Ис bestProfi



бет1/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79



ИС BestProfi © 09.03.2017
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму


министрінің


2015 жылғы 30 сәуірдегі


№ 545
бұйрығына

2-қосымша

Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста теміржол көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидада көзделмеген жүктерді тиеу және бекітудің техникалық шарттары, сұйық жүктерді құйма түрінде, қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібі мен шарттары Теміржол ынтымақтастығы ұйымының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) қатысушы елдер мен Грузияның, Латвия Республикасының, Литва Республикасының және Эстония Республикасының теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдерде (шарттарда) және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерде (шарттарда) белгіленеді.
4. Осы Қағидада келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) айналмалы маршрут – бір жөнелтуші біртекті жүк тиеген бір жөнелту станциясынан бір жүк алушының атына бір станцияға тағайындалған және жүк түсіргеннен кейін бос вагондар бастапқы станцияға жүз пайыз қайтарылатын бір теміржол көлігі жүк құжатымен (бұдан әрі – жүк құжаты) ресімделген;
2) вагондарды беру-әкету – вагондарды станциялық жолдардан(ға) кірме жолдарға(дан) жүктерді тиеу-түсіру шептеріне ауыстыру жөніндегі операциялар;
3) вагондарды (контейнерлерді) тиеуге дайындау – вагондармен (контейнерлермен) жұмыстар жүргізу: жол жүру барысында сақтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жүкті тиеудін алдында есіктің, төбе люктерінің, еденнің, шатырдың, қабырғалардың зақымдалуын өңдеу және басқа жұмыстар;
4) деректермен электрондық алмасу (бұдан әрі – ДЭА) – ақпараттық желілерді, бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдану арқылы жүргізілетін тараптар келіскен жүк тасымалдары мәселелері бойынша деректермен (құжаттармен, хабарлармен) алмасу;
5) жалғама жол – станциялардың парктерін немесе станцияны кірме жолдармен қосатын арнайы тағайындалған темір жол;
6) жүк тиеу және түсіру орындары – жүк операцияларын жүргізуге ашық станциялардағы жүктерді тиеуді және түсіруді орындауға арналған жолдар, жүктерді сақтау орындары, қоймалар, алаңдар, платформалар;
7) кірме жол мен түйісу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық процесі (БТП) – кірме жол мен түйісу станциясының өзара әрекет ету шарттарын анықтайтын технологиялық акт, ол ұйымның меншікті локомотиві қызмет көрсететін және орташа тәуліктік жүк айналымы 50 және одан көп вагоннан тұратын кірме жолы үшін әзірленеді;
8) кірме жолдағы вагондар айналымының технологиялық мерзімі – бұл тармақ иеленуші вагондарды қабылдап-тапсыру (шығарып қою) жолдарынан тасымалдаушыдан қабылдап алған сәттен бастап олардың осы жолдарға қайтып келгеніне дейінгі вагондарды өңдеуге қажетті уақыт;
9) қосарланған жүк операциясы – жүк алушының өзі түсірген вагонды, контейнерді жүк тиеуге пайдалануы;
10) қосымша алымдар – тарифке енгізілмеген қосымша операциялар, қызметтер мен жұмыстар үшін төлем мөлшерлемелері;
11) мамандандырылған контейнерлер - арнайы құрылымы бар және сусыма, сұйық, тез бүлінетін, қауіпті және басқа да жүктердіің жекелеген түрлеріне арналған контейнерлер;
12) маршрут – жүк жөнелтуші кірме жолда немесе теміржол станциясында құрастырған белгіленген салмақтағы немесе ұзындықтағы поезд құрамы;
13) меншікті вагон (контейнер) – көлік құралы (жабдығы) ретінде берілетін және тиісті нөмірленуі (префиксі) бар, меншік құқығы немесе басқа заңды негізде жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жүк вагоны (контейнері);
14) мүкәммалдық вагон (контейнер) – ТМД елдері, Грузия, Латвия, Литва және Эстония теміржол әкімшілігінде Теміржол әкімшілігінің ақпараттық-есептеу орталығының автоматтандырылған дерекқорында тіркелген жүк вагоны (контейнері);
15) орташа тонналық контейнер – тиісінше ең жоғарғы рұқсат етілген брутто массасы 3 және 5 тонна, сыйымдылығы 5 және 11 текше метр, тиісінше 3-тен және 5-тен басталатын тоғыз мәнді нөмірі бар контейнер;
16) өз осіндегі жүк – тасымалдау құжаты бойынша бос күйінде жүретін жылжымалы құрам;
17) пакет – пакеттің бүтіндігіне куәландыратын бақылаулық белгілері (пломба, құлыпқа бекітілген бақылаулық таспа, отырғызғыш үлбір және т.б.) бар пакеттеу құралдарының көмегімен қалыптастырылған ірілендірілген жүк орны;
18) реттеуші тапсырма – түсіруден босаған бос вагондарды беруге және тиеуге бос вагондарды қабылдауға, сондай-ақ жылжымалы құрамды пайдаланудың сапалы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге және вагондарды (контейнерлерді) станциялар бойынша тең бөлуге арналған станцияның тапсырмасы;
19) тарифтік басшылық (прейскурант) – тасымалдаушыға тиесілі төлемдердің есептік кестелері, тарифтер мен басқа да төлемдер (алымдар мөлшерлемелері), оларды қолдану қағидалары көрсетілген тасымалдаушының құжаты;
20) тасымалдау төлемдері – тасымалдау төлемі, жолсеріктің, автопоезд жүргізушісінің жүргені үшін төлем қосылатын төлемдер, қосымша алымдар және тасымалдау шартын жасаған сәттен бастап жүкті алушыға бергенге дейінгі кезеңде, соның ішінде жүкті артық тиеумен немесе арбашалардың орнын ауыстырумен байланысты пайда болған басқа да төлемдер;
21) тасымалдау жоспары – жоспарланған айға тасымалдаушы қабылдаған және келіскен жүкті тасымалдауға өтінім (жоспар);
22) тасымалдаушының есептік ұйымы – тасымалдау, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі қызметтерді пайдаланушылармен есеп айырысу операцияларын, теміржол әкімшіліктерімен өзара есеп айырысуды жүзеге асыратын тасымалдаушының мамандандырылған құрылымы;
23) тасымалдардың электрондық дерегі (бұдан әрі – ТЭД) – компьютердің жадында болатын және электрондық алмасу үшін қажетті құжаттар мен жүкті тасымалдауға және ілесіп жүруге қатысты хабарламаларды жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін деректер жиынтығы;
24) тиеу, түсіру (жүктен босату) мерзімдері (технологиялық уақыт) – жүк тиеу-түсіру орындары мен кірме жолдарда дайындау, қосалқы және қорытынды операцияларға жұмсалған уақыт шығынын есепке ала отырып, жүктерді механикаландырған немесе механикаландырылмаған тәсілдермен тиеуді және түсіруді орындауға жұмсалатын уақыт (бұдан әрі - технологиялық уақыт);
25) тікелей аралас қатынастағы тасымалдау – тасымалдауға қатысатын тасымалдаушылар санына қарамастан, бүкіл тасымалдауға бірыңғай тасымалдау құжатын ресімдеу арқылы ұйымдастырылған екі және одан көп көлік түрлерімен жүзеге асырылатын жүкті тасымалдау;
26) ірі тонналық контейнер - брутто массасы 10 және одан көп тонна және ұзындығы 10 және одан көп ағылшын футы болатын, ИСО стандартына сәйкес келетін таңбалау коды бар және Контейнерлер жөніндегі халықаралық бюрода (ВІС) тіркелген контейнер.
5. Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар Заңда белгіленген мәндерде қолданылады.
6. Жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін тасымалдаушы мен жүкті жөнелтуші арасында тасымалдау шарты жасалады, ол бойынша тасымалдаушы өзіне жүк жөнелтуші сеніп тапсырған жүкті уақтылы және сақтаулы күйінде жөнелту станциясынан тағайындалу станциясына дейін жеткізіп, жүк алушыға тапсыруға міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүк тасымалдауға ақы төлеуге және оны қабылдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жүктерді тасымалдау шарты теміржолдық көлік жүк құжатын жасаумен ресімделеді.
Күнтізбелік мөртаңба қойылған жүк құжаты және соның негізінде тасымалдаушы жүк жөнелтушіге берген жүктің қабылданғаны туралы түбіртек (халықаралық қатынаста тасымалдау кезінде – жүк құжатының көшірмесі) тасымалдау шартының жасалғанын растайды.
Тасымалдау шарты жүк алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға теміржол көлігі жүк құжатын алғаннан кейін және олар жол тізімдемесіне, сондай-ақ жүкті қабылдау туралы қабылдау-тапсыру құжаттарына қол қойғаннан кейін орындалған болып есептеледі.
7. Тасымалдау процесін орталықтан басқаруды және ұйымдастыруды, жүк тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуді Ұлттық инфрақұрылым операторы жүзеге асырады.
8. Тасымалдаушы жүк тасымалдау бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін Ұлттық инфрақұрылым операторы ұсынатын магистральдық теміржол желісінің қызметтерін пайдаланады.
9. Ұлттық инфрақұрылым операторы теміржол көлігінде техникалық құралдарды тиімді пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын негізге ала отырып, магистральдық теміржол желісі бойынша жылжымалы құрамның өткізілуін қамтамасыз етеді, тасымалдау процесін үйлестіруді, орталықтан басқаруды және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
10. Жүк жөнелтуші, жүк алушы жүкті тасымалдаумен байланысты жұмыстарды орындау үшін тармақ иеленушінің, тасымалдаушының, экспедитордың, жылжымалы құрам иесінің және басқа да тұлғалардың қызметтерін шарт негізінде қозғалыстың, техникалық құралдар мен жылжымалы құрамның қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда пайдалана алады.
11. Вагондар (контейнерлер) операторы тасымалдау процесіне қатысушыларды шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету бойынша, вагондар (контейнерлер) қозғалысын бөлу және басқару бойынша қызметтер көрсетеді, сондай-ақ тасымалдаушымен шарт негізінде вагондар (контейнерлер) операторы қызметтерін көрсету жолымен тасымалдау процесіне қатысады.
12. Кірме жолдар, олардың құрылыстары және құрылғылары жүктердің бірқалыпты тиелуін, түсірілуін (босатылуын), жүк айналымына сәйкес маневрлік жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамның ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс.
13. Тасымалдаушының, жүк тасымалдаумен байланысты қызметтерді ұйымдастыру және/немесе орындау үшін тартылатын, тасымалдау процесіне қатысушылардың және өзге де тұлғалардың қызметтерінің құнын жүк тасымалдау шартының тараптары белгілейді.
14. Магистральдық теміржол желісі бойынша жүктерді тасымалдауды жүк жөнелтушінің жүк тасымалдауға қабылданған өтінімі негізінде тасымалдаушы жүзеге асырады.
15. Тасымалдаушылар жүк жөнелтушілердің өтінімдері негізінде жүктерді тасымалдау жоспарын жасайды және Ұлттық инфрақұрылым операторына олардың поездарын қозғалыс кестесіне енгізуге өтінім береді.
Келісілген жоспар бойынша жүк тасымалдауға арналған өтінімнің орындалуын тасымалдаушы жүк жөнелтушінің есепке алу карточкасында осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен ескереді.
16. Жүк тасымалдау тасымалдаушының немесе локомотивтік тартым операторының локомотивтік тартымымен тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің (жүк алушының) немесе вагондар (контейнерлер) операторының вагондарында (контейнерлерінде) жүзеге асырылады.
Тасымалдау процесіне Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығымен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасы Жылжымалы құрамының мемлекеттік тізілімінде тіркелген жылжымалы құрам жіберіледі.
17. Тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушы тасымалдау құжаттарында көрсетіледі.
18. Тасымалдаушыда меншікті локомотив паркі болған жағдайда, ол оған тиесілі локомотивтермен басқа тасымалдаушыларға және тасымалдау процесіне қатысушыларға локомотивтік тартым операторы ретінде локомотивтік тартым қызметтерін көрсетеді.
2. Тасымалдарды жоспарлау тәртібі
1-параграф. Жүктерді тасымалдауды айлық жоспарлау
19. Жүктерді вагондарда, контейнерлерде айлық жоспарлау жүк жөнелтушілер облысаралық және халықаралық қатынастарда жоспарланған ай басталғанға дейін он төрт күнтізбелік күннен кешіктірмей және үшінші елдерге халықаралық қатынаста жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынатын жүктерді тасымалдаудың негізгі жоспары бойынша айлық өтінімдер негізінде жүзеге асырылады. Ж үк жөнелтушілер тасымалдаушыға осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшалардағы ГУ-12, ГУ-12К нысандары бойынша ресімделген, тасымалдаудың негізгі жоспары бойынша айлық өтінімдерді ұсынады.
Жүк жөнелтушілер осы тармақпен белгіленген мерзімде берген жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімдер негізгі жоспар болып табылады.
Жүк жөнелтушілер осы тармақпен белгіленген мерзімнен кешіктіріп берген жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімдер қосымша жоспар болып табылады және жүк тиеу күні басталғанға дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей қаралады.
20. Оларды тасымалдау тонналарда және вагондарда жоспарланған жүктердің номенклатуралық топтарының тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.
21. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімдерді жүк жөнелтушілер ұсынады.
22. Жүк жөнелтушілер осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ГУ-11 нысанды жүктерді тасымалдаудың негізгі жоспары бойынша онкүндік өтінімді ұсынады, жүктерді онкүндік және ай күндерінің ішінде өтінімде көзделген мөлшерлерде уақтылы және бірқалыпты беріп отырады және тиеуді белгіленген мерзімде жүзеге асырады.
Негізгі жоспар бойынша онкүндік өтінім онкүндік немесе ай басталғанға дейін он екі сағат бұрын ұсынылады.
Жүк жөнелтуші тасымалдаушы өкілімен келісе отырып жөнелту станциясында негізгі жоспар бойынша онкүндік өтінімді тиеу күнінің 12 сағат 00 минутінен кешіктірмей түзете алады, бұл ретте, түзету ертеректе ұсынылған онкүндік нормалардан аспау қажет.
Қосымша жоспар бойынша ГУ-11 нысанды онкүндік өтінім ГУ-12 нысанды қосымша жоспар бойынша өтініммен бірге берілу қажет.
Тасымалдаушы жүктерді тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімдерге сәйкес вагондардың жүк тиеудің барлық пункттері бойынша уақтылы және бірқалыпты берілуін қамтамасыз етеді.
23. Жүктерді контейнерлерде тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімдер жүктің массасын тонналарда және контейнерлердің санын физикалық бірліктерде көрсету арқылы ұсынылады.
24. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімдер тасымалдаушының автоматтандырылған жүйесінде ресімделеді.
Қағаз тасымалдағыштағы өтінім тасымалдаушының автоматтандырылған жүйесінде ресімделгенге дейін бір рет ұсынылуы тиіс.
Жүк жөнелтушіге тиесілі емес кірме жолдан жүктерді жөнелту кезінде жүктерді тасымалдауға айлық өтінім, оны айлық өтінімде тиісті белгі қою арқылы тармақ иеленушімен келіскеннен кейін тасымалдаушыға ұсынылады.
25. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімге, кодты қоса алғанда, мәліметтерді («жоспар бойынша өтінімнің нөмірі» бағанын қоспағанда) жүк жөнелтуші басылған күйінде енгізеді.
26. Жүк жөнелтушілер жүктерді тасымалдау жоспары бойынша жеке айлық өтінімді ұсынады:
әрбір жөнелту станциясы бойынша;
әрбір жүктер номенклатурасына;
жөнелту белгілері бойынша: вагондарда, контейнерлерде;
вагондар мен контейнерлердің тиесілік белгілері бойынша;
вагондардың меншік иесінің атауы бойынша;
қатынастардың түрлері бойынша.
Жүктерді өз осьтерінде тасымалдауға айлық өтінімдер өз осьтеріндегі жүк бірліктерінің саны мен оның массасын көрсету арқылы ұсынылады.
27. ГУ-12 және ГУ-12К нысанды айлық өтінім тасымалдаушының нормативтік-анықтамалық ақпаратын қолдану арқылы осы Қағидада жазылған тәртіпте толтырылады.
Вагондар түрлерінің кодтары осы Қағидаларға 5-қосымшада жүк вагондарының жекелеген түрлерінің тізбесіне сәйкес «Вагондар түрлерінің кодтары» бағанында көрсетіледі.
28. Жүктерді контейнерлерде тасымалдауды жоспарлау жүк жөнелтушілер ұсынған ГУ-12К нысанды жүк тасымалдау жоспары бойынша өтінімдердің негізінде жүзеге асырылады.
29. ГУ-12К нысанды айлық өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған тәртіпте толтырылады.
ГУ-12К нысанды айлық өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған тәртіпте толтырылады.
30. Реттеу тапсырмалары бойынша бағытталған бос инвентарлық контейнерлер мен өзге де заңды негізде тасымаладаушының басқаруындағы контейнерлерді тасымалдау «Қалғандары және құрама жүктер» номанклатуралық тобы бойынша жоспарланады.
31. Төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін тағайындалған жүктерді республикаішілік қатынаста тасымалдаушы ұсынылуы бойынша қабылдайды.
32. Жүк жөнелтушілер жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімдермен қатар тасымалдаушыға жоспарланған ай басталғанға дейін 14 күнтізбелік күннен кешіктірмей, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ГУ-114 нысанды тасымалдау жоспары бойынша айлық өтініммен көзделген мөлшерде жүктерді маршруттармен тасымалдауға өтінімді ұсынады. Жүктерді маршруттармен тасымалдауға өтінім негізгі айлық өтінімге қоса беріледі.
33. Жүк жөнелтуші жоспарланған ай басталғанға дейін 5 күнтізбелік күн бұрын әзірлеген жылжымалы құрамның тиесілігі бойынша бөлу арқылы ай күндері бойынша маршруттарға тиеудің күнтізбелік жоспары тасымалдаушымен келісіледі және бекітіледі.
34. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша ГУ-11 нысанды өтінімнің келісілген орындау тәртібі осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ГУ-1 нысанды тасымалдау жоспарын орындаудың есептік карточкасына енгізіледі.
35. Тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің жазбаша өтініштері бойынша республикаішілік қатынаста және Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан Республикалары станцияларына тағайындалған негізгі жоспар бойынша өтінімдерде:
1) жөнелту станциясын, жүктің тағайындалу станциясын;
2) жүктердің бір номенклатуралық тобымен көзделген шектерде жүктің бір түрін екіншісіне;
3) меншікті вагонды, контейнерді мүкәммалдық вагонға, контейнерге;
4) егер аталған жүкті жылжымалы үсті ашық құрамда тасымалдауға осы Қағидалардың 20-тарауында рұқсат етілген болса, жабық жылжымалы құрамды үсті ашыққа, сондай-ақ үсті ашық жылжымалы құрамның бір түрін вагондардың жекелеген үлгілерін ұтымды пайдалануды есепке алу арқылы екіншісіне;
5) онкүндік басталғанға дейін үш тәулік бұрын жүк жөнелтушілермен келісім бойынша маршруттарға жүк тиеудің күнтізбелік жоспарын;
6) жүк тиейтін күннің алдында – тағайындалған жолдар шектерінде маршрутты тағайындау станциясын өзгертеді.
Жүк жөнелтушінің жазбаша өтініші бойынша ағымдағы ай аяқталғанға дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей үшінші елдерге межелеумен, 1 күнтізбелік күннен кешіктірмей республикаішілік қатынаста және шектес мемлекеттерге межелеумен өзгертеді.
36. Тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің жазбаша өтініштері бойынша жүктерді тасымалдаудың негізгі жоспары бойынша өтініммен көзделген жүк тиеу нормаларын өзгертеді:
ағымдағы ай аяқталғанға дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей республикаішілік қатынаста және Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан Республикалары станцияларына тағайындаумен;
ағымдағы ай аяқталғанға дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей үшінші елдерге тағайындаумен және транзиттік теміржол әкімшіліктерінің қатысуымен.
37. Жүктерді тасымалдаудың қосымша жоспары бойынша өтінімдерді жүк жөнелтушілер жүк тиеу күні басталғанға дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынады.
Қосымша жоспарды растау үшін тасымалдаушының тарифтік басшылығында (прейскурантында) көрсетілген алым алынады.
Мұндай тасымалдарға өтінімдер ГУ-12, ГУ-12К нысанды бланкілерде «қосымша» белгісімен бір данада ресімделеді.
Қосымша жоспар бойынша тасымалдауды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда тасымалдаушы үш тәуліктік мерзімде мұндай тасымалдаудан бас тартатыны туралы өтінім берушіні хабардар етеді.
Халықаралық қатынаста қосымша тасымалдау жоспары бойынша тасымалдауға берілген рұқсат ағымдағы күнтізбелік күннің аяғына дейін қолданыста болады.
Облысаралық қатынаста қосымша тасымалдау жоспары тасымалдауды жүзеге асырудың техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін ескере отырып, ағымдағы айдың аяғына дейін қолданыста болады.
Қосымша тасымалдау жоспарын орындау жөніндегі жауапкершілік тасымалдаудың негізгі жоспары жөніндегі жауапкершілікке ұқсас болады.
38. Тасымалдаушы жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімді қабылдаудан:
1) егер онда жүк тиеу көлемі кәсіпорынның (жүк жөнелтушінің) техникалық мүмкіндігі мен өңдеу қабілетінен асып кеткені көрсетілген жағдайда;
2) өткен үш және одан астам айларда жүк жөнелтушінің кінәсы бойынша айлық жоспарлы өтінімдер артық көлем бөлігінде орындалмауы кезінде;
3) вагондарды беруге-әкетуге шарт немесе тармақ иеленушінің жазбаша келісімі болмаған кезде;
4) онда тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесі құралдарымен енгізуге және өңдеуге қажетті жүк жөнелтуші көрсеткен мәліметтер дұрыс емес, дәл емес немесе толық емес болған кезде;
5) теміржол қатынасы тоқтаған жағдайда.
Мұндай жағдайларда тасымалдаушы бас тарту себептерін көрсету арқылы жүктерді тасымалдауға өтінімді жүк жөнелтушіге қайтарып береді.
39. Тасымалдаушы негізгі жоспар бойынша өтінімді орындауға зиян келтірмейтіндей етіп, халықаралық қатынаста басқа жүктер бойынша бос тартылған және жете тиелмегендер және сол тағайындалу жолдарына жөнелтушілер есебінен, облысаралық қатынаста және жылжымалы құрамның тиісті түрінің бос күйінде жүріп келе жатқан бағытында бас тартылған өтінімдер есебінен, сондай-ақ жылжымалы құрамды пайдалану тиімділігін арттыру есебінен де қосымша жоспар бойынша тасымалдауды келіседі.
40. Республикаішілік қатынастағы және Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары станцияларына тағайындалған негізгі жоспар бойынша өтінімдер есептіден кейінгі айдың 5-іне дейін қолданыста болады (ГУ-1 нысанды тасымалдау жоспарын орындаудың есепті карточкасын жасау арқылы).
2-параграф. Үшінші елдерге (экспортқа) халықаралық қатынаста

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет