберге тұрады. «Біз жақсы жұмыс жасадық. Сол үшін әркім өзінің оң жағындағы көршісіне қол шапалақ арқылы алғысын білдірсін». Оқушылар осылайша бір-бірін мадақтайды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет